2. МЕКТЕПТЕРДЕ ҚОРЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУДЫ БАСҚАРУ
«МЕКТЕПТЕГІ ҚОРЛАРДЫ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ» ЕЛДІК ШОЛУЫ: ҚАЗАҚСТАН 2015 © ЭЫДҰ ЖӘНЕ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК БАНК, 2015
ерекшеліктердің күшеюіне әкеледі. Осыған байланысты, озық тәжірибені тарату, тәуекелдерді
анықтау және нәтижелері жақсармайтын жергілікті басшыларды қолдау бойынша кейбір
тетіктерді енгізу қажет. Осыған қатысты мектептегі бағалау жүйесінде жақсартуларды бекіту
қажет болады (4-бөлімді қараңыз). Бірінші қадам мектептерге және/немесе аудандарға олар ашық
рәсімдер шегінде өз қараулары бойынша бөліп, пайдалана алатын мектеп бюджетінде бос
пайдаланылатын қаражаттың кейбір көлемін ұсыну болуы мүмкін.
Мұндай біржолғы қаражаттар бірінші кезекте енгізілуі мүмкін бюджет облыстары, мысалы,
оқушылардың осал топтары үшін білімде қолдауды арттыру мен жақсарту бойынша мұғалімдік
бағдарламаларды қамтиды. Дәл осылайша, ресурстық орталықтарға олар ШЖМ-ге көрсететін
қызметтер бойынша көбірек дербестікті біртіндеп ұсынуға болады, бұл оларға ШЖМ
оқушыларына берілетін қосымша білім беру саласын кеңейтуге мүмкіндік береді.
Мектепті жақсарту үшін арнайы гранттарды құру және дұрыс қолданылмаған дербестік
академиялық нәтижелердің әлсіреуіне немесе бюджет тәртібінің бұзылуына әкелген жағдайларда
мектеп қызметіне араласу қажет. Араласудың жаңа құралдарының мұндай типісіз ҚР БҒМ
дербестікті арттырудың әлеуетті жағымсыз салдарының тұлғасы алдында күшсіз болып қалуы
мүмкін. Сонымен қатар, осы құралдардың негізсіз қолданылмайтынын кепілдендіру үшін, нақты
рәсімдер мен әрекеттердің ашықтығы қажет.
Білім беру саласындағы саясатты дамытудағы дәлелдеу базасының рөлін күшейту
Қазақстанда фактілер мен қорытындылар аудитін пайдалану мәдениетін, оларды әзірлеу
(саясаттың экономикалық тиімдірек шараларын анықтау үшін) немесе іске асыру кезіндегі
(мектептерде өзгерістерді шынайы іске асыру үшін) реформалар бойынша болашақ бастамалар
үшін негіз ретінде дамыту қажет. Қол жеткізілген жетістіктер мен оларды іске асырудағы пайда
болған қиыншылықтарға қатысты өткен бастамаларға қосымша талдау жүргізу орынды. Толық
талдау ағымдағы басты стратегиялық бастамалар үшін де пайдалы болады. Мектептердің жұмыс
істеуіне жаңа қаржы шараларының әсерін анықтау үшін, бір адам басына қаржыландырудың жаңа
моделіне талдау жүргізу қажет (3-бөлімді қараңыз). Бұл модель ел бойынша енгізілгенге дейін,
оның мектеп қызметіне әсерін талдау қажет. Мұндай талдау мектеп бухгалтерлерінің жұмысын
және жаңа құрылған қамқоршылық кеңестерінің қызметін де қамти алар еді. Пилоттық іске асыру
тәжірибесін бір адам басына қаржыландырудың жаңа жүйесі ел бойынша іске асыру үшін дайын
ба әлде қосымша пилоттық жобаларды өткізу, оны пысықтау немесе түзету қажет пе екенін түсіну
үшін, талқылауларды өткізу үшін пайдалану қажет. Ұқсас түрде, ресурстық орталықтардың
қызметі шағын жинақталған мектептердің оқушылары үшін осы орталықтардың пайдасы,
енгізудегі қиыншылықтар мен жақсартылуға тиіс аспектілер тұрғысынан қайта қаралуы мүмкін
еді.
ЭЫДҰ елдерінде зерттеулердің дәлелді қорытындыларымен, бағдарламаларды бағалаумен
және аудит өткізумен бірге білім беру саласындағы саясатты келісу маңыздылығын өсіп келе
жатқан түсіну бар. Бұл зерттеудің, талдауың және бағалаудың стратегиялық тәсілін, сондай-ақ
нақты деректер негізінде саясат әзірлеуді қолдау мақсатында ақпаратты басқару бойынша
қызметті қамтиды. Саясатты сараптау, саясаттың баламалы нұсқалары бойынша ғылыми
зерттеулер мен олардың мүмкін әсерлерінің негізінде жатқан дәлелдеу базасын тарату, сондай-ақ
реформалардың табыстары мен шығындары туралы ақпарат негізгі мүдделі тұлғалардың қолдау
алуында маңызды рөлге ие. Шынымен де, жекелеген тұлғалар мен топтар, егер олар осы
өзгерістердің себептерін түсініп, реформаларды растайтын дәлелдеу базасын танып, олар ұлттық
стратегияда қандай рөл ойнаулары керек екенін көре алса, олардың өздерінің мүдделерін
қозғамайтын өзгерістерді жақсырақ қабылдайды. Бұл мүдделі тұлғаларды саясат бойынша
консультацияларға одан әрі тарту бойынша күш салудың бөлігі болуы тиіс.
Бюджетаралық трансферттер жүйесін қайта қарау
Қазақстанға мемлекеттік басқару жүйесін күшейту үшін бюджетаралық трансферттер жүйесін
одан әрі реформалау туралы мәселені зерттеу қажет. Бюджетаралық қатынастар құрылымы тек
білім беру секторын ғана (және, сәйкесінше, осы Шолудың мазмұнын ғана емес) қозғамаса да,
2. МЕКТЕПТЕРДЕ ҚОРЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУДЫ БАСҚАРУ
«МЕКТЕПТЕГІ ҚОРЛАРДЫ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ» ЕЛДІК ШОЛУЫ: ҚАЗАҚСТАН 2015 © ЭЫДҰ ЖӘНЕ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК БАНК, 2015
дұрыс жүйе құру білім беру секторы үшін ерекше маңызды, себебі оған жергілікті бюджеттің
үлкен үлесі тиесілі. Міндеттерге қатысты айқындылықты жоғарылату, формула негізінде қаражат
бөлу және салықтық-бюджеттік теңестіруді жақсарту бойынша шаралар қабылдауға болады.
Бюджетаралық трансферттер салық-бюджет саласында бірлескен жауапкершілікке жағдай жасау
үшін, берілген өкілеттіктерге көлем бойынша сәйкес болуы тиіс және олардың әсерін жүйені одан
әрі жетілдіру үшін бағалау қажет. 2.1-ендірме табыс деңгейі орташа деңгейден жоғары елдердегі
бюджетаралық трансферттердің кейбір тәсілдерінің сипаттамасын қамтиды.
Бюджетаралық трансферттерді саяси үйлесімсіздіктердің қаражат бөлуге әсерін төмендету
үшін формула негізінде анықтау қажет. Рента іздеуді шектеудің және саясатты теріс түсінудің ең
көп үміт күттіретін тәсіді негізгі салықтық-бюджеттік ерекшеліктерді көрсететін индикаторлардың
шағын тізбесі бар теңестірудің түсіну үшін жеңіл, қарапайым және ашық формуласын пайдалану
болып табылады (ЭЫДҰ, 2012). Білімге келетін болсақ, трансферттер, басты түрде, оқушылардың
санын көрсететін және оқушылар мен мектептердің нақты қажеттіліктерін ескеретін формулаға
негізделуі тиіс (3-бөлімді қараңыз). Бұдан басқа, ЭЫДҰ-ның бірқатар елдерінде өздерінің ерекше
мүдделерін қорғайтын топтардың әсерін шектейтін әр түрлі шаралар әзірленген (толық ақпарат
бар ЭЫДҰ 2012 қараңыз). Осылай, Дания мен Австралияда саяси келіссөздер үшін мүмкіндіктерді
шектеу және ресурстарды бөлу мәселесіне саяси көзқарас жағынан емес, техникалық жағынан
келу үшін тәуелсіз органдар мен агенттіктер құрылды. Зерттеулер тәуелсіз органдар
министрліктерге қарағанда, саяси әсерге азырақ ұшырайтынын көрсетеді (Хемани, 2007). Ұқсас
түрде, көптеген елдер жергілікті атқарушы органдардың пікірін тек ескеріп қана қоймай, осы
процеске мемлекеттік қызметшілерді, саясаткерлерді және сарапшыларды да тартады. Бұдан
басқа, рента іздеуді төмендетуде кейбір елдерде, мысалы, Норвегияда, бюджеттің жалпы
теңестірілуін және кейін үлестіру формуласы бойынша келіссөздер өткізуді қамтитын екі кезеңді
бюджеттік рәсім сәтті болды.
Салықтық-бюджеттік теңестіруді жақсарту аудандар мен облыстар салық деңгейлері ұқсас
болған кезде ұқсас қызметтерді көрсете алуы үшін өте қажет. Теңестіруші трансферттер
формулаға негізделіп, салықтық-бюджеттік мүмкіндіктерді (яғни, табыстарды алу қабілеті),
сондай-ақ қызметтерді көрсету құнын (мысалы, бағалар индекстері, географиялық ерекшеліктер,
кедейлік) ескеруі тиіс. ЭЫДҰ-ның көптеген елдерінде табыстарды алу мүмкіндіктері бойынша
немесе шығындарға қажеттіліктер бойынша, немесе осы екі параметр бойынша теңестіру тетіктері
бар (ЭЫДҰ, 2012). Салықтық-бюджеттік теңестіру мәні федеративті және біртұтас елдерде, тек
оның кең қолданылуында ғана емес, сонымен бірге оның мақсаттары мен рәсімдері, жиі кезде,
конституцияда белгіленіп, ұлттық салықтық-бюджеттік саясаттың орталық элементін
құрайтынында. ЭЫДҰ-да салықтық-бюджеттік теңестірудің трансферттері орта есеппен ЖІӨ-нің
2,5%-ын, жалпы мемлекеттік шығындардың 5%-ын, бюджетаралық гранттардың 50%-ын құрайды.
Кейбір елдерде, мысалы, Австралияда, Германияда, Швецияда, табыстарды алудағы
айырмашылықтар толығымен жойылды.
Бюджеттік рәсім бойынша міндеттерді мемлекеттік басқарудың әр түрлі деңгейлері арасында
бөлуді түсіндіру ұсынылады. Бұл жергілікті мемлекеттік қаржылар туралы заңнама аудандар мен
облыстардың табыстары мен шығындарын дәл бөлулері тиіс екенін білдіреді. Міндеттерді
нақтылау сондай-ақ аудандардың қаржыландырудың жаңа жүйесіндегі жаңа рөлін анықтайды
және олардың жаңа фугкциялары үшін негіз дайындайды. Сондай-ақ білім беру жүйесінің әр түрлі
функциялары үшін нысаналы мақсаттың әр түрлі құралдары бойынша тиісті және толық
есептілікті қамтамасыз ету үшін, бюджет жіктемесіне есептіліктің нақты санаттарын енгізу
пайдалы болар еді. Бұл Министрлікке ресурстардың жекелеген мектептерге бөлінуін тиісті түрде
қадағалап, пайда болатын теңсіздікті шешуге мүмкіндік береді.
2.1-
ендірме Бюджетаралық трансферттердің кейбір тәсілдері
Аргентинада орта мектептерге қатысты міндеттерді федералды деңгейден провинцияларға беру
федералды салықтар трансферттерінің жүйесімен бірге жүреді. Ұлттық деңгейде орталықсыздандыру
жергілікті билік орындарының қатысуының жақсаруына, мониторингтің нығаюына және оқыту
стандарттарының жетілдірілуіне әкелді. Алайда, тест нәтижелері мемлекеттік әлеуеті күшті бай
провинциялар мен әкімшілік және институционалдық әлеуеті төмен кедей провинциялар арасындағы
Достарыңызбен бөлісу: |