95
Дауыстап оқуға үйрету режимдерінің барлығы да жиынтық түрде
қолданылуы тиіс[44].
Шет тілінде оқуға үйрету. Оқу түрлері.
Кез-келген тілде оқудың әмбебап әдісі болмайды. Бірақ жолдары
жалпылама болуы мүмкін: фонетика арқылы әріптер мен дыбыстарды түсінуді,
үйренуді бастауға болады.
5-
сыныпта мұғалім күшейтуі керек:
-
сөздікпен жұмыс істеуді;
-
сөзді қалыптастыру ережелерін білуден туындайтын тілдік ойлау
механизмдерін дамытуды;
Оқуды үйретуде әртүрлі стратегияларды практикада қолдану: толыққанды
түсіну (зерделеп оқу), негізгі мазмұнды түсіну (таныса оқу), шолып оқу
(мәтіндегі қажетті ақпаратты іздестіру, оны дауыстап оқып шығу, астын сызу,
көшіріп жазу).
6-
7 сыныптарда мұғалім жұмыс істейді:
-
Үйренушілердің жеткілікті деңгейде меңгеруі; таныса оқу (түсініксіз
сөздерді қамтитын мәтіндерді оқу және түсіну, мәтін негізінде сөздің
мағынасы табу,
сөз тудырушылығы, оның ана тілімен ұқсастығы).
-
шолып оқу элементтері.
-
болжамның мүмкіндігі - «Оқу үстінде оймен озып кету» - Оқудың кез-
келген түрінде табысты қабылдау мен түсіну үшін белсенді ойлау қызметінің
ажырамас бөлігі ретінде.
Ағылшын тілінде оқыту кезінде мұғалім фабульды мәтінді қолдануы
керек: үзілген- фабульды және үзіліссіз- фабульды.
Үзіліссіз- фабульды мәтінде тақырыпты дамыту авторлық шегініспен үзілмейді
және ең аз ақпараттармен қамтамасыз етіледі.
Үзілген- фабульды мәтіндерде сюжеттің дамуы фондық ақпараттармен және
авторлық құқықтармен тығыз байланысты.
Сабақтарда көбінесе үзілген-фабульды
жазбалардың үш жоспары қолданылады:
-
фондық - оқиғалардың тарихын, әр түрлі ақпараттарды, түсіндірмелерді
қамтиды;
-
сюжеттік - оқиғалардың дамуын,
-
авторлық - авторлық бағалау, қауымдастық, ауытқулар.
Фабульды мәтін мынадай бақылауды қолдануға мүмкіндік береді: әрекет
иесінің не басқаның көрінісін сипаттаңыз, оқиғаның қайда өткенін, әңгімедегі
адамдар туралы бірнеше тіркестер айту. Бұл әдіс оқушылардың мәтінде
айтылған фактілерді қаншалықты түсінгенін анықтауға бағытталған.
Егер мәтін өте ұзақ емес (20-25 жол) болса, онда оқушылар негізгі
мазмұнынын шет тілінде айта алады. Алайда,
бұл жағдайда,
әлсіз оқушылардың
мәтін мазмұнын айта алмау қаупі бары анық. Бұл мәтінді жақсы
түсінбегендіктен емес, олардың ауызекі сөйлеу дағдыларының дамымағанынан
болады. Сондықтан бұл әдісті абайлап қолданған жөн.
Жаттығуларға арналған мәтіндерді әлемнің адекватты бейнесін көрсететін,
сондай-ақ жас ерекшеліктеріне сәйкес келетін мүмкіндігінше қызықты,
қолжетімді, ақпаратты жағынан таңдау қажет. Мәтіндер сөйлеудің мағыналы