Мектептегі қорларды тиімді пайдалану Елдік шолуы



жүктеу 4,1 Mb.
Pdf просмотр
бет36/100
Дата26.12.2019
өлшемі4,1 Mb.
#24975
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   100

2. МЕКТЕПТЕРДЕ ҚОРЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУДЫ БАСҚАРУ 
«МЕКТЕПТЕГІ ҚОРЛАРДЫ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ» ЕЛДІК ШОЛУЫ: ҚАЗАҚСТАН 2015 © ЭЫДҰ ЖӘНЕ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК БАНК, 2015 
Дүниежүзілік банк (2010), Нәтижелер, нәтижеге бағдарланған бюджеттендіру  және 
мемлекетке сенім, Дүниежүзілік банк, Вашингтон, Колумбия округі. 
Дүниежүзілік банк (2012), Дүниежүзілік банк – Қазақстан: Бірлескен бағдарламаларға қысқаша 
шолу, 2012 жылғы сәуір, Дүниежүзілік банк, Вашингтон, Колумбия округі. 
Шваневич П. (2006). Жергілікті өзін-өзі басқаруды ұйымдастыру мен қаржыландыру: Польша, 
Шах А. Дамушы елдердегі жергілікті өзін-өзі басқару, 303-346 бет, Дүниежүзілік Банк 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


«Мектептегі қорларды тиімді пайдалану» Елдік шолуы: Қазақстан 2015 
© ЭЫДҰ және Дүниежүзілік банк, 2015 
 
 
 
 
 
 
 
 
3-БӨЛІМ  
ҚОРЛАРДЫ БӨЛУ 
Қазіргі  уақытта  аудандық  деңгейде  мектептер  бойынша  ресурстарды  бөлу  мемлекеттік  нормативтік 
құжаттар  ескерілетін  дискрециялық  және  өсу  модельдері  жолымен  шешіледі.  Осы  модель  қазір 
эксперименттік  режимде  өтіп  жатқан  жан  басылық  қаржыландырудың  жаңа  моделін  жоспарланған 
енгізумен  бірге  жүргізілуде.  Ол  мектептерді  қаржыландырудың  анағұрлым  тиімді  және  тең  моделіне 
баратын  жолдағы  маңызды  қадам  болып  табылады.  Дегенмен,  мектептерді  қаржыландырудың  жаңа 
моделі  егжей-тегжейлі  талданған  жоқ,  ол  бұдан  әрі  әзірлеуді  талап  етеді  және  оны  жүзеге  асыру 
мерзімдері  жеткіліксіз.  Мектеп  желісінің  ерекшелігі  міндетті  мектеп  біліміне  жалпыға  ортақ 
қолжетімділікті қамтамасыз ету бойынша қатаң саясат нәтижесінде пайда болған үлкен географиялық 
қамту болып табылады. Мектеп желісі ауылды және шалғай аудандарда білім беру қызметін қамтамасыз 
етуге  арналған  экономикалық  тиімді  нұсқа  болып  табылмайтын,  шағын  жинақталған    мектептердің 
үлкен  санынан  тұрады.  Бұдан  басқа,  әдетте  шағын  жинақталған    мектептерде  оқушылар  оқытудың 
жеткілікті  жақсы  жағдайларына  ие  емес.  Кадрлар,  оқушы-мұғалім  ағымдағы  арақатынасы  мәселесін 
қарастыра  отырып,  жүйедегі  бірқатар  мұғалімдердың  артықтық  болуы  мүмкін  деген  қорытынды 
жасауға болады. Негізгі еңбекақысы оқу жүктемесімен (ставка жүйесі) байланысты болатын мұғалімнің 
еңбек  қызметінің  тұжырымдамасы  алаңдаушылық  көзі  болып  табылады,  себебі  осы    жүйе  мұғалім 
оқытудан  басқа  орындайтын  көптеген  мңіндеттерді  ескермейді  және  оның  мектеп  шараларына 
қатысуын төмендетеді. Мұғалімдердің кәсіптілігінің төмендеуінің басқа аспектісі педагогикалық қызмет 
стандарттарының  жоқтығы  болып  табылады.  Бұдан  басқа,  ресурстарды  бөлу  кейбір  деңгейде 
шектелген, себебі оқушылардың немесе мектептердің нақты қажеттіліктері ескеріледі. Инклюзивті білім 
түсінігі  мүмкіндіктері  шектеулі  және    әлеуметтік-экономикалық  жағдайлары  өте  төмен  балаларға 
бағытталған, демек, оқушылардың салыстырмалы түрде аз саны қосымша қолдау алуға құқылы. Мысалы, 
үлгерімдері төмен оқушыларды қолдауға арналған жүйелік саясат жоқ. Оған қарағанда үздік оқушыларға 
аса көп көңіл бөлінеді.  Бұдан басқа, қазақстандық мектептер мүмкіндіктері шектеулі балаларға қызмет 
көрсету  бойынша  аз  ғана  жетістіктерге  қол  жеткізгні  көрінеді.  Соңғы  жылдары  Қазақстан  Үкіметі 
мектеп  инфрақұрылымын  жаңғырту  бойынша  едәуір  жұмыс  атқарғанын  атап  өту  қажет.  Бұл 
жаңғыртуды қажет ететін көптеген ғимараттардың пайда болуына алып келген, мектептерді ұстаудың 
алдыңғы ұзақ мерзімгі толық қаржыландырылмауына жауапты шара болып табылады


3. ҚОРЛАРДЫ БӨЛУ 
 
«МЕКТЕПТЕГІ ҚОРЛАРДЫ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ» ЕЛДІК ШОЛУЫ: ҚАЗАҚСТАН 2015 © ЭЫДҰ ЖӘНЕ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК БАНК, 2015 
 
Осы  бөлімде  мектеп  жүйесіндегі  қаражатты  тиімді  бөлу  мәселесі  қарастырылады.   
Қаражатты әртүрлі әкімшілік деңгейлер (мысалы, орталық, өңірлік және жергілікті), ресурстардың 
түрлері  (мысалы,  адами  және  материалдық-техникалық  ресурстар)  және  жекелеген  мектептер 
(мысалы,  қаржыландыру  формуласы  және  арнайы  нысаналы  бағдарламалар  арқылы)  арасында 
бөлу  қаралған.  Бұдан  басқа,  мұнда  мектеп  ғимараттарын  ұстауға  арналған  қаражатты  бөлу 
(мысалы,  мектептерді  салу),  педагог  кадрларды  ұйымдастыру  (мысалы,  мұғалімдердің  саны, 
мұғалімдерді  даярлау),  басқарушы  кадрларды  (мысалы,  мектептер  басшыларының  саны  және 
мінездемелері)  және  оқушылардың  белгілі  бір  топтарына  бағыталған  ресурстарды  ұйымдастыру 
(мысалы, ерекше қажеттіліктері бар оқушылар) мәселелері де қаралады.  
Мәнмәтін және ерекшеліктер 
Ресурстарды түрлері бойынша бөлу  
Қазақстандағы  білім  беру  инфрақұрылымына  жұмсалатын  жалпы  мемлекеттік  және  жеке 
шығындар  ЭЫДҰ  елдерімен  салыстырғанда  төмен.  2011  жылы  бір  жылдан  артық  мерзімге 
есептелген  (мысалы,  ғимараттардың  құрылысын  салу,  жаңғырту  немесе  күрелі  жөндеу,  жаңа 
жабдық сатып алу немесе ескісін ауыстыру) Қазақсактивтерге жұмсалатын шығындарды білдіртін 
Қазақстанның күрделі шығындары ЭЫДҰ елдеріндегі 7,7% және 7,1% пайызбен салыстырғанда, 
бастауыш  білімге  арналған  шығындардың  2,5%-ын  және  орта  білімге  арналған  шығындардың 
3,6%-ын құраған (3.1-суретті қараңыз) (ЭЫДҰ, 2014а). 
3.1-
сурет Қазақстандағы және ЭЫДҰ елдеріндегі білім берудің күрделі және ағымдағы шығындары
2011 ж. 
Ескерту: Қазақстан бойынша деректер бастауыш және негізгі орта білімді қамтиды, ал ЭЫДҰ бойынша деректер бастауыш 
және орта білімнің екі деңгейін қамтиды. 
Дереккөз:  ЮНЕСКО  және  ЭЫДҰ  статистика  институты  (2014a),  Білімге  деген  көзқарас  2014,  OECD  Indicators
http://dx.doi.org/10.1787/eag-2014-en
.  


жүктеу 4,1 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   100




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау