96
жоспарын көрсетуі керек және практикалық, ағартушылық, тәрбиелік, даму
мақсаттарының орындалуын қамтамасыз етеді. Олардың негізінде оқу
әрекеттерінің аналитикалық-синтетикалық фазасы жүзеге асырылады (4-
қосымшаны қараңыз).
ЗЕРДЕЛЕП ОҚУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ БОЙЫНША
ҰСЫНЫМДАМАЛАР
1) Кітапты қарап, оны оқуға ниеттенгеннен кейін, жазу үшін қажетті
дайындықты жасаңыз. Бұл қалам мен қарындаш, оқушы дәптерінің жартылай
форматындағы парақтар қаттамасы, (дұрысы тор көзге), қағаздың жіңішке
жолақтары, кеңсе скрепкасы, дәптер, бетбелгілер.
2) Дәптермен жұмыс жасай отырып, кітаптың шығу деректерін,
тақырыбын сондай-ақ белгісіз атаулар, терминдер, күндер, жеке сұрақтар және
т.б. жазу үшін парақтардың үштен бірі (беттің сол жақ жоғары бұрышына)
қалдырылады.
3) Бастапқы оқу және танысу (оны көрмей, оқығаннан кейін) барысында
мәтіннің жалпы архитектоникасын қамту керек, негізгі ойларды сипаттауға
тырысып, түсініксіз жерлерін белгілеп, қандай да бір анықтамалар жүргізу
керек.
4) Бастапқы оқудың нәтижесі қарапайым мәтіндік жоспар және кітапта
көрсетілген белгісіз жерлері туралы нақты түсінік болуы керек. Бұл жұмыстың
технологиясы қарапайым қарындаш пен бетбелгілерді қажет етеді. Оқып
жатқанда мәтінге белгілер міндетті түрде қойылады.
5
кесте. Зерделеп–оқу басында.
Жоспар
Тезистер
1.
Қарындашпен
сурет
Қарындашпен оқу тек есте сақтауды ғана емес, өз ой-
пікірінді оятады.
2.
Түсініп оқу
қасиеттері
Түсініп оқу: оқығанның мән-мағынасын, түсініксіз жерін
анықтап, толғанысқа назар аударады.
3.
Бастапқы оқу
тапсырмалары
Бастапқы оқу міндеттері - зерттелетін мәтінге жалпы
бағдар беру, жазбалар үшін қарапайым жоспар мен
дайындықтар жасау.
5) Кітаптардың басқанікі емес, өзіндікі екеніне назар аударыңыз. Онда
белгілері болуы мүмкін. Егер кітаптар кітапхананікі болса, онда бетбелгілер
маңызы ерекше. Оның бетбелгісіне жазылған беттің индексі және параграф
(мысалы, 18-бет, 4-ші Z-нің жоғарыда) назар аудартады.
6)
Кітаптағы көптеген белгілер мынаны айғақтайды. Келіспеуге болатын
жерлердің жанына сұрақ және леп белгісі қоямыз. Белгі қою әдісі кітаптан
керекті жерді оңай табуға көмектеседі. Ұзақ үзілістен кейін, оларды жадында
бекіту үшін дәптерлер мен кітаптарда белгіленген орындарды қайта қарап шығу
керек.
Көптеген белгілер оқырманға оқылған кітаптардың авторымен пікірталас
тудырып, өткір ойлары мен эмоциясына анық та, айқын әсер еткенін көрсетеді.
Жазбалар қарындашпен өрістерге жазылады, сызықтар сызылады. А.С. Пушкин
97
Бибиковтың діндарлық кітабында Пугачев туралы былай деп жазба қалдырған:
«
Сандырақ!» Вольтер де авторға қаратып осындай сөз қалдырған: «Жоғал, сен
мені жалықтырдың!»
6
кесте. Кітап бетіндегі экспрессивті белгілер сипаты.
V X,!, !!, !!!
1,11,111
Маңызды, өте маңызды, назар аудару.
=
Жалпы, сома, теңдік
> <
Азды-көпті
?
Күдік, сұрақтар
∑
Барлық сомасы
∑ ∑
Жалпы сомасы
PS
Жазылған жазбалар
I, Sic!
Солай! Басы ашық факт,
тұжырымның айқын қалыптасуы.
7)
Бұл белгілерді толық көлемде шұғыл түрде біздің тәжірибемізге енгізуге
болмайды. Бұл белгілердің саны мен «білімпаздығы» емес, олардың
мағыналығы маңызды. Бәлкім, бұл белгілерді басшылыққа ала отырып, уақыт
өте келе, сіз өзіңіздің жеке жүйеңізді жасай аласыз, олардың басты мақсаты –
символдар мен назар аудару белгілері ретінде қызмет ету болады.
Белгілер ары қарайғы жұмыстарға шамшырақ болады. Жолақтағы «?»
белгісі әзірге белгісіз тұстарына қойылатыны түсінікті жайт. Бастапқы оқып
шыққанға дейін «?» белгісіне бас қатырудың қажеті жоқ. Себебі оның
жауаптары бірнеше беттер немесе азат жолдардан кейін белгілі болады.
Әрине, егер сөздің, терминнің мағынасы күдік тудырса, тез арада сөздікпен
жөндеу керек. Осындай жазбаларға арналған материалдарды іріктеу барысында
бекітілген символдар бағытталады.
8) Бастапқы оқудың нәтижесі оқудың қарапайым жоспары болуы керек.
Бұл жұмысты орындау барысында есте сақтау керек. (жазу жолындағы сандар,
көлденең жақшамен => -), онда бір ойдың дәлелі аяқталады да басқа ой
басталады. Егер сізде қарапайым жоспарды жасау дағдысы болса, дереу жеке
парақта ойларыңызды қалыптастыруға тырысыңыз. Сіз бұл тақырыптарды
жоспарда және мәтіннің тиісті жерлеріндегі бетбелгілерде қоя аласыз. Қалайда
бұл беттерге бетбелгі қоюда - жіңішке бетбелгілердің кітаптан түсіп қалатынын
немесе ауысып кететінін ұмытпаңыз.
9)
Оқып болған соң дәптерді алуымыз керек. Алғашқы жазба оқыған
кітаптың шығуы туралы жазылады. Олардың тізімі белгілі бір тәртіппен
жасалуы тиіс - автор, аты-жөні, лауазымы, баспа орны және жылы (Кертаева
Г.М., Боталова О.Б. Психологиялық-педагогикалық ғылыми зерттеу ұйымы,
Павлодар қ., 2008). Баспаның орны шартты түрде қысқаша жазылады: М. - егер
кітап Мәскеуде жарық көрген болса; Л. - Ленинградта; басқа қалалардың
баспаханаларында жарық көрсе толық жазылады. Киев, Минск, Новосибирск,
Қарағанды және т.б.
Жинақтың материалдарымен жұмыс істегенде, бүкіл кітаптың толық шығу
деректері көрсетіледі. Одан кейін негізгі жолдың жоғарғы жағында -.
Достарыңызбен бөлісу: |