Методические рекомендации «читательская деятельность школьника»



жүктеу 4,69 Mb.
Pdf просмотр
бет2/127
Дата26.11.2018
өлшемі4,69 Mb.
#24594
түріМетодические рекомендации
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   127


 
биология  пәндерін  ағылшын  тілінде  оқыту  туралы  жазбаға  байланысты 
мектептің ең өзекті міндеттерінің бірі болып табылады [3]. 
15  жастағы  білім  алушылардың  оқу  жетістіктерін  халықаралық 
зерттеу  PISA  шеңберіндегі  мектеп  оқушыларының  функционалдық 
құзыреттіліктерін  бірегей  бағалау  өлшемдері  көмегімен  оқу  сауаттылығын 
дамыту, мектептерге маңызды болып табылады [4]. 
PISA  зерттеулерінде  оқу  құзыреттілігі  (сауаттылығы)  ретінде,  сөйлеу, 
ресми  құрылым  барысындағы  түрлі  мәтіндерді  түсіну,  олардың  кең  ауқымды 
өмірлік  мәнмәтінмен  байланысын  келтіру,  пәнге  сәйкес  түрлі  мақсатта 
пайдалана  білуге  дайын  болу,  қойылған  мақсатқа  сәйкес  қажетті  ақпаратты 
мәтіннен  бөліп  алу  түсіндіріледі.  Аталған  зерттеу  тұжырымдамасына  сәйкес, 
оқу сауаттылығы, өзін-өзі оқытуға және заманауи ақпараттық өркениет өміріне 
толыққанды  араласуға  қажетті  негізгі  қабілет  болып  табылады.  Тіпті, 
математикалық  қабілеттілікті  игеру  үшін  негіз  болып  оқу  құзыреттілігі 
табылады. 
2018 
жылы  оқу  жетістіктерін  бағалаудың  негізгі  бағыты  «Оқу 
сауаттылығы» болып  табылады  (тест  тапсырмаларының 2/3-ін  тағайындайтын 
бағалаудың басым бағыты). 
Қазақстан  PIRLS-2016  зерттеуінің  төртінші  турына  қатысушы  50  ел 
арасында  PIRLS-2016  зерттеуіне  алғаш  рет  қатысты.  PIRLS  зерттеуінің 
маңыздылығы,  әрі  қарайғы  оқу  бағдарламаларының  табысты  игерілуінің 
кепілдігі  ретінде  4-сынып  оқушыларының  негізгі  мектеп  аралығындағы  оқу 
дағдыларын қалыптастыру деңгейлерін қадағалауға мүмкіндік беруінде [5]. 
Осылайша,  қазіргі  заманғы  мектептегі  оқырман  қызметі  жас  ұрпақты 
тәрбиелеу  мен  білім  беруге  оңтайлы  жағдай  жасау  арқылы  қазақстандық 
патриотизмді дамытуға, мемлекеттің стратегиялық әлеуетін арттыруға қажетті 
бірқатар маңызды міндеттерді шешуге бағытталған. 
 
 
 
 



 
1. 
Мектеп оқушыларының білім алуындағы оқу сауаттылығының рөлі 
 
Болашақтың  іргетасы  ретінде  білімнің  жаңа  мазмұны  қалыптасып  келе 
жатқан  Қазақстандағы  қазіргі  заманғы  мектеп  өзінің  бүкіл  еліміздің  адам 
әлеуетінің  сапасын  арттыруға  әсер  ететін  сапасының  айтарлықтай  өзгеруіне 
бағытталған.
 
Бұл  Қазақстан  Республикасының  білім  беруді  дамытудың  2011-
2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында: «Білім берудің бәсекеге 
қабілеттілігін  арттыру,  азаматтардың  материалдық  және  рухани  жағдайын 
жақсарту үшін адами капиталды дамыту, барлық адамдар үшін сапалы білімге 
қол  жеткізуді  қамтамасыз  ету  арқылы  тұрақты  экономикалық  өсу»  көрініс 
тапқан [6]. 
Мақсатты  іске  асыру  білім  беру  кеңістігінің  қарқынды  дамып  келе 
жатқандығына,  мектептен  тыс  және  оқудан  тыс  ақпарат  көздерінің  кеңеюіне, 
инновациялық сандық технологиялар пайдаланылуына әкелді. 
Осындай  жағдайдағы  оқу  сауаттылығының  рөлі  арта  түседі,  ол  жаңа 
мағына мен әсерге ие: 

ақпараттық қоғамда тұлғаның табысты білім беруіне, өзіндік тәрбиелеу 
және  басқа  да  қызмет  түрлерінің,  сондай-ақ  әлеуметтік  қорғаудың  маңызды 
факторы; 

білімнің  негізгі  компоненті,  адамгершілік  үлгілерді  дамыту  және  жеке 
құндылықтарды қалыптастыру және идеологиялық көзқарастар; 

білім алу және мәдениетті тарату құралы; 

негізгі зияткерлік технологиялар, тұлғалық өсудің ең маңызды ресурсы; 

мектептегі  академиялық  жетістіктерге,  кейінгі  өмірдегі  кәсіби 
жетістіктерге және әлеуметтік тәжірибенің шектеулерін жеңуге болатын білім 
алу көзі; 

классикалық  әдебиеттің  тілін  меңгеру,  сөйлеуді  дамыту,  мәдениеттің 
жеке моделін құру құралы; 

әлемдік мәдениеттің құндылықтарын хабарлау және меңгеру құралы; 

адамның  білім  беру  және  мәдени  құзыреттілігінің  негізгі  компоненті 
және, осылайша, тез өзгеретін әлемдегі өмірге дайындық. 
Оқу  сауаттылығының  маңыздылығы  теориялық  және  практикалық 
алғышарттардың  болуымен  байланысты:  жас  ерекшелік  психологиясы, 
көркемдік қабылдау психологиясы және көркем шығармашылығын зерттеудегі 
кітаптың  рөлі  мәселелеріне  және  оқушылардың  әдеби  дамуына  байланысты 
зерттеулер. 
Мектеп  оқушыларын  оқырман  ретінде  тәрбиелеу  және  өздігінен  оқу 
дағдыларын  қалыптастыру  ертеде  пайда  болған.
 
«
Исследования  чтения  и 
грамотности в Психологическом институте за 100 лет» атты оқулықта [7], ХІХ 
ғасырға  дейін,  педагогикалық  ғылым  саласы  ретінде  оқу  әдісі  (сынып  және 
сыныптан тыс) әлі қалыптаспаған. Бірақ, Г. Пидлужная [7] атап өткендей ХІ ғ. 
өзінде  оқу  әдістемесінің  пайда  болуына  алғышарттар  болған:  Киев  Русінің 
көрікті  жерлерінде  бізге  дейінгілердің  әдебиетті  оқуға  деген  айтарлықтай 
қызығушылықтары  туралы  біле  аламыз.  Киев  князі  Владимир  Святославович 
өзінің  билік  құрған  уақытында  (978-1015  жж.)  кітаптар  көшірілген  арнайы 



 
шеберханалар, кейіннен киев ақсүйектерінің балалары үшін мектеп ашқан. Ол 
кезеңдегі  мектепте  сабақ  беру,  оқулықтарды,  құралдар  мен  «кітаппен  оқыту» 
тәсілерін  іздеуді  талап  еткен.  Осылайша,  поэтика  мен  стилистика  бойынша 
алғашқы әзірлемелер пайда болған. 
К.Д.  Ушинский  ХІХ  ғ.  ортасында  ғылыми  негізделген  оқу  әдісін 
дамытуға  үлкен  үлес  қосты.  Ғалымдардың  әдістемелік  көзқарастарының  жеке 
айырмашылықтары  барысында,  тәжірибенің  ең  маңызды  жетістігі  болып, 
тәжірибемен  қалыптасқан  түсіндірмелік  оқу  әдісінің  негіздері  және  тұлғаның 
рухани  дамуы  мен  оқуының  негізі  ретіндегі  көркем  шығарман  талдау  болып 
табылады. 
Сонымен 
қатар, 
ғалымдар 
оқушылардың 
оқылым 
қызығушылықтарын,  сондай-ақ,  отбасылық  оқуды  белсенділендіру  құралы 
ретінде, сөйлеу мен ойлауды, мәнерлеп оқуды дамытуға үлкен назар аударған. 
Н.Н.  Светловская  [7]  атап  өткендей,  XIX  -  XX  ғасырдың  басындағы 
ғылыми-әдістемелік,  оқу  және  көркем  әдебиеттерді  талдау,  оқырман  мектеп 
оқушысы  тұлғасына  көркем  сөздің  тәрбиелік  әсер  ету  мәселесі  тек  қана 
педагогикалық емес, сонымен қатар, әлеуметтік сипатқа да ие: аталған мәселе 
тек  отандық  ғалымдарды,  әдіскерлерді,  ұстаздарды  ғана  емес,  сонымен  қатар, 
прогрессивті  жазушылар  мен  қоғам  қайраткерлерін  де  алаңдатқан  болатын. 
Оқылымды (оқуды) білім алушылардың танымдық іс-әрекетін белесенділендіру 
құралы  және  олардың  рухани  даму  көздері  ретінде  И.Франко,  Л.  Украинка, 
Е.Пчелка,  С.Васильченко,  Х.Алчевская,  Г.Драгоманов,  С.Русова,  Т.Лубенец, 
И.Огиенко,  өздерінің  еңбектерінде  оқуға  арналған  оқулықтардың  мазмұнын 
жетілдіру  қажеттілігіне  баса  назар  аударған;  мектептегі  әдебиетті  оқытудың 
қысқартылған  әдістемесін  сынға  алған;  мектеп  оқушыларының  кітаппен 
өздігінен  қарым-қатынасына  үлкен  маңыз  берген;  балаларға  арналған  жоғары 
көркемдік шығармалардың басып шығарылуын қамтамасыз еткен. 
50-
60  жылдары  алдын-ала  анықталған  объективті  себептермен  (соғыс 
жылдарында  және  соғыстан  кейінгі  жылдары)  балалардың  оқу  мәселелеріне 
деген  қызығушылықтың  төмендеуінен  кейін  сыныптық  және  сыныптан  тыс 
оқылымдардың  (оқулардың)  өзара  қарым-қатынастарында  оқу  және  тәрбиелік 
құндылықтарды  арттыру  жолдарын  анықтау  бағытында  әдістемелік  ойлар 
дамуы  жалғасын  тапты.  Өткендердің  үздік  дәстүрлерін  (тәжірибелерін) 
жалғастыра  отырып,  танымал  ғалымдар  мен  әдіскерлер  С.  Резубубов, 
Г.Каноникин,  Н.Шербаков,  Э.Адамович,  Ф.Костенко,  В.Сухомлинский 
өздерінің еңбектерінде оқылым (оқу) оқушыларға тәрбиелік әсер беру, олардың 
көзқарасын  кеңейту,  білімін  тереңдету,  адамгершілік  және  эмоционалдық 
тәжірибе  беру  құралы  ретінде  қызмет  етуі  керектігін  атап  өткен.  Оқылым 
сабақтарының тапсырмалары арасынан ғалымдар оқылым қызметі дағдыларын 
дамыту қажеттілігін бөліп қарастырған болатын. 
60  жылдары  мектеп  оқушыларын  тәрбиелеу  мәселелеріне  деген 
қызығушылықтың  артуы,  сыныптан  тыс  арнайы  сабақтарды  енгізуді  ұсынған 
ғылыми  басылымдардың  пайда  болуымен  де  байланысты.  Аталған  уақытқа 
дейін  бастауыш  сыныптарға  арналған  оқу  бағдарламаларында  сыныптан  тыс 
оқу үлкен маңызға ие болған күннің өзіде де, оқу жоспарымен арнайы сағаттар 
берілмеген болатын. 


жүктеу 4,69 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   127




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау