2. МЕКТЕПТЕРДЕ ҚОРЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУДЫ БАСҚАРУ
«МЕКТЕПТЕГІ ҚОРЛАРДЫ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ» ЕЛДІК ШОЛУЫ: ҚАЗАҚСТАН 2015 © ЭЫДҰ ЖӘНЕ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК БАНК, 2015
Білімге мемлекеттік инвестицияларды ұлғайту мемлекеттік қаражатты пайдалану тиімділігін
арттырумен бірге жүруі тиіс. Тиімділікті жақсартатын шаралардың арасында – білім беру
жүйесінің сапасы саласында әділдікті және мақсаттарға жетуді қамтамасыз ету үшін өнімділік
мониторингін нығайту және жауапкершілікті күшейту. Білім беру жүйесінде ресурстарды
пайдаланудың сенімді мониторингі білімге шығындарды жоспарланған ұлғайту үшін қажетті шарт
болып табылады. ҚР БҒМ үшін сыртқы сарапшылардан, мысалы, университеттерден, орнатылған
ҮЕҰ немесе халықаралық сарапшылардан мониторинг туралы тәуелсіз есептерге тапсырыс беру
де пайдалы болады. Реформаларды іске асыратын адамдар қамтамасыз ететін мониторингке сену
жеткіліксіз (5-бөлімді қараңыз). Тиімділік мектеп желісін ұйымдастыру (ауылды жердегі кейбір
консолидацияны қоса алғанда) (3-бөлімді қараңыз), дэарынды балаларға көңіл бөлуді азайту
(3-бөлімді қараңыз) және адами ресурстарды басқару (жергілікті деңгейде дербестіктің көбірек
қажеттілігі және ставка жүйесінің мәселесі) (3-бөлімді қараңыз) сияқты бағыттарда арттырылуы
мүмкін. Тағы бір маңызды аспект осы өзгерісті жылдамдатуда. Бюджет пакеті жүйенің жаңа
бағдарламалар мен тәсілдерді қабылдау әлеуетін ұлғайтумен бірге баяу ұлғайтылуы тиіс. Бұл баяу
процесс Министрлік үшін мониторинг жүйесі берген алынған сабақтар бойынша процесті түзету
бойынша уақыт береді.
Жергілікті атқарушы органдар мен мектептердің дербестігін біртіндеп арттыру
Мектептердің дербестігі соңғы елу жыл ішінде халықаралық білім беру және ғылыми-зерттеу
ортасында қызу пікірталастар мәні болды. Дербестік, тиімділік және әділдік арасындағы байланыс
күрделі сипатқа ие. 1980-жылдардан бастап, ЭЫДҰ-ныңң бірнеше елінде мектеп жүйелерін
реформалау нәтижесінде мектептер тиімділігін арттыру мақсатында одан да артық дербестік ала
бастады. Вуссманн (2003) айтқандай, процестерге қатысты шешімдерді қабылдау мен кадрларды
басқарудағы мектеп дербестігі оқушылардың қорытындыларымен тура пропорционалды болған
уақытта, мектеп бюджетінің стандарттары мен көлемдерін белгілеу саласындағы мектептер
дербестігі оқушылардың қорытындыларымен кері пропорционалды байланысқа ие. Бұл мектептегі
білім беру жүйесі ресурстардың деңгейлері мен тиімділік стандарттарына сыртқы бақылауды
қамтамасыз етуі, бірақ мектеп деңгейіндегі білімдер лайықты болатын процестерге қатысты
салаларда, мысалы, ұжымды басқаруда, мектептерге дербестік берулері тиіс екенін білдіреді.
PISA-2012 зерттеулерінде мектептер оқытудың мазмұны мен оқушыларды бағалау жүйесіне
қатысты дербестіктің анағұрлым жоғары дәрежесіне ие болған елдерде оқушылар, әдетте,
анағұрлым жоғары нәтижелер көрсеткен (ЭЫДҰ, 2013a). Алайда, дербестік дамушы елдер мен
нәтижелері төмен елдердегі оқушылардың жетістіктерімен теріс байланысты болатын (Ханушек
және басқалары, 2013).
Осы ғылыми зерттеулердің нәтижелері Қазақстандағы мектептердің қалай жұмыс істейтінін
жақсы түсіну үшін жергілікті сарапшыларды тарта отырып толық талдануы тиіс. Екі сабақ айқын
бола бастағаны анық. Бірінші сабақ жергілікті дербестікті ойлай отырып, Қазақстан
реформаторлары дербестіктің қандай салалары мектептер мен олардың басшыларында болуы тиіс,
қандай салаларда жауапкершілік аудандарға жүктелуі тиіс және қандай салалар орталық деңгейде
қалуы тиіс екенін мұқият талдауы қажет екенінде. Екінші сабақ дербестікті ұсыну өзекті және
мақсаттандырылған мониторингпен, әсіресе нәтижелер мониторингімен әрқашан байланысты
болуы тиіс екенінде.
Қазақстан олар білім беруде жақсартуларға жәрдемдесе алуы үшін, мектептер мен
мемлекеттік басқарудың төменгі тұрған деңгейлерінің дербестігін біртіндеп арттыру
мүмкіндіктерін зерттей алуы мүмкін. Кейбір шешімдерді ресурстардың анағұрлым оңтайлы
бөлінуін қамтамасыз ету үшін өз мектептерінің қажеттіліктерін жақсырақ білетін мектеп
директорлары мен жергілікті билік органдары деңгейінде қабылдаған дұрыс.
Қазақстанда дербестікті арттыру тек нормалардың қазіргі жүйесінің әлсіреуі арқылы ғана
болуы мүмкін. Оған, егер өте абайлап әрекет етсе, қол жеткізуге болады, себебі нормативтік
құжаттар қазіргі білімнің беру жүйесінің негізін құрайды және кез келген өзгерістер белгісіздікке
әкелуі және мектептерде шиеленіс жағдайды тудыруы мүмкін. Мектептер мен аудандарда
дербестікті арттыру қала мен ауыл арасындағы ерекшелікті қоса алғанда, елдің әр түрлі
бөліктерінде мектептер арасындағы және жергілікті атқарушы органдар арасындағы бар