Мектептегі қорларды тиімді пайдалану Елдік шолуы



жүктеу 4,1 Mb.
Pdf просмотр
бет2/100
Дата26.12.2019
өлшемі4,1 Mb.
#24975
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   100

АЛҒЫСӨЗ 
«МЕКТЕПТЕГІ ҚОРЛАРДЫ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ» ЕЛДІК ШОЛУЫ: ҚАЗАҚСТАН 2015 © ЭЫДҰ ЖӘНЕ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК БАНК, 2015 
Дүниежүзілік  банк  ұйымдастырған  (сапар  бағдарламасын  С  қосымшасынан  қараңыз).  Сапар 
барысында  сарапшылар  53  кездесу  өткізді    (немесе  52  сағат  талқылау),  6  мектепке  барды,                  
268  адамнан  сұхбат  алды.  Сарапшылар  тобы  мемлекеттік  басқарудың  барлық  деңгейлеріндегі 
түрлі тараптармен (республикалық, облыстық және аудандық) талқылау өткізді. Сарапшылар 
республикалық  деңгейде:  Білім  және  ғылым  министрі  Аслан  Сәрінжіповпен;  Қазақстан 
Республикасы Білім және ғылым министрлігінің (бұдан әрі - БҒМ) басқа қызметкерлерімен және 
оның негізгі  ведомстволық  бағынышты  ұйымдарымен  (яғни,  Ұлттық  білім  беру статистикасы 
және  бағалау  орталығы,  АТО  және  Қаржы  орталығы);  Президент  Әкімшілігінің,  Қазақстан 
Республикасы  Экономика  және  бюджеттік  жоспарлау  министрлігінің  (бұдан  әрі  -  ЭБЖМ), 
Қаржы  министрлігінің  (бұдан  әрі  -  ҚМ)  қызметкерлерімен;  және  Парламент  Сенатының 
таңдаулы  өкілдерімен  кездесулер  өткізді.  Облыстық  және  аудандық  деңгейлерде  Астана  және 
Алматы қалаларының білім беру және қаржы органдарымен, Ақмола облысы Аршалы ауданының 
және Алматы облысы Талғар ауданының әкімшілігімен кездесулер өткізілді. Бұдан басқа, сапар 
шеңберінде  Алматы  және  Астана  ғалымдарымен  кездесулер  өткізілді.  Сарапшылар,  сондай-ақ, 
ҚР  БҒМ  және  Дүниежүзілік  банк  ұйымдастырған  «Білім  беру  сапасын  арттыру»  тақырыбы 
бойынша  дөңгелек  үстелге  қатысты.  Сапар  мақсаты  сарапшылар  тобының  білім  беру 
ресурстарын  пайдалану  және  оның  тиімділігін  жақсарту  жөнінде  жан-жақты  ақпарат  және 
пікірлер алуы болып табылды.   
Сарапшылар тобы өз пікірлерімен, тәжірибесімен және білімдерімен бөлісу үшін өздерінің 
тығыз кестелерінен уақыт бөлген көптеген адамдарға үлкен алғысын білдіреді. Кездесулер ашық 
атмосферада  өтті және  көптеген пайдалы  ақпарат  берді.  Сарапшылар сапар  кезінде  Ұлттық 
үйлестіруші  болған  және  сарапшылар  тобының  өтініштері  мен  барлық  сұрақтарына  жауап 
беру  үшін  көп  күш  жұмсаған  Әсем  Сәтмұхамбетоваға  ерекше  алғысын  білдіреді.  Сарапшылар 
тобына  оның  тиімділігі  мен  білімі  өте  жақсы  әсер  қалдырды;  және  біз  осы  жақсы  қарым-
қатынас  үшін  ризашылығымызды  білдереміз.  Сондай-ақ,  біз  Сарапшылар  тобына  көрсеткен 
тамаша  қолдауы  үшін,  оның  командасына,  атап айтқанда  АТО  аналитиктері  Жаннат  Мусина 
мен  Тимур  Бұлдыбаевқа  алғыс  айтамыз.  Сарапшылар  тобы  Ұлттық  үйлестіруші  ретінде  2014 
жылғы  маусымнан  бастап  осы  есепті  дайындау  кезінде  өте  пайдалы  болған  қолдауы  үшін 
Жаннат Мусинаға алғыс айтады. Бұдан басқа, сарапшылар тобы АТО-ның бас аналитигі Ирина 
Бурлак  пен  жетекші  аналитигі  Асылхан  Сүйіндіковке  де  алғысын  білдіреді.  Біздің  Қазақстанда 
болған  кезімізде  көрсетілген  сыпайылық  пен  қонақжайлылық  сарапшылар  тобының  бірлескен 
жұмысын тек пайдалы және нәтижелі ғана  ғана емес, сонымен қатар қызықты да етті.  
Қазақстандағы  мектептердің  ресурстарын  пайдалануды  тиімділігі  бойынша  шолу  ЭЫДҰ 
және  Дүниежүзілік  банктің  жемісті  ынтымақтастығының  нәтижесі  болып  табылады. 
Сарапшылар  тобы   пайдалы  түсініктемелері  мен  ынталандыратын  талқылауларға  қатысқаны 
үшін  ЭЫДҰ  және  Дүниежүзілік  банктегі  әріптестері  мен  тәуелсіз  сарапшыларға  алғыстарын 
білдіреді.  Дүниежүзілік  банктен  Шерезад  Латиф,  Дорсати  Мадани  және  Сухас  Парандекар 
пайдалы  әрі  сындарлы  пікірлер  ұсынды,  Кристиан  Аэдо,  Альберто  Родригез,  Людмила  Бутенко 
және Шебнем  Аккайя  басқарып,  қолдау  көрсетті.  Әлия  Бижановаға  (Дүниежүзілік  банк)  ел 
туралы  консультация  берудегі  баға  жетпес  көмегі  және  сарапшылардың  Қазақстанға  сапары 
кезінде  көмек  көрсеткені  үшін  ерекше  алғыс  білдіреміз.  ЭЫДҰ-дан  Дебора  Нуше  және  Клэйр 
Шьюбридж  кері  байланысты  жүзеге  асыруда  кеңестерімен  көмек  көрсетті,  сондай-ақ  Юрий 
Белфали және Михаэль Давидсон да қолдау көрсетті. Элеонора Морена мен Лиз Закари (ЭЫДҰ 
Хатшылығы) қажетті әкімшілік, редакторлық және техникалық қолдаумен қамтамасыз етті. 
Франческ  Масдеу  (Хауме  Бофилл  Қорының  бағыты  бойынша  жұмыс  істейтін)  де  құнды 
статистикалық  қолдау  көрсетті.  Сондай-ақ,  осы  шолуға  Қазақстанның  қатысуына  бастама 
жасаған  және  зерттеудің  бастапқы  кезеңінде  нұсқаулар  берген  Иан  Уитман  мен  Михайло 
Миловановичке де (ЭЫДҰ бұрынғы сарапшылары) алғыс білдіреміз. 
Осы  баяндамада  талдау  үшін  мүмкіндіктер  жалпы  мектептегі  білім  беру  ресурстарын 
пайдаланумен шектелгенін атап өту қажет (бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім). 
Мектепке  дейінгі  білімге  және  кәсіптік-техникалық/орта  білімге  сілтеме  жасалғанымен,  осы 
шолуда  осы  секторларға  баса  назар  аударылмаған.  Бұдан  басқа,  осы  баяндамада  ұсынылған 
талдау  ЭЫДҰ  сарапшылар  тобы  Қазақстанға  келгенде  2014  жылғы  сәуірдегі  білім  беру 
жүйесінің  жағдайына  қатысты.  Макроэкономикалық  оқиғалар  нәтижесінде  2014  жылдың 


АЛҒЫСӨЗ 
«МЕКТЕПТЕГІ ҚОРЛАРДЫ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ» ЕЛДІК ШОЛУЫ: ҚАЗАҚСТАН 2015 © ЭЫДҰ ЖӘНЕ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК БАНК, 2015 
соңында және 2015 жылдың басында білім беру жүйесі саясатында бірқатар елеулі өзгерістер 
орын  алды.  Оның  есепте  көрсетілгеніне  қарамастан,  осы  өзгерістер  одан  әрі  талдаудың  мәні 
болған жоқ.  
Осы  есеп  бес  бөлімнен  тұрады.  1-бөлімде  Қазақстан  мектептеріндегі  білім  беру  жүйесі,  
негізгі үрдістер мен проблемалар, сондай-ақ соңғы оқиғалар туралы ақпаратты қоса алғандағы 
ұлттық мәнмәтін сипатталады. Осыдан кейін 2-5-бөлімдерде мектептердегі ресурстарды оның 
негізгі  параметрлері:  анағұрлым  күшті  жақтарды,  проблемаларды  анағұрлым  толық 
сипаттаумен,  белгілеумен  және  саясат  жөніндегі    ұсынымдармен    басқару,  бөлу,  пайдалану 
және  менеджмент    бойынша  пайдалану  тиімділігі  талданады.  Ұсынымдар  Қазақстанда  іске 
асырылып жатқан реформаларды және сарапшылармен кездесуге қатысқан тұлғалар арасында 
анық  болған  одан  әрі  жақсартуларға  күшті  бейімділікті  толықтыруға  және  нығайтуға 
арналған.  Ұсыныстарды  қарау  кезінде  Қазақстанның  кешенді  жүйесін  қабылдағанда  барлық 
мәселелермен  қаншалықты  жақсы  таныстырылғанына  және  барлық  мәселелерді  толық 
түсінуіне  қарамастан,  кез  келген  сыртқы  сарапшыларға  кездесетін  қиындықтарды  ескеру 
қажет.  Осы  есеп  үшін  жауапкершіліктің  сарапшылар  тобына  жүктелетіні  анық.  Сонымен 
қатар,  бізге  Қазақстан  бойынша  негізгі  есеп  және  өзге  құжаттар,  сондай-ақ  әртүрлі 
қазақстандық  мамандармен  жүргізілген  көптеген  талқылаулар  да  көп  көмегін  тигізді,  осы 
есептегі қандай да бір қателіктер мен дұрыс түсіндірмеулер үшін жауапкершілік те сарапшылар 
тобына жүктеледі. 
  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


жүктеу 4,1 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   100




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау