Тұлғаның құқықтық мәртебесі – бұл субъектінің қоғамда заңды түрде бекітілген жағдайы. Құқықтық мәртебе тұлғаның іс жүзіндегі (әлеуметтік) мәртебесін, оның қоғамдағы нақты жағдайын бекітеді. Құқықтық мәртебе дегеніміз субъектілердің құқықтары мен міндеттерінің, сонымен қатар, мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың өз әлеуметтік рөлдерін орындауға бағытталған өкілеттіктерінің конституция мен заңнамада танылған жиынтығы.
Құқықтар мен міндеттер құқықтық мәртебенің негізін құрайды. Құқықтық мәртебенің құрылымы төмендегідей элементтерден құралған:
- құқықтар мен міндеттер;
- заңды мүдделер;
- құқықсубъектілік;
- азаматтық;
- заңды жауапкершілік;
- құқықтық қағидаттар.
Құқықтық мәртебе жалпы, арнайы және жеке-дара болып бөлінеді.
Жалпы мәртебе – бұл тұлғаның мемлекет азаматы ретіндегі Конституцияда бекітілген мәртебесі. Ол барлық азаматтар үшін бірдей болып табылады.
Арнайы мәртебе азаматтардың белгілі бір санаттарының (студенттердің, соғысқа қатысушылардың, зейнеткерлердің және т.б.) жағдайының ерекшеліктерін бекітеді, олардың арнайы функцияларды жүзеге асыру мүмкіндігін қамтамасыз етеді.
Жеке-дара мәртебе жекелеген тұлғаның ерекшеліктерін (жыныс, жас, отбасы жағдайы, лауазым және т.б.) көрсетеді және тұлғаның жеке дараландырылған құқықтары мен міндеттерін білдіреді.
116 Мемлекет пен құқықтың арақатынасы
Мемлекет және құқық теориясында осы уақытқа дейін мемлекет пен құқықтың арақатынасы туралы басты екі бағыт орын алған.
Біріншісі – этатистік, бұл бағыт мемлекеттің құқыққа қарағанда артықшылығын таниды, құқық мемлекеттің қызметінің өнімі, оның жалғасы ретінде қарастырылады.
Екінші бағыт табиғи-құқықтық көзқарастар негізінде пайда болды және құқықтың мемлекетке қарағанда артықшылығын бекітті.
Алайда, аталған мәселеге қатысты үшінші бағыт та бар, бұл бағыт жоғарыда аталған екі бағыттың көзқарастарын өзіне үйлестіре білген. Бұл теорияны жақтаушыларды алғашқы орынның мемлекет пен құқықтың қайсысына тиесілі екендігі қызықтырмайды, олар мемлекет пен құқықтың бір-бірінсіз өмір сүре алмайтындығына, яғни, олардың арасында функционалдық байланыстың бар екендігіне назар аударады. Бұл бағыт біржақтылықты болдырмауға, құқықтың мемлекетке не беретінін түсінуге және мемлекеттің құқықты қамтамасыз етудегі шынайы рөлін анықтауға мүмкіндік береді.
Мемлекеттің құқықты қамтамасыз етудегі рөлі мыналардан көрінеді:
1) құқықшығармашылық қызметті жүзеге асырудан. Тура мағынада бұл мемлекеттің құқық нормаларын орнықтыратынын білдіреді;
2) тіккелей мемлекеттік емес сипаттағы нормаларды мемлекеттің санкциялауынан. Мысалы, мұсылман құқығының қалыптасуы мемлекеттің мұсылмандық доктрина нормаларын санкциялауымен сипатталды;
3) іс жүзінде қалыптасып қойған қатынастарды жүріс-тұрысты заңды міндетті реттеуші ретінде тануынан. Мысалы, әдет құқығы осылай қалыптасады;
4)құқықты жүзеге асыруды қамтамасыз етуден. Құқықты пайдаланудың мемлекетсіз жүзеге асырылуы мүмкін емес;
5) мемлекет құқықты және құқықтық қатынастарды қорғауды қамтамасыз етеді;
6) мемлекет құқықтың әлеуметтік кеңістікке таралуына жәрдемдеседі, яғни, қоғамдық қатынастардың қатысушыларын құқыққа сәйкес әрекет жасауға міндеттейді.
Құқықтың мемлекетке әсері мыналардан көрініс табады:
1) құқық мемлекеттің халықпен, жекелеген тұлғамен өзара қарым-қатынастарына әсер етеді; мемлекет азаматтарға құқықтық талаптар шегінде әсер етеді, ал азаматтар, өз кезегінде, мемлекетке құқықтың көмегімен әсер етеді;
2) құқық мемлекеттің қызметін заңдастырады, мемлекеттің қорғау және мәжбүрлеу шараларының рұқсат етілуін қамтамасыз етеді;
3) құқық арқылы мемлекеттің қызметінің шектері, азаматтардың жеке өміріне араласудың шектері анықталады;
4) құқық ұлттардың ерекше мүдделерін қамтамасыз етеді, осы арқылы мемлекеттік биліктің ұлттармен қарым-қатынасына әсерін тигізеді;
5) құқықтық нысан мемлекеттік аппараттың қызметіне бақылау жүргізу мүмкіндігін қамтамасыз етеді, осы арқылы мемлекеттің халық алдындағы жауапкершілікті әрекеттерінің заңды кепілдіктерін бекітеді;
6) құқық басқа мемлекеттермен, жалпы әлемдік қауымдастықпен байланыс тілі рөлін атқарады.
117 Экономика, саясат пен құқықтың арақатынасы
Экономика – бұл өндірістік қатынастардың жиынтығы, нақты қоғамдағы өндіріс тәсілдері. Саясат – бұл таптар, партиялар, ұлттар арасындағы билік мәселесіне қатысты мемлекет пен халық арасындағы қатынастарға сипаттама беретін қоғамды басқару өнері. Құқық – бұл мемлекетпен орнықтырылатын және қамтамасыз етілетін, қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған, жалпыға міндетті, формальды анықталған заң нормаларының жүйесі.
Аталған түсініктердің өзара арақатынасына қатысты екі негізгі бағыт бар. Бірінші бағытқа сәйкес, бұл түсініктердің арасында ешқайсысы артықшылық сипатты иеленбейді. Қоғамдық қатынастардың, оның ішінде өндірістік, құқықтық және саяси қатынастардың, дамуы мен әрекет етуінің алғашқы факторлары болып адамдардың мүдделері табылады. Бұл жерде құқықтың экономикадан басымдығы туралы айтуға болады. Мысалы, буржуазиялық революциялар дәуірінде Батыс Еуропада алдымен заңдар қабылданатын, содан кейін барып олардың негізінде жаңа экономикалық қатынастар қалыптасатын. Алайда, кейбір кездері керісінше да болады: алдымен мүдделер жаңа өндірістік қатынастарда жүзеге асырылып, содан кейін барып құқықта бекітілуі мүмкін. Бұл жерде экономиканың құқықтан басымдығы жөнінде айтуға болады. Ал саясат аталған екі құбылысты байланыстырушы болып табылады.
Екінші бағытқа сәйкес, экономика құқық пен саясатты анықтайды. Құқық пен саясат базиске тәуелді болып келеді. Алайда, бұл басымдық рөл тек ақыр соңында ғана байқалады, себебі, құқық пен саясат экономикаға негізделе отырып, өндірістік қатынастардың дамуын ынталандыру немесе оларға кедергі жасау арқылы оған кері әсер етуі де мүмкін. Саясат бұл жерде де құқық пен экономиканы байланыстырушы болып табылады.
118 Құқық пен мораль
Оқу және тәжірибелік мақсатта бір-бірімен өзара байланысты әлеуметтік нормалардың түрлерін ажырата білу керек. Әсіресе, құқық пен моральдың арақатынасын қарастыру қажет.
Құқық - бұл адамгершіліктің минимумы немесе заңи рәсімделген мораль болып табылады. Құқық қоғамның адамгершілік-гуманитарлық идеалдарды жүзегеа сыратын құрал.
Мораль - бұл адамдардың жүріс-тұрысын жақсылық пен жамандық, әділеттілік пен әділетсіздік тұрғысынан реттейтін нормалар мен қағидалардың жүйесі. Ол негізгі әлеуметтік институт. Бұл құбылыстың фактілік мазмұны мен құрылымы психологиялық кезеңдерді де –эмоцияны, мүдделер, ниет және т.б. қамтиды. Бірақ моральдың бастысы - жақсылық пен жамандық.
Құқық пен моральдың ұқсастықтары:
- әлеуметтік нормалар жүйесінде олар қоғамға ең кеңінен таралған, кешенді нормалар болып табылады.
- құқық пен моральдың мақсаттар мен міндеттері біреу қоғамдық өмірді қалыптастырурды, тұлғаның дамуы, адамның құқықтарын қорғау, әділеттілікті бекіту;
- құқық пен моральдың реттеу объектісі біреу қоғамдық қатынастар, олар белгілі бір адамдарға, таптарға, топтарға, ұжымға, олардың талап етудері бірдей болып келеді.
- құқық пен мораль нормативтік құбылыс ретінде субъектілердің жүріс-тұрысының шектерін анықтайды.
- құқық пен мораль түп негізінде қоғамның өзінен туындайды.
Құқық пен моралдың арасындағы ерекшеліктер:
1) Пайда болу негіздері бойынша: құқық тек мемлекетпен ғана пайда болады және мемлекетпен ғана жойылады, тоқтатылады немесе өзгертіліп тоқтатылады. Мемлекеттің құқықтың саяси жаратушысы ретінде болады, ал құқық шығармашылық мемлекеттің негізгі артықшылығы. Сонымен құқық тек халықтың еркін ғана емес, мемлекеттің еркін білдіріп, ерекше мемлекеттің реттеушісі болып келеді. Ал, мораль мемлекетпен және арнайы мақсатқа бағытталған қызметтің нәтижесінде пайда болмайды, ол адамдардың тәжірибелік қызметтерінің нәтижесінен құрылады.
2) Құқық пен моральқамтамасыз ету әдістері бойынша ерекшеленеді. Егер құқық мемлекетпен шығарылып мемлекетпен қамтамасыз етіледі, қорғалады, сақталады. Құқықты мәжбүрлеу аппараты қорғайды, яғни құқықтық нормалар сақталынбаса мәжбүрлеу аппаратының тарапынан жазалар қолданылады. Басқа сөзбен айтқанда заңи нормалар жалпы міндеттілік сипатқа ие. Құқық аса маңызды және өзі реттей алатын қоғамдық қатынастарды реттейді.
Ал, мораль мемлекеттік аппаратпен емес қоғамдық пікірмен қамтамамыз етіледі. Адамгершілік нормаларды бұзу мемлекеттік аппараттардың араласуна жол бермейді, ол барлық қоғамдық қатынастарды реттейді.
3) Құқық пен мораль оның сипатталуымен ерекшеленеді. Егер құқықтық нормалар мемлекеттің арнайы заңды актілерінде(заңдарда, қаулыларда, жарғыларда) бекітіледі, салалар мен институттар бойынша топтастырылады, кодекс, жинақ, жарғы, заңдылық ретінде бір жүйеге келтіріледі.
Ал, адамгершілік нормалары осындай бір жүйеге топтастырылмайды, белгілі бір сипатты иеленбейді, ол қоғамдық өмірдің қатысушыларының – адамдардың санасында пайда болып, өмір сүреді. Олардың пайда болуы заң шығарушылар мен өзге де құқық шығарушылардың еркіне байланысты емес. Яғни мораль қоғамдық қатынастардан орын тапса, құқық жазбаша нысандағы арнайы нормативтік актілерден көрініс табады.
Моралдық нормалар тек жазылмаған тыйым салулар мен шарттар ғана емес. Олардың көпшілігі әртүрлі қоғамдық бірлестіктерінің бағдарламалық және жарғылық құжаттарнынан, әдеби және діни ескерткіштерден орын алады.
119 Құқық пен дін
Діни нормалар адамдардың құдай туралы, оның өмір мен адамзат қоғамның негізгі бастауларының негізін салуы туралы пайымдауларынан туындайды. Діни нормалар деп әртүрлі діндермен орнықтырылған және осы дінге сенуші тұлғаларға міндетті болып табылатын ережелерді атайды. Олар әртүрлі діни кітаптарда көрініс тапқан: Құранда, Інжілде, Тәуратта, буддисттердің діни кітаптарында және т.б. бұл нормалар діни бірлестіктердің ұйымдастырылуының және қызмет етуінің тәртібін анықтайды, діни рәсімдерді орындау, шіркеулік қызмет тәртіптерін реттейді.
Тарихқа көз жүгіртетін болсақ, бірқатар дәуірлерде діни нормалар заңды сипат иеленіп, кейбір мемлекеттік, саяси, азаматтық-құқықтық, отбасы некелілік және тағы басқа қатынастарды реттеген. Қазіргі кездегі бір қатар ислам мемлекеттерінде Құран мен Сүннет мұсылмандардың өмірінінің барлық салаларын реттейтін діни рәсімдерді орындау құқықтық және моральдық нормалардың негізі болып табылады.
Діни ұйымдар орнықтырған нормалар бірқатар қатынастарда қолданыстағы құқық пен тығыз байланысқа түседі. Мысалы, Конституция әрбір адамға арождан бостандығын кез келген дінге еркін түрде сену құқығын кепілдей отырып, діни ұйымдардың қызметінің құқықтық негізін бекітеді, діни бірлестіктерге заңды тұлға мәртебесі берілуі мүмкін, олар шіркеулерге, оқу орындарына иелік етуге құқылы.
Мұсылмандық елдерде құқық діни нормаларда, адаттарда, шариаттарда орын алады, онда бұзушылық үшін қатаң жазалар қарастырылған.
Сенушілердің міндетті жүріс-тұрыс ережелері сияқты діни нормалар жалпыға мәлім тарихи ескерткіштерден Библиядан, Құраннан, Талмуддан, Суннадан буддизмнің киелі кітабынан орын алады. Қазақстан Республикасының конституциясына сәйкес ҚР зайырлы мемлекет болып табылады делінген Яғни ешқендай дін мемлекеттік немесе міндетті ретінде бекітілмейді. Діни бірлестіктер мемлекеттен бөлінген және заңның алдында олардың барлығы тең болып табылады. Соңғы кезде дінге сенушілік бостандығы адам құқықтарына, ізгілікке, адамгершілікке және жалпы танылған құндылықтармен қайшы кледі. Еліміздегі көптеген діни бірлестіктер қоғамға пайдалы қызметтерді атқармайды, яғни алдарына қойған мақсатқа сай қызмет етпейді.
Сонымен құқық пен дін бірге жүрмейді, олар бөлінген.
120 Құқық пен саясат
Құқық және саясат дәстүрлі түрде өзара тығыз байланысты құбылыс ретінде қарастырылады. Кез келген мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатын құқық заң арқылы қалыптасып, олар саясаттың бағыттаушысы ретінде болады. Егер негізгі заң Конституцияны алатын болсақ, ол мемлекеттік саясаттың мақсатын, қағидаттарын, бағытын бекітеді, азаматтардың саяси құқықтары мен бостандықтарының кепілдігін және олардың мемлекеттік және саяси-қоғамдық өмірге қатысуын бекітеді. Конституция саяси-заңды акт болып табылады.
Саясат анықтамасы ғылымда таптар, партиялар, ұлттар, халықтар, мемлекеттер, әлеуметтік топтпр, билік пен тұрғындар, азаматтар мен бірлестіктер арасындағы ерекше кең көлемді әрекет ету деп түсіндіріледі. Ол қоғамдық өмірдегі саяси құндылықтардың идеалдардың мүдделердің дербес әлемін көрсетеді. Бұл саланы саяси нормалар реттейді.
Саяси нормалар дегеніміз көптеген және әртүрлі (жеке және алқалы) саяси процестердің саяси қатынастардың қатысушыларының, саясаттың субъектілерінің жүріс-тұрысын реттейтін ережелерді айтамыз. Бұл нормалар әртүрлі саяси бағдарламаларда, шешімдерде, өтініштерде, декларацияларда, саяси партиялар мен қозғалыстардың жарғыларынан орын алады.
Егер саяси нормалар Конституциядан, заңдардан орын алғанда құқықтық сипатқа ие болады. Құқық пен саясат өте тығыз байланысты, олар қосылып жатыр(конституция баптарныда). Оның көрінісін заң шығарушы және атқарушы биліктердің қызметінен көруге болады. Заңдар және өзге де нормативтік актілер экономикалық қана емес, сондай-ақ саяси негіздерді иеленеді. Бірақ құқықтық жіне саяси нормалардың арасында қайшылықтар бар.
Саяси салада өзінің дәстүрін, талаптарын, қағидаларын иеленеді. Саяси этика деген түсінік саяси салада көп кездеседі. Оны адал, ақиқатты саясткерлер ұстанады. Оның ішіндегі ең маңыздылары-заңдарды, моральды бекітілген тәртіпті, ақиқаттылықты қорғау, қоғамның игілігіне қызмет ету болып табылады.
Әдебиеттер
Нормативтік құқықтық актілер
1 Қазақстан Республикасының Конституциясы 1995 жыл 30 тамыз, 1998 жылғы 7 қазандағы өзгертулер мен толықтырулырды қоса.
2 «Қазақстан Республикасының егемендігі туралы» ҚР Декларация.// Ведомстволар, 1990. – № 44.
3 «Қазақстан Республикасы мемлекттік тәуелсіздігі туралары» Қазақстан Республикасының конституциялық заңы.// Ведомстволар.- 1991. – № 51.
4 1991 жылдың 20 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» Қазақстан Республикасының заңы// Ведомстволар, 1991. – №52.
5 «Қазақстан Республикасы әкімшілік – аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы //Ведомстволар, 1993. – № 23-24.
6 «Қазақстан Республикасы Президенті туралы» Конституциялық заң күші бар Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы //Ведомстволар, 1995. – № 24; //Егемен Қазақстан,1995. – 28 желтоқсан.
7 1995 жылдың 16 қазандағы «Қазақстан Республикасы Парламенті және депутаттарының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің конституциялық Заң күші бар Жарлығы//Егемен Қазақстан. –1995. – 28 желтоқсан.
8 1995 жылдың 18 желтоқсанындағы «Қазақстан Республикасы Үкіметі туралы» ҚР конституциялық Заңы// Ведомстволар. – 1995. – № 23.
9 1996 жылдың 31 маусымындағы «Ќоѓамдыќ бірлестіктер туралы» Ќазаќстан Республикасыныњ Зањы // «Егемен Ќазаќстан, 1996. – 6 шілде.
10 1996 жылдың 2 шілдедегі «Саяси партиялар туралы» Ќазаќстан Республикасыныњ Зањы // Егемен Ќазаќстан, 1996. – 5 шілде.
Негізгі әдебиетер
1 Жоламанов Қ.Ж. Мемлекет және құқық теориясы. – Алматы: Білім, 1998. – 360 б.
2 Жоламанов Қ.Ж., Мухтарова А.Қ., Тәуекелев А.Н. Мемлекет және құқық теориясы. – Алматы: бас. Қаз МЗУ, 1999. – 370 б.
3 Лазарев Н.Н. Общая теория государства и права. – М. : Юристь, 1999. – 560 с.
4 Сапарғалиев Ғ.С. Мемлекет және құқық теориясы. – Алматы: Жеті жарғы, 1998. – 320 б.
5 Сапарғалиев Ғ.С., Ибраева А.С. Мемлекет және құқық теориясы. – Алматы: Жеті жарғы, 1997. – 96 б.
6 Храпанюк В.Н. Теория государства и права. – М. : Бек, 1996. – 450 с.
7 Храпанюк В.Н. Теория государства и права. – М. : Бек, 1998. – 470 с.
8 Теория государства и права /под ред. Н.И. Матузова и А.В. Малько. – М. : Проспект, 1997. – 530 с.
9. Общая теория государства и права/ под ред. Проф. М.Н.Марченко. – М. : ИКД «Зерцало - М», 2001. – 730 с.
Қосымша әдебиеттер
1 Ағыбаев А.Н. Қылмыстық құқық. Жалпы бөлім. – Алматы: Жеті жарғы, 2001. – 350 б.
2 Алексеев С.С. Философия права. – М. : Норма, 1997. – 290 с.
3 Антология мировой правовой мысли в пяти томах. – М. : Мысль, 1997. – 960 с.
4 Антология мировой правовой мысли в пяти томах. – М. : Мысль, 1999. – 870 с.
5 Бахмутская К.Б. О цивилизованных подходах к изууению истории государства и права// Вестник МГУ, 1994. – №4.
6 Булгакова Д.А. Мемлекет және құқық теориясы: оқу құралы. – Алматы: Заң әдебиеті, 2004. – 106 б.
7 Боргашвили И.Ш., Рахимжанова Г.К. Уголовное право. Особенная часть: учебно-методическое пособие. – Алматы: Дәнекер, 2000. – 820 с.
8 Баишев Ж. Конституционное право РК: учеб.-метод.пособие. – Алматы: Жеті жарғы, 2001. – 370 с.
9 Бахрах Н. Административное право. – М.: Бек. 1996. – 390 с.
10 Козлов В.А. Проблемы предмета и общей методологии права. – Л. :Наука, 1989. – 130 с.
11 Нерсесянц В.С. Философия права. – М. : Юристь, 1997. – 560 с.
12 Төлеуғалиев Г.И. Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығы. – Алматы: Жеті жарғы, 2002. – 326 б.
13 Уваров В. Н. Трудовое право Республики Казахстан. – Алматы: Каз ГЮА, 2000. – 509 с.
14 Уваров В. Н. Трудовое право Республики Казахстан. – Алматы: Каз ГЮА, 2000. – 509 с.
15 Уваров В. Н. Қазақстан Республикасының Еңбек құқығы. – Алматы: Қаз МЗА, 2002. – 545 б.
16 Таранов А.А. Административное право Республики Казахстан. – Алматы: Жеті жарғы, 1996. – 306 с.
17 Таранов А.А. Парламент и законодательная власть Казахстана. – Алматы: Жеті жарғы, 1995. – 120 с.
18 Сапаргалиев Г. Конституционное право РК. – Алматы: Жеті жарғы, 1998. – 360 с.
19. Сапарғалиев Ғ.С. Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығы. – Алматы: Жеті жарғы, 1998 – 370 б.
20. Сағындыкова А.Н. Конституционное право Республики Казахстан. – Алматы: Білім, 1999. – 380 с.
21. Жамбылов Д. Саясаттану негіздері. – Алматы: Жеті жарғы, 1998. – 290 б.
22. Мемлекет және құқық негіздері/ құр. Е.Баянов. – Алматы: Жеті жарғы, 2001. – 760 б.
23 Әлібаев А. Құқықтық мемлекетке бет бұрыс //Заң газеті, 1999. – №10. – 6 б.
24 Күләшбекова Р. Жалпыға бірдей құқықтық оқуды үйлестіру // Заң газеті, 2001. – №11. – 5 б.
25 Сафинов К. Құқықтық мемлекет құрудағы жетістіктер // Үкімет жаршысы, 2001. – №10 - 23. – 29 б.
26 Сейтжанов Г. На пути утверждения правового государства// Мысль, 2001. – № 9. – С. 5 – 9;
27 Жиренчин К., Айткожин К. Строим правовое государство// Финансы Казахстана, 2000. – №11– 12. – С.73 – 76.
28 Қабдуллин Б.Т. Құқықтық мемлекетті құрудың кейбір мәселелері// ПМУ Хабаршысы, 2004. – №2. – 128 б.
29 Ашитов З.О., Ашитов Б.З. Қазақстан Республикасының құқық негіздері. – Алматы: Жеті жарғы, 2003. – 296 б.
30 Қабдуллин Б.Т. Қазақстан Республикасы құқықтық мемлекет құру жолында/ Материалы научной конференции молодых ученых, студентов и школьников “ІІІ Сатпаевские чтения” Т.9. – Павлодар: ПГУ им С.Торайгырова, 2003. – 360 с.
Мазмұны
Алғы сөз......................................................................................3
1 Емтиханѓа дайындалуѓа жєне оны тапсыруѓа арналѓан
єдiстемелiк кењестер..................................................................5
2 Мемлекет және құқық теориясы курсының
бағдарламасы..............................................................................8
Сұрақтар мен жауаптар
1 Мемлекет және құқық теориясы пәнінің түсінігі.................19
2 Мемлекет және құқық теориясының әдісінамасы................20
3 Мемлекет және құқық теориясының функциясы.................22
4 Мемлекет және құқық теориясының заң ғылымдары
жүйесіндегі орны......................................................................23
5 Алғашқы қауымдық құрылыстағы билікке жалпы
сипаттама..................................................................................24
6 Алғашқы қауымдық құрылыстағы әлеуметтік
нормаларға жалпы сипаттама.................................................25
7 Мемлекеттің пайда болуының негізі......................................26
8 Мемлекет пайда болуының теологиялық теориясы.............27
9 Мемлекет пайда болуының патриархалдық теориясы.........27
10 Мемлекет пайда болуының шарттық теориясы....................28
11 Мемлекет пайда болуының күштеу (озбырлық) теориясы..29
12 Мемлекет пайда болуының материалистік теориясы...........30
13 Мемлекет пайда болуының органикалық теориясы.............30
14 Мемлекет пайда болуының психологиялық теориясы.........31
15 Мемлекеттің пайда болуының ирригациялық теориясы......32
16 Мемлекет пайда болуының патримоналдық теорясы..........32
17 Мемлекет ұғымының әр түрлілігі..........................................33
18 Мемлекеттің белгілері............................................................35
19 Мемлекеттің мәні.....................................................................35
20 Мемлекеттің типологиясының түсінігі..................................37
21 Мемлекеттің нысаны...............................................................39
22 Мемлекеттің басқару нысаны.................................................40
23 Мемлекеттің құрылым нысаны..............................................42
24 Мемлекеттің саяси режимі......................................................44
25 Мемлекет функцияларының түсінігі мен белгілері..............46
26 Мемлекет функцияларының түрлері......................................46
27 Мемлекет функцияларын жүзеге асырудың нысандары......47
28 Мемлекет механизмінің түсінігі.............................................48
29 Мемлекет механизмінің құрылымы.......................................49
30 Мемлекеттік органының түсінігі және оның түрлері...........50
31 Мемлекеттік аппаратты ұйымдастыру және оның
қызметінің қағидаттары...........................................................51
32 Қоғамның саяси жүйесінің түсінігі........................................52
33 Мемлекет пен құқықтың қоғамның саяси жүйесінде
алатын орны мен рөлі..............................................................54
34 Саяси партиялар мен қоғамдық саяси қозғалыстардың
саяси жүйедегі орны................................................................55
35 Құқықтық мемлекеттің түсінігі..............................................56
36 Құқықтың мемлекеттің қағидаттары.....................................58
38 Мемлекет пен қоғамның өзара қатынасы..............................60
39 Азаматтық қоғамның түсінігі және құрылымы....................60
40 Құқықтың түсінігі....................................................................61
41 Құқықтың белгілері................................................................62
42 Құқықтың мақсаты және оның құндылығы.........................63
43 Құқықтың мәні.........................................................................63
44 Объективтік және субъективтік құқық..................................64
45 Құқықтың пайда болуының негізі..........................................65
46 Құқықтың пайда болуы туралы теориялары.........................66
47 Құқықтың қағидаттарының түсінігі және түрлері...............68
48 Құқықтың функцияларының түсінігі және түрлері.............68
49 Қоғамның құқықтық жүйесі...................................................69
50 Романо – германдық құқықтық жанұя..................................71
Достарыңызбен бөлісу: |