Баяндама Тақырыбы



жүктеу 35,04 Kb.
бет1/3
Дата11.01.2022
өлшемі35,04 Kb.
#32481
  1   2   3
Ресми стиль тарихы


Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжі

Баяндама

Тақырыбы: Қазақ тіліндегі алғашқы іс қағаздарындағы терминдік атаулар

Тексерген: Кайкенова А.М.

Орындаған: Бердібек Н.Б.

Өскемен 2020

Қазақ тіліндегі алғашқы іс қағаздарындағы терминдік атаулар

Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу заман талабына сай жүргізілуі үшін ресми жəне іс қағаздары терминдерінің қалыптасу тарихын, қазіргі тілімізде берілу барысын, жасалу жолдары мен тəсілдерін, қолданылу ерекшеліктерін анықтау қажеттілігін туындатты.

Қазақ іс қағаздары тілінің тарихы сол тілдің иесі болып табылатын халық тарихымен, іс қағаздарын қатынас құралы ретінде қолданған қоғам тарихымен тығыз байланысты екендігі даусыз. Сондықтан қазақ іс қағаздар тілінің тарихын зерттеуде зерттеушілер екі принципті басшылыққа алады. Бірінші принцип — қазақ іс қағаздар тілінің тарихын, оны туғызған, тілдік қатынас ретінде пайдаланған қоғам тарихымен тығыз байланыста, бірлікте қарау принципі. Өйткені тілдің дамуы қоғамның дамуына, оның экономикалық, мəдени өміріндегі өзгерістерге байланысты болады. Екінші принцип — қазақ іс қағаздар тілінің қалыптасу кезеңдерінде кездесіп отыратын түрлі тілдік фактілерді, тілдік ерекшеліктерді қазіргі қазақ тілімен салыстыра қарау принципі. Зерттеушілер қазақ əдеби тіліндегі ресми стильдің қалыптасу кезеңі мен оның түрлері туралы əр түрлі пікірлерді ұстанады. Кейбір тілші-ғалымдардың пікірінше, қазақ қаламгерлері ХVІ ғасырдан ХІХ ғасырдың екінші жартысына дейін қазақтың көне жазба əдеби тілінде ресми іс қағаздарын жазды, өзара хат жазысты. Қазақ тілші-ғалымдарының зерттеулеріне қарағанда, қазақ əдеби тілі тарихында іс қағаздарының алғашқы үлгілері ертерек кезеңде, XVIII ғасырдың II жартысы мен XIX ғасырдың I жартысында, одан кейінгі үлгілері XIX ғасырдың II жартысы мен XX ғасырдың басында пайда болды. Ол — қазақтың хан, сұлтан, старшындарының Орыс империясының əкімшілік орындарына жазған құжаттары мен өзара жазысқан хаттары. XVIII ғасырдың II жартысындағы ресми қағаздар ресей мұрағаттарында сақталған. Олардың тілі мен сөздік құрамы түркі халықтарына ортақ болған (елші, бітім, ғарызнама, мағлұмнама, ағланнама, Тəукенің «Жеті жарғысы» т.б.).

Белгілі ғалым Р.Сыздықованың көрсетуінше, ресми іс қағаздары стилі қазақ тілінде ертеде қалыптаса бастаған, қазақ хан-сұлтандарының орыс əкімшілік орындарымен жазысқан көптеген хаттары, арыздары мен мəлімдемелері XVIII ғасырдан бастап архивтерде сақталған. Солардың кейбірі (1785–1828 жылдары аралығында жазылған қазақтың хан, сұлтан, старшиналарының хаттарын) тарихшы М.П.Вяткиннің «Материалы по истории Казахской ССР» деген кітабында жарияланды. Сонымен бірге архивтер мен кітапханалардың сирек қорында біраз ресми құжаттар үлгілерін табуға болады.

ХVІІІ–ХІХ ғасырларда қолданылған ресми қағаздардың стильдік ерекше белгілеріне Р.Ғ.Сыздықова, біріншіденғизатлу, хурматлу (уважаемый), мархабатлу (милостивый, всемилостивый), сағадатлу (блаженный), биік мартабалу (высокостепенный), ғинайатлу (всеблагий), құдратлу (всемогущий), шафағатлу (милосердный) тəрізді сын есімдерді жатқызады. Екіншіден, бұл құжаттардағы сөздердің басым көпшілігі қазақ тілінікі емес, ортаазиялық əдеби тіл мен татар тілдерінікі деген тұжырым жасайды.

Зерттеушілердің айтуынша, «... қазақша ресми іс қағаздары стилі екі түрлі арнадан сусындады. Оның бірі — сонау көне дəуірлерден бермен қарай үзілмей келе жатқан хан жарлықтары жəне басқа да ресми құжаттар үлгілері. Сонымен қатар ХІХ ғасырда қазақ жерінің Ресей мемлекеті қол астына кіруіне байланысты орыс əкімшілік орындарының бұйрық-жарлықтары, заңдары мен қатынас қағаздары қазақшаға аударылып, қазақ ішіне тарады». Профессор Б.Əбілқасымовтың «XIX ғасырдың екінші жартысындағы қазақ əдеби тілі» деген монографиясының «Ресми іс қағаздары үлгілері жəне олардың тілдік сипаттамасы» деген тарауында баспа бетінде жарияланып, көпшілікке тараған құжаттардың тіл ерекшеліктері жан-жақты қарастырылады. Ғалым əкімшілік орындарының бұйрық-жарлықтарына қатысты материалдарының алғашқылары болып саналатын «1852 жылғы Орынбор шекара комиссиясының жергілікті қазақ əкімдеріне жолдаған қатынас қағазын», «1890 жылдың 29 майында 1071 нөмірлі Далалық генерал- губернатордың қыр облыстарының бастықтарына жолдаған жарлығын» алып, олардың тілдік ерекшеліктерін талдаған. Сонымен қатар бұл еңбегінде «Қазақша заң жинақтары мен ережелері» (1885 жылда шыққан) деген тақырыпшада ресми құжаттың лексикасын, грамматикалық ерекшеліктерін жан-жақты зерттеген. Бұл құжаттың айрықша құндылығы ретінде ғалым құжаттың жазылуына Абай Құнанбаевтың қатысуын атап өтеді. Бұл кезде əкімшілік орындарының түрліше бұйрық-жарлықтары (повеления, приказы, указы) ярлұқ, əмір ярлұқ, фарман түрінде кездеседі, қазақша бұйрық сөзі əлі жоқ. Мұның біріншісі түркі тілдерінде ежелден келе жатқан ярұқ-ярлұқ-жарығ (жеті жарғы) жарлық сөзі де, екіншісі осы мағынаны білдіретін араб сөзі, бұл көбінесе хан, сұлтан, қазылар тарапынан берілетін указ дегенге сай келеді. Фарман сөзі пəрмен түрінде халық тіліне де енсе керек: Патшадан пəрмен болған соң («Қамбар»), бұл сөзді Н.И.Ильминский де сөздігіне (1861) пəрмен — повеление деп енгізген. XIX ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың басында патша үкіметінің жергілікті əкімшіліктерінің жарлық-бұйрықтары мен нұсқау-хаттары, əр түрлі қатынас қағаздары, заңдар мен ережелер сияқты ресми құжаттар қазақ тіліне аударылып, мерзімді баспасөз бетінде жарияланып отырды. Кейбір ережелер (мысалы, 1885 ж. Қарамола съезінде қабылданған Заң ережесінің 1886 ж. қазанда жарық көруі) жеке кітапша болып та басылды. Басылып шыққан ресми құжаттардың басым көпшілігі, сол сияқты қолжазба түрінде сақталған хаттар араб графикасымен жазылған. Бұл жағдай олардың орфографиясында түркі əдеби тіл дəстүрінің толық сақталуын, қазақ тіліне тəн дыбыстық заңдылықтарын еленбеуіне, жарыспалылыққа, яғни қазақша-«түрікше» екі варианттылыққа мүмкіндік берді. Қазақ жазба əдеби тілінің қалыптасу дəуіріндегі ресми қағаздары дəстүрін негізге ала отырып дамыды жəне орыс тіліндегі ресми қағаздары стилінің кейбір элементтерімен толықты.

Р.Сыздықованың айтуынша, «Орта Азия жазба тіл элементтерін молырақ пайдалану — бұл стильді өзгелерден айыратын басты белгі. Мұнда стандарттық күштірек сақталады. Əсіресе бұлардың емлесінде, сөз таңдауында, морфологиялық тұлға-тəсілдерді пайдалануында, тіпті синтаксистік құрылымында да «түркілік» сипат айқын көрінеді». Лексика мен грамматика саласындағы бұл белгілер осы стильді құрайтын нұсқалардың бірінде толық сақталса, бірінде бірен-саран кездеседі. Мұндай ауытқулар аудармашының кім, қай ұлттың (татар, қазақ, башқұрт) өкілі болғандығына, оның білім дəрежесіне, əсіресе саяси-идеялық көзқарасына байланысты болса керек. ХIX ғасырдың II-жартысында жарық көрген қазақша үлгілерде ресми-іс қағаздар стиліне өзіндік ерекшеліктер (кейбір стандарт сөздер мен тұрақты тұлғалар, баяндау формасы мен стилі) қалыптасып, тұрақтала түсті. Осы стиль көлемінде заң, əкімшілік терминдері қалыптаса бастады. Бірақ мұнда терминология саласында да, грамматикалық тұлға-тəсілдерді пайдалануда да нормалау үдерісі əлсіз болды. Сонымен, зерттеушілердің көрсетуінше, «... қазақша ресми іс қағаздары стилі екі түрлі арнадан сусындады. Оның бірі — сонау көне дəуірлерден үзілмей келе жатқан хан жарлықтары жəне де басқа да ресми құжаттар үлгілері. Сонымен қатар XIX ғасырда қазақ жерінің Ресей мемлекетінің қол астына кіруіне байланысты орыс əкімшілік орындарының бұйрық-жарлықтары, заңдары мен қатынас қағаздары қазақшаға аударылып, қазақ ішіне тарады». 19 ғасырдың II-жартысында қазақ тілінде ресми қағаздары стилі (ресми қаулы-қарарлар) біршама дамыды. Оған патша үкіметінің түрлі əкімшілік, заң, əскери орындарының бұйрық- жарлықтары, ереже-нұсқаулары мерзімді баспасөз беттерінде («Түркістан уəлаяты газеті» мен «Дала уəлаяты газетінде») қазақ тіліне аударылып, жариялануы ресми қағаздар тілі мен стилінің одан əрі дамып қалыптасуына ықпал еткені сөзсіз. Газеттердің бетінде жарлық, тіркеу, шағым, фарманнама, хыйсаб, хыйсаб дəптері тəрізді терминдер мен лексикалық топтарды кездестіруге болады.

Қазақ тіліндегі тұңғыш басылымдар болып табылатын «Түркістан уəлəяті газеті» мен «Дала уəлаятының газеті» əскери губернаторлардың бұйрықтарын жариялап тұрған. Алғашқы газеттер тілінен ХІХ ғасырдың II-жартысында қазақ тілінің қоғамның барлық жағын суреттей алатын тұрақты сөздік қорының болғаны байқалады. Бұл кезде əлеуметтік-саяси ұғымдарды атайтын сөз топтары қалыптасты. Олардың біразы терминдік сипатқа ие болды. Ол үшін байырғы сөздерге жұрнақ жалғап жаңа сөз жасау тəсілі қолданылған.

Мысалы: сол кезде патша əкімшілігінің приказраспоряжение деген қағаз атауларын қазақша беру үшін бұрынғы бұйрық жəне жарлық сөздерін жаңа мағына үстеп, оларды əкімшілік терминіне көтерген. Зерттеуші Б.Əбілқасымовтың айтуына қарағанда, «ТУГ» бұл ұғымның екеуін де бұйрық сөзімен білдірген. Ал «Дала уəлаяты газетінің» алғашқы жылдағы нөмірлерінде орыс тіліндегі приказраспоряжение деген сөздер қазақ тіліне бір ғана араб сөзімен фарманнама деп аударылса, кейін бұл сөздің орнына қазақтың өз сөздерін пайдаланып, приказды — бұйрықраспоряжениені жарлық деп дифференциялап аударатын болған. Сол сияқты орыстағы волость сөзі көп уақыт газетте ел деп аударылып беріліп келген, тек 1900 жылдардан былай қарай болыс сөзімен ауыстырылған, ал ел бұдан кең ұғымды қамтитын сөз ретінде (мысалы, қазақ елі) қолданылатын болған. Ал, «Түркістан уəлаятының газетінде» приказраспоряжениенің екеуі де бұйрық сөзімен, волость сөзі болұс түрінде берілген. Негізгі сөздік қорға жататын кейбір сөздердің газет материалдарында берген мағынасы қазіргі əдеби тіліміздегі мағынасымен бірдей емес. Мəселен, қауым деген сөз газетте қазіргі тіліміздегі қоғам дегеннің орнына (орыс тіліндегі общество деген сөздің баламасы ретінде) қолданылған. Қазнаны һəм жер шаруасын басқаратын министерстволар хабар алыбды, Түркістанның шаруа қауымы һəм императорски русски технишески бөлменің қауымы Ташкент шаһарында шаруа һəм өнер іс турасынан бистафка ашады деген («Дала уəлəяты газеті». — 1896. — № 49). Мұндағы шаруа қауымы орысшадағы общество сельского хозяйстватехнически бөлменің қауымы — отделение технического общества дегеннің орнына қолданылып тұр. Соңғысында сөздердің орын ауыстырудан тіркестің мағынасы бұзылып тұр. Қауым сөзінің обществоның орнына қолданылуы. Сондай-ақ қауым сөзі тағы бір жерде орыстың публичный деген сөзіне балама ретінде қолданылған: публичная библиотека — көп қауымға тиісті кітабхана («Дала уəлаятының газеті». — 1896. — № 3). Қазіргі əдеби тілімізде қауымның жоғарыдағы мағыналарын қоғам, көпшілік деген сөздер береді де, ол қауымның мағынасы ол кездегіден едəуір тарылып, белгілі бір стильде ғана бұқара, көпшілік деген мағыналарда қолданылып жүр. Бұл дəуірдегі баспасөзден біз сот істерімен байланысты қалыптаса бастаған заң терминдерін көптеп кездестіруге болады. Ең бастысы, юриспруденциямен байланысты лексикада қазақтың бұрыннан қолданылып келе жатқан сөздерінің термин ретінде көбірек пайдаланылуы назар аудартады. Оның себебі ол кезде біраз уақыт азаматтың соттармен қатар дəстүрлі билер сотының қатар өмір сүруінде болуы керек. Сондықтан билер сотында қалыптасқан терминдер азаматтық сот істерінде де кеңінен қолданылған, мысалы: қуғыншы, жоқшы, жауапкер, жазакер, қорғаушы, куəгер, жаза, билік.

20 ғасырдың басындағы іс қағаздары, негізінен, аударма материалдар болып келеді. Бұл кездегі іс қағаздары стилі XIX ғасырдың II-жартысына қарағанда дамып жетіле түсті. Дегенмен, Б.Əбілқасымовтың көрсетуінше, «XX ғасырдың бас кезіндегі қазақша іс қағаздарының тілінде көне түркі əдеби тілдік дəстүрлі грамматикалық формалар мен сөз өрнектері көп уақыт бойы сақталып келді. Олар уақыт озған сайын, қазақ арасынан шыққан оқыған интеллигенттердің саны көбеюімен байланысты өзгеріске ұшырап, ондағы өзге тілдік элементтер халықтық формалармен алмастырыла бастады».

ХХ ғасырдың басындағы ресми іс қағаздары тілінің лексикалық ерекшеліктері — олардың мəтіндерінен араб-парсы сөздері, көне түркі тілінің жəне орыс тілінің элементтері, диалектизмдер, қазіргі тілде айтылмайтын терминдік атаулар, татар, түркі тілдерінің элементтерінің кездесуі болып табылады. Бұл кездегі əдеби тілде лексикалық жарыспалылық (варианттылық) орын алған (низам/заң/закон; мерзім/уақыт/мезгіл/срок; бап/статья; шығын/расход; айып/штраф; жоба/проект) т.б. Қазан төңкерісінен кейінгі жылдар — қазақ əдеби тілінің функционалдық стильдерінің жеке- жеке қалыптасып, сараланып, дами бастаған кезеңі. Бұл дəуірде əдеби тіліміздің лексикасы, төңкерістен бұрынғы күйімен салыстырғанда, жан-жақты толығып, жетіле түскені сөзсіз.

Дегенмен, бұл кезеңдегі ресми стильдің тіліне тəн құбылыс — бір мағынаны, ұғымды атау үшін бірнеше синонимдердің, вариант сөздердің қолданылуы болды: арыз//өтініш; хабарландыру// құлақтандыру; жоспар// план; баға// бəс т.б.

Қазан төңкерісінен кейін, 1920 жылғы 4 қазанда, ҚазАССР-інің құрылуына байланысты, Қазақстан дербестік алып, мəдениеті мен əдебиетінің дамуына жол ашылды. 1921 жылғы ақпанның 2- сіндегі «Республиканың мемлекеттік мекемелерінде орыс, қазақ тілдерін қолдану туралы» № 19 декреті бойынша қазақ тілі орыс тілінің шылауына тіркелді (ҚырАССР Орталық Атқару комитеті, халық Комиссарлар Кеңесі Декретінің № 1 жинағы, 174–175-б.).


жүктеу 35,04 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау