Мектептегі қорларды тиімді пайдалану Елдік шолуы



жүктеу 4,1 Mb.
Pdf просмотр
бет38/100
Дата26.12.2019
өлшемі4,1 Mb.
#24975
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   100

3. ҚОРЛАРДЫ БӨЛУ 
«МЕКТЕПТЕГІ ҚОРЛАРДЫ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ» ЕЛДІК ШОЛУЫ: ҚАЗАҚСТАН 2015 © ЭЫДҰ ЖӘНЕ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК БАНК, 2015 
Шағын жинақталған мектептердің оқушылары үшін сапалы білімге қол жетімділікті жақсарту 
бойынша  айтарлықтай  бастама  шағын  жинақталған  мектептер  топтарына  қолдау  көрсететін 
ресурстық  орталықтар  құру  болып  табылады.  Әрбір  ресурстық  орталық  әдетте  ресурстармен 
жақсы  қамтамасыз  етілген  мектептерде  орналасады  және  шағын  жинақталған  мектептердің  аз 
санымен  жұмыс  жасайды  және  шағын  жинақталған  мектептердің  оқушыларына  қолайлы 
жағдайларда сапалы білім алуға мүмкіндік береді. (3.1-ендірме). 
3.1-
ендірме Шағын жинақталған мектептерді қолдауға арналған ресурстық орталықтар 
Ресурстық орталықтар (тірек мектептер деп аталатын)  алғаш рет Қарағанды облысында  қаланың білім 
бөлімімен және облыстың білім басқармасымен бірлесе отырып әзірленген пилоттық жобада сыналған. Осы  
бастамаға қызығушылықтың арқасында жобаны Білім және ғылым министрлігі қарады және  жобаның ұлттық 
пилоты  2012  жылы  басталды.  2014  жылы  Қазақстанда  59  ресурстық  орталық  жұмыс  істеді,  2015  жылдың 
соңына дейін олардың желісін 160 дейін ұлғайту жоспарланған. Ресурстық орталықтар негізінен үлкен, жақсы 
жабдықталған мектептерде ұйымдастырылды, бірақ кейбір жағдайларда мектептің ресурстық орталық ретінде 
жұмыс істеуі үшін мектеп ғимаратына және жабдыққа белгілі бір инвестициялар қажет болды. 
Жекелеген  ресурстық  орталықтардың  негізгі  мақсаты  ресурстық  орталыққа  тікелей  жақын  орналасқан 
шағын  жинақталған    мектептер  тобындағы  білім  беру  сапасын  жақсартуды  қолдау  болып  табылады.  Әрбір 
орталыққа  жұмыс  істеу  үшін  3-4  магниттік  мектеп  бөлініп  беріледі.  Мысалы,  қазіргі  уақытта  59  ресурстық 
орталық 192 ШЖМ үшін білім беру қызметтерін көрсетеді. 
Ресурстық орталықтар көрсететін қолдау ШЖМ 8-9 сыныптарының оқушылары үшін ұйымдастырылатын 
арнайы  сессияларда.  Бұл  оқушылар  ШЖМ    бір  немесе  екі  мұғалімінің  сүйемелдеуімен  сессияларға  оқу 
жылында  үш  рет  келеді,  әрбір  сессия  екі  аптаға  созылады  (10 мектеп  күні).  Бірінші  сессия  қыркүйекте  өтеді 
және оқушылардың білімін тексеруден тұрады. Соңғы сессия сәуірде өтеді және тест түріндегі оқушылардың 
білімдерін  тексеруден  тұрады.  Тестілер  екі  тапсырманы  шешу  үшін  пайдаланылады:  олар  жекелеген 
оқушыларды ескере отырып оқу шаралары жоспарын дайындауға мүмкіндік береді; және олар сонымен қатар 
оқушылардың оқу жылындағы үлгерімдеріндегі жетістіктерді бағалауға мүмкіндік береді. Сессиялар арасында 
ресурстық орталық ШЖМ оқушыларын қашықтықтан қолдап отырады. Егер ШЖМ ресурстық орталықтан алыс 
орналаспаған  болса,  балаларды  күнделікті  тасымалдау  қамтамасыз  етіледі,  басқа  жағдайда  балаларды 
орналастыру  қарастырылады.  Оқушылар  сонымен  қатар  оқулықтармен,  басқа  да  білім  беру  ресурстарымен 
және  тегін  тамақпен  қамтамасыз  етіледі.  ШЖМ  оқушыларымен  жұмыс  істейтін  мұғалімдердің  еңбек 
ақыларынан тұратын басқа шығындар ресурстық орталық бюджетіне жатады.  
Ресурстық орталықтағы оқу сабақтарын ресурстық орталық мұғалімдері жүргізеді. Сабақтарда сондай-ақ 
ШЖМ мұғалім болады, бірақ ол пассивті режимде. Оқушылар жоғары білікті мұғалімдермен жұмыс жасап қана 
қоймайды, олардың  зертханалар  мен кітапханаларға  баруға  да  рұқсаттары  болады.  Бұл  процестің маңызды 
бөлігі  шалғай  аудандардағы  ШЖМ  оқушыларының  ресурстық  орталық  оқушыларымен  әлеуметтік  өзара  іс-
қимылы  болып  табылады.  Ережелерге  сәйкес,  ресурстық  орталықтың  оқу  жоспары  орталықтың 
консультациялық  кеңесі  бекітетін  магниттік  мектептердің  шарттары  мен  жоспарларын  да  ескеруі  тиіс.  Осы  
институционалдық  тетік  мектептер  арасындағы  әріптестікке  ықпал  етеді  және  барлық  оқушылардың 
қажеттіліктерін ескеруге мүмкіндік береді. 
Дереккөз: мектептермен сұхбат, АТО (2014), Министрдің  2013 жылғы 17 қыркүйектегі № 375 бұйрығы  
Мектептерді қаржыландырудың қолданыстағы және болашақ үлгілері 
Қаржыландыруың қолданыстағы үлгісі 
Мектептер  арасында  ресурстарды  бөлу  туралы  шешімді  қазіргі  уақытта  аудандар  ұлттық 
нормаларды ескере  отырып  өздерінің  қарауы  бойынша  қабылдайды және практикада  олар  өткен 
жылдардың  шығындарымен  тығыз  байланысты.  Мектептердің  директорлары  өздерінің 
орынбасарлары  мен  мектеп  бухгалтерлерінің  қатысуымен  мектептің  жылдық  бюджетін 
дайындауға  жауап  береді.  Бюджетті  дайындаудағы  бірінші  кезең  қалыптасқан  сыныптар  санына 
негізделген мектеп қызметкерлерінің тізбесін жасаудан тұрады. Сыныптар санынан директордың 
орынбасарларының саны мен түрлері, оқу сағаттарының саны және олармен байланысты бөлінуге 
тиісті  міндеттер,  сондай-ақ  мектептің  қосымша  қызметкерлерінің  саны  және  түрі  айқындалаы 
(4.А1  қосымшасын  қараңыз).  Оқу  сағаттарының  жалпы  саны  қажетті  мұғалімдердің  санын, 
сондай-ақ  мектептің  әрбір  басқарушы  қызметкеріне  тоғыз  оқу  сағатына  дейін  бөлінгеннен  кейін 
педагогикалық жүктемені анықтау үшін пайдаланылады. Екінші кезеңде қолданыстағы заңнаманы 
және  оларың  жүктемесін  қатаң  сақтай  отырып  (мысалы,  санат,  біліктілік,  тәжірибе),  әрбір 
қызметкердің нақты еңбек ақысын есептеу жүргізіледі. Соңғы кезеңде ресурстардың және басқа да 
қамсыздандыру  бағаларындағы  өзгерістерді  (мысалы,  техникалық  қызмет  көрсету,  объектілер, 
жабдықтар)  ескере  отырып  қалған  ағымдағы  шығындардың  (мысалы,  жылыту  және  электр 
жарығы)  есебі  жүргізіледі.  Мектептер  жыл  бойына  қажеттілігі  бойынша  жергілікті  органдардан 


3. ҚОРЛАРДЫ БӨЛУ 
 
«МЕКТЕПТЕГІ ҚОРЛАРДЫ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ» ЕЛДІК ШОЛУЫ: ҚАЗАҚСТАН 2015 © ЭЫДҰ ЖӘНЕ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК БАНК, 2015 
әртүрлі  мақсаттар  үшін  (мысалы,  мектеп  құрылысын  салу,  бүлінген  мектеп  жабдығын  жөндеу, 
жетіспейтін оқулықтарды сатып алу) қосымша ресурстар сұрауы мүмкін. 
Мектептер өздерінің бюджеттік өтінімдерін аудандарға береді. Штаттық құрылым және еңбек 
ақы  оқу  жылы  басталғанға  дейін  (қыркүйекте)  талқыланады  және  бекітіледі,  ал  мектептің  ортақ 
бюджеті  қаржы  жылына  қабылданады  (қаңтардан  желтоқсанға  дейін)  және  аудан  бюджеті 
анықталғаннан  кейін  жыл  ішінде  бекітілетін  болады  (2-бөлімде  қараңыз).  Ауданның  білім 
департаменті  ұсынылып  отырған  кадрлық  қамтамасыз  етудің  ұлттық  нормаларға  сәйкестігін 
тексереді,  ал  қыржы  департаменті  жалпы  қаржы  есептеулерін  тексереді.  Аудан  бюджеті 
анықталғаннан  кейін  жергілікті  білім  беру  және  қаржы  органдарында  қалған  бюджетті,  яғни 
мектептің  минималды  бюджеті  (яғни,  қызметтерге  арналған  шығындар  және  басқа  да  маңызды 
эксплуатациялық  шығындар)  сомасы  арасындағы  аудан  бюджетінде  мектептерге  арналған 
шығындармен қарастырылған айырмашылыққа қатысты еркіндік пайда болады. Қалған бюджеттің 
бірқатар  бөлігі  мектептерге  олардың  бюджеттері  бекітілгенге  дейін  немесе  жыл  бойына 
қарастырылмаған шығындарды жабу немесе арнайы сұраныстар бойынша бөлінулері мүмкін.  
Сарапшыларға  олар  барған  жергілікті  органдар  мен  мектептерде  іс  жүзінде,  мектептер 
бюджеттері  негізінен  өткен  жылғы  қаржыландыру  деректеріне  инфляцияны  ескере  отырып 
негізделетіні  және  мектептерде  өздерінің  мүдделерін  қорғау  мүмкіндіктерінің  жоқтығы 
хабарланды.  Мектептердің  бюджеттік  өтінімдері  әдетте  қысқарту  жағына  қарай  түзетіледі  және 
мектептерге  жеке  тәртіпте  қарастырылмаған  шығындарды  жабу  немесе  арнайы  сұраныстарға 
арналған шығындарды төлеу үшін бюджетті ұлғайтуды талқылауға тура келеді. 
Мектептерді қаржыландырудың болашақ үлгісі 
Мектептерді  қаржыландырудың  болашақ  үлгісінде  жан  басына  шаққандағы  қаржыландыру 
формуласы өсім шығындарымен сәйкестендіріледі. Қаржыландырудың жаңа үлгісімен жұмыстар 
2005 жылы басталғанымен, қаржы құралдарын бөлу формуласы заң жүзінде тек 2013 жылы ғана 
қабылданды, пилоттық жоба 2014 жылы басталды, ал ауқымды енгізу 2015 жылға жоспарланған. 
Сапар  кезінде  сарапшылар  сұхбат  алған  қызметкерлер,  жаңа  үлгінің  қызметкерлерге  арналған 
шығындарды  қысқартуға  және  мектепті  дамыту  үшін  қаржы  құралдарының  бірқатар  бөлігін 
ұсынуға бағытталғанын атап өтті. Қаржыландырудың жаңа үлгісі пилоттық негізде 2013 жылдың 
қыркүйегінде  4  облыстың  50  мектебінде  енгізілген  (Алматы,  Ақтөбе,  Шығыс  Қазақстан  және 
Оңтүстік Қазақстан) және 2014 жылдың қаңтарында Ақмола облысының 13 мектебінде енгізілген 
болатын (АТО, 2014). Пилоттық жобаны басқару және мониторинг жүргізу үшін, Министрліктің 
ведомстволық ұйымы Қаржы орталығы жауап береді. Бөлу формуласы заңнамада бекітілген, орын 
алатын өзгерістер туралы ақпараттары бар буклеттер мектептер басшылары арасында таратылған 
болатын.  Жаңа  үлгі  барлық  мектептерге  қолданылатын  болады  (яғни,  бастауыш,  негізгі  және 
орта),  тек  шағын  жинақталған  ,  арнаулы  және  мамандандырылған  мектептерден  басқаларына 
(мысалы,  түзетуші,  пәндерді  тереңдетіп  оқыту,  НЗМ).  Қаржыландырудың  жаңа  сызбасы  екі 
компоненттен тұрады: 

 
Білім беру процесі орталық атқарушы органдар төлейтін шығындардан тұрады: еңбек ақы 
шығыны және осымен байланысты жарналар, оқу материалдары (мысалы, оқулықтар, оқу 
кешендері), жоғары жұмыс нәтижелері үшін қызметкерлерге арналған сыйақылар. Олар 
жан  басына  шаққындағы  қаржыландыру  формуласы  шеңберінде  қаржыландырылады 
және  қаржы  құралдарын  орталық  атқарушы  органдар  тікелей  мектептерге  аударылады. 
Осылайша,  мұғалімдердың  еңбек  ақысы  бүкіл  ел  бойынша  тең  болып  қалады.  3.А1 
қосымшасы білім беру процесі үшін қаржыландыруды бөлуге арналып пайдаланылатын 
формула туралы қосымша ақпараттардан тұрады. 

 
Білім  беру  ортасы  басқа  шығындардан  тұрады:  коммуналдық  қызметтер,  байланыс 
қызметі, техникалық қызмет көрсету, ұсақ жөндеу, оқушылардың тамақтануы және басқа 
да  қолдаулар,  көлікпен  қамтамасыз  ету,  қаржы  қызметтері  және  басқа  да  қажетті 
қызметтері.  Оларды  жергілікті  атқарушы  органдар  мектептердің  нақты  қажеттіліктері, 
шарттары  және  мүмкіндіктері  негізінде  ұлттық  нормаларды  сақтай  отырып  жүргізеді. 
Мысалы,  мектепті  жылытуға  арналған  шығындар  әртүрлі  мектептерде  пайдаланылатын 


жүктеу 4,1 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   100




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау