Мектептегі қорларды тиімді пайдалану Елдік шолуы



жүктеу 4,1 Mb.
Pdf просмотр
бет1/100
Дата26.12.2019
өлшемі4,1 Mb.
#24975
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   100


ЭЫДҰ бастапқы басылымда ағылшын тілінде атауы OECD Reviews of School Resources Kazakhstan, ISBN 
978-92-64-24579-2, Organisation for Economic Co-operation and Development (OECD), Paris
Осы аударма ЭЫДҰ келісімімен жарияланған жəне ЭЫДҰ-ның ресми аудармасы болып табылмайды. Бұл 
жұмысты келесі сілтемеде табуға болады http://dx.doi.org/10.1787/9789264245891-en.
Жұмыстың түпнұсқасы OECD iLibrary сайтында жарияланған. Толық ақпарат келесі сілтемеде www.oecd-
ilibrary.org
Мектептегі қорларды тиімді пайдалану 
Елдік шолуы
Қазақстан
Мектептегі қорларды тиімді пайдалану Елдік шолуы
Қазақстан 
ЭЫДҰ мемлекеттерінде мектептегі қорларды тиімді пайдалануға басымдылық беріледі. Мектептегі 
қорларды тиімді пайдалану ЭЫДҰ Елдік шолуында мектептердегі қорларды орта білім беру 
тиімділігін, теңдігін жəне сапасын көтеру үшін басқару, тарату, пайдалану жəне менеджмент сұрақтары 
қарастырылады.  
Шолудың осы шығарылымында қорлардың төрт түрі талданылады: қаржы қорлары, мысалы, 
мектептерді мемлекет тарапынан қаржыландыру; адами қорлар: мұғалімдер, мектеп директорлары, 
білім бөлімі жəне басқармалары қызметкерлері; материалдық-техникалық қорлар: орналасқан жері, 
мектеп ғимараты и оның жабдықтануы, жəне басқа да қорлар – мысалы оқу сағатының көлемі. 
Осы Шолуда басқару органдарына жəне білім алатын қауымдастыққа мерзімді ұсыныстар беріледі. 
Осы жоба аясындағы басылым сериясы елдік есептер мен тақырыптық жинақтардан тұрады.
Мазмұны
1-Бөлім. Қазақстан мектептеріндегі білім беру
2-Бөлім. Мектептерде қорларды пайдалануды басқару
3-Бөлім. Қорларды бөлу
4-Бөлім. Қорларды пайдалану 
5-Бөлім. Қорлардың менеджменті 
Мек
теп
тегі қ
орларды тиім
ді п
айдалу Елдік
 шолуы: Қ
азақ
стан


 
 
 
 
 
«Мектептегі қорларды 
тиімді пайдалану» 
Елдік шолуы 
Қазақстан  
2015 
 
 
Анна Понс, Джереми Аморосо, Ян Херчынски, 
Игорь Хейфец, Марлейн Локхид және 
Пауло Сантьяго 
 


Дереккөзге нұсқауды төмендегідей көрсетіңіз:
 
ЭЫДҰ/Дүниежүзілік банк (2015), Мектептегі қорларды тиімді пайдалану Елдік шолуы: Қазақстан
2015, OECD Publishing, Париж.
 
http://dx.doi.org/10.1787/9789264245891-en
 
 
Осы  аударма  ЭЫДҰ  келісімімен  жарияланған.  Аударма  сапасы  және  оның  түпнұсқа  мәтінімен 
келістілігі  аударма  автор(ларын)ының  ерекше  жауапкершілігі  болып  табылады.  Егер  түпнұсқа 
мәтіні  және  оның  аудармасы  арасында  қандай-да  айырмашылықтар  болса,  тек  еңбектің 
түпнұсқасы жарамды болып танылады. 
Бұл жұмыс ЭЫДҰ Бас хатшысының жауапкершілігі аясында жарияланады. Берілген пікірлер мен 
жарияланымда  келтірілген  дәлелдер  ЭЫДҰ  мен  ЭЫДҰ  мүше  мемлекеттері  үкіметтерінің  ресми 
көзқарастарын көрсетуі міндетті емес. 
Бұл  жарияланым  және  онда  ұсынылған  кез-келген  географиялық  карталар  қандай  да  бір  аумақ 
болмасын  мәртебе  немесе  тәуелсіздік,  халықаралық  шекаралар  мен  бөлу  сызықтарын  анықтау, 
сонымен  қатар,  қандай  да  бір  аумақтарға,  қалаларға  және  аймақтарға  байланысты  сұрақтарына 
қатысты қасақана емес сипатта берілген. 
ЭЫДҰ бастапқы басылымда ағылшын тілінде атауы:  
OECD Reviews of School Resources: Kazakhstan 
© 2015 OECD/The World Bank 
 
© 2015 «Ақпараттық-талдау орталығы» АҚ қазақ тіліндегі баспасы үшін 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Израиль  бойынша  статистикалық  деректер  Изральдің  құзыретті  органдарының  жауапкершілігімен 
ұсынылған.  ЭЫДҰ  бұл  деректерді  пайдалануы  халықаралық  құқық  қағид  аларына  сәйкес  Голан  жотасы, 
Шығыс  Иерусалим  мәртебесі  мен  Батыс  жағалаудағы  израильдік  тұрғындарға  қатысты  біржақты  бейнелеу 
болып табылмайды. 
Фотоның авторы туралы мәліметтер© VLADGRIN/Shutterstock.com.қараңыз. 
ЭЫДҰ жарияланымдарының түзетулерін Интернеттегі www.oecd.org/publishing/corrigenda адресінен табуға болады. 
 
© ЭЫДҰ және Халықаралық қайта құру дәне даму банкі / Дүниежүзілік банк, 2015 ж. 
Осы құжатты жазбаша рұқсатсыз басқа тілдерге аударуға рұқсат етілмейді. Осы мәселе 
бойынша сұрақтарды rights@oecd.org мекенжайына жіберу қажет 


АЛҒЫСӨЗ 
«МЕКТЕПТЕГІ ҚОРЛАРДЫ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ» ЕЛДІК ШОЛУЫ: ҚАЗАҚСТАН 2015 © ЭЫДҰ ЖӘНЕ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК БАНК, 2015 
 
 
 
АЛҒЫСӨЗ  
Осы  ЭЫДҰ  және  Қазақстан  бойынша  Дүниежүзілік  банктің  бірлескен  есебі  ЭЫДҰ-ның 
мектептердегі  ресурстарды  пайдалану  тиімділігін  арттыру  саясаты  жөніндегі  шолуының 
(сондай-ақ  «Мектептердегі  қорларды  пайдалану  тиімділігін  жақсарту  жөніндегі  саясатқа 
шолу»  деп  те  аталады,  толық  ақпарат  алу  үшін  А  қосымшасын  қараңыз)  бір  бөлігі  болып 
табылады.  Бұл  Шолудың  мақсаты  мектептегі  білім  берудің  сапасын,  әділдігі  мен  тиімділігін 
арттыру  үшін  ресурстарды  басқару,  бөлу,  пайдалану  мүмкіндіктерін  және  олардың 
менеджментін  зерттеу  болып  табылады.  «Мектеп  ресурстары»  деген  түсінік  бұл  жерде  кең 
мағынада  пайдаланылады  және  қаржылық  ресурстарды  (мысалы,  білім  беруге  жұмсалатын 
шығындар,  мектеп  бюджеттері),  физикалық  ресурстарды  (мысалы,  мектеп  ғимараттары, 
компьютерлік  жабдық),  адами  ресурстарды  (мысалы,  мұғалімдер,  мектеп  басшылығы)  және 
басқа ресурстарды (мысалы, оқу уақыты) қамтиды.   
Қазақстан  мемлекеттік  шолулар  сериясына  қатысуды  және  сыртқы  сарапшылардың 
тобын  қабылдауды  шешкен  елдердің  бірі  болды.  Сарапшылар  тобының  құрамына:  Анна  Понс 
(ЭЫДҰ  Хатшылығы),  Шолуды  дайындау  жөніндегі  жұмыстарды  үйлестіруші;  Джереми 
Аморосо  (Дүниежүзілік  банк);  Ян  Херчински  (Білім  беру  саласындағы  зерттеу  институты, 
Польша);  Игорь  Хейфец  (Дүниежүзілік  банк);  Марлейн  Локхид  (Принстонский  университеті, 
АҚШ);  Пауло  Сантьяго  (ЭЫДҰ  Хатшылығы)  кірді.  Бұл  жарияланым  Шолуды  дайындау 
жөніндегі сарапшылар тобының есебі болып табылады. Ол Қазақстанның мектептегі білім беру 
жүйесінің  негізгі  мәселелері,  ағымдағы  стратегиялық  бастамалар,  болашақтағы  ықтимал 
тәсілдер  бойынша,  халықаралық  тұрғыдан  берілген  тәуелсіз  талдауды  қамтиды.  Есептің  үш 
мақсаты бар: (1) Қазақстандық уәкілетті білім беру органдарына ақпарат пен ұсынымдар беру; 
(2) ЭЫДҰ елдеріне Қазақстандық тәсілді түсіндіру; (3) ЭЫДҰ-ның мектептердегі ресурстарды 
пайдалану тиімділігін шолу жөніндегі соңғы салыстыру есебін дайындау үшін ақпарат беру.  
ЭЫДҰ  шолу  жөніндегі  сарапшылар  тобы  Қазақстан  Республикасы  Білім  және  ғылым 
министрі  А.Б.  Сәрінжіповке  және  Министрліктің  аппаратына,  «Ақпараттық-талдау 
орталығы»  АҚ  (бұдан  әрі  -  АТО)  президенті  С.А.  Ирсалиевке,  АТО  вице-президенті  Е.Н. 
Шулановқа,  сондай-ақ  олардың  қызметкерлеріне  қолдау  көрсеткені  үшін  алғыс  білдіреді. 
Қазақстанның  ЭЫДҰ  шолуын  дайындауға  қатысуын  үйлестіруге  сол  кезде  АТО  орта  білімді 
дамыту  департаментінің  директоры  қызметін  атқарған  Әсем  Сәтмұхамбетова;  2013  жылғы 
қыркүйектен  бастап  2014  жылғы  мамырға  дейін  және  2014  жылғы  маусымнан  бастап  АТО 
жетекші аналитигі Жаннат Мусина жауапты болды.  
Қазақстанның қатысуының маңызды бөлігі АТО-ның ел бойынша мектептердегі ресурстар 
туралы кешенді және ақпараттық Негізгі есеп дайындауы болды. НЕ-нің өзі ЭЫДҰ жобасының 
маңызды нәтижесі болып табылады, бірақ ол Сарапшылар тобы үшін де ақпараттың маңызды 
көзі  болды.  Егер  басқасы  көрсетілмесе,  осы  есеп  үшін  деректер  Қазақстан  бойынша  Негізгі 
есептен  алынған.  НЕ  ЭЫДҰ  Хатшылығы  дайындаған  нұсқауға  сәйкес  құрастырылған  және 
ұлттық  мәнмәтінге,  білім  беру  жүйесін  ұйымдастыруға,  мектептердегі  ресурстарды 
пайдалануға  және  негізгі  мүдделі  тараптардың  пікірлеріне  қатысты  ауқымды  ақпаратты, 
талдау  мен  талқылауларды  қамтиды.  Бұл  тұрғыда  НЕ  және  осы  есеп  бір-бірін  толықтырып 
тұрады  және  Қазақстанда  мектеп  ресурстарын  пайдалану  тиімділігі  мәселесіне  қатысты 
толық түсінік алу үшін оларды бірге оқу қажет.  
Сарапшылардың  Қазақстанға  сапары  2014 жылғы  31  наурыздан  8  сәуір аралығында  өтті.   
Сапар  бағдарламасы  С  қосымшасында  берілген.  Сапарды  2014  жылғы  3-4  наурызда  алдын  ала 
сапарға  тартылған  қазақстандық  мемлекеттік  органдардың  жәрдемдесуімен  ЭЫДҰ  және 


жүктеу 4,1 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   100




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау