40
ұжымдарымен, мемлекеттік жəне мемлекеттік емес құрылымдармен,
қоғамдық бірлестіктермен бірлесіп əйелдердің қоғамға жат қылықтар
жасауын себеп, жағдай тудырған нақты мəселелерді талқылауға жəне
оларды жою мен шешу жолдарын
табуға қатысуға;
6) ІІО-нда есепте тұрған, бостандығынан айыру мекемесінде
отырған, медициналық айықтырғышқа жиі жеткізілетін əйелдер
арасында жасалған қылмыс пен құқық бұзушылықтың себептері мен
шарттарын анықтау мақсатында əлеуметтік зерттеулер мен
сауалнамалар жүргізуге;
7) тұрмыстағы
зорлық-зомбылық
профилактикасы
субъектілерімен бірлесіп порнографиялық материалдарды дайындау
мен жарнамалау фактілерін, сондай-ақ қатігездік пен зорлық-
зомбылықты
насихаттайтын
басылымдарды, кино-
бейнематериалдарын, өзге де заттарды анықтау жұмысын
ұйымдастыруға;
8) бір жыныстың екінші жыныстан артықшылығына негізделген
теріс пікірді өзгерту бойынша тұрғындар арасында ақпараттық, білім
беру, оқу (оқыту), тəрбие жұмыстарын қамтамасыз етуге;
9) қызметтік тергеу қорытындыларын зерттеу негізінде
əйелдерге қатысты зорлық жасауға ықпал етуші себептер мен
шарттарды талдауға жəне қорытындылауға;
10) жеңгетайлық, жезөкшелер үйін ұстаудың, сутенерліктің,
əйелдер мен балаларды жезөкшелікке тарту жəне өзге де зорлық
түрлерінің теріс нəтижелерін бұқаралық ақпарат құралдарында ашып
көрсетуге.
ƏДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. Назарбаев Н.Ə. «Қазақстан-2050» Стратегиясы»: қалыптасқан
мемлекеттің жаңа саяси бағыты: Қазақстан Республикасының
Президенті – Ұлт Көшбасшысы Н.Ə. Назарбаевтың Қазақстан
халқына Жолдау. Астана, 2012 жыл, 14 желтоқсан // www.akorda.kz.
2. Кунгурова О. Насилие. - M., 2010 // http: // www. kun-guru.ru.
3. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі: Қазақстан
Республикасының 1997 жылғы 16 шілдедегі № 167 Қылмыстық
кодексі // ҚР Парламентінің Хабаршысы. – 1997. - № 15-16. - 211 б.
4. Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың профилактикасы туралы:
Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 4 желтоқсандағы № 214
Заңы.
43
1-қосымша [7]
Профилактикалық істе болатын құжаттардың тізбесі
1. Істегі құжаттардың тізімдемесі.
2. Тексерушінің парағы.
3. Профилактикалық есепке қою туралы баянат.
4. Есепке қою негіздемесін растайтын материалдар (сот қаулысының,
қорғау нұсқамасының көшірмелері).
5. Жеке басты куəландыратын құжаттардың көшірмелері.
6. Сипаттайтын материалдар.
7. Адамдарды əкімшілік жауапкершілікке тарту, оларды денсаулық
сақтау органдарының наркологиялық, психоневрологиялық мекемелеріне
орналастыру туралы қаулылардың көшірмелері.
8. Біріктірілген деректер банкінің есебі мен «Информ сервис» АІЖ
есептері бойынша сұрау салуларды шығару.
9.Есепте тұрған адамды бақылауды жүзеге асыру барысында жиналған
анықтамалар, баянаттар жəне басқа материалдар.
Ескертпе: «Ішкі істер органдарында профилактикалық есепте тұратын
адамдарды профилактикалық бақылауды жүзеге асыру жөніндегі қағиданы
бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің 2014
жылғы 15 шілдедегі № 432 бұйрығының 3), 4), 5), 6), 7) тармақшаларында
көрсетілген келесі адамдарға қатысты:
3) қылмыстық жауапкершілікке тартуға жататын жасқа жетпеуіне
байланысты қылмыстық жауапкершілікке тартуға жатпайтын қылмыстық
құқық бұзушылық белгілерін қамтитын əрекеттер жасаған кəмелетке
толмағандар;
4) қамауға алумен байланысты емес жазалау шарасы таңдалғанға
қатысты қылмыстық құқық бұзушылықты жасады деп айыпталушы немесе
күдікті кəмелетке толмағандар;
5) қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінен босатылған кəмелетке
толмағандар;
6) арнайы білім беру жəне ерекше ұстау режиміндегі білім беру
ұйымдарының түлектері;
7) кəмелетке толмағандарды тəрбиелеу, оқыту жəне (немесе) ұстау
бойынша өз міндеттерін орындамайтын кəмелетке толмағандардың, сондай-
ақ олардың мінез-құлқына теріс əсер ететін ата-аналары немесе басқа да
заңды өкілдері» аталған құжаттардың тізбесімен қатар жеке профилактикалық
жұмыс жоспары, шолу анықтама, байланыс сызбасы, профилактикалық есепке
қою жəне есептен шығару туралы хабарламалардың көшірмелері қоса
тіркеледі.