Мемлекеттік тілді үйрету: әдіс, тәжірибе, инновация



жүктеу 2,9 Kb.
Pdf просмотр
бет14/33
Дата20.05.2018
өлшемі2,9 Kb.
#15272
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   33

48
ру  жолымен,  тапсырылған  шарттармен  алдын  ала  белгіленген 
мінез-құлқын,  сол  немесе  басқа  жағдайларда  адамдардың  мі-
нез-құлқы мен эмоционалдық реакциясын бейнелеу үшін қолда-
нылады. 
Жобаны әзірлеу 
Бұл әдіс қатысушыларға ойша аудиториялардан шығып, тал-
қы  ла натын  мәселе  бойынша  өз  әрекетінің  жобасын  жасауға 
мүм кіндік  береді.  Ең  бастысы,  топ  немесе  жеке  тұлға  өз  жоба-
сын  қорғайтын,  басқалардың  алдындағы  өзінің  артықшылығын 
дәлелдейтін және достарының пікірін білуге мүмкіндігі болады. 
Мысалы:  өзінің  қаласындағы  дүлей  апаттың  қаупін  төмендету 
жөнінде жоба жасау. Қатысушылардың мамандандырылған меке-
мелерден кеңес алуға, кітапханалардан әдебиеттер алуға және т.б. 
мүмкіндіктері бар. Қатысушыларға газеттен тақырып мәселелері-
не қатысы бар басылымдар, суреттер, мақалалар жинауға, содан 
кейін бұл материалдарды топ болып талқылауды ұсынуға болады.
Бейнефильмдерді көру және талқылау 
Сабақтарда  әр  түрлі  тақырыпта  көркем  және  деректі  бейне-
фильм дерді,  олардың  фрагменттерін,  сондай-ақ  бейнероликтер 
мен  бейнесюжеттерді  пайдалануға  болады.  Тиісті  мазмұндағы 
бей не фильм дерді тек қана қосымша материалдар ретінде емес, са-
бақтардың және тренингтердің кез-келген түріне оның тақырыбы 
мен мазмұнына сәйкес пайдалануға болады. Фильмді көрсетер ал-
дында тыңдаушылардың алдына бірнеше (3-5) шешуші сұрақтар 
қою керек. Бұл келесі талқылауға салудың негізі болады. Алдын 
ала таңдалып алынған кадрлармен фильмді тоқтатып, пікірсайыс 
өткізуге  болады.  Соңында  тіл  үйренушілермен  бірігіп,  міндетті 
түрде жиынтығын шығару және қорытындысын жариялау керек. 
Кері байланыс
Кері байланыс қатысушылардың талқылап отырған тақырып-
тарының  реакциясын  ұғынуға,  оқуды  ұйымдастыру  мен  өткізу-
дің  кемшіліктері  мен  артықшылықтарын  көруге,  нәтижелерін 
бағалау ға мүмкіндік береді.


49
Қатысушылар  (ерікті  түрде)  өткізілген  жаттығулар,  ақпарат-
тық блок, нақты күн немесе барлық тренинг бойынша өз ойларын 
айтуды ұсынады.
Әрқайсысының  сезімдері  мен  қобалжуларына  назар  аударып 
отыру маңызды.
Барлық айтылған пікірлер тренерлер тарапынан да, басқа қа-
тысушылар  тарапынан  да  үнсіз,  даусыз,  түсініктемесіз  және 
сұрақсыз  тыңдалуы  тиіс.  Әрбір  сөйлеушіге  айтқандары  үшін 
алғыс айт қан дұрыс. Басқалармен тең дәрежеде тренерге де кері 
байланыс ұсынған дұрыс. 
Оқудың  интерактивті  әдістерін  пайдаланудың  жағымды  сәт-
тері немен тұжырымдалады?
Интерактивті әдістерін пайдалану кезінде оқытушының рөлі күрт 
өзгереді, ол тек қана процестерді реттеп отырады және оны жалпы 
ұйымдастырумен  айналысады,  қажетті  тапсырмаларды  алдын  ала 
дайындайды және сұрақтарды немесе топтарда талқылауға арналған 
тақырыптарды  қалыптастырады,  кеңестер  береді,  белгіленген 
жоспардың орындалу тәртібі мен уақытына бақылау жасайды. 
Оқудың  интерактивті  әдістерінің  артықшылығы  қандай?  Ең 
алдымен, интерактивті әдістер: 
* тіл үйренушілердің қызығушылығын туғызады; 
*  әрқайсысының  оқу  процесіне  қатысу  белсенділігін  кеңей-
теді; 
* әрбір тіл үйренушілердің сезіміне назар аударады; 
* оқу материалдарын тиімді меңгеруге бейімдейді; 
* кері байланысты (аудиторияның жауап беру реакциясын) жү-
зеге асырады;
*  тіл  үйренушілердің  пікірлері  мен  қарым-қатынастарын  қа-
лыптастырады; 
* өмірлік машықтарды қалыптастырады; 
* мінез-құлықтың өзгеруіне көмектеседі.


50
 Г.Мұсаева
Әл-Фараби атындағы 
Қазақ ұлттық университетінің 
доценті, филология ғылымдарының кандидаты
Қазақ тіліндегі жай сөйлем құрылымын меңгерту
Сөйлем  құрамындағы  компоненттердің  бөлшектерге  бөлінуі 
және  аффикстерінің  жалғану  жүйесінің  бірқалыптылығы  біздің 
жұмысымызда  ең  қарапайым  атаулы  сөйлемнен  сөйлемнің  тұр-
лаулы, тұрлаусыз мүшелері түгелдей қатысқан жайылма жай сөй-
лемнің  терең  құрылымы мен  өзгермелі  компоненттері  түгелдей 
дерлік  қатысқан  құрылымның  моделін,  яғни  виртуалды  интег-
ралды  стеммасын  жасап  шығуға  септігін  тигізді.  Бұл  құрылым 
Н.  Хомскийдің  туындаушы  грамматика  теориясы,  Л.  Теньердің 
құрылымдық синтаксисі және осы аталған ғылыми теориялар не-
гізінде  профессор  Ж.  Нұршайықова  жасаған  орыс  тілінің  алго-
ритмделген синтаксис теориясы негізінде жасалды.
Қазақ тіліндегі жай сөйлемдердің виртуалды интегралды стем-
масы негізінде грамматикалық білімді арнайы алгоритммен беру 
арқылы қазақ тілін меңгеруді ұсынамыз. Ол үшін ең алдымен қазақ 
тіліндегі жай сөйлем құрылымының қаңқасын жасап алу керек. 
А
А
N
O
Аdv.
V
    
Мұндағы 
N – сөйлемнің субъектісі; 
V  –  сөйлемнің  предикаты,  екеуін  байланыстырып  тұрған  екі 
жақты бағыты бар сызық олардың бір-бірімен жақпен қиыса бай-
ланысатынын көрсетеді; 
A – сөйлемде субъектіні және объектіні 
анықтап тұратын, олармен матаса (екі жақты бағыты бар үзік сы-
зық) және қабыса (тек үзік сызық) байланысқан анықтауыш мүше; 


51
О – сөйлемнің объектісі, ол предикатпен меңгеріле (бір бағытты 
сызық) байланысады; 
Adv. – сөйлемде предикат мүшені пысықтап 
тұратын мүше, ол өзі пысықтайтын мүшемен қабыса байланысады. 
Осы жасалған қаңқаны сөйлемнің терең құрылымы деп аламыз. 
Терең  құрылымға  сөйлемнің  өзгермелі  компоненттерін  енгізсек, 
сөйлемнің  үстірт  құрылымын  аламыз.  Сөйлемнің  өзгермелі  ком-
поненттері  арқылы  тіл  үйренуші  сөйлемді  мағыналық  жағынан 
түрлендіріп, өз ойын жеткізе алатын болады. Төмендегі кестеде А
1
 
– сөйлемде объекті мен субъектіні анықтап тұратын, сын есімнен, 
есептік,  реттік  сан  есімнен,  сілтеу  есімдігінен  болған  анықта-
уыштар;  А2  (О2)  –  сөйлемнің  субъектісі  мен  объектісін  анықтап 
тұратын,  ілік  септікті  анықтауыштар;  О
34567
  –  сөйлемнің  объек-
тілері: О3 – барыс, О4 – табыс, О5 – жатыс, О6 – шығыс, О7 – көмек-
тес  септіктер;  сөйлемде  пысықтауыш  қызмет  атқаратын  кейбір 
септік мағыналарын тіл үйренуді жеңілдету мақсатында алғашқы 
кезеңде осылай шартты түрде алып отырмыз; 
O3
O4
O5
O6
O7
A1
A1 A2(О2)
A1
A2(О2)
Adv.
V
  
Берілген сөйлемнің үстірт құрылымына математикалық әдіспен 
олардың арнайы көрсеткішін қоятын болсақ, қазақ тілін меңге-
руге  қажетті  болатын  грамматикалық  білімнің  толық  интеграл-
ды стеммасын ала аламыз. Бұл тіл үйренуші үшін бұрын-соңды 
жасалмаған, сөйлемнің ғана емес, тілдің құрылымдық жағын да, 


жүктеу 2,9 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   33




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау