Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
Б.Т.Қабдуллин, Г.Қ.Байбашева,
Л.Т. Шарифьянова
МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ ТЕОРИЯСЫ
Заңтану мамандығы студенттеріне арналған
оқу құралы
Павлодар
УДК 340. 12 (075. 8)
ББК 67. 0 я 73
Қ 13
С.Торайғыров атындағы ПМУ Ғылыми Кеңесімен ұсынылған
Пікір хат жазушылар:
заң ғылымдарының кандидаты, доцент Г.Б.Ахмеджанова
заң ғылымдарының кандидаты, доцент С.Т. Иксатова
Қабдуллин Б.Т., Байбашева Г.Қ, Шарифьянова Л.Т.
Қ 13 Мемлекет және құқық теориясы: Заң мамандығы студенттеріне
арналған оқу-әдістемелік құралы. – Павлодар, 2006. – 137 б.
Оқу құрал “Мемлекет және құқық теориясы” курсының типтік оқу бағдарламасына, 050301 “Заңтану” мамандығының ҚР мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандартына (ҚР МЖМБС 3.08.029-2004) сәйкес әзірленген және жалпы теориялық мәселелермен танысуда бағдар-беруші рөлін атқаруға, оқушыларды қосымша материалды меңгеру үшін ақпараттық-әдістемелік базаны қалыптастыратын негізгі заңи ұғымдар мен санаттармен таныстыруға бағытталған.
Оқу құралы, ең алдымен, заң білімдерін беретін жоғары оқу орындары мен факультеттердің сыртқы бөлімдерінің студенттеріне арналған.
УДК 340. 12 (075. 8)
ББК 67. 0 я 73
© Б.Т.Қабдуллин, Г.Қ.Байбашева, Л.Т. Шарифьянова, 2006
© С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті, 2006
Алғы сөз
Соңғы жылдары мемлекет және құқық теориясы бойынша мемлекеттік тілде бірқатр оқулықтар, дәріс курстары, оқу және әдістемеліқ құралдар жарық көрді. Студенттерде өз білімдерін жинау және тереңдету үшін әралуан ақпараттарды салыстыру, таңдау және қолдау мүмкіншіліктері пайда болды.
Бірақ та бүгінгі күнге дейін емтиханға дайындалуға арнайы арналған мемлекеттік тілде құралдар жоқ. Әрине, бұндай міндетті барлық оқулықтар мен дәріс курстары шешуге бағытталған. Дегенме де аталмыш мақсат үшін ерекше құралды басып шығаруға сұраныс бар.
Ұсынылып отырған жұмыс осы олқылықтарды қандайда бір дәрежеде шешуді тырысады. Бұл оқу құралының ерекшеліктері, біріншіден, зерттеліп отырған пәнді толық көлемде көрсетеді, өйткені емтиханға қандайда бір пәннің білімдерінің барлық жүйесін білдіретін сұрақтар шығарылады.
Екіншіден, материалды ұсыну қысқа, оқу ақпараттары нақты сұраққа нақты жауап түрінде көрінеді. Осы жауаптар курс бойынша барлық білімдер жүйесін бейнелейтіндей белгілі бір тәртіппен алынған. Бұл курс студентке емтихандағы оқу материалдарын есте сақтауға және жедел қайталауға көмектеседі.
Бұл оқу кұралының тағы да бір ерекшелігі, ол мемлекет және құқық теориясы пән бойынша емтиханға дайындалу үшін арналған. Мемлекет және құқық теориясы – заң білімдерін беретін жоғары оқу орындарының бірінші курсында оқытылатын күрделі пәндердің бірі. Ол мемлекет пен құқық туралы жалпыланған абсрактілі ережелерден құралған. Оның күрделілігі мынада: студенттер бірінші курста нақты материалдармен – қолданыстағы заңнамамен, заң тәжірибесімен, мемлекет және құқықтың тарихымен таныс болмайды, сол себепті де, бұл оқу құралындағы жалпы теориялық мәселелер салыстырмалы түрде қарапайым қалыпта берілген.
Мемлекет және құқық теориясы студенттерде мемлекет және құқық, құқықтық және саяси мәдениет туралы терең шынайы ғылыми түсініктердің қалыптасуына, олардың әртүрлі тарихи кезеңдердегі мемлекеттік-құқықтық құбылыстардың дамуының басымдылықтары мен заңдылықтарын түсінуіне жәрдемдеседі. Алайда, жалпы тарихи білімердің барлығын толық меңгеру мемлекет және құқықтың жалпы теориясы бойынша оқулықтар мен мақалалармен дербес, өз бетімен жан-жақты жұмыс істеудің нәтижесінде ғана жүзеге асуы мүмкін.
Мемлекет және құқық теориясы бойынша бұл оқу құралы өз қысқа мазмұны бойынша жалпы теориялық әдебиеттердің барлығының орнын толтыра алмағанымен, жалпы теориялық мәселелермен танысуда өзінше бір жол көрсетушінің ролін атқаруға, студенттерді әрбір тақырып бойынша мейлінше маңызды теориялық ережелермен, заң ғылымының ерекше тілімен, арнайы заң түсініктерімен таныстыруға бағытталған. Бұл құралды қалған материалдарды меңгеру үшін ақпараттық-әдістемелік негізді құрайтын негізгі заң түсініктері мен санаттарының кеңейтілген сөздігі деп те атауға болады.
Оқу құралын дайындауда А.Б.Венгеров, С.С.Алексеев, С.А.Комаров, В.В.Лазарев, Н.И.Матузов, А.В.Малько, А.С.Пиголкин, В.Н.Хропанюк Ғ.С.Сапарғалиев, А.С.Ибраева, А.Н.Булгакова, Қ.Ж.Жоламан, А.Н.Ағыбаев және т.б. сияқты ресейлік жән отандық ірі мемлекеттанушы-ғалымдардың еңбектері пайдаланылды.
1 Емтиханѓа дайындалуѓа жєне оны тапсыруѓа арналѓан єдiстемелiк кењестер
Емтихан – б±л ќандайда бiр оќу пєнi бойынша бiлiмдi тексерiп, сынау. Емтихан – б±л белгiлi бiр пєндi зерттеудiњ, соњѓы нысаны, оќу процесiнiњ нєтижелерiн аныќтау жєне баѓалау механизмi.
Емтиханныњ маќсаты – наќты пєндi оќу курсын аяќтау, студентте ќалыптасќа бiлiмдердiњ ж‰йесiн тексеру жєне мењгерген бiлiмдердiњ дењгейiн аныќтау болып табылады. Осы арќылы емтихан мамандарды дайындау сияќты жоѓары бiлiм берудiњ басты мiндетiн шешуге кµмектеседi.
Емтиханныњ негiзгi функциялары мыналар болып табылады:
1) бiлiм берушiлiк;
2) баѓалаушылыќ;
3) тєрбиелiк.
Емтиханныњ бiлiм берушiлiк функциясы студенттердiњ емтихан сессиясы кезiнде µткен оќу материалдарына ќайтадан µз назарын аударуѓа, дєрiс конспектiлерiн, оќу ќайнар кµздерiн ќайтадан ќайталап оќуѓа негiзделген.
Студент тек ќайталап, алѓан бiлiмдердi бекiтiп ќана ќоймайды, сонымен ќатар жања бiлiмдердi алады. Бiрiншiден, дєл осы емтихан кезiнде ескi бiлiмдер ќорытылып, сапалы жања дењгейге ауысады да т±тастай алѓанда пєннiњ барлыќ логикасын студентке т‰сiнуге м‰мкiндiк бередi. Екiншiден, дєрiс жєне семинар сабаќтарында болмаѓан µзiндiк дайындыќќа берiлген жекелеген таќырыптарды, жања ѓылыми єдебиеттердi жєне нормативтiк базаны зерттеу барысында студент жања бiлiмдердi мењгередi.
Емтиханныњ баѓалаушылыќ функциясы студенттердiњ бiлiмiне (наќты баѓа ќоюмен кµрiнедi) жєне осы пєн бойынша барлыќ оќу ж±мысына бiлгiлi бiр дењгейде ќорытынды жасауѓа негiзделген.
Егер емтихандар объективтi жєне мейрiмдi ќабылданса, онда олар, сµзсiз, тєрбиелiк рµлдi атќарады, студенттердiњ ењбек с‰йгiштiлiгiн, iске жауапкершiлiкпен ќарауды ынталандырады, єдiлеттiлiктi, ѓылымды жєне оќытушыны ќ±рметтеу сана сезiмдерiн дамытады.
Кез келген оќу процессiнiњ нысаны сияќты емтиханныњ µзiнiњ ерекшелiктерi, студенттерге бiлуге жєне ескеруге ќажеттi салалары бар. Б±л жерде келесi ерекшелiктер туралы сµз болуы м‰мкiн:
- емтихан билетiнде жоќ, бiраќ студенттер жауабын табуы керек с±раќтар;
- емтиханѓа дайындыќ кезiнде ненi есте саќтау керек?
- ќандай ќайнар кµздер бойынша дайындалу керек?
- ењ басты к‰ш жiгердi неге баѓыттау керек?
- осы курстыњ баѓдарламасын максималдi дењгейде ќалай ќолдану керек?
Жоѓарыда кµрсетiлген жєне басќа да кейбiр с±раќтарѓа жауап берiп кµрелiк.
Емтихан алдындаѓы консультация кезiнде оќу материалдарын жаттау керек пе деген с±раќтар болуы м‰мкiн. Иє да жєне жоќ та. Б±ныњ барлыѓы ненi жаттауѓа байланысты. Ењ алдымен ±ѓымдардыњ аныќтамасын есте саќтаѓан жµн, µйткенi дєл осы аныќтамаларда оныњ мєнiн кµрсетедi жєне осы ±ѓымды басќа ±ѓымдардан айыруѓа м‰мкiндiк беретiн белгiлер бар. Бiраќ та оќытушы емтихан барысыда студенттiњ оќу материалдарын есте саќтау дењгейiн ѓана емес, сонымен ќатар студент ќандайда бiр ќ±ќыќтыќ санаттарды жєне наќты зањи проблемаларды ќалай ±ѓатындыѓын, ќалай ойлай бiлуiн, дєлелдей бiлуiн, белгiлi бiр баѓытты ±стана бiлуiн, жаттаѓан аныќтамаларды µз сµзiмен т‰сiндiре бiлуiн де тексередi. Осы себеппен, емтихан ‰шiн есте саќтау жєне т‰сiндiрудiњ ќалыпты ‰йлесiмдiгi, оќу материалдарын ќарапайым т‰рде айта бiлу жєне ойлау ќабiлетiгi ќажет.
Кейбiр оќу аќпараттары белгiлi бiр кµмектесушi оќу-єдiстемелiк ќ±ралдар мен амалдардыњ кµмегiмен жаќсы есте саќталатыныњ есте саќтаѓан жµн. Мысал ретiнде курс бойынша ж±мыс оќу баѓдарламасындаѓы аќпараттарды келтiруге болады. Курс баѓдарламасы емтихан тапсырушыныњ ‰стелi ‰стiнде мiндеттi т‰рде жататынын ескере отырып, студент курс баѓдарламасындаѓы мєлiметтердi максималды пайдалануды ‰йрену керек. Б±л студенттi аќпараттыњ минимуммен ќамтамасыз етедi.
Емтихан барысында сенiмдi болу ‰шiн, студенттiњ кµзќарасы бойынша ењ ќиын с±раќтарѓа жауапты алдын ала дайындап, тезис т‰рiнде жазып алѓан жµн.
Емтиханѓа дайындалу барысында басты назарды ењ алдымен семестр бойы жазѓан дєрiс конспектiлерiне, кейiн оќулыќтар мен мерзiмдiк басылымдарѓа аударѓан жµн. ¤йткенi аталмыш дєрiстердiњ кейбiр артыќшылыќтары бар:
- олар ќазiргi кездегi ситуацияѓа баѓалауѓа м‰мкiндiк беретiн жедел, т‰йiнделiп бейнеленген;
- ењ жања ѓылыми жєне нормативтiк аќпаратты аныќтайды;
- дєл осы кезде дєрiсхананы ќызыќтырып отырѓан с±раќтарѓа тiкелей жауап беруге кµмектеседi. Оќу ќ±ралдары мен оќулыќтарды жазу жєне шыѓару ‰шiн кµп уаќыт ќажет. Осыдан кейбiр оќу материалдарын баяндау ескiруi м‰мкiн.
Консультация кезiнде емтиханѓа дайындалу барысында дєрiстерде басќа ќандай оќулыќтарды ќолдану керек деген с±раќтарда ќойылуы м‰мкiн. Єрине, б±л с±раќќа жауап беру ќиын. ¤йткенi идеалды оќулыќтар жоќ. Єдетте, оќулыќтарды єрт‰рлi мектептiњ, ѓылыми баѓыттыњ µкiлдерi жазады, сондыќтан олардыњ єрќайсысында µзiнiњ єлдi жєне єлсiз жаќтары, артыќшылыќтары мен кемшiлiктерi бар. Осыдан оќу аќпараттарын салыстыру ‰шiн екi не оданда кµп оќу ќ±ралдарын пайдалану керек.
Наќты с±раќтарѓа жауап берген кезде єралуандылыќ ќаѓидатына с‰йену керек, ал ол болса ойлардыњ, пiкiрлердiњ єралуандылыѓына жол бередi. Студент дискуссиялыќ проблема бойынша кез келген кµзаќарсты тандауѓа ќ±ќылы, бiраќ оны ол дєлелдей бiлуiде керек.
Емтихан кезiнде оќытушы студентке ќосымша жєне наќтылау с±раќтарын ќоюы м‰мкiн. Егер ќосымша с±раќтар емтихан билетiндегi с±раќтармен бiрге ќойылса жєне ол жауапты толыќтырумен байланысты болса, онда наќтылау с±раќтары билеттiњ кµлемiнде жєне студенттiњ ойын наќтылауѓа баѓытталады.
Емтихан ќабылдау барысында оќытушы басшылыќќа алатын келесi критериилер бар:
1) с±раќтарѓа жауаптыњ д±рыстыѓы;
2) жауаптыњ толыќтыѓы жєне наќтылыѓы;
3) оќу аќпараттыњ жањалыѓы, ѓылыми жєне нормативтiк ќайнар кµздердi ќолдана бiлу дењгейi;
4) теорияны тєжiрбиемен байланыстыра бiлуi;
5) баяндаудыњ логикасы жєне дєлелденуi;
6) сауатты т‰сiндiре бiлу, мысалдар келтiре бiлу;
7) сµйлеу мєдениетi.
Яѓни, оќытушы тек студенттiњ осы пєндi бiлу бiлiмiн ѓана емес, сонымен ќатар оларды студенттiњ баяндау нысанын да баѓалайды.
2 «Мемлекет және құқық теориясы» курсының бағдарламасы
1-тақырып Мемлекет және құқық әдіснамасы
Мемлекет және құқық теориясының әдіснамалық негіздері.
Мемлекет және құқық теориясының пәні – мемлекет және құқықтың пайда болуы, дамуы және қызмет етуінің негізгі заңдылығы.
Мемлекет және құқықты зерттеудің объективтілігі мен ғылымилығы. Мемлекет және құқықты оқып-үйренудің материалистік және диалектикалық жолы. Мемлекет және құқық теориясы әдіснамасын идеологиясыздандыру. Мемлекет және құқық теория курсын оқып-үйренудің жалпы адамгершілік, әлеуметтік жолы. Мемлекет және құқықты оқып-үйренудің философиялық жолы.
Мемлекет және құқықты таптық тұрғыдан оқып-үйренудің қазіргі таңдағы түсінігі. Мемлекет және құқықты оқып-үйренудің таптық жолы мен жалпы адамгершілік жолдарының арақатынасы.
Мемлекет және құқықты тану процесінің логикасы. Ғылыми ойлаудың тәсілдері: анализ, синтез, индукция, дедукция, гипотеза, логика.
Мемлекет және құқық теория курсын оқып-үйренудің нақты тәсілдері. Формальдық-логикалық тәсіл. Салыстырмалы әдіс. Мемлекет және құқықты зерттеудің әлеуметтік әдістері: сауалнамалық әдіс, сұхбат, әлеуметтік тәжірибе. Мемлекет және құқықты зерттеудің жүйелі әдісі. Мемлекет және құқық теориясы функцияларының заң ғылыми жүйесіндегі алатын орны мен рөлі. Мемлекет және құқық теориясының танымдық, болжау және әдістемелік функциясы.
Мемлекет және құқық теориясының заң ғылыми жүйесіндегі орны, рөлі және қызметі.
Мемлекет және құқық теориясы курсының жүйесі. Мемлекет және құқық теориясы пәнінің қазіргі таңның заңгерін дайындаудағы рөлі. Қазақстандық мемлекет және құқық теориясы, оның дамуы.
2-тақырып Мемлекеттің пайда болуы
Алғашқы қауымдық қоғам. Рулық құрылыс кезіндегі басқару органдары мен тәртіп нормалары. Рулық құрылыс кезіндегі қоғамдық билік. Рулық құрылыстың экономикалық негізі. Термешілік экономикадан өндірушілікке көшу. Жекеменшіктің пайда болуы. Қоғамның стратификациялануы, әлеуметтік теңсіздік пен күрестің тууы. Мемлекеттің пайда болуы. Мемлекеттің әлеуметтік мақсаттылығындағы дуализм: мемлекет қоғамды басқару және таптық қайшылықтарды шешудің құралы ретінде.
Мемлекеттің пайда болуы туралы теориялар: материалистік, табиғи-құқықтық, органикалық, күштеу, психологиялық, діни, технократиялық, патриархалдық, келісімдік және басқалары. Мемлекеттің белгілерінің қалыптасуы: жария билік, өкімет, мемлекеттің азаматтарын аймақтық бөлу, салықтар, заемдар, мемлекеттік қарыздар. Мемлекеттілік және егемендік құқық шығармашылық мемлекет белгісі ретінде. Мемлекет белгілері қалыптасуының бірізгілігі. Әр түрлі халықтарда мемлекеттік-құқықтық қалыптасуының ерекшеліктері.
Мемлекет анықтамасының әр түрлілігі. Мемлекет қоғамның саяси, құрылымдық және аумақтық ұйымы ретінде. Мемлекеттің жалпы әлеуметтік және таптық мазмұны. Мемлекеттік теория – құқықтық қауымдастық ретінде. Мемлекеттік егеменділік Ұлт және мемлекет. Мемлекет пен экономиканың өзара байланысы. Мемлекеттіліктің эволюциясы. Мемлекет дамуының кезеңдері.
3-тақырып Мемлекеттің типологиясы
Мемлекеттің типологиясының қалыптасу жолдары, бағыттары. Мемлекеттің марксистік типологиясы. Құлиеленушілік, феодалдық, буржуазиялық, социалистік мемлекет. Мемлекеттің тарихи түрлерінің ауысуының себептері және бір түрден екінші түрге өтуі, өтпелі тарихи түріндегі мемлекет.
Мемлекеттің жіктеудің хронологиялық тәсілі. Ежелгі ғасырдағы, орта ғасырдағы, жаңа ғасыр және қазіргі дәуірдегі мемлекет. Кеңес мемлекеті: пайда болу заңдылықтары, даму сатылары, мәні. Қазақстан Республикасының өтпелі кезеңдегі мемлекеттілігі.
Мемлекетті жіктеудің өркениеттік тәсілі. Қазіргі таңдағы өркениеттің мемлекеттілігі.
4-тақырып Мемлекеттің нысаны
Мемлекеттің мазмұны, әлеуметтілік мақсаттылығы, арақатынасы. Мемлекет нысанының түсінігі. Басқару нысаны, ұлттық-мемлекеттілік және әкімшілік-аймақтық құрылым нысаны, мемлекеттік саяси режим.
Мемлекет нысанын анықтайтын факторлар: географиялық, экономикалық, саяси, тарихи, ұлттық т.б.
Мемлекет нысанының сабақтастығы. Мемлекет нысанына жеке қайраткерлердің, мемлекеттердің саяси тәжірибесінің, жаулап алудың және діннің әсері. Мемлекет типі мен нысандарының арақатынасы.
Басқару нысаны. Монархия. Абсолюттік және шектеулі монархия. Шығыс деспотизмі. Ерте феодалдық, сословиелік өкілеттілік. Дуалистік, парламенттік монархиялар.
Республика: аристократиялық, (ақсүйектер, тектілер) демократиялық, қала-республика, парламенттік, президенттік, кеңестік, халықтық-демократиялық, аралас республикалар.
Мемлекеттің құрылымының нысаны. Біртұтас (унитарлық) мемлекет. Мемлекеттің әкімшілік-аумақтық бөлінуі. Федерация. Ұлттық мемлекеттік құрылым. Ұлттық және аумақтық негіздері. Аралас федерация. Конфедерацияның федерациядан айырмашылығы. Достастықтар, империялар, ассоциациялар.
Саяси режим. Демократиялық және тоталитарлық саяси режимдер: деспоттық, фашистік, авторитарлық, марксистік, әскери диктатуралар. Демократиялық режим: патерналистік, либералды-демократиялық, формалды-демократиялық, діни-демократиялық. Қазіргі замандағы мемлекеттің нысаны. Кеңес мемлекетіндегі тоталитарлық режимнің ерекшелігі.
Қазақстан Республикасы мемлекет нысанының ерекшелігі. «Қазақстан 2030» және кәсіпқой мемлекет.
5-тақырып Мемлекеттің қызметі (функциясы)
Мемлекет қызметінің түсінігі және мазмұны. Мемлекеттің әлеуметтік мақсаты. Мемлекеттің міндеттері және оның қызметтері. Мемлекет қызметінің жіктелу негізі мен әр түрлі жолдары. Мемлекеттің негізгі ішкі және сыртқы қызметтері. Мемлекеттің тұрақты және уақытша қызметтері. Мемлекеттің экономикалық, әлеуметтік, саяси, гуманистік, экологиялық, мәдени-тәрбиелік фунциялары. Адам құқығын қорғау, заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайту қызметтері. Мемлекеттің сыртқы қызметтері. Отанды қорғау, бейбітшілікті сақтау қызметі. Әлемдік проблемаларды шешу қызметі. Халықаралық, экономикалық, мәдени және техникалық ынтымақтастықты дамыту. Мемлекеттің қызметтерін жүзеге асыратын нысандар мен әдістер. Мемлекеттің қызметі және мемлекеттік органның функциясы.
6-тақырып Мемлекеттік аппарат (механизм)
Мемлекеттік аппарат түсінігі. Мемлекеттік аппараттың құрылысы мен қызмет етуінің қағидалары: биліктің бөлінуі, интернационализм, демократиялық, профессионализм (кәсіпойлық), мемлекеттік егеменді биліктің халыққа тәндігі, адам құқықтарын қорғап заңдылық және т.б.
Билікті мемлекеттік аппараттың узурпациялауына жол бермеу. Мемлекеттік аппарат қызметіндегі төрешілікпен, жемқорлықпен күрес. Мемлекет пен қоғамның өзара қарым-қатынастарындығы деформация және оларды жоюдың жолдары мен әдістері. Мемлекет қызметінің кадрлары, оларды топтастыру. Мемлекеттік қызметтерді іріктеудің қағидалары және оларға қойылатын талаптар.
Мемлекеттік орган, оның белгілері. Мемлекеттік органның міндеттері, қызметі және құзыры. Мемлекеттік органның биліктік өкілеттігі. Мемлекеттің заң шығарушылық, атқарушылық және қорғаушылық органдары. Мемлекеттің жоғарғы және жергілікті органдары.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының жүйесі. Қазақстан Республикасының Президенті. Қазақстан Республикасының заң шығарушы билігі. Қазақстан Республикасының Парламенті: Сенат және Мәжіліс. ҚР-ның атқарушы билігі. Үкімет: Премьер-министр, министрліктер, мемлекеттік комитеттер. Конституциялық кеңес.
Қазақстан Республикасының сот билігі. Жоғарғы Сот және жергілікті соттар.
7-тақырып Қоғамның саяси жүйесіндегі мемлекет
Азаматтық қоғам және саяси жүйе. Билік және оның қалыптасуы. Биліктің түрлері мен типтері. Саяси билік және жеке тұлға. Биліктің қағидалары және негізгі белгілері. Биліктің заңдылығы (легитимность). Саяси жүйе, оның мәні: қоғамның саяси өміріндегі рөлі және құқықтық сипаты. Жүйенің құрылымы. Саяси жүйенің функциялары қоғамның саяси, экономикалық, әлеуметтік және құқықтық жүйелерінің арақатынасы.
Саяси жүйенің белгілері: мемлекеттік құрылыстың базистік бағдарламалық қағидалары: «персоноцентризм», «жүйелік орталықтандыру» және олардың қоғамның саяси өміріндегі рөлі.
Қоғамның саяси жүйесіндегі мемлекеттің алатын орны, маңызы. Мемлекеттік билік. Мемлекеттік биліктің негізгі институттары, оны жүзеге айырудың механизмі. Мемлекеттік биліктің басты қызметтері және оның саяси жүйенің басқа да элементтерімен өзара байланысы. Мемлекеттік аппарат және саяси жүйе.
Мемлекет және саяси жүйенің басқа элементтері. Мемлекет және азаматтық қоғам. Мемлекет және партиялар. Үкіметтік емес ұйымдар. Көппартиялылық – саяси жүйе құрылымының қағидаты.
Қоғамдық қозғалыстар, тәуелсіз баспасөз, қоғамдық пікірді зерттейтін институттар – азаматтық қоғам элементтері, және бұлардың қоғамның саяси өміріндегі рөлі. Мемлекет және еңбек ұйымдары. Мемлекет және тіркеу. Зайырлы және діни мемлекет.
Қазақстан Республикасы саяси жүйесіндегі даму ерекшеліктері. Саяси сана. Саяси сананың құрылымы. Саяси идеология. Қоғамдық пікір.
8-тақырып Құқықтық мемлекет
Құқықтық мемлекет және оның негізгі сипаттамалары. Құқықтық мемлекеттің мақсаттары, міндеттері және функциялары. Құқықтық мемлекеттің әлеуметтік бағыты, рөлі. Құқықтық мемлекеттің саяси және адамгершілік негіздері. Құқықтық мемлекеттің экономикасы. Құқықтық мемлекеттің негізгі белгілері. «Персоноцентризм» құқықтық мемлекеттің әлеуметтік құрылымының басты қағидасы. Адам бостандығы мен құқығының қорғалуы – саяси жүйенің негізгі қасиеті. Құқық пен бостандықтың шынайылығы, кепілденуі, жеке адамның мәртебесі, лайықты және ерікті өмір сүруін қамтамасыз ету. Мемлекет пен жеке адам арасындағы жауапкершілік.
Құқық пен заңның тоғысуы – құқықтық мемлекеттің жақсы дамуының қасиеті, заңдылық пен әділеттіліктің мызғымас қағидасы. Заңның әрдайым жоғары тұруы – құқықтық мемлекеттің тиімділігі. Биліктің бөлінуі, олардың тең құқықтылығы және тепе-теңдікті ұстау механизмі. Демократиялық, тәуелсіз, объективті сот жүйесінің қалыптасуы.
«Заңмен тыйым салынбаған іс-әрекетке бостандық» деген қағиданы қамтамасыз ету. Тәуелсіз бұқаралық ақпарат құралдарының маңызы және саяси жүйенің қызметіндегі қоғамдық пікірді пайдалану бостандығы.
Қазақстан Республикасында демократиялық, зайырлы құқықтық және әлеуметтік мемлекетті қалыптастырудың теориясы мен практикасы, оның қағидалары: қоғамдық келісім, саяси тұрақтылық, халық игілігі үшін экономикалық даму, патриотизм, мемлекеттік өмірдің мәселелерін демократиялық тұрғыда шешу. Конститутциялық және заңдардың өзге нормативтік актілерден жоғары тұруы, азамат пен мемлекеттің құқықтары мен міндеттерінің өзара байланыста болуы.
9-тақырып Құқықтың түсінігі, мәні
Құқықтың пайда болуы. Рулық құрылыстың әлеуметтік нормасы одан құқыққа өту. Құқықты қалыптастырудың негізгі тәсілдері, құқық белгілері. Құқықтың мемлекетпен байланысы. Құқықтың шығуының негізгі теориялары: табиғи-құқықтық теория, теологиялық, нормативтік, марксистік, психологиялық және социологиялық теориялар. Қазіргі кездегі құқық түсінігі. Объективтік құқық және субъективтік құқық. Құқық және әлеуметтік-экономикалық құрылыс. Құқық функциялары. Құқық функциясының түсінігі. Құқық функциясының жүйесі, реттеушілік және қорғанушылық – құқық міндеттерін іске асыру формалары. Құқық және саясат. Құқық және мораль. Құқық және дін.
10-тақырып Құқықтың типологиясы және қазіргі кезеңдегі негізгі құқықтық жүйелер
Құқық типологиясы және қазіргі кездегі негізгі құқықтық жүйелер. Заң типологиясы. Заңның құқық типімен, әлеуметтік-экномикалық құрылыспен өзара байланысты. Формациялық және өркениеттік тұрғыдағы құқық типтері. Құқықтың тарихи типтері: құлиеленушілік, феодалдық, буржуазиялық және социалистік. Социалистік құқық типі және оның дамуындағы кемшіліктер.
Қазіргі замандағы құқық жүйесінің жіктелуі. Романо-германдық құқықтық жүйесі, англо-саксондық құқықтық жүйесі, дәстүрлік діни құқықтық жүйелер.
Құқықтық хронологиялық типологиясы: ерте ғасыр құқығы, орта ғасыр құқығы, жаңа дүние құқығы, қазіргі заман құқығы.
11-тақырып Қоғамның әлеуметтік нормалар жүйесіндегі құқық
Қоғамдық қатынастарды нормативтік реттеу, оның түрлері. Қоғамның әлеуметтік нормалары. әлеуметтік және техникалық нормалар. Қоғамның әлеуметтік нормаларын жіктеудің негізі. Қоғамның әлеуметтік нормалар жүйесіндегі құқық нормалары. Әдет-ғұрып, салт-дәстүр, іскерлік әдеттер, ізгілікті нормалар. Қоғамдық ұйымдардың нормалары. Қоғамның әлеуметтік нормаларының өзара іс-қимылы, өзара әсер етуі, өзара кірісуі, араласуы.
12-тақырып Құқық нысаны
Құқық нысаны туралы түсінік. Қабылданған әдет-ғұрып, нормативтік құқықтық қатынастар, сот прецеденті. Доктрина құқық негізі. Құқық нысаны ретіндегі нормативті шарт. Құқықтық мәні мен формасының өзара байланысты, құқықтағы сабақтастық. Құқық рецепциясы.
Нормативтік-құқықтық актілердің түсінігі және жалпы сипаттамасы. Нормативтік-құқықтық актілердің қолдану және түсініктеме беру актілерінен айырмашылығы. Нормативтік-құқықтық актілердің түрлері, оларды топтастырудағы өлшем. Заң түсінігі. Құқық және заң. Заң үстемділігі. Заң түрлері. Конституция, референдумда қабылданған заңдар.
Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілері.
Нормативтік-құқықтық актілердің уақыттағы күші, тұлғаларды қамту өрісіндегі күші, кеңестіктегі күші. Заңның кері күші.
13-тақырып Құқық нормалары
Құқық нормасының түсінігі. Құқық нормасының белгілері. Құқықтық нормалардың мемлекетпен байланысы. Құқықтық нормаларды іске асыруды қамтамасыз етудің әдістері.
Құқықтық норманың логикалық құрылымы. Болжам, диспозиция, санкция – құқықтық норманың логикалық элементтері.
Құқық субъектісі іс-әрекетінің нәтижесінде туатын қолайсыз жағдайлар. Гипотеза, диспозиция және санкция түрлері. Құқық нормасы мен нормативтік акті баптарының байланысы. Құқық нормасы және нормативті нұсқама. Құқық нормасының құрылымдық сипаттамасының салыстырмалылығы. Құқық нормаларының жіктелу критериі, анықтау тәсілі, заңды күші, әрекет ету аясы, реттеу іс-әрекеті, уақыты, билік дәрежесі, механизмі, нұсқама берудің нысаны.
Достарыңызбен бөлісу: |