Мемлекет және қҰҚЫҚ теориясы


-тақырып Құқық шығармашылығы және нормативтік-құқықтық актілерді жүйеге келтіру



жүктеу 2,22 Mb.
бет2/11
Дата26.05.2018
өлшемі2,22 Mb.
#17935
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

14-тақырып Құқық шығармашылығы және нормативтік-құқықтық актілерді жүйеге келтіру

Құқық шығармашылығының жалпы сипаттамасы. Құқық пен құқық шығармашылығын қалыптастыру. Әр түрлі құқықтық жүйелердегі құқық шығармашылығы. Құқық шығармашылық процесінің кезеңдері. Құқық шығармашылық қызметінің қағидалары: демократиялық, заңдық, кәсіпқойлық, тікелей.

Халықтың құқық шығармашылық жұмысына қатысуы. Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының құқық шығармашылық қызметтері. Лауазымды тұлғалардың құқық шығармашылығы. Құқықтың жаңаруы. Құқық шығармашылық қызметі, оның кезеңдері.

Нормативтік актілердің заңды күшінің уақыты, кеңістігі және адамдарды қамтуы.

Нормативтік-құқықтық актілерді жүйеге келтіру түсінігі, оның түрлері. Инкорпорация, оның түрлері. Консолидация, оның мазмұны. Құқықтық нормаларды кодификациялау және оның ерекшеліктері. Кодификация түрлері. Заң шығару техникасы және осы мақсатқа электронды есептегіш техникаларды пайдалану. Қазақстан Республикасының нормативтік актілерді жүйелеу әдіс-тәсілдері.
15-тақырып Құқық жүйесі және құрылымы

Құқық құрылымы және құқық жүйесі туралы түсінік. Құқық құрылымы, құқық жүйесі және заң шығару жүйесі түсініктерінің арақатынасы. Құқық жүйесі және құқықтық жүйелер. Құқықты салаға бөлудің өлшемі немесе негіз, пәні, қоғамдық қатынастарды құқықпен реттеудің әдісі мен тәсілі. Құқық нормасы. Құқық институты. Құқық салалары. Салааралық құқық. Құқықтың кешенді салалары. Жария құқық және жекеменшік құқық. Материалдық құқық пен процессуалдық құқықтың, халықаралық құқық пен ұлттық құқықтың байланысы. Халықаралық құқықтың ұлттық құқықтан басымдылығы. Қазақстан Республикасының құқық салаларының мінездемесі.


16-тақырып Қоғамның құқықтық сана-сезімі

Құқықтық сана – қоғамдық сананың нысаны. Құқықтық сананың басқа қоғамдық сана-сезімнің нысанымен арақатынасы. Құқықтық сана мен саяси сана-сезім, құқық санасы мен адамгершілік сана-сезім, құқық санасымен діни сана-сезім. Құқық пен құқық санасы, құқық және әділеттілік.

Құқықтың сананың құрылымы. Құқықтық идеология және құқықтық психология. Құқықтық сананың түрлері. Қоғамдық құқықтық сана, топтық құқық санасы мен жеке адам құқық санасы. Кәсіпқойлық құқық санасы. Жеке адамның құқығын қалыптастыру. Құқық санасы және заңдық мәні бар (тәртіп) құқық шеңберіндегі іс-қимылдың психологиясы. Теориялық құқықтық сана, күнделікті құқықтық сана. Қоғамның құқықтық мәдениеті және құқықтық сана. Азаматтардың құқықтық санасының өзгеруі. Құқықтық инфантилизм, жеке адамның құқықтық санасындағы нигилизм. Құқықтық нигилизмнің қоғамда орын алуының себептері. Құқықтық нигилизмнің нысандары және оның алдын алудың жолдары.

Азаматтардың құқықтық тәрбиеленудің түсінігі, мазмұны және мақсаттары, оның бағыттары мен жолдары. Келісімпаздық және нонкорформизм. Заңға бағыныштылық. Құқыққа деген құрмет және оны қазіргі жағдайда қалыптастыру процестері.


17-тақырып Құқықтық мәдениет

Құқықтық мәдениет: элементтері, қызмет ету нысаны және аясы. Құқықтық мәдениеттің саяси мәдениетпен арақатынасы. Құқықтық мәдениеттің жалпы сипаттамасы. Құқықтық мәдениеттің мазмұны, қызметтері. Қоғамның құқықтық мәдениеті. Заңгердің құқықтық мәдениеті. Қоғамның құқықтық мәдениетін жетілдірудегі заңгерлердің, кәсіпқойлық ұжымдардың рөлі.

Құқықтық мәдениеттің қызметі: танымдылық, бағынушылық және реттеушілік. Құқықтық мемлекетті қалыптастырудағы құқықтық мәдениеттің маңызы. Құқық, өркениет пен мәдениет.
18-тақырып Құқықтық қатынастар

Құқықтық қатынастар түсінігі, оның белгілері мен түрлері. Құқықтық қатынастар – қоғамдық қатынастардың бір нысаны. Құқықтық қатынастар құқықты жүзеге асырудың негізгі нысаны. Құқықтық саналық және құқықтық қатынастар. Құқықтық қатынастар, оның түрлері. Құқықтық қатынастардың жіктелуінің критерилері. Реттеушілік және қорғаушылық құқық қатынастары. Құқықтық қатынастарды құқық салаларына қарай жіктеу.

Құқықтық қатынастардың құрылымы. Құқық қатынастарының субъектілері. Құқық қабілеттілігі. Әрекет қабілеттілігі. Реликт қабілеттілігі. Құқықтың субъектілігі. Құқықтық мәртебе. Құзырет. Құқықтық субъектінің сипаттамасы. Азаматтық. Лаузымды тұлға. Мемлекеттік орган. Қоғамдық ұйым. Мемлекет коммерциялық және коммерция емес ұйымдар. Жеке және заңды тұлғалар. Құқықтық қатынастың объектілері, оның түрлері. Адамның мінез-құлқы құқықтық қатынастардың бірден-бір объектісі. Материалдық дүние заттары, рухани шығармашылық өнімдері, жеке мүліктік емес игіліктер-құқық қатынастарының объектілері. Субъективтік құқықтың түсінігі, оның түрлері. Заңды міндеттердің түсінігі, оның түрлері.

Құқық қатынастарының пайда болуы, өзгеруі және тоқтатуының заңды себептері. Заңды себептердің жіктелуі. Оқиғалар және іс-әрекеттер, заңды және заңсыз іс-әрекеттер.

Қылмыс және жағымсыз әрекеттер. Нақты заңдық құрам, заңды хал-ахуал. Құқықты құраушы, өзгертуші, тоқтатушы заңды факторлар.
19-тақырып Құқықты іске асыру

Құқықты іске асырудың түсінігі, оның нысаны мен әдістері. Құқықты жүзеге асырудың тікелей нысаны. Құқықты сақтау, орындау және пайдалану. Құқықты қолдану – құқықты іске асырудың күрделі нысаны. Құқықты қолданудың қажеттігінен туындайтын жағдайлар. Құқықты қолданудың белгілері мен ерекшеліктері. Құқықты қолдану процесіне қойылатын талаптар: істің шындық жағдайын, заңды негізін анықтау, оған қолданылатын құқықтың нормаларын таңдау және талдау, заңды іске баға беру. Шешім шығару және оны рәсімдеу. Шешімді мүдделі тұлғаларға жеткізу. Құқықты қолданудың тиімділігі.

Құқықты қолданудың субъектілері. Мемлекеттік органдар, лауазымды тұлғалар, мемлекеттің құқық қорғау органдары. Құқықты қолдану актілерінің түсінігі мен түрлері. Құқықты қолдану актілерін орындау, бақылау.
20-тақырып Нормативті актілерді талқылау

Нормативтік-құқықтық актілерді талқылау, оның түрлері. Ресми және ресми емес талқылау. Нормативтік және қазуалдық түсінік беру.

Құқықты талқылау субъектілері: Конституциялық кеңес, Жоғарғы Соттың Пленумы, нормативтік актілерді шығаратын мемлекеттік органдар, заңгерлер. Ғылыми қызметкерлер, тәжірибелі мамандар. Құқықты талқылаудың тәсілдері: философиялық тарихи, логикалық, жүйелілік, саяси-тарихи, т.б. Құқықты сөзбе-сөз талқылау. Құқықты шектеулі түрде және кеңейтілген талқылау.

Құқықтағы кемістіктер түсінігі, оны жоюдың әдіс-тәсілдері. Құқық шығармашылық қызметінің құқықтағы кемшіліктерді жақсартудағы маңызы. Құқықтағы ұқсастық (анология) институты. Заңды ұқсастық және құқықтық ұқсастық. Ұқсастықты қолданудың шарты мен негізі.


21-тақырып Құқықтық реттеу механизмі

Құқықтық реттеу және құқықтық әркет жасау. Құқықтық реттеу механизмнің түсінігі. Құқықтық реттеу механизмнің негізі элементтері және кезеңдері. Құқықтық реттеу механизміндегі құқық нормаларының рөлі. Құқықтық реттеу механизмінің маңыздылығы.


22-тақырып Құқықтық іс-әрекет

Құқықтық іс-әрекет. Заңды іс-әрекет. Жеке тұлғаның құқықтық іс-әрекеті және құқықтық фактор. Индивидтің құқықтық өміріндегі ерік және сананың пайда болу нысандары. Құқықтық іс-әрекеттің құрамы: объективтік және субъективтік жақтары. Құқықтық іс-әрекеттің ниеті және түрлері.


23-тақырып Құқықбұзушылық және заңды жауапкершілік

Құқықбұзушылықтың түсінігі. Құқықбұзушылықтың заңдық құрамы. Құқық бұзудың субъектілері мен объектілері. Құқықбұзушылықтың объективтік және субъективтік жақтары. Кінәнің нысаны. Құқықбұзушылықтағы себепті байланыс және зиян. Құқықбұзушылықтың түрлері және негізгі белгілері. Құқық бұзушылықтың әлеуметтік табиғаты және себептері.

Заңды жауапкершіліктің түсінігі, түрлері және негізгі белгілері. Құқық бұзушылық – заңды жауапкершіліктің негізі. Заңды жауапкершіліктің моральдық және саяси маңызы. Құқықтық жауапкершілік және құқықтық санкциялар. Заңды жауапкершіліктен босатудың негізі. Кінәсіздік презумпциясы, оның мазмұны.
24-тақырып Заңдылық, құқықтық тәртіп

Заңдылықтың түсінігі. Заңдылықты қамтамасыз етудегі Конститутцияның орны мен рөлі. Конститутциялық заңдылық пен құқық тәртібінің негізі. Қазіргі замандағы мемлекеттердегі заңдылықтың өзгеруі, себептері, оны жақсарту жолдары. Тоталитарлық мемлекеттердегі заңдылықтың бұзылу нысандары.

Құқық тәртібінің түсінігі. Құқық және қоғамдық тәртіп. Заңдылық мен құқық тәртібін қамтамасыз етудің кепілі мен негіздері. Тәртіптің түрлері. Орындаушылық тәртіп, оның мемлекеттік аппарат жұмысындағы мәні. Технологиялық тәртіп. Кәсіпкерлік қызметтегі тәртіп, т.б.
25-тақырып Құқық және тұлға

Әр түрлі қоғамдағы, әр формациядағы жеке тұлғаның жағдайы. Азаматтық. Азамат және мемлекет. Жеке тұлға және мемлекет. Жеке тұлғаның құқықтық мәртебесі. Азаматтың құқығы мен бостандығының түсінігі мен түрлері. Адам құқығын жіктеу. Қазақстан Республикасының Конститутциясы бойынша азаматтың құқығы мен бостандығын жіктеу. Жеке тұлғаның жауапкершілігі. Қоғам мен мемлекет алдындағы жеке тұлғаның заңдық міндеттері мен жауапкершілігі. Азамат пен мемлекеттің өзара жауапкершілігі. Жеке тұлғаның құқығы мен бостандығының бұзылуы. Адам құқығын халықаралық қорғау. Адам құқығының жалпыға бірдей Декларациясы, оның маңызы.


Сұрақтар мен жауаптар
1 Мемлекет және құқық теориясы пәнінің түсінігі

Әр ғылымның өзінің зерттейтін пәні бар. Пән дегеніміз өзі зерттейтін объективтік ақиқатты зерттеудің бір жағы. Мемлекет және құқық теориясының пәні дегеніміз мемлекет пен құқықтың пайда болуының, дамуының және қызмет етуінің жалпы заңдылықтары, сондай-ақ заң ғылымдарының негізгі түсініктердің, ұғымдардың жүйесін айтамыз.

Жоғарыда көрсетілген анықтамаға сәйкес, мемлекет және құқық теориясының пәні екі бөліктен тұрады:

Біріншіден, мемлекет және құқықтың пайда болуының, дамуының, қызмет етуінің жалпы заңдылықтары. Аталған бірінші топқа мыналар жатады:

- мемлекет және құқықтың пайда болуы;

- мемлекет және құқықтың типтері;

- мемлекет және құқықтың дамуы;

- мемлекет және құқық нысанының эволюциясы;

- мемлекеттік органдар жүйесі мен құқықтық жүйесінің қалыптасуы;

- мемлекет және құқықтың функциясын жүзеге асыру;

- мемлекет және құқықтың қоғамдық қатынастарға әсер ету шегі;

- адам құқығының дамуы;

- демократия, заңдылық, құқықтытық тәртіп қағидаттарының нығаюы;

- азаматтардың құқықтық санасы мен құқықтық мәдениетінің дамуы;

- құқықтың нормаларды сақтау, орындау, қолдану;

- бұл заң ғылымының дамуы.

Екіншіден, барлық заң ғылымын қамтитын заңи түсініктердің, ұғымдардың жүйесі. Мысалы, мемлекет, мемлекеттік органдар, құқық, құқық бұзушылық, заңи жауаптылық.

Мемлекет және құқық теориясы пәнінің ерекшелігі:

а) ол негізгі ұғымдар жүйесін өзі үшін ғана емес, сондай-ақ барлық заң ғылымдарының салалары үшін қалыптастыруымен айналысады;

ә) мемлекет және құқық теориясы нақты бір мемлекет және құқықтың дамуы, қызмет етуін зерттеп қана қоймай, сонымен қатар мемлекет пен құқықты жалпы түрде, яғни, кез келген қоғамға тән мемлекет пен құқықтың жалпы белгілерін қарастырады. Мемлекет және құқық теориясы уақыт және кеңістікке қарамай жалпы түрде барлық мемлекет пен құқық жүйелерін зерттейді. Сондықтан да, онда мемлекет пен құқықтық туралы ғылыми ойлардың жетістіктері шоғырланған;

б) мемлекет және құқық теориясы мемлекет пен құқықтың бір-бірін толықтыратын, бір-бірімен тығыз байланысты әлеуметтік институт ретінде қарастырады.


2 Мемлекет және құқық теориясының әдісінамасы

Жалпы ғылым дегеніміз, екі бағытты біріктіреді – теория мен әдіс. Теория – бұл ғылым нені зерттейді?- деген сұраққа жауап береді Әдісбұл ғылым қандай тәсілмен, амалмен зерттеуді жүргізеді? – деген сұраққа жауап береді Әдіс дегеніміз жаңа білімді алуға, пәнге жетуге мүмкіндік беретін тәсілдер мен амалдардың, қағидаттар мен ережелердің жиынтығын айтамыз. Әдіс – бұл зерттеп жатқан құбылысқа жетудің жолы, ақиқатқа жетудің ғылыми-танымдық тәсілі. Ғылым әдісі – бұл пәнді түсінуге мүмкіндік беретін тәсілдер мен бағыттардың жиынтығы.

Сонымен, мемлекет және құқық теориясының әдісі дегеніміз мемлекет пен құқықтық құбылыстарды зерттеуде қолданатын тәсілдер мен амалдардың жиынтығын айтамыз. Мемлекет және құқық теориясы өз пәнін зерттеу үшін көптеген әдістерді қолданады.

Мемлекет және құқық теориясының әдісі төмендегідей топтастырылады:

1) Жалпылама әдістер дегеніміз ойлаудың әмбебапты қағидаттарын көрсететін философиялық, дүние танымдық бағыттарын айтамыз. Жалпылама әдістер мемлекет пен құқықты философия тұрғысынан қарастырады. Оларға мыналар жатады:

а) метофизика (мемелекет пен құқықты мәңгілік өзгермейтін институттар ретінде қарастырады);

ә) диалектика.

Диалектика өз алдына идеалистік және материалистік деп екіге бөлінеді.

Идеалистік диалектика өз алдына екіге бөлінеді: субъективті және объективті. Егер де объективті идеализм мемелекет пен құқықтың пайда болуын құдай күшімен, объективті санамен байланыстырса, онда субъективті идеализм адамның санасымен, келісіммен байланыстырады.

Материалистік диалектика – бұл қоғамдағы әлеуметтік–экономикалық өзгерістермен, нақты айтқанда, жеке меншіктің пайда болуымен және қоғамның таптарға бөлінуімен байланыстырады. Материалистік диалектика тұрғысынан барлық мемлекет пен құқықтық құбылыстарды нақты тарихи даму жағдайында басқа да құбылыстармен тығыз байланыста болады.

2) Жалпы ғылыми әдіс дегеніміз жалпы әдістер сияқты бүкіл ғылыми танымды толығымен қамтымайды, ғылыми танымның жекелеген кезеңдерін қамтитын әдісті айтамыз. Оларға мыналар жатады:

а) анализ – бұл күрделі мемлекет пен құқықтық құбылыстарды шартты түрде жеке бөліктерге бөлу арқылы зерттеуді білдіреді;

ә) синтез – бұл құбылыстардың бөліктерін шартты түрде біріктіре отырып, зерттеуді білдіреді;

б) жүйелілік тәсіл – бұл мемлекет пен құқықтық құбылыстарды жүйеге, салаға топтастырып зерттеуді білдіреді (мысалы, бұл тәсіл жүйелі құрылым ретінде мемлекеттік аппаратты, саяси құқықтық жүйені және құқықтық норманы зерттеуге мүмкіндік береді);

в) функционалдық тәсіл – бұл белгілі бір әлеуметтік құбылыстың басқа құбылыстарға әсер ету нысанын анықтауға бағытталғанын білдіреді (мысалы, бұл әдіс құқықтық функционалдық заңды жауапкершілікті, құқықтық шектеулерді зерттеуге мүмкіндік береді);

г) әлеуметтік – эксперимент тәсілі – бұл құқықтық реттеудің бұрыс нұсқасынан алдын алу мақсатында қандай да бір шешімнің жобасын тексерумен байланысты (мысалы, Қазақстанның кейбір аумағында әкімдерді сайлау институтын енгізу арқылы, оның тиімділігін зерттеу).

3) Жеке ғылыми әдістер деп мемлекет және құқық теориясының нақты техникалық, гуманитарлық, жаратылыстану ғылымдарының ғылыми жетістіктерін меңгерудің нәтижесінде пайда болған тәсілдерді айтамыз. Оларға мыналар жатады:

а) нақты-әлеуметтік тәсіл – бұл сауалнама, сұхбат, бақылау және басқа да тәсілдер арқылы мемлекет пен құқық саласында субъектілердің мінез-құлық туралы нақты мәліметтерді алуға мүмкіндік береді (мысалы, олар қоғамдық қатынастарға мемлекеттің әсерін, заңдар арасындағы қарама-қайшылықтарды анықтауда қолданады);

ә) статистикалық тәсіл – бұл бірнеше рет қайталанатын мемлекет пен құқықтық құбылыстардың, олардың ішінде құқықбұзушылықтың, заңи тәжірибенің сандық көрсеткіштерін алуға мүмкіндік береді (ол үш кезеңнен тұрады: статистикалық мәліметтерді жинау, оларды белгілі бір негіздер бойынша топтастыру, оларды өңдеу);

б) кибернетикалық тәсіл – бұл кибернетиканың заңдар мен техникалық құралдар арқылы мемлекет пен құқықтық құбылыстарды зерттеуді білдіреді;

в) математикалық тәсіл бұл сандық көрсеткіштерге негізделген тәсілдер жиынтығы.

4) Жеке құқықтық әдістер – дегеніміз тек мемлект және құқық теориясына ғана тән әдістерді айтамыз. Ол екіге бөлінеді:

а) формальді–заңи тәсіл - бұл заң ұғымдарын анықтауға, олардың белгілерін көрсетуге, топтастыруға, құқықтық ережелердің мазмұнын түсіндіруге мүмкіндік береді. Бұл тәсілге заңи техника мен құқық нормаларды талқылау тәсілдері кіреді.

ә) салыстырмалы құқықтық тәсіл - бұл әртүрлі құқықтық құбылыстарды салыстыру арқылы олардың жеке және жалпы белгілерін анықтайтын тәсіл.
3 Мемлекет және құқық теориясының функциясы

Мемлекет және құқық теориясының функциясы дегеніміз өзінің алдында тұрған міндеттер мен мақсаттарға жетуге қажетті қызметінің негізгі бағыттарын айтамыз. Оның түрлері:

- онтологиялық функция мемлекет және құқықтың мәнін түсінуге, мемлекет және құқық дегеніміз не? олар қалай пайда болды? -деген сұраққа жауап беруге мүмкіндік береді;

- гносеологиялық функция мемлекет және құқықты ғылыми тұрғыда зерттеу үшін, ғылыми тұжырымдарды, доктриналарды, құқықтық ұғымдарды, әдістер мен тәсілдерді қалыптастырады;

- эвристикалық функция мемлекет және құқық құбылыстар дамуының негізгі заңдылықтарын ашуға мүмкіндік береді;

- болжау функциясы мемлекет және құқықтық құбылыстардың өзгеруі, даму тенденциясын анықтауға, болашаққа болжау жасауға мүмкіндік береді;

- әдістемелік функция заң ғылымы салаларының талаптарына сәйкес, жаңа әдістемелік тұжырымдар жасап, ғылымның жақсы дамуына жағдай жасайды;

- ұйымдық - қолданбалы функция мемлекет және құқықты құбылыстарды реформалауды, мемлекет және құқықты қалыптастырудағы елеулі мәселелерді шешуге ұсыныстар жасай отырып, мемлекеттік басқару мен құқықтық реттеуді ғылыммен қамтамасыз етед, басқа да заң ғылымдары сияқты, мемлекеттің қызметін жетілдіруге, заңнама мен оны қолдану тәжірибесін жақсартуға және дамытуға бағытталаған ұсыныстар жасауға қызмет етеді;

- идеологиялық функция мемлекет және құқық туралы идеялары мен көзқарастарды қалыптастырып, субъектілердің саналарына тікелей әсер етіп, құқықтық мәдениетті қалыптастыруға мүмкіндік береді;

- тәрбиелік функция мемлекет және құқық теориясы құқықтық тәрбиелеу мәселелерін шешуге, адамдарда демократия, тұлғаның құқықтары мен бостандықтары, заңдылық, тәртіп және т.б. күрделі мәселелерге қатысты шынайы ғылыми көзқарастардың қалыптасуына жәрдемдесуі қажет.

Жоғарыда көрсетілген функциялар бір-бірімен байланысты және оларды кешенді түрде алып қарастырғанда ғана нәтиже береді.


4 Мемлекет және құқық теориясының заң ғылымдары жүйесіндегі орны

Қазіргі кездегі ғылым – бұл жекелеген ғылым салаларының жиынтығы. Ғылымдар жүйесін қалыптастыратын ғылыми пәндерді шартты түрде үшке бөледі:

а) гуманитарлық;

ә) техникалық;

б) жаратылыстану.

а) Гуманитарлық ғылым – қоғамды, адамдарды және әлеуметтік құбылыстарды зерттейді. Заң ғылымдары гуманитарлық ғылымдардың бір бөлігі. Өйткені, мемлекет пен құқық әлеуметтік құбылыстар болып табылады. Заң ғылымдарын келесідей бөлуге болады:

- мемлекет пен құқықтың жалпы теориясы;

- тарихи құқықтық ғылымдар (Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық тарихы, шетел мемлекет және құқық тарихы, саяси құқықтық ілімдер тарихы);

- салалық заң ғылымдары (Конституциялық, экологиялық, әкімшілік, жер, отбасы құқығы);

- салааралық заң ғылымдары (азаматтық іс жүргізу, қылмыстық іс жүргізу құқығы);

- шетел

- қолданбалы ғылымдар (криминалистика, сот сараптамасы, құқықтық статистика).

Мемлекет және құқық теориясы гуманитарлық ғылымдар жүйесінде бола тұра, философиямен, әлеуметтанумен, саясаттанумен және т.б. тығыз байланысқа түседі. Солай, философияның көмегімен мемлекет және құқық теориясының дүниетанымдық бағыттары қалыптасады, оның нәтижесінде мемлекеттік-құқықтық шындықты танудың жалпы әдістемесі қалыптасады. Өз кезегінде, мемлекет және құқық теориясы кеңейтілген философиялық жалпылаулар ұшін нақты материалдар береді.

Заң ғылымдар жүйесінде мемлекет пен құқық теориясының орны ерекше. Заң ғылымдары жүйесіндегі мемлекет және құқық теориясының орнын оның тарихи-құқықтық ғылымдармен арақатынасын мысалға ала отырып қарастыруға болады. Мемлекет және құқық теориясы мен тарихи-құқықтық ғылымдарға тән ортақ белгі – олар мемлекет пен құқықты зерттейді. Ал айырмашылықтары мынада – тарихи-құқықтық ғылымдар мемлекеттік-құқықтық құбылыстардың даму үдерісін хронологиялық тәртіпте зерттесе, мемлекет және құқық теориясы бұл үдерістерге жалпы сипаттама береді, мемлекет пен құқықтың мәнін, олардың қызмет ету заңдылықтарын және т.б. зерттейді.

Салалық заң ғылымдарына қатысты мемлекет және құқық теориясы жалпылаушы сипатты иеленеді, ол мемлекет пен құқықтың пайда болуы, қызмет етуі мен дамуының жалпы заңдылықтарын зерттейді. Ал кез-келген салалық ғылымның пәні қоғамдық қатынастардың тек нақты бір саласымен ғана байланысты болады. Сонымен қатар, мемлекет және құқық теориясы барлық салаларға ортақ мәселелерді зерттейді, яғни, мемлекет және құқық теориясының түсініктері мен институттарының негізінде салалық заң ғылымдарының түсініктері мен институттары қалыптасады.
5 Алғашқы қауымдық құрылыстағы билікке жалпы сипаттама

Қоғамның мемлекеттен бұрын пайда болуының ескере отырып, мемлекеттік-құқықтық құбылыстарды толық түсіну мақсатында алғашқы қауымдық құрылыста болған әлеуметтік билік пен нормаларға сипаттама беруге қажет.



Алғашқы қауымдық құрылысқа тән белгілер:

1) тек қарапайым еңбек құралдарының болуы және адамдардың ру мүшелерінің көмегінсіз өмір сүре алмауы, сондай-ақ тамақпен, киіммен, тұрғын–жаймен қамтамасыз ете алмауы. Сондықтан, бұндай қоғамға артық өнім, жеке меншік, бай мен кедейге бөліну болған жоқ. Экономикалық тұрғыда барлығы тең болды, барлығы бірге тұрып, өндіріс құралдарына қоғамдық меншік болды, өнімдер тең негізде бөлінді.

2) экономикалық теңдік саяси теңдікке негізденді. Тайпа тұрғындарының барлық ер және әйел адамдары тайпаның қызметіне байланысты барлық сұрақтарды шешуге қатысты.

Алғашқы қауымдық құрылыстағы биліктің белгілері:

- билік отбасы қатынастарына негізделді, өйткені, қоғамның ұйымдастырушылық негізінде ру, яғни қан туыстығы бойынша біріккен адамдардан тұрды. Әрбір ру шаруашылық бірлік, өндіріс құралдарының меншік иесі және қоғамдық еңбек үрдісін ұйымдастырушысы ретінде болды.

- билік тікелей қоғамдық болып, алғашқы қауымдық демократияға, өзін-өзі басқару функциясы негізінде қалыптасты;

- билік ру мүшелерінің беделіне, салт-дәстүріне және сыйластыққа негізделді;

- билікті қоғам тұтастай немесе оның өкілдері жүзеге асырылды, яғни билік органы ретінде ру жиналысы, ақсақалдар, әскербасылары болды, олар алғашқы қауымдық құрылыстың маңызды мәселелерін шешті.
6 Алғашқы қауымдық құрылыстағы әлеуметтік нормаларға жалпы сипаттама

Алғашқы қауымдық құрылыстағы әлеуметтік нормалардың ерекшелігі, олар адамдардың өмірінен шығып, ру мен тайпаның әлеуметтік-экономикалық тұтастығын қамтамасыз етті. Алғашқы қауымдық құрылыстағы әлеуметтік нормалар экономиканың дамуын және рудың жалғасымдылығын қамтамасыз етіп, тамақты жинаудың белгілі бір әдісін реттеп, неке отбасы қатынастарын сақтады. Бұл нормалар мононормалар деп аталды, өйткені, сол қоғамда өмір сүрген адамдардың басты мүддесі тірі қалуды білдірді. Бұл мүдде апатқа әртүрлі қауіптерге қарсы тұратын қоғамдағы күшті жинады. Мононормалар әлеуметтік өмірді ұйымдастыру, алғашқы қауымдық мораль және ритуал нормалары ретінде болды. Мысалы, еңбек үрдісіне әйел мен ер, үлкен мен жас адамдар арасында қызметті бөлу, өндірістік әдет, өнегейліктің талабы, алғашқы қауымдық құрылыстағы діннің еркі ретінде қарастырылды.



Алғашқы қауымдық құрылыстағы әлеуметтік нормалардың ерекшелігі:

- ол адамдар арасындағы қатынастарды реттеді (осы арқылы техникалық, физиологиялық нормалардан ерекшеленді);

- әдет түрінде іске асты (ұзақ уақыт ішінде адамдардың бірнеше рет қайталаудың нәтижесінде әдетке айналған, тарихи қалыптасқан мінез-құлық ережелері);

- жазбаша нысанда болмай, көбінесе адамдардың іс-әрекеті және санасынан көрінді;

- олар негізінен әдет арқылы, сондай-ақ, тиісті сендіру және күштеу шаралармен қамтамасыз етілді;

- реттеудің басты тәсілі – тыйым салу болды;

- тайпа мүшелерінің құқықтары мен міндеттері болмады;

- барлық ру және тайпа мүшелерінің еркін білдірді.


7 Мемлекеттің пайда болуының негізі

Мемлекет - қоғам дамуының белгілі бір кезеңінде пайда болған және нақты қоғамдағы саяси жүйедегі биліктің орталық институты болып табылатын саяси құрылым. Мемлекеттің пайда болуы туралы мәселе даулы болып табылады. Себебі, этнография және тарих ғылымдары оның пайда болуы туралы күннен-күнге жаңа мәліметтер беруде. Мемлекеттің пайда болу себептері туралы бірқатар теориялар бар, олардың негізгілері мыналар болып табылады:

- теологиялық(діни) теория;

- шарттық теория;

- күштеу теория;

- органикалық теория;

- психологиялық теория;

- материалисттік теория.

Мұндай теориялардың, көзқарастардың әр алуандығы, келесі мән-жайлар негізделген:

- мемлекет пайда болуына бір қатар факторлар, оның ішінде әлеуметтік-экономикалық, әскери-саяси, табиғи-климаттық, өнегейлік-діни, тарихи-ұлттық, мәдени-рухани, экологиялық-психологиялық және басқа да факторлар әсер етті;

- бұл үрдіске түсінік беретін ойшылдар әртүрлі тарихи кезеңдерден тұрды, әрине, мемлекеттің пайда болуын түсіндіруде әртүрлі адамзаттың білім қорын, ғылыми жетістіктерді пайдаланды;

- ғалымдар мемлекет пайда болу үрдісін түсіндіре отырып, мемлекеттің пайда болуын түсіндіру үшін өз аймақтар ғана алады;

- мемлекеттің пайда болуын түсіндірген авторларыдың көзқарастарына өздерінің философиялық және идеологиялық тұжырымдары әсер ететінін жоққа шығаруға болмайды.

Алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырауы және әртүрлі тарихи жағдайда қалыптасқан, мемлекеттік биліктің өздеріне тән ерекше белгілері бар. Мемлекеттің қалыптасуы ұзақ үрдіс және әртүрлі халықта әртүрлі жолмен жүрді.

Қорыта келгенде, біріншіден, мемлекет - әрқашанда болған жоқ; екіншіден, мемлекет - әлеуметтік институт, қоғамдық дамудың өнімі ретінде пайда болды; үшіншіден, кешенді факторлар жүйесінің әсерінен; төртіншіден, ерекше әлеуметтік басқару, ерекше мінез-құлық ережелеріне қажеттілік туындағанда қоғамның белгілі бір кезеңінде пайда болды.
8 Мемлекет пайда болуының теологиялық теориясы

Мемлекет пайда болуының теологиялық теориясы – көбінесе орта ғасырда дамыды. Оның негізін салушысы Фома Аквинский. Қазіргі кезде теологиялық теория ислам дінінің, католик шіркеуінің өкілдері дамытуда (Маритен, Мерсье және т.б.).

Бұл теория өкілдерінің айтуы бойынша, мемлекет - құдай еркінің өнімі. Осыған орай, мемлекеттік билік – мәңгілік және олар діни ұйымдар мен қызметкерлерге байланысты. Әрбір адам құдайға бағынған сияқты, мемлекетке де бағыну керек. Қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық және адамдардың құқықтық теңсіздігі құдайдың еркіне байланысты және онымен барлығы келісуі керек, жердегі құдайдың билігіне қарсы келмеуі керек. Мемлекеттік билікті тыңдамау, құдайды тыңдамау білдіреді.

Бұл теорияның өкілдері мемлекетті және мемлекет басшысын қасиетті деп жариялау, қоғамдағы тәртіпті, келісімді, руханилықты бекітуге атсалысты және олардың беделін көтерді. Бұл жерде құдай мен мемлекеттік билік арасындағы делдалдарға басты назар аударылды. Өзінің діни мазмұнына қарамастан, бұл теория бірқатар шынайы жағдайларды көрсетеді, нақты айтқанда, алғашқы мемлекеттердің теократиялық нысандарын–абыздар билігін, шіркеудің рөлін, діни және әкімшілік орталықтар арасындағы билік бөлінісін.

Дегенменде, аталмыш теорияның өкілдері мемлекеттің пайда болуына әлеуметтік-экономикалық факторлардың әсерін, мемлекеттік нысанды, құрылымдарды жетілдіру жолын ұсынбайды. Теологиялық теория дәлелдеуге жатпайды, өйткені, ол сенімге негізделген.
9 Мемлекет пайда болуының патриархалдық теориясы

Мемлекет пайда болуының патриархалдық теориясының ең беделді өкілдеріне Аристотель, Фильмер, Михаиловскийді жатқызуға болады.

Бұл теория өкілдерінің айтуы бойынша, адамдар бір-бірімен қарым-қатынас жасауға ұмтылады, отбасын құруға тырысатын ұжымдық субъектілер. Адамдардың бірігуінен отбасы дамиды. Бұл отбасының көбеюі, дамуы соңында мемлекеттің пайда болуына әкеледі.

Осыдан мемлекет басшысының билігі отбасындағы отағасының (әкесі) билігінің жалғасы және ол шексіз болды. Сондықтан да, барлығы отбасы иесіне бағынған сияқты, мемлекет басшысына да бағынуы керек. Оған ешкім қарсы келмеуі керек. Мемлекет басшысы барлық адамдар үшін, қажетті өмір сүру жағдайын жасайды.

Отбасындағы отағасы сияқты, монарх сайланбайды, тағайындалмайды және ауыстырылмайды.

Әрине, мемлекет пен отбасының ұқсастығы болуы мүмкін, өйткені, қазіргі кездегі мемлекеттің құрылымы бірден пайда болмай, қарапайым нысанда дамыды. Сонымен қатар, бұл теория мемлекеттік билікті құрметтеуді, бір мемлекетте барлық адамдар туысқан екендігін айтып өтеді.

Дегенменде осы теорияның өкілдері мемлекеттің пайда болу үрдісін қысқартады да, “отбасы” ұғымын “мемлекет” ұғымына ауыстырады, ал “әке”, “отбасы мүшелері” санатын тиісінше “монарх”, “бағынышты” санаттарымен негізсіз теңестіреді. Сонымен қатар, тарихшылардың айтуы бойынша алғашқы қауымдық құрылыс ыдырағаннан кейін мемлекетпен бірге отбаса да (әлеуметтік институт ретінде) пайда болды.
10 Мемлекет пайда болуының шарттық теориясы

Мемлекет пайда болуының шарттық теориясы ХVІІ-ХVІІІ ғасырларда кеңінен таралған. Оның өкілдеріне Голландияда Гуго Гроций мен Спиноза, Англияда Д.Локк пен Т.Гоббс, Францияда Ж.-Ж.Руссо, Ресейде А.Радищев жатады.

Олардың пікірінше, мемлекет саналы шығармашылықтың өнімі, алғашқы қауымдық құрылыстағы адамдардың келісімге келуі нәтижесінде пайда болды.

Мысалы, А.Радищевтің ойынша, билік халыққа тиесілі, алайда ол мемлекет басшысына берілген және оны халық бақылауы тиіс.



Мемлекет – бұл адамдар арасындағы келісімге негізделген, олардың тиімді бірлестігі. Осыған сәйкес, олар өз бостандығының және өз биліктерінің бір бөлігін мемлекетке береді. Нәтижесінде, басқарушы мен азаматтар арасында құқықтар мен міндеттінің кешені, олардың орындамағаны үшін, жауапкершілік пайда болады.

Мысалы, мемлекеттің заң қабылдау, салықтарды жинау, қылмыскерді жазалауға құқығы бар, бірақ та, өз аумағын адамның құқықтары мен бостандықтарын, меншіктерін қорғауға міндетті. Азаматтардың өз бостандықтары мен міндеттерін қорғауға мемлекет басшысының билікті асыра пайдаланғаны үшін, онымен шарты бұзуға құқығы бар. Сондай-ақ, олар заңдарды сақтауға, салықтарын төлеуге міндетті. Бір жағынан бұл теория мемлекетті танудағы басты қадам, Өйткені мемлекет пен саяси биліктің пайда болуының діни түсініктерін жоққа шығарады. Бұл тұжырымдардың терең демократиялық маңызы бар, жағамсыз басқарушыны биліктен құлатуға халықтың табиғи құқығына кепілдік береді.

Екінші жағынан, бұл теорияның кемшілігі, алғашқы қауымдық құрылыс туралы абстракттілік көзқарастың болуы, яғни, өзінің белгілі бір даму кезеңінде адамдар мен басқарушы арасында келісім керектігін түсінеді. Сондай-ақ, мемлекеттің пайда болуының объективті факторларын (әлеуметтік-экономикалық, әскри-саяси және т.б.) ескермей, субъективті факторларына көп мән берген.
11 Мемлекет пайда болуының күштеу (озбырлық) теориясы

Мемлекет пайда болуының күштеу (озбырлық) теориясы ХІХ ғасырда пайда болы, оның өкілдері Л.Гумплович, К.Каутский, Е.Дюринг.

Олардың айтуынша, мемлекеттің пайда болу себебін экономикалық-қоғамдық шарт, құдай күшінен емес, әскери-саяси фактор - күштеу, яғни, бір тайпа екінші тайпаны басып алудан көрінеді. Басып алған халықты, аймақты басқару үшін, күштеу аппараты қажет. Сол аппараты ретінде мемлекет құрылды.

Аталмыш теория өкілдерінің айтуы бойынша, мемлекет – бұл бір тайпа екінші тайпаны билеу үшін, табиғи жолымен пайда болатын ұйым. Ал бұл күштеу бағыныштыларды өзіне бағындыру экономикалық үстемдіктің пайда болу негізі болып табылады. Соғыстың нәтижесінде тайпалар тапқа, кастаға, сословиеге айналды. Жаулап алушылар өзіне бағындырған адамдарды құлдарға айналдырды.

Демек, мемлекет қоғамның іштей дамуының нәтижесі емес, сыртқы күштің әсерінің нәтижесі.

Бір жағынан, мемлекеттің пайда болуының әскери-саяси факторларын толығымен жоққа шығаруға болмайды. Тарихи тәжірибе көрсеткендей күштеу элементтері көптеген мемлекеттердің пайда болу үрдісінде болды.

Екінші жағынан, бұл үрдісте күштеуді пайдалану деңгейі әртүрлі болды. Сондықтан да, күштеуді мемлекет пайда болуының басқада себептерінің бір ретінде қарастыру қажет. Сонымен қатар, әскери-саяси факторлар кей аймақтарды мемлекет пайда болуының қосымша факторы ретінде қарастырылды.

12 Мемлекет пайда болуының материалистік теориясы

Мемлекет пайда болуының материалистік теориясының өкілдері К.Маркс, Ф.Энгельс, В.И.Ленин. Олар мемлекеттің пайда болуын ең алдымен әлеуметтік-экономикалық факторлармен байланыстырды.

Экономиканың дамуына ең басты септігін тигізген, оның ішінде мемлекеттің пайда болуының басты себебі еңбектің ірі үш (жер өндеуден мал шаруашылығы және қолөнері бөлініп шықты) бөлікке бөлінуі жатады. Бұндай еңбектің бөлінуі еңбек құралдарының дамуымен байланысты. Ал еңбек құралдарының дамуы жоғары өнімділікке әкелді. Артық өнімнің пайда болуы жеке меншіктің пайда болуына негіз болды. Соңында, қоғам бай мен кедей деп екіге бөлінді.

Жеке меншіктің пайда болуының елеулі алғы шарты қоғаммен сәйкес келмейтін, оның мүшелерінің барлығының мүддесін білдірмейтін бұқаралық биліктің бөлініп шығуымен байланысты. Үстем рөл бай адамдарға көшті, олар басқарушыларға айналды. Олар өздерінің экономикалық мүдделерін қорғау үшін жаңа саяси құрылымды, яғни мемлекетті құрды. Мемлекет бай адамдардың еркін іске асырудың құралы ретінде болды.

Осы себептен мемлекет бір таптың екінші тапқа үстемдік етуді сақтау мен қолдау мақсатында пайда болды, сондай-ақ тұтас организм ретінде қоғамның өмір сүруін және қызмет етуін қамтамасыз ету мақсатында да пайда болды.

Дегенмен, аталмыш теорияның өкілдері мемлекеттің пайда болуының экономикалық себептеріне көп көңіл бере отырып, ұлттық, діни, психологиялық, әскери-саяси және өзге де себептерді ескермеген.


13 Мемлекет пайда болуының органикалық теориясы

Мемлекет пайда болуының органикалық теориясы ХІХ ғасырдың екінші ортасында кең тарады. Бұл теорияның өкілдері Г. Спенсер, Вормс, Х. Прейс.

Осы теория өкілдерінің айтуынша, мемлекет бұл тірі организм, оның бөліктері арасындағы қарым – қатынастар организмнің бөліктері арасындағы қарым – қатынастарға ұқсайды, яғни мемлекет - әлеуметтік эволюцияның өнімі және биологиялық эволюцияның бір түрі.

Мемлекет биологиялық организмнің бір түрі ретінде өзінің миы (мемлекет басшысы) және оның шешімдерін орындайтын қолдары (халық) болады.

Табиғи іріктеудің нәтижесінде қоршаған ортаға бейімделген биологиялық организмдер қалады. Сол сияқты әлеуметтік организмдерде күрес пен соғыс барысында мықты мемлекет, үкімет қалыптасады, басқару құрылымы дамиды. Осы себептен мемлекет биологиялық организмге теңестіріледі.

Мемлекеттің пайда болуына әсер еткен биологиялық факторларды жоққа шығаруға болмайды, өйткені адамдар тек әлеуметтік емес, сонымен қатар биологиялық организмдер.

Сондай-ақ, тек биологиялық эволюцияға тән заңдылықтарды әлеуметтік организмдерге қолдануға болмайды. Бірақ та, олар бір-бірімен байланысты болса да, әр түрлі заңдылықтарға бағынады және пайда болу себебі де әртүрлі.
14 Мемлекет пайда болуының психологиялық теориясы

Мемлекет пайда болуының психологиялық теориясының ең көрнекті өкілдері ретінде З. Фрейд, Петрожитский, Тардты айтуға болады. Олар мемлекет пайда болуына адамдардың басқаларды билеуге тырысуы, бағынуға және ұқсауға ұмытылуы сияқты адамның психикасының ерекше қасиеттері әсер етті деп ойлайды.

Аталмыш теорияны жақтаушылар мемлекет пайда болу себебін алғашқы қауымдық құрылыстағы абыздар, көсемдер, бақсылар да болған ерекше қабілетеіліктерімен байланыстырады. Олардың магиялық күші, психологиялық энергиясы алғашқы қауымдық құрылыстағы адам санасының жоғарыда аталған абыздар, көсемдер, бақсыларға бағындыруға жағдай жасайды. Осы абыздардың, көсемдердің, бақсылардың билігінен мемлекет билігі пайда болды.

Бірақ та, әрқашанда билікпен келіспейтін қандай да бір қарсылыққа ұмытылатын адамдар болады. Осындай адамдардың психологиялық бастауларын бір қолда ұстау үшін, мемлекет пайда болды.

Осыдан барып, мемлекет қоғамдағы белгілі бір тұлғалардың бұқара топтың бағыну, тындау қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін және кей адамдардың агрессивті қарсылықтарын басу үшін қажет. Мемлекеттің табиғаты адам санасының заңдылықтарына негізделген психологиялық құбылыс. Осы теория өкілдерінің айтуынша, мемлекет – бұл жауапты шешімдерді қабылдай алатын белсенді адамдар мен осы шешімдерді орындауға ғана қабілетті, бәсенді бұқаралық топ арасындағы психологиялық қарама – қайшылықты шешудің өнімі.

Сөзсіз, адамның қызметі жүзеге асатын психологиялық заңдылықтар барлық әлеуметтік институттарға әсер ететін маңызды фактор және оны жоққа шығаруға болмайды.

Бірақ та, мемлекет пайда болу үрдісінде адамның психологиялық қасиеттері ең басты себептер деп айтуға болмайды. Олар әрқашанда шешуші фактор ретінде бола бермейді және мемлекетті қалыптастырудың бір кезеңі ретінде қарастырылуы керек. Өйткені, адамның психикасы әлеуметтік – экономикалық, әскери – саяси және өзге де сыртқы факторлардың әсерінен қалыптасады.
15 Мемлекеттің пайда болуының ирригациялық теориясы

Мемлекеттің пайда болуының ирригациялық теориясының ең көрнекті өкілі неміс ғалымы Э.Виттфогель болып табылады. Ол мемлекеттің пайда болуы процесін шығыс аграрлық қоғамдарда ирригациялық құрылыстарды жүргізу қажеттілігімен байланыстырады. Бұл құрылыстарды тиімді пайдалану үшін және қалған адамдарды пайдалану үшін шенеуліктердің, мемлекеттік адамдар санының өсуімен ұштасады.

Мемлекет бұндай жағдайда катаң орталықтандырылған саясатты жүргізуге мұқтаж болады, ол жалғыз ғана меншік иесі ретінде болады. Мемлекет басқарады, бөледі, ескереді, бағындырады.

Виттфогелдің айтуы бойынша ирригациялық мәселелер «менеджерлік-бюрократтық таптың», «агроменеджерлік» өркениеттің қалыптасуына әкеледі.

Шынындада қуатты ирригациялық жүйелерді құру және қолдау Месопотамия, Египет, Үндістан, Қытай сияқты алғашқы қала мемлекеттердің аумақтарында болды. Бұл процестердің көптеген басқару-шенеулік топтарының қалыптасуымен байланысты болғанына көз жеткізуге болады.

Сонымен қатар мемлекеттің қалыптасуына географиялық және климаттық факторлардың әсер ету фактісінің даусыз деп санауға болады. Ауыл шаруашылығын жүргізу үшін тиімсіз желерде нақты мемлекеттің режимін деспотиялық басқару насанына әкелді.

Бірақ та осы теория шеңберінде мемлекет пайда болу процестеріннің жекелеген кезеңдерін басты деп көрсетілген. Ирригациялық себептер тек Шығыс өңіріндегі кейбір мемлекеттерге ғана тән болды. Сондықтан да осы теорияның өкілдері әлеуметтік-экономикалық, әскери-саяси, психологиялық және өзге де факторлардың ескермейді.
16 Мемлекет пайда болуының патримоналдық теорясы

Мемлекет пайда болуының патримоналдық теорясы көрнекті өкілі К.А.Галлер. Оның пікірінше мемлекет жер сияқты басқарушының жеке меншігі.патримоналдық теория мемлекеттің пайда болуын жерге жеке меншікпен байланыстырады. Мұндай басқарушылар өздерінің меншік құқығы негізінде аумаққа үстемдік етеді. Осындай жағдайда халық меншік иесі жерінің арендаторы, шенеуліктер басқарушының өкілдері ретінде болады.

«Билік-меншік» ұғымдарының сәйкес келуінде бұл теорияның өкілдері меншіккее көп көңіл бөледі. Осы меншікпен билік ету кейін аумаққа билік етуге таралады, ал бұл өз алдына мемлекеттің пайда болуы негізінде жатыр.

Шынында да мемлекет белгілі бір билеушінің меншігінде болады, өйткені ол осы нақты мемлекеттің аумағының үстіндегі барлығын, оның ішінде мемлекеттік аппаратты билік етеді, пайдаланады және иеленеді.

Бірақ та мемлекеттік институттар пайда болған кезде әрқашанда билеушінің толық меншігінде болған жоқ. Сонымен қатар ол кезеңде жеке меншік құқығымен бірге жерді күштеп иелену де болды. Осы теория шеңберінде мемлекеттің пайда болу процесінде жерге жеке меншік құқығы рөлін жоғарлатып, оған әсер ететін саяси-әскери, діни, этикалық және өзге де факторларды ескермейді.
17 Мемлекет ұғымының әр түрлілігі

Мемлекет – қоғамдық дамудың өнімі. Мемлекет тарихи дамушы құбылыс. Қоғам дамыған сайын, мемлекетте, оның мақсаты, міндетті, құрылымы мен қызметті өзгереді. Осыған сәйкес, мемлекет ұғымы қоғамдық өмірдегі орны және мақсаты туралы көзқарастар да өзгереді. Мемлекет ұғымы туралы мәселе мемлекет сияқты күрделі болып табылады. Әртүрлі тарихи кезеңде ойшылдар мемлекет ұғымына анықтама беруге тырысты. Анықтама берген кезде, олар сол кезеңде болған және қанда да бір нақты мемлекеттің ерекшелігін білдіретін объективтік фактілерді қолданды.

Мысалы, Аристотель мемлекетке келесідей анықтама берді, мемлекет - бұл жақсы дамыған өмірге жету мақсатында көптеген рулар мен адамдардың бірігуі.

Ежелгі гректер мемлекетке келесідей анықтама берген, мемлекет – бұл азаматтардың барлық ақылы мен өнегейлік мүдделерінің шоғырлануы деп айтады. Цицерон да келесідей анықтама береді, мемлекет – бұл адам өмірінің жоғары дамуы емес, ортақ құқықтық бастаулар мен ортақ пайдаға біріккен адамдардың одағы.

Орыс заңгерлерінің мемлекетке анықтама беруіне де назар аударуға болады. Мысалы, Н.М. Каркунов мемлекетті келесідей түсінді, мемлекет – бұл ерікті адамдарды мәжбүрлеп, билеуге бағытталған дербес қоғамдық одақ. Е.Н. Трубецкой болса, мемлекетті тек белгілі бір аумақ көлемінде дербес билейтін адамдардың одағы ретінде түсіндірді. Г.Ф.Шершеневич пен Ф.Ф.Кокошкин мемлекеттің анықтамасын келесідей талқылайды, мемлекет - бұл бір билік астында және бір аумақ көлемінде адамдардың бірігуі. В.М.Хвостов, мемлекетті белгілі бір аумақта тұратын және жоғары билікке мәжбүрлеп немесе дербес бағынатын ерікті адамдардың одағы деп жазды.

Л.Гумпловичте мемлекетке анықтама берген, оның түсінігінше мемлекет - бұл белгілі бір қоғамдық тәртіпті сақтау үшін, табиғи түрде пайда болған билеуші ұйым.

Сонымен, ойшылдардың көбі мемлекетті әлеуметтік тұрғыда түсіндірді. Мемлекет туралы ілімінде мемлекет ұғымына әлеуметтік тұрғыда ғана емес, сонымен қатар, заңи тұрғыда анықтама беруге тырысқан авторлар да бар. Мысалы, Г.Еленик мемлекетті қоғамдық құрылым және ерекше құқықтық құбылыс деп санады. Мемлекетті, ол бостандық пен құқыққа ие заңи субъектінің қасиеттері бар индивидтердің мақсатты түрде бірігуі деп анықтады.

Маркстік-лениндік ғылым мемлекеттің анықтамасын оның таптық табиғаты тұрғысынан түсіндірді. В.И.Лениннің айтуы бойынша, мемлекет – бұл бір таптың екінші тапты езгіде ұстау машинасы, бағынышты таптарды бір таптың қол астында бағынышта ұстау машинасы.

ХХ ғасырдың ортасында заңи әдебиеттердің көбінде мемлекетке көзқарас таптық тұрғыдан түсіндірілді барлық қалған факторлар жоққа шығарылды.

М.С. Строгович пен С.А. Голунскийдің мемлекеттің мәні - ол арнайы мәжбүрлеу аппараттың көмегімен барлық қоғамға өз еркін күштеп беретін үстемдік тап, яғни мемлекет үстем таптың диктатурасы деп жазды.

С.С. Алексеевтің редакциясымен шыққан “Мемлекет және құқық теориясы” атты еңбегінде мемлекетті келесідей түсіндірді, мемлекет - бұл арнайы күштеу аппараты бар және барлық елді тұрғындары үшін міндетті күші бар билікті жүргізетін экономикалық үстем таптың саяси билігінің ерекше ұйымы.

А.В. Малько мен Н.И. Матузовтың мемлекетке берген анықтамасы келесідей, мемлекет - бұл белгілі бір аумақ көлемінде нақты таптық, жалпы адамзаттық, діни, ұлттық және басқа да мүдделерді жүзеге асыратын саяси биліктің ұйымы.

В.Н. Храпонюк болса мемлекетті келесідей түсіндіреді, мемлекет - бұл белгілі бір аумақ көлемінде өз билігін тарататын және бұл үшін арнайы аппараты бар барлығына міндеті нормативтік актілерді шығаратын, мемлекеттік егемендікке ие қоғамының саяси ұйымы.

«Мемлекет» анықтаманың әртүрлілігі ең алдымен мемлекеттің өзі күрделі көп қырлы тарихи өзгермелі құбылыс болуына негізделген. «Мемлекет» анықтамасы мемлекет «не?» деген сұраққа жауап беруі керек.


18 Мемлекеттің белгілері

Мемлекет институт және ұйым ретінде, мемлекетке дейінгі мемлекеттік емес, институттар мен ұйымдардан өзіне тән белгілері арқылы ерекшеленеді. Мемлекеттің белгілерін анықтау және оларды зерттеу әр елдің саясатын терең әрі жан-жақты түсінуге мүмкіндік береді. Мемлекеттің белгілері мыналар:

- бұқаралық биліктің болуы, міндетті түрде мемлекеттің басқару және мәжбүрлеу аппараты болуы тиіс, себебі, бұқаралық билік–бұл шенеуніктер, әскер, полиция, түрме мен басқа да мекемелер;

- аумақтың болуы, мемлекет өз аумағында өмір сүруші барлық адамдарды өз билігімен және қорғау арқылы біріктіреді;

- салық жинау, олар мемлекеттік аппараттың өмір сүруін қамтамасыз ету үшін қажет;

- қоғамдық өмірді құқықтық бастаулар негізінде ұйымдастыруы, мемлекет құқықсыз өмір сүре алмайды, себебі, құқық мемлекеттік билікті заңдастырады.

- өзінің саясатын жүргізу үшін, белгілі бір материалдық қордың болуы (мемлекеттік меншік, бюджет);

- мәжбүрлеу шараларын қолданудың заңдылығына монополия (адамның бас бостандығын айыру, өлім жазасын қолдану);

- барлық қоғам мүддесін ресми түрде өкілдеу;

- мемлекеттік рәміздердің болуы (әнұран, елтаңба, ту);

- оның аумағында тұратын халықпен тұрақты құқықтық байланыс (азаматтық);

- егемендік – бұл өзінің ішіндегі басқа да биліктерге қарағанда үстемдігін және халықаралық аренада тәуелсіздігін білдіретін мемлекеттік биліктің ерекше қасиеті.


19 Мемлекеттің мәні

Мемлекеттің мәнін түсіну мемлекет және құқық теориясының негізгі міндеттерінің бірі болып табылады. Мән – функциялық санап ретінде қандай да бір құбылыстың бастысы, негізгісі деген мағынаны білдіреді. Ал мемлекеттің мәні, оның мазмұнын әлеуметтік мақсатын және қызметін айқындайды. Мемлекеттің табиғаты мен мәнін терең және жан-жақты түсінбей, оны билікті, білімді басқаруға болмайды. Мемлекеттің мәнін бұл түсініктің кең және тар мағынасында анықтауға болады.



Кең мағынада мемлекеттің әлеуметтік мәнін биліктік-саяси ұйымдасқан қоғам, құқықтық заңдарға бағынған көптеген адамдар бірлестігі ретінде анықтауға болады. Мұндай бірлестіктердің тұтастығы сәйкес мемлекеттік-құқықтық институттар мен қатынастарда көрініс тапқан бұқаралық-биліктік құрылымдар негізінде қалыптасады.

Тар мағынада мемлекеттің әлеуметтік табиғатын қоғамнан бөлектенген, жекелеген таптар мен әлеуметтік топтардың да, қоғамның да мүддесін білдіруші әрі қорғаушы басқару аппараты, бұқаралық биліктің әртүрлі мекемелерінің жүйесі ретінде анықтайды.

Мемлекеттің мәнін қарастырғанда екі саланы ескеру қажет:

- мемлекеттің формальді жағы, яғни кез-келген мемлекет - бұл саяси биліктің ұйымы;

- мемлекеттің мазмұнды жағы, яғни бұл ұйым кімнің мүддесін қорғайды?

Мемлекет мәніне талдау жасауда тек формальді жағына тоқталатын болса, онда құл иеленуші және қазіргі кездегі мемлекеттер өзінің мәні бойынша ұқсас болатын еді. Мемлекет мәніндегі ең бастысы – мазмұндық жағы. Басқаша айтқанда, саяси биліктің ұйымы ең алдымен кімнің мүддесін жүзеге асырады, өз саясатында қандай құндылықтарды басшылыққа алады. Осыған сәйкес мемлекет мәнін түсіндірудің таптық, жалпы адамзаттық, діни, ұлттық, нәсілдік бағыттары болды.

Мемлекеттің мәнін түсіндірудің таптық бағытқа сәйкес, мемлекет – бұл экономикалық үстем таптың саяси билігінің ұйымы. Бұл бағытта мемлекет тар мағынада қолданылады, яғни үстем таптың, топтың мүдделерін қанағаттандырудың құралы ретінде болды. Бұл жағдайда қандай да бір таптың мүддесін ең бірінші болып, қанағаттандыру басқа да таптың қарсылығын туындатуы мүмкін. Осы қарсылықты күштеу диктатура үстемдік көмегімен жоюға болады.

Жалпы адамзаттық бағытқа сәйкес, мемлекет - әр түрлі таптар мен әлеуметтік топтардың мүдделерінің келесімділігі үшін, жағдай жасайтын саяси биліктің ұйымы. Бұл бағытта мемлекет кең мағынада қолданылады, яғни қоғамның мүддесін әртүрлі таптар мен топтардың, ел тұрғындарының көпшілігінің сұраныстарын қамтамасыз ететін құрал.

Діни бағытына сәйкес, мемлекет – бұл белгілі бір діннің мүдделерін жүзеге асыруға көмектесетін саяси биліктің ұйымы (Ватикан, Сауд Аравиясы және т. б.).

Ұлттық бағытқа сәйкес, мемлекет – бұл елдің аумағында тұратын басқа да ұлттардың мүдделерін қанағаттандыру арқылы, өз ұлтының мүдделерін жүзеге асуды басшылыққа алатын саяси билігінің ұйымы.

Нәсілдік бағытқа сәйкес, мемлекет – бұл елдің аумағында тұратын басқа да нәсілдердің мүдделерін қанағаттандыру арқылы, белгілі бір нәсілдің мүдделерін жүзеге асырудың басшылыққа алатын саяси билігінің ұйымы.

Сонымен, мемлекеттің мәні саяси билік аппаратының көмегімен қоғамның тұтастығын және қалыпты қызмет етуін қамтамасыз етуден көрінеді.

20 Мемлекеттің типологиясының түсінігі

Типология – бұл бір қатар белгілері бар объектілердің тобы, типі туралы ілім. Типология мемлекет дамуының тарихи үрдісін зерттеудің елеулі әдістері мен тәсілдері.

Мемлекеттің типологиясы – бұл мемлекеттің әлеуметтік мәннің ашуға мүмкіндік беретін, барлық кезеңде болған мемлекеттерді топқа бөлуге бағытталған топтастыру.

Мемлекет типологиясының келесі негізгі бағыттары бар:

- фармациялық бағыт;

- өркениеттік бағыт;

- хронологиялық бағыт.

1) Мемлекетті фармациялық бағыт бойынша топтасырудың негізі әлеуметтік – экономикалық белгілері болып табылады. Аталмыш бағыттың өкілдері К.Маркс, В.Ленин. Формация – бұл өндірістің белгілі бір тәсіліне негізделген қоғамның тарихи типі. Өндірістік күштердің даму деңгейі қоғамның материалдық-техникалық базасын анықтайды, ал өндірістік қатынастар қоғамның экономикалық базисін құрайды. Әр қоғамдық экономикалық фармация өндірістік қатынастардың белгілерімен ерекшеленеді. Формациялық бағыт бойынша мемлекеттер төмендегідей бөлінеді:

- құл иеленушілік мемлекет;

- феодалдық мемлекет;

- буржуазиялық мемлекет;

- социалистік мемлекеттер.

Фармациялық бағыттың артықшылығы:

а) мемлекет дамуының табиғи, тарихи жағдайын, кезеңділігін көрсетеді. Бір типтен екінші типке өту революцияның нәтижесінде жүзеге асатын объективті табиғи, тарихи процесс;

б) мемлекет дамуының әлеуметтік – экономикалық фактордың ескеруі.

Фармациялық бағыттың кемшілігі:

а) мемлекеттің табиғатына әсер ететін рухани (дін, ұлт, мәдениет) факторды ескермеу;

б) бұл бағыт бір сызықты тым бағдарламаландырылған; ал тарих болса, көп нұсқалы және бір кестенің көлемінде жүзеге аспайды.

2) Мемлекеттің өркениеттік бағыт негізінде рухани, діни-мәдени, ұлттық, психологиялық факторлар жатыр. Бұл бағытты жақтаушылар А. Тойнби, П. Сорокин, М.Вебер.

А. Тойнбидің айтуынша, өркениет - бұл діни, этникалық, географиялық және басқа да белгілердің жиынтығымен ерекшеленетін қоғамның тұйық, жабық және локальді күйі. Өз дамуында өркениет бірнеше кезеңдерден өтеді:

І кезең –локальды өркениеттер, олардың әрқайсысының өзара байланысты әлеуметтік институттары, оның ішінде мемлекет те, болады (ежелгіегипеттік, шумерлік, үнділік, эгейлік және т.б. өркениеттер).

ІІ кезең–белгілі бір мемлекет типтерімен байланысты ерекше өркениеттер (үндлік, қытайлық, батыс еуропалық, исламдық және т.б. өркениеттер).

ІІІ кезең– өз мемлекеттілігімен ерекшеленетін қазіргі кезгі өркениеттер, бұл өркениеттер енді-енді қалыптасып келе жатыр, бұларға әлеуметтік-саяси құрылымдардың дәстүрлі және қазіргі кезгі түрлерінің қатар өмір сүруі тән.

Өркениетті бағыт қазіргі кездегі дүниенің тұтастығына идеалды рухани факторлардың басты идеясы негізделген, яғни өркениет жалпы адамзат мәдениетінің белгілі бір даму деңгейін сипаттау үшін қолданылады.

Өркениеттік бағыттың артықшылығы:

а) қандай да бір нақты жағдайда рухани факторлар маңызды деп саналады;

б) рухани белгілердің кеңеюі мемлекет типологиясына негіз болды.

Өркениеттік бағыттың кемшілігі:

а) елдің саясатын айқындайтын әлеуметтік – экономикалық факторларды бағаламау;

б) өркениеттің белгілері ретінде көп елдің идеалды рухани функцияларды атай отыра, мемлекетке емес, қоғамға типология берген.

3) Хронологиялық бағыт бойынша мемлекетті топтастырудың негізі қоғамның тарихи даму болып табылады. Осыған сәйкес, мемлекеттер келесідей бөлінеді:

- ежелгі ғасырдағы мемлекеттер;

- орта ғасыр мемлекеттер;

- жаңа ғасырдағы мемлекеттер;

- қазіргі дәуірдегі мемлекеттер.





жүктеу 2,22 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау