101
Арай Мурсалимова
Шығыс Қазақстан облысы
Тілдер жөніндегі басқармасы
Шығыс Қазақстан лингвистикалық
орталығының әдіскері
Деңгейі:
В1 орта деңгей
Сабақтың түрі:
Мастер-класс
Мақсаты:
Сабақта жағдаяттық тапсырмаларды қол-
дану арқылы тіл үйренушілердің тілдік
қарым-қатынасқа түсіп, қазақ тілінде еркін
сөйлеу дағдыларын қалыптастыру. Беріл-
ген жағдаяттардан шығу жолдарын шеше
отырып, ойларын толық және нақты жет-
кізуге, жүйелі сөйлеуге бағыттау.
Қолданылатын
әдістер:
Интербелсенді әдістер, Миға шабуыл, ой
шақыру, сұрақ-жауап, «Есімдер алли те ра-
ция сы» ойыны, «6 сұрақ» әдісі, постер қор-
ғау, «Графикалық органайзер», «Бағдаршам»,
кері байланыс, «Екі жұлдыз, бір тілек»
Көрнекілігі:
Үлестірмелі материалдар, слайд, бейнеро-
лик, суреттер, Қазақстан Республикасының
картасы
Лексикалық ми-
нимум:
Елорда, Астана қаласының 20 жылдық ме-
рекесі, шетелдік меймандар, аймақ өкіл-
дері, экологиялық проблемалар, туризмді
дамыту, отандық шипажайлар, демалыс
орындары, меймандар т.б.
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру
кезеңі
(2 минут)
Мұғалімнің кіріспе сөзі:
- Сәлемдесу
- Кез келген оқытушының педагогикалық
шеберлігін оның кәсіби құзыреттілігінен,
өзін-өзі жетілдіріп отыратындығынан, өз ісі-
не шығармашылықпен қарайтындығы нан
102
байқауға болады. Оқытушы тіл үйренушіге
тек дайын материалды ғана бе ру мен шектел-
меу керек. Әр оқыту шы алды на келіп отырған
тыңдаушысының меңгере тін материалын ал-
дын ала ірік теп, саралап, қазақ тіліне деген
қызығу шылығын, құл шынысын арттыруды
мақсат етеді. Өз іс-тәжірибемде са бақты қы-
зық ты, әрі сапалы өткізу мақсатында оқыту-
дың түрлі әдіс-тәсілдерін қол данамын. Өз
сабақтарымда жиі қолданатын, өзі ме жақын,
әрі тиімді деп санайтын әдіс – жағ даяттық
тапсырмалар арқылы тілді мең герту. Себебі
жағдаяттық тапсырмаларды оқы ту үр дісінде
пайдалану арқылы ересек тіл үйренушілер
тілдік қарым-қатынасқа тү сіп, қазақ тілін-
де еркін сөйлеу дағдылары қа лып тасады,
тіл үйренуші өзінің ойын толық және нақты
жеткізуге үйренеді. Ендеше, бүгінгі сабақта
жағдаяттық тапсырмаларды қолданудың
тиімді әдіс-тәсілдеріне тоқталамын.
І.Психологиялық
тренинг.
(3 минут)
«Есімдер аллите-
рациясы»
Мақсаты:
Жағым-
ды психологиялық
орта қалыптас-
тыру.
«Есімдер аллитерациясы» ойыны
Жүру барысы: Қатысушылар шеңбер
құрады (немесе орындарынан айтуға бола-
ды). Әр қатысушы өз есімінің бірінші әр-
пінен басталатын бірнеше сөз айтып, өзін
та ныс тыру және мадақтау керек. Сөздерді
ба рын ша көбірек айту қажет.
Қанеки, кім көп сөз біледі екен?
Менің есімім – Арай. Мен - анамын, ақыл-
дымын, адалмын, ажарлымын т.б.
103
ІІ. Сабақ барысы:
1.Ой шақыру.
Жағдаяттық
тапсырма беруде
миға шабуыл әдісін
қолдану (жеке
жұмыс)
(8 минут)
Мақсаты:
суреттерге ақпа-
рат бере отырып,
еркін ойлау, сөйлеу
дағдыларын қалып-
тастыра отырып,
тақырыпқа ену,
қызығушылықтарын
ояту
1- жағдаяттық тапсырма:
Қазақстан Республикасының елордасы –
Астана қаласының 20 жылдық мерекесі
той ланғалы жатыр. Мереке қарсаңында
Жер шарының түкпір-түкпірінен шетел-
дік меймандар, қонақтар келіп қатыса-
ды. Жоспар бойынша мерекелік шарада
Қазақстанның әр аймағынан келген өкіл-
дері өз жерлері жөнінде ақпарат беруі ке-
рек. Сіздердің көмектеріңіз қажет. Тапсыр-
ма: Тақтада Қазақстан Республикасының
картасы ілінген. Қолдарыңыздағы сурет
туралы ақпарат беріп, картадан әр ай-
маққа қатысты орнын тауып, жапсырула-
рыңыз қажет. Бұл жерде география пәнін
естеріңізге түсіру қажет. Бағалау: «Бағдар-
шам» әдісін қолдану арқылы өздеріне баға
береді.
- түсініксіз және тапсырманы орын-
дай алмаған қатысушылар қызыл
түсті көтереді
- барлығы түсінікті болса және
тапсырманы орындай алған қаты-
сушылар жасыл түсті көтереді
Алдарыңызда жатқан көмекші сөздер мен
сөз тіркестерін пайдаланыңыздар.
(Тақтада Қазақстан Республикасының кар-
тасы ілінген).
104
Медеу мұз спорт ке-
шені, әлемдегі ең биік
орналасқан мұз айды-
ны, ірі, үздік спорттық
рекордттар,
қысқы
спорт түрлері
Көмір бассейні, кө -
мір кен орны, кө мір -
мен қамтамасыз ету,
Аппақ
Байжа нов,
алғаш көмір кен ор-
нын ашқан
Ақорда резиденция-
сы, Аста на қала-
сы, әлемдегі, ең жас
астана,
салтанатты
жиын дар, мәжілістер,
шетел
қонақтары,
мемлекеттік награда-
лар тапсыру
Металлургия өнер-
кәсібі, ҮМЗ, ТМК,
Қазмырыш зауыт та-
ры, пайдалы қазба-
лар, Менделеев таб-
ли ца сы, 99 элементі,
ал тын, уран, титан,
мыс, мырыш
Достарыңызбен бөлісу: |