Мемлекет және қҰҚЫҚ теориясы


Мемлекеттік органының түсінігі және оның түрлері



жүктеу 2,22 Mb.
бет4/11
Дата26.05.2018
өлшемі2,22 Mb.
#17935
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

30 Мемлекеттік органының түсінігі және оның түрлері


Мемлекет механизмі ерекше құрылымы бар, әртүрлі бөліктерден тұрады. Механизмнің негізгі элементі мемлекеттік органдар.

Мемлекеттік органдарбұл мемлекеттің белгілі бір функцияларын жүзеге асыратын, үстем құзреттері бар, заңмен белгіленге құрылымы бар, мемлекет механизмінің басқа бөліктерімен органикалық байланысы бар мемлекет механизмінің бір буыны.

Мемлекеттік органдардың белгілері:

- барлық органдар заңнамалық тәртіппен құрылуы, яғни органдар қызметін ұйымдастыру және жүзеге асыру қатан құқық негізінде болады;

- орган мемлекет механизмінің дербес элементі;

- тиісті әдістерді қолдана отырып, өзіне жүктелген тапсырмалар мен функцияларды орындау;

- барлық органдар тығыз өзара әрекеттесіп тұтас әлеуметтік организмді қалыптастырады да, қоғамның дұрыс дамуын қамтамасыз етеді;



- үстем құзреттерге ие, кей кезде күштеу шараларын қолдануы мүмкін;

- үстем өкілеттіктердің қажетті көлемі, олардың негізінде лауазымдық тұлғалар мен алқалық органдар заңды міндетті әрекеттерді жүзеге асырады;

- тиісті құрылымы, материалдық базасы, қаржылық құралдарының болуы.

Мемлекеттік органдардың түрлері:

а) мемлекеттік билікті іске асыру нысанына байланысты мемлекеттік органдар: өкілдік, атқарушы, сот, прокурор және басқа да бақылау-қадағалау органдары;

б) биліктің бөліну қағидасы бойынша: заң шығарушы, атқарушы және сот билігі органдары;

в) саты бойынша: федералды, республикалық және жергілікті органдар;

г) өкілеттіктерінің мерзіміне байланысты: тұрақты (қызмет ету мерзімі шектеусіз түрде құрылады) және уақытша (қысқа мерзімді мақсаттарға жету ұшін құрылады);

д) құзреттерін жүзеге асыру тәртібі бойынша: алқалы және дара;

ж) қызметінің құқықтық нысандары бойынша: құқықшығармашылық, құқыққолданушылық және құқыққорғау органдары;

з) құзреттің сипаты бойынша: жалпы (мысалы, Үкімет) және арнайы құзретті органдар (мысалы, министрлік).


31 Мемлекеттік аппаратты ұйымдастыру және оның қызметінің қағидаттары

Мемлекеттік аппараты ұйымдастыру және оның қызметінің қағидаттарын жан-жақты ескеру мемлекеттік органдарды құруда және қызмет етуінде жан жақты ескеру қоғамды мемлекеттік басқаруды арттыруға икемді болуға қамтамасыз етеді.



Мемлекеттік аппаратты ұйымдастырудың және оның қызметінің қағидаттары – бұл мемлекеттік органдарды құру мен олардың қызмет етуіның негізгі бағыттарын анықтайтын бастапқы идеялар, ережелер. Оларға мыналар жатады:

- адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарының артықшылығы қағидаты. Бұл қағидат демократиялық сайлау жүйесімен, азаматтардың әлеуметтік-экономикалық, саяси, жеке құқықтары мен бостандықтарына кепілдіктермен, тұлғаның мүдделерін қанағаттандыруға бағытталған барлық мемлекеттік органдардың жан- жақты қызметімен қамтамасыз етеді.

- биліктің тармақтарға бөліну қағидаты, жоғары мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалар тарапынан заңсыз әрекеттерді болдырмауға негізделген;

- мемлекет аппараты қызметіндегі жариялылық және ашықтық қағидаты. Мысалы, азаматтардың бүкіл халықтық референдум арқылы халықтың мүдделеріне қайшы келетін кез келген шешімді тоқтату. Нақты мемлекет органдарының қызметі туралы субъектінің хабардар болуы.

- демократизм қағидаты мемлекет органдарын құруда барлық халықтың қатысуы, көпшіліктің мүддесін ескеру, олардың дінге көзқарасы, ұлттық мәдениетін, салт дәстүрін, әдет-ғұрпын, ерекшеліктерін ескеру;

- заңдылық қағидаты, бұл қағидат барлық мемлекеттік қызметшілердің Конституцияны, заңдарды, заңға тәуелді актілерді сақтауға міндеттілігін білдіреді;

- мемлекеттік органдардың жоғары кәсібилік және құзреттілік қағидаты бойынша оларды мемлекет өміріндегі ел тұрғындарының мүдделеріне сәйкес жоғары ғылыми деңгейде шешуі. Кәсібилік қағидат бойынша мемлекет басқаруға білікті мамандарды жіберу.

- алқалық және дарабасшылықты сәйкестендіру қағидаты бойынша мемлекеттік аппараттың демократиялық және бюрократиялық бастауларының сәйкес келуі.

- сайланбалылық және тағайындаушылық қағидаттары, яғни бұл мемлекеттік басқаруда орталықтандыру мен орталықтандырылмағандықтың сәйкес келуі;

- бағыныстылық (иерархия) қағидаты бойынша, мемлекеттік аппаратында мемлекеттік органдардың әртүрлі деңгейде болуы. Бір органның жоғарғы тұрған органға бағынуы, жоғарғы тұрған органның шешімін төмеңгі тұрған органдарға міндетті болуы.

- федерализм қағидаты бойынша жалпыфедерациялық және федерация мүшелерінің мемлекеттік биліктері арасындағы өзара әрекеттесуді және субординацияны білдіреді.
32 Қоғамның саяси жүйесінің түсінігі

Әлеуметтік басқаруға әртүрлі субъектілер, атап айтқанда мемлекет, партиялар, саяси қозғалыстар, қоғамдық бірлестіктер қатысады. Оның барлығы қоғамның саяси өміріне белсенді түрде әсер етіп, саяси билікті жүзеге асырады.



Қоғамның саяси жүйесі - бұл құқықпен және басқада әлеуметтік нормалар негізінде тәртіпке келген, қоғамның саяси жүйесіне қатысатын және саяси билікті жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың, саяси партияларды, саяси қозғалыстардың қоғамдық бірлестіктердің жиынтығы.

Саяси жүйенің белгілері:

- оның көлемінде және оның көмегімен саяси билік жүзеге асады;

- ол қоғамдық ортаның сипатына, қоғамның әлеуметтік-экономикалық құрылымына байланысты;

- ол салыстырмалы дербестікке ие.

Саяси жүйе ұғымы саяси процестер қалай реттеледі, саяси билік қалай қалыптасып, қызмет ететінің көрсетеді.

Саяси жүйе келесі компоненттерден тұрады:

1) қоғамның саяси ұйымы, ол мемлекеттік органдардан, саяси партиялардан, саяси қозғалыстар мен қоғамдық бірлестіктерден, еңбек ұжымдарынан тұрады;

2) саяси сана, ол саяси билікпен саяси жүйенің психологиялық және идеялогиялық жақтарынан тұрады;

3) әлеуметтік-саяси және құқықтық нормалар, олар қоғамның саяси өмірін және саяси билікті жүзеге асыру процесін реттейді;

4) саяси қатынас, ол саяси билікке байланысты саяси жүйенің элементтері арасында қалыптасады;

5) саяси практика, ол саяси қызметтен және саяси тәжірибенің жиынтығынан тұрады.



Табиғатына байланысты саяси жүйенің келесі түрлері бар:

- демократиялық;

- командно-әкімшілік;

- теократиялық;

- өтпелі.

Қоғамның саяси жүйесінің мәні оның функциясы арқылы нақты көрінеді.



Қоғамның саяси жүйесінің келесі функциялары бар:

  • белгілі бір әлеуметтік топтың немесе осы қоғамның көпшілік мүшелерінің саяси билігін қамтамасыз ету (саяси жүйе арқылы билеудің нақты нысандары мен әдістері белгіленеді және жүзеге асады);

  • жекелеген әлеуметтік топтың және тұрғындардың көпшілігінің мүддесіне сәйкес адамдардың өмірінің әртүрлі салаларын басқару;

  • саяси мақсаттар мен міндеттерге жету үшін қажетті құралдар мен ресурстарды жұмылдыру;

  • саяси қатынастың әртүрлі субъектілерінің мүдделерін анықтау және өкілдеу;

  • нақты қоғамның идеалдарына сәйкес материалдық және рухани құндылықтарды бөлу арқылы саяси қатынастың әртүрлі субъектілеріның мүдделерін қанағатандыру.



33 Мемлекет пен құқықтың қоғамның саяси жүйесінде алатын орны мен рөлі

Саяси жүйені қоғамдық басқарудағы ең орталық буынды мемлекет иеленеді. Өйтекені біріншіден, ол саяси билікті іске асыратын ең негізгі аппарат. Екіншіден, мемлекет саяси жүйенің барлық элементтерін біріктіріп, саяси функция арқылы қоғамның игілікті құндылықтарын әділетті болу проценсін басқарып отырады. Мемлекеттің қоғамдық саясатты орындаудағы ерекшеліктері:

- мемлекет саяси жұмысын қоғам көлемінде заңи күші бар құқықтық нормалар арқылы жүргізеді;

- мемлекет барлық қоғамдық жұмыстың негізгі бағыттарын анықтап, басқарып отырады;

- мемлекет ішкі-сыртқы істерді анықтайтын, егемендікті ұстаушы;

- қоғамды басқаруға арналаған арнайы аппараты бар;

- барлық халықтың жалғыз ресми өкілі ретінде болады;

- күштеу құрылымы бар;

- құқық шығармашылыққа байланыст монополияға ие;

- қоғамның басты даму бағытын анықтайды.

Мемлекет саясаттың дербес субъектісі ғана емес, сонымен қатар саяси қатынастың барлық субъектілерінің әрекетін реттейді, өйткені бұл салада ол кең өкілеттікке ие. Атап айтқанда:

- саясаттың қалған барлық субъектілерін - саяси партияларды, қозғалыстар мен бірлестіктерді ұйымдастыру мен қызмет етуінің құқықтық режимін заңнамада бекітеді;

- оларды тиісті органда тіркейді, қоғамдық және мемлекеттік істерге қатысуға тартады;

- саясаттың қалған барлық субъектілері қызметінің заңдылығына қадағалауды жүзеге асырады және тиісті құқық бұзушылықтар үшін мәжбүрлеу шараларын қолданады.

Мемлекетпен қатар қоғамның саяси жүйесінде құқықтың да маңызы зор.



Құқықтың қоғамның саяси жүйесіндегі орны келесідей көрінеді:

1) құқық қоғамның саяси жүйесі арасындағы байланыс құралы ретінде болады, өткені заңдарда халықтың, әр топтың еркі білдіріледі;

2) құқық саяси жүйені тұрақтандырады, өйткен заңдар ұзақ уақытқа саяси институттар жүйесін бекітеді;

3) құқық мемлекеттік билікті ұйымдастырудың, қызмет етуінің және ауысуының құқықтық нысанын бекітеді;

4) құқықтық актілерде саяси қатынастың субъектілерін заңдастырады.

Кез келген мемлекет құқықтың көмегімен саяси партияларды ұйымдастыру мен қызмет ету процесін реттеуге тырысады. Саяси өмірде саяси партиялардың қызметінің нысаны мен әдісінің күрделі болуына, оның қоғамда рөлінің жоғарлауына орай, олардың қызметін түйіндеп құқықтық реттеуді қажет етеді.

Мемлекеттің саяси өмірінде елеулі орынды саяси партиялар алса да, олар туралы ХІХ ғасырдың конституцияларында мүлдем айтылмады, ал қазіргі кезде олардың қызметін реттеу жеке құқықтық институт болып табылады. Әдетте, қазіргі кездегі мемлекеттің заңнамасында келесі институттар көрініс тапқан: саяси партиялардың түсінігі, қоғамның саяси жүйесіндегі орны мен рөлі, оларды құру мен қызметін тоқтатудың талабы мен тәртібі, саяси партиялардың бағдарламаларына қойылатын талаптар, оларды қаржыландыру тәртібі, саяси партиялардың сайлауларға қатысу тәртібі.

Саяси партияларды құру, ұйымдастыру және олардың қызмет ету тәртібіне байланысты қатынастарды құқытық реттеу көлемінің кеңеюі жаңа құқық саласы туралы тұжырымның пайда болуына әкелді, яғни партия құқығы.


34 Саяси партиялар мен қоғамдық саяси қозғалыстардың саяси жүйедегі орны

Саяси жүйенің дербес элементі ретінде саяси партиялар мен қоғамды-саяси қозғалыстар туралы да айтып өткен жөн. Саяси партиялар өз алдына билік үшін күресу барысында саяси жүйеге, мемлекеттік механизмге әсер етеді.



Саяси партиябұл саяси билік үшін күресетін және белгілі бір идеялогиямен байланысты әлеуметтік топтын ең белсенді және ұйымдастырылған бөлігі.

Партиялар белгілі бір мақсатты көздеуі мүмкін және саяси өмір мен қоғамды ұйымдастыруға әсер етеді. Саяси жүйеде әдетте бірнеше партиялар бар, олар әртүрлі әлеуметтік топтың мүдделерін білдіреді.

Саяси партияның саяси жүйедегі орны зор. Саяси қызметпен айналысатын, бірақ өз мүшелерінің әлеуметтік, экономикалық мүдделерін қорғауға бағытталған саяси жүйенің басқа институттарынан ерекшелігі партияның басты мақсаты билікті басып алу және оны жүзеге асыру, мемлекеттік істі басқару үшін күрес болып табылады.

Саяси парияның функциялары:


  • үлкен әлеуметтік топтардың мүдделерін анықтау, қалыптастыру және қанағаттандыру;

  • саяси билік және оны қолдану үшін күрес, жағдайдың өзгеруіне байланысты бұл күрестің нысандары мен әдістерін анқтау;

  • жоғары және жергілікті билік органдарын қалыптастыру, өз өкілдерін ұсыну үшін сайлау науқанын дайындау және жүргізу;

  • саяси партия идеялогиясын қалыптастыру, қоғамның саяси даму бағдарламасын жасау және іске асыру, насихаттау жүргізіп, қоғамдық пікірді қалыптастыру;

  • қоғамды саяси тәрбиелеу;

  • партиялар, мемлекеттік аппарат үшін кадрларды дайындау және жүргізу.

Саяси партияның құрылымы партиялық аппарат, қатардағы мүшелерден және партияны жақтаушылардан тұрады.

Қоғамдық-саяси қозғалыс бұл белгілі бір әлеуметтік топтың мүдделерін білдіруге және қандай да бір саяси мақсатқа жетуге бағытталған қоғамның белсенді бөлігі.

Қозғалысқа қандайда бір партияның қызметіне қанағаттанбаған, олардың белгілеген жарғылық нормаларымен, бағдарламаларымен келіспейтін, нақты саяси мүдделер жоқ адамдардан тұрады.



Қоғамдық-саяси қозғалыстың саяси партиядан айырмашылығы:

- қозғалыстың әлеуметтік базасы кеңдеу (бір қозғалыс әртүрлі әлеуметтік, идеологиялық, ұлттық, діни топтың өкілдерінен тұрады);

- қоғамдық-саяси қозғалыстар, әдетте, тек бір саяси тұжырымдаманы ұстанады және бір ірі саяси мәселені шешуге ұмтылады, бір мақсаты болады, осы мақсатқа жетсе өз қызметін тоқтатады, ал партияның кешенді мақсаты бар;

- қоғамдық-саяси қозғалыстар билікке ұмтылмайды, өз мәселелерін шешу үшін билікке әсер етуге тырысады, егер қоғамдық-саяси қозғалыс билікке күресетін болса, онда ол саяси партияға айналады;

- қоғамдық-саяси қозғалыстардың саяси белсенділігінің өзегі - клуб, одақ, бастамашылық топ;

- қоғамдық-саяси қозғалыстарда формалді ішкі иерархиялық құрылымы, тұрақты мүшелік және тиісті құжаттары болмайды.


35 Құқықтық мемлекеттің түсінігі

Қазақстан Республикасы өз мемлекеттік тәуелсіздігі мен мемлекеттік егемендігін алғаннан кейін, құқықтық мемлекет құру бағытында. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Конституциясының 1-бабында келесідей көзделген: «Қазақстан Республикасы өзің демократиялы, зайырлы, әлеуметтік және құқықтық мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбатты қазынасы - адам және оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары».

Құқықтық мемлекет – дамушы құбылыс. Қоғамдық прогресс барысында, қоғамның өмір сүруі мен дамуынын нақты жағдайларына сәйкес құқықтық мемлекет жаңа қасиеттерге ие болып, жаңа мазмұндармен толықтырылады. Құқықтық мемлекет құру және оны әрі қарай дамыту кез келген мемлекеттің қоғамдық және саяси дамуының, мемлекет және қоғам өмірінің барлық саласында адам және азамат құқықтарымен бостандықтарын белгілеу мақсатының объективті қажеттіліктерге негізделген.

Саяси билікті ұйымдастырудың және адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етуші ұйым ретіндегі құқықтық мемлекет әлемдік өркениеттің, азаматтық құқықтық және саяси мәдениетінің үлкен жетістіктерінің бірі.

Құқықтық мемлекетбұл жеке адаммен қоғамның мүддесін қорғайтын, заң үстемділігі мен құқық қағидаларына негізделген мемлекет.

Құқықтық мемлекет – бұл адам мен азаматтың құқықтар мен бостандықтарының толық түрде қамтамасыз етілуіне және құқықбұзушылықтарды болдырмау мақсатында мемлекеттік билікті құқықпен мейлінше байланыстыруға жағдай жасаушы саяси билік ұйымы.

Құқықтық мемлекеттің мәнін қарастыруда оның негізгі екі жағын (екі негізгі қағиданы) бөліп қарастыруға болады:

1) мазмұнды жағы – адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын мейлінше толық көлемде қамтамасыз етуден, тұлға үшін құқықтық ынталандыру режимін орнықтырудан көрінеді;

2) формальды-заңды жағы – мемлекеттік билікті құқықпен байланыстырудан, мемлекеттік құрылымдар үшін құқықтық шектеу режимін орнықтырудан көрінеді.

Құқықтық мемлекетті құру өте күрделі қиын және ұзақ тарихи процесс. Бұл қиындықтар кешегі тотолитарлық режимнен қалған бір қатар жағымсыз факторларға негізделген. Олардың қатарына: құқықтық нигилизм, халықтың заңи сауатылығының төмен деңгейі, демократия, өзін-өзі басқару, адам және азамат құқықтары және бостандықтарын қорғауда, саяси және құқықтық мәдениет саласында тәжірибелердің аз болуы; бассыздық және заңсыздық биліктің әлсіздігі. Бұның барлығы өз алдына қоғамдық пікірлердің демократизациялау, либерализациялауды, олардың жаңа құқықтық және саяси құндылықтарды меңгеру барысын тежейді.


36 Құқықтың мемлекеттің қағидаттары

Құқықтық мемлекеттің қағидаттарына мыналар да жатады:

Құқықтық мемлекеттің негізгі қағидасы мемлекеттік және қоғамдық билікті заңмен шектеулі болуы. Мемлекет және қоғамдық билік белгілі бір шеңбер көлеміне таралады, бұл шеңберді аттап өтуге немесе бұзуға жол берілмейді. Мемлекеттік биліктің шектеулі болуы адам және азаматтың бөлінбейтін құқықтары мен бостандықтарының бар екендігін танумен байланысты.

ҚР Конституциясында мемлекет пен тұлғаның ара қатынасы, адам және азамат құқықтары мен бостандықтарының басымдылығы бекітілген. Адам және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету, оларды қолдану механизімін іске асырудың кепілі мемлекет болып табылады.

ҚР Конституциясының 1-бабында: «…мемлекеттің басты құндылығы адам және оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» деп бекітілген. Мемлекет өз қызметін және оның органдарының қызметтері қоғам және азамат мүдделеріне сай жүзеге асырылуы керек.

Құқықтық мемлекет адамдарға қатысты оның құқықтары мен бостандықтары үшін жағдай жасаумен сипатталады, ол құқықтық бостандықтың негізі «Заңмен тыйым салынбағанның барлығына рұқсат етіледі » деген қағида жатыр.

Конституция мен заңдардың негізгі қызметі және басты мақсаты тұлғаның бостандығына кепіл беруі. Бостандықтарға кепіл бере отыра Конституция мен заңдар тұлғаның мемлекеттен дербестік жағдайын қамтамасыз етіп, азаматтық қоғамның қалыптасуына жағдай жасайды. Құқық тұлғаның бостандықтарын мемлекет және оның органдары тарапынан қол сұғушылықтан қорғайды, ал бұл өз алдына өтпелі кезеңдегі нарықтық экономикалық, еңбек қатынастарында өте маңызды.

Адам және азамат құқықтары мемлекет және оның органдары әрекетінен немесе шығарған шешімдерінен тұлғаның құқықтары мен бостандықтары бұзған кезде, сотқа жүгіну арқылы бұзылған құқықтарын қалпына келтіреді. Бұндай жағдайда шынайы бостандық бостандық құқығына айналады. Оның көрнісі келесі қағидатқа негізделеді «Заңмен тыйым салмағанның барлығына рұқсат етіледі» және керісінше: «Тек заңмен белгіленгендерге ғана рұқсат етілген».

Құқықтық мемлекеттің негізгі қағидаттарының бірі қоғамдық өмірдің барлық саласында заңның үстемділігі. Құқықтық мемлекеттер оның ішінде Қазақстан осы бағытты ұстанып және оны әрі қарай дамыту керек. Құқықтық құндылықтар жүйесінде адамдардың бостандықтарын қорғаудың, ұйымдастырудың жоғарғы нысаны заң болып табылады. Заңдарда жалпыға міндетті мінез-құлық ережелері бекітіледі, ал бұл ережелер әділ және тең бастаулары негізінде дамитын қоғамның объективті қажеттіліктерін ескеруі қажет. Заң келесі жағдайда басым болады, егер ол тұлғаның бостандығының шегі болса және заң мемлекет пен адамның мүдделері үшін қызмет етсе. Құқықтық мемлекетте тек заң ғана қоғамның маңызды салаларын реттеуі керек.



Құқықтық мемлекетте заңдар жеке субъектілердің емес, барлық халықтың еркін білдіреді. Барлық заңдар халықтың мүдделеріне сай қабылданады және әрекет етуінің, әр адаммен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғайтынын, адамдар үшін қажетті, олардың құқықтарын іске асыруға жағдай жасайтын құқықтық тәртіп белгілейтіндігіне азаматтар назар аудару керек. Сондақтан да азаматтар және лауазымды тұлғалар заң талаптарын қатаң сақтауы керек.

Заңды мемлекет және оның органдары шығарады, сондықтан ең алдымен мемлекетке заң талаптарын сақтауды, барлық мемлекеттік органдардың, лауазымды тұлғалардың заңдарды іске асыру барысын бақылау міндеті жүктеледі, ал бұл құқықтық мемлекет құруда ерекше маңызға ие.

Құқықтық мемлекеттік негізгі заңы Конституция болып табылады. Конституция және өзге де нормативті актілердің болуы, қоғамда заңдылықтың қатаң режимін құрып, әділ құқықтық тәртіптің тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Бірақ заң тек қағаз жүзінде қалмай өз мақсатына жетіп жүзеге асырылуы керек. Заң талаптарын орындаудың басты шарты азаматтардың құқықтық санасының және құқықтық мәдениетін қалыптастыру және оны дамыту, қоғамда қалыптасқан құқықтық нигилизмді жою болып табылады.

Құқықтық мемлекетте билік тармақтарға бөліну мәселесі ерекше орынға ие. Бұл қағиданы алғаш рет Д.Локк пен Ш.Монтескье ұсынған болатын. Оның басты талабы саяси бостандықты бекіту, заңдылықты қамтамасыз ету үшін қандайда болмасын мемлекеттік органдар, әлеуметтік топтар немесе жеке тұлғалар тарапынан билікті өз бетінше пайдалануды жою үшін мемлекеттік билікті тармақтарға, яғни, заң шығарушы, атқарушы, сот билігі деп бөлу қажет. Сондай-ақ бұл биліктердің әр қайсысы дербес және бір-бірін тежей отырып жүзеге асуы керек.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 3-бабын 4-тармағына сәйкес: «Республикада мемлекет бір тұтас, ол Конституция мен заңдар негізінде заң шығарушы, атқарушы және сот билігі тармақтарына бөліну, олардың тежемелілік әрі тепе-теңдік жүйесін пайдалану арқылы, өз-ара іс-қимыл жасау қағидасына сәйкес жүзеге асырылады». Конституцияда бекітілген тежемелік және тепе-теңдік жүйесі, нақты мемлекеттік билікке қатысты құқықтық шектеулердің жиынтығы болып табылады. Бұл биліктердің әрқайсысы мемлекеттік биліктер жүйесінде ерекше орынға ие. Биліктердің тепе-теңдігі арнайы ұйымдастырушылық құқықтық шаралармен қамтамасыз етіледі. Бұл шаралар белгіленген шектерде әр биліктің өкілеттерінің ара-қатынасы ғана емес, сонымен қатар оларды шектеуге қамтамасыз етеді.
38 Мемлекет пен қоғамның өзара қатынасы

Қоғам – бұл, кең мағынада, адамдардың бірлескен қызметінің тарихи қалыптасқан нысандарының жиынтығы немесе, тар мағынада, әлеуметтік жүйенің тарихи нақты типі, қоғамдық қатынастардың белгілі бір нысаны.

Мемлекетбұл саяси биліктің саяси-аумақтық, егеменді түрде ұйымдастырылуы. Қоғам мен мемлекет–әртүрлі түсініктер. Біріншісі екіншісіне қарағанда кең болып келеді, себебі, қоғамда мемлекетпен қатар мемлекеттік емес құрылымдар да (саяси партиялар, саяси қозғалыстар, қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктер, еңбек ұжымдары және т.б.) болады. Мемлекет қоғамның саяси бөлігі, элементі болып табылады.

Мемлекет қоғамда орталық орынды және басты рөлді иеленген. Мемлекеттің сипаты бойынша бүкіл қоғамға. Оның мәніне сипаттама беруге болады. Мемлекет қоғамға қатысты оның істерін шешу, басқару құралы рөлін атқарады. Қоғам мен мемлекеттің хронологиялық шектері де әртүрлі болып келеді: біріншісі екіншісіне қарағанда ерте пайда болған және бай даму тарихына ие. Дамыған қоғамның негізінде пайда болған мемлекет оған қатысты салыстырмалы түрдегі дербестікті иеленеді.


39 Азаматтық қоғамның түсінігі және құрылымы

Азаматтық қоғам түсінігін Аристотель, Цицерон, Гроций, Т.Гоббс, Дж.Локк, Гегель, Маркс және т.б. ойшылдар қалыптастырған.

Барлық ғалымдар азаматтық қоғамдағы негізгі идея ретінде адам идеясын таниды. Азаматтық қоғамбұл олардың көмегімен жеке тұлғалар мен топтардың мүдделері қанағаттандырылатын адамгершілік, діни, ұлттық, әлеуметтік-экономикалық, отбасы институттары мен қатынастарының жиынтығы.

Азаматтық қоғамның белгілері:

- адам мен азаматтың құқықтар мен бостандықтарының мейлінше толық қамтамасыз етілуі;

- өзін-өзі басқару;

- оның құрылымдары мен адамдардың әртүрлі топтарының бәсекелестігі;

- еркін түрде қалыптасатын қоғамдық көзқарас пен плюрализм;

- жалпы ақпараттану мен адамның ақпаратпен танысу құқығының шын мәнінде жүзеге асырылуы;

- өмір сүру координация қағидатына негізделеді (мемлекеттік аппарат кезінде субординация қағидасы үстемдік құрады);

- экономиканың көпжақтылығы;

- биліктің заңды және демократиялық сипаты;

- құқықтық мемлекет;

- адамдардың жақсы өмір сүру жағдайын қамтамасыз ететін мемлекеттің күшті әлеуметтік саясаты және т.б.

Азаматтық қоғамның құрылымына мыналар кіреді:

1) мемлекеттік емес, әлеуметтік-экономикалық қатынастар мен институттар (меншік, еңбек, кәсіпкерлік);

2) мемлекеттен тәуелсіз өндірушілердің жиынтығы (жеке фирмалар және т.б.);

3) қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктер;

4) саяси партиялар мен қозғалыстар;

5) тәрбиелеу мен мемлекеттік емес білім беру саласы;

6) мемлекеттік емес бұқаралық ақпарат құралдарының жүйесі;

7) отбасы;

8) шіркеу және т.б.
40 Құқықтың түсінігі

Құқық ұғымының көптеген мәні бар. Ол заң ғылымында және күнделікті өмірде жиі қолданылады. Кең мағыналық түсінік болғандықтан әрбір адамда құқықтың мәні туралы қандай да бір пікір қалыптасады.



Заң ғылымында құқық бірнеше мағынада қолданылады:

- құқық заң ғылымында оқу пәнінің атауын білдіретін ұғым ретінде қолданылады (азаматтық құқық, конституциялық құқық);

- құқық деген ресми түрде танылған жеке және заңды тұлғалардың заңға сүйене отырып, әрекет жасау мүмкіндігі (білім алу, еңбек ету құқықғы). Осы жағдайда құқық субъективтік мағынада қолданылады;

- құқық мемлекетпен байланысты және мінез-құлық ережелерінен тұратын жүйе ретінде түсіндіріледі (нормативтік акті, заңдар, кодекс). Осы жағдайда құқық объективтік мағынада қолданылады;

- құқық объективтік және субъективтік құқық жиынтығы ретінде қолданылады (құқық жүйесі).

Құқық теориясы құқықты көбінесе объективтік мағынада қарастырады. Оған сәйкес, құқықбұл жалпыға міндетті, формальді анықталған, қоғамның мүддесін білдіретін, мемлекет бекіткен және қамтамасыз ететін, қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған құқық нормалардың жүйесі.

41 Құқықтың белгілері

Құқық - өзінің дербес табиғаты бар әлеуметтік құбылыс. Құқықтың ерекшелігі оның белгілері арқылы көрінеді және олар жоғарыда көрсетілген анықтамданқарастырылған.

Құқықтың келесідей белгілері бар:

1) құқық ерікті сипатта болады, өйткені адамдардың еркі мен санасының көрінісі, бірақ кез келген ерік емес, ең алдымен тапты, әлеуметтік топтың, қоғам көпшілігінің мемлекетпен сипатталатын еркі;

2) құқықтың жалпылығы, оның барлық адамдар мен ұйымдарға, оның ішінде Қазақстан азаматтарына, шетел азаматтарына, азаматтығы жоқ адамдарға, мемлекеттік емес ұйымдарға, мемлекеттің өзіне арналаған;

3) құқықтың міндеттілгі, оның ережелерін барлық адамдар мен ұйымдарға, оның ішінде Қазақстан азаматтарына, шетел азаматтарына, азаматтығы жоқ адамдарға, мемлекеттік емес ұйымдарға, мемлекеттің өзі орындауға міндетті;

4) құқықтың нормативттілігі, оның барлық қоғамдық қатынастарды реттейтін мінез құлы ережелерінен, яғни нормалардан тұруы;

5) құқықты мемлекеттің байланыстылығы, құқықты мемлекет қабылдайды және оның билігімен қамтамасыз етіледі, мемлекет құқықтық нормалардың сақталуын қадағалауды жүзеге асырады;

6) құқықтың формалді анықтылығы, оның сыртқы көрінісін ерекше нысаны мен атауын білдіреді;

7) құқықтың жүйелілігі, оның саладан, институттардан және нормадан тұруын білдіреді.

8) құқықты бұзғаны үшін, ммемлекет тарапынан жауапкершіліктің қолданылуы, мемлекет құқықты қабылдап қана қоймай, оны қорғау механизмдерін қалыптастыру керек және құқықты бұзған субъектілерге жауапкершілікті қолданады.
42 Құқықтың мақсаты және оның құндылығы

Құқықтың қоғамдық жоғарғы мақсаты қоғамдағы бостандықты нормативтік тәртіпте қамтамасыз етуінен және кепілдеуінен, әділеттілікті қалыптастыруынан, қоғамдық өмірден қателіктер мен өз бетімен кетушіліктерді жоя отырып, қоғамдағы экономикалық және рухани факторлардың әрекет етуіне мейлінше жағдай жасауынан көрініс табады.



Құқықтың құндылығыбұл құқықтың азаматтардың және жалпы қоғамның әлеуметтік әділетті қажеттіктері мен мүдделерін қамтамасыз ету құралы мен мақсаты ретінде қызмет ете алу қабілеті. Құқықтың әлеуметтік құндылығының төмендегідей негізгі көріністерін атап өтуге болады:

1) құқық адамдардың әрекеттеріне ұйымдастырушылықты, тұрақтылықты, үйлесімділікті дарыта отырып, олардың бақылануын қамтамасыз етеді, осы арқылы ол қоғамдық қатынастарға реттеушілік элементін енгізе отырып, оларды өркениетті құбылысқа айналдырады;

2) құқық тұлғалардың ерекше мүдделерін үйлестіру арқылы олардың жүріс-тұрысы мен қызметіне әсерін тигізеді, яғни, құқық жеке мүдделерді басып-жаншымайды, керісінше, оны қоғамдық мүддемен үйлестіреді;

3) құқық тұлғаның қоғамдағы бостандығын көрсетуші және анықтаушы болып табылады және осы бостандықтың шегін, шамасын анықтайды;

4) құқық әділеттілік идеясын көрсету қабілетіне ие, яғни, құқық материалдық игіліктердің дұрыс және әділетті бөлінуінің талаптарын орнықтырады, барлық азаматтардың заң алдындағы теңдігін бекітеді;

5) құқық қоғамдық дамудың тарихи кезектілігіне сәйкес қоғамның жаңаруының қайнар көзі болып табылады; әсіресе, оның құндылығы тоталитарлық режимдердің құлауы мен жаңа нарықтық механизмдердің бекітілуі жағдайларында өсе түседі;

6) құқықтық тәсілдер халықаралық және ұлтаралық сипаттағы мәселелерді шешудің негізі және жалғыз құралы болып табылады.
43 Құқықтың мәні

Құқықтың мәні өркениеттілік жағдайында қоғамдық қатынастарды реттеуден, нормативтік негізде қоғамның тұрақты ұйымдастырылуына жете отырып, демократияның, экономикалық бостандықтың, тұлға бостандығын жүзеге асырылуынан көрінеді.



Құқықтың мәнін қарастыруда екі аспектіні ескерудің маңызы зор:

1) формальдықкез-келген құқықтың ең алдымен реттеуші екендігі;

2) мазмұндықосы реттеушінің кімнің мүдделеріне қызмет ететіндігі.

Құқықтың мәнін түсінуде келесі тәсілдерді бөліп атауға болады:

- таптық, бұның шегінде құқық экономикалық үстемдік құрушы таптың заңда көрініс тапқан мемлекеттік еркін білдіретін, мемлекетпен кепілденген заң нормаларының жүйесі ретінде анықталады;

- жалпыәлеуметтік, бұның шегінде құқық қоғамдағы әртүрлі таптардың, әлеуметтік топтардың арасындағы келісімнің көрінісі ретінде қарастырылады.
44 Объективтік және субъективтік құқық

Құқық теориясында объективтік және субъективтік мағынада құқықтар қолданылады. Бірақ кез-келген адам оларды айыра білмейді. Кей жағдайда адам «құқық – маған рұқсат, кепілдік береді, ол мені қорғайды, бостандықтың шегін белгілейді, құқыққа сәйкес және құқыққа қарсы әрекеттердің шегін айқындайды», -деп айтса; ал екінші жағдайда «менің құқықғым бар, басқа адамдардан тиісті әрекеттерді жасауды талап етуге құқығым бар», - деп айтуы мүмкін.

Кейбір шет тілінде бұл екі ұғым екі термин арқылы түсіндіріледі. Басқа тілдерде оның ішінде қазақ және орыс тілдерінде бұл құқықтық құбылыстар бір терминмен қолданылады. Мемлекеттің тиісті актілерде белгіленген заңи нормалардың жиынтығы - бұл объективтік мағынадағы құқық. Ал азаматтардың заңдарда белгіленген немесе көптеген құқықтың қатынастардан туындайтын тұлғаға туғаннан тән құқықтың, бостандық және міндеттердің жүйесі – бұл субъективтік мағынадағы құқық. Оның үстіне объективті құқыққа сот прецеденті, құқықтық әдет, нормативтік шарттар, ал субъективті мағынадағы құқыққа заңды мүдде кіреді.

Объективті және субъективті құқық арасындағы айырмашылықтар заң ғылымында ерте кезде пайда болды. Алғаш рет Рим құқығында қолданды, кейін АҚШ-тың құқық жүйесінде қолданды. Объективті және субъективті мағынадағы құқық заңгерлер арасында пікір талас тудырады. Мысалы, Кеңес үкіметінде субъективті құқық жоққа шығарылды және ол социалистік қатынастарға сәйкес келмейді деп жарияланды. Бірақ, кейін бұл идея да жоққа шығарылды. Сондай-ақ, объективті және субъективті құқықпен құқытағы объективтілік және субъективтілік мәселелерін айыра білуі керек. Құқықтағы объективтілік және субъективтілік мәселелері –бұл құқықтың қалыптасуына әсер ететін объективті және субъективті факторлар, себептері.

Құқықтың субъективтікке жататындығын, сондай-ақ субъективтікке тиесілі субъективтік құқықтың, оның еркіне, қалауына байланыстығын көрсетеді. Ал объективті құқық құқықтың жеке тұлғаның еркімен қалауынан тәуелсіз ешкімге тиесілі еместігін көрсетеді. Сонымен, объективті мағынадағы құқық – бұл мемлекеттің тиісті нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген жеке субъективтіктерден тәуелсіз құқықтық нормалардың жүйесі, субъективтік мағынадағы құқық – бұл жоғарыда аталған актілерден туындайтын немесе тұлғаларға турмысынан тиесілі және қолдану барысында олардың еркі мен санасына тәуелді құқықтар мен бостандықтардың жүйесі. Егер де объективтік құқық бұл қандай да бір нысанда белгіленген құқықтық норма болса, онда субъективті құқық – бұл объективті құқық негізінде және оның көлемінде туындаған нақты заңи мүмкіндіктер.
45 Құқықтың пайда болуының негізі

Әлеуметтік институт ретінде құқық мемлекетпен бірге пайда болды, өйткені, олар бір-бірімен тиімді әрекетін қамтамасыз етеді. Мемлекет құқықсыз болмайды, керісінше, құқық мемлекетсіз болмайды. Құқықтың пайда болу себебі мен жағдайы, мемлекеттің пайда болу себебімен байланысты. Құқық ең алдымен экономикалық үстем таптың мүддесін, еркін білдіретін таптық құбылыс ретінде пайда болды. Бұған дәлел ретінде құл иеленушілік және феодал мемлекеттер кезінде болған құқықтық актілерді келтіруге болды. Егер құқықтық нормалар жазбаша нысанда рәсімделсе, онда әдет нормалар адамның санасы мен мінез-құлықтарында сақталды. Құқық әдетке қарағанда, күрделі реттеуші. Өйткені ол тыйым салу, рұқсат беру және міндеттеу сияқты әдістерден тұрады. Бұл әдістер қоғамдық қатынастарды тәртіпке келтіруде кең мүмкіндік жасайды. Құқықтың пайда болуы күрделі әлеуметтік қарым-қатынастардың, қоғамдағы қарама-қайшылықтардың дамуының салдары. Құқықтық нормалар үш негізгі жолымен қалыптасты:

- мононормалардың әдет нормаларына дейін өсуі және оларды мемелекеттің ресми түрде тануы;

- мемлекеттің құқық шығармашылығы, яғни құқықтық нормалардан тұратын арнайы құжаттарды қабылдау;

- сот құқықғы (прециденті) нақты шешімдерден тұруы.

Құқықтың пайда болуы мен дамуына әртүрлі географиялық, мәдени-тарихи және өзге де факторлар әсер етті. Мысалы, шығыста дін, әдет және салт-дәстүрдің орны ерекше болды, және құқық олардың әсерінен пайда болды. Бұнда құқықтың басты қайнар көзі - өнегелілік діни нормалар. Еуропа елдерінде құқықтың пайда болуына және дамуына мемлекеттік органдардың құқық шығармашылығы және сот прециденті әсер етті.




жүктеу 2,22 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау