Мектептегі қорларды тиімді пайдалану Елдік шолуы



жүктеу 4,1 Mb.
Pdf просмотр
бет28/100
Дата26.12.2019
өлшемі4,1 Mb.
#24975
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   100

2. МЕКТЕПТЕРДЕ ҚОРЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУДЫ БАСҚАРУ 
«МЕКТЕПТЕГІ ҚОРЛАРДЫ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ» ЕЛДІК ШОЛУЫ: ҚАЗАҚСТАН 2015 © ЭЫДҰ ЖӘНЕ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК БАНК, 2015 
2.3-
сурет Қазақстан өңірлері арасында бір оқушы басына жұмсалатын шығындардағы 
айырмашылықтар, (%) жергілікті бюджет  (2011 ж.) 
 
Дереккөз:  ЭЫДҰ  (2014b),  Ұлттық  білім  беру  саясатына  шолу:  Қазақстандағы  орта  білім, 
OECD
 
Publishing,  Париж, 
http://dx.doi.org/10.1787/9789264205208-en

Күшті жақтар 
Білім беру басты басымдықтар санына жатады, шаншыл реформалар іске асырылады 
Қазақстанның  жалпы  стратегиялық  көрінісінде  білім  басты  басымдықтар  санына  жатады. 
Әртүрлі  деңгейдегі  стратегиялық  құжаттар  сериясы  сала  бағыты  үшін  тұрақты,  болжамды 
құрылымды қамтамасыз етеді. Елдің «Қазақстан-2050» даму стратегиясы 2020 жылға дейін БДМБ 
шеңберінде  мониторингілеу  мен  қол  жеткізуге  жататын  сандық  өлшенетін  индикаторлар 
сериясына өзгертілген білім беру секторының жалпы мақсаттарын айқындайды. Бұдан әрі ҚР БҒМ 
2014-2018  жылдарға  арналған  стратегиялық  жоспарында  кейін  бюджет  бойынша  шешімдер 
қабылдау  кезінде  пайдаланылатын  жылдық  нысаналы  көрсеткіштер  айқындалады.  Осылайша, 
мектепке  дейінгі  білім  беруді  қаржыландыруды  үш  есе  арттыру  2009  жылдан  кейін  басым  рөлі 
білімнің осы деңгейіне бөлінген стратегиялық жоспарлаудың тікелей нәтижесі болды. 
Білім  беруге  бөлінетін  ресурстарды  арттыру  үшін  анық  ниет  және  мүмкіндіктер  және  бір 
оқушы  басына  шығындардың  деңгейі  ЭЫДҰ  бойынша  және  басқа  көрші  елдердегі  орташа 
көрсеткіштен айтарлықтай төмен  екені туралы түсінік бар. Саланың стратегиялық құжаттарында 
белгіленген  реформалау  жөніндегі  бастамалардың  кең  спектрін  іск  асыру,  мысалы,  оқудың             
12-жылдық  жүйесіне  көшу  немесе  ақпараттық  технологиялардың  пайдаланылуын  кеңейту  үшін 
қосымша  ресурстардың  едәуір  көлемі  қажет.  Осы  Шолуды  дайындау  шеңберінде  бірқатар 
консультациялар жүргізілген Қазақстандағы жоғары деңгейлі бірқатар мүдделі тараптар саланың 
орташа  мерзімді  және  ұзақ  мерзімді  стратегиялық  мақсаттарына  қол  жеткізу  үшін  білім  беру 
бюджетін  арттыруға  оң  қарайтын  сияқты.  Білім  беру  жүйесіне  жұмсалатын  шығындар  ЖІӨ-нің 


2. МЕКТЕПТЕРДЕ ҚОРЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУДЫ БАСҚАРУ 
 
«МЕКТЕПТЕГІ ҚОРЛАРДЫ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ» ЕЛДІК ШОЛУЫ: ҚАЗАҚСТАН 2015 © ЭЫДҰ ЖӘНЕ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК БАНК, 2015 
шамамен  4%-ға  жуығын  құрайтын  және  бір  мезгілде  табиғи  ресурстар  есебінен  жылдам  өсу 
байқалатын және білім беру қызметтерін жақсарту үшін әлі де көп орны бар елде мектептер үшін 
мемлекеттік  ресурстарды  ұлғайту  жүзеге  асырылатын  ғана  емес,  сонымен  бірге,  тиімді  нұсқа 
ретінде көрінеді. Алайда, жоғарыда айтылғандай, мемлекеттік шығындар мұнайға әлемдік бағаға 
тәуелді  болып  қалуда.  Сарапшылардың  сапарынан  кейін  мұнай  бағасы  үкіметтің  білім  беруге 
инвестицияларын ұлғайту қабілетін шектей отырып, 2014 жыл ішінде едәуір төмендеді. 
Қазақстандық  үкімет жуырда білім  беру  жүйесінің  сапасын  арттыру  бойынша  стратегиялық 
реформалардың шаншыл бағдарламасын бастады. Реформалар қазақстандық білім беру жүйесінің 
басты  проблемаларын  шешуге  бағытталған  және  білім  беру  жүйесі  сапасының  артуына  әкелуі 
мүмкін.  Міндетті 12-жылдық оқытуды енгізу қазақстандық оқушыларға білімнің келесі деңгейіне 
немесе еңбек нарығына өтуіне дейін олардың білімдерін, қабілеттерін және дағдыларын күшейту 
үшін  көбірек  мүмкіндіктер  береді.  Шағын  жинақталған  мектептерді  қолдау  үшін  ресурстық 
орталықтар құру мектептер арасында ынтымақтастықты дамытуың, шағын жинақталған мектептер 
оқушылары үшін көкжиектерді кеңейтудің және оқшаулауды жеңудің және оқушылардың әртүрлі 
топтары  арасындағы  байланыстарды  кеңейтудің  жақсы  мысалы  болып  табылады  (3-бөлімді 
қараңыз).  Сондай-ақ,  қаражатты  адам  басына  бөлуге  негізделген  қаржыландырудың  жаңа 
моделіне  жоспарланған  көшу  ресурстарды  бөлуде  тиімділік  пен  ашықтықты  арттыруға  қарай 
бірінші қадам болады (3-бөлімді қараңыз). 
Білім беру жоспарлары мен нормативтік құжаттар нақты күтулерді қамтамасыз етеді 
Ауқымды  орталық  жоспарлау  және  нормативтік  құжаттардың  толық  жүйесі  –  бұл  Кеңес 
Одағынан  мұраға  қалған,  білім  беруді  мемлекеттік  басқарудың  қазақстандық  жүйесінің  екі 
ерекшелігі. Білім беру жүйесінің жоспарлары мен стратегиялары нақты бағыттарды айқындайды, 
ал нормативтік құжаттар оларды іске асыру үшін операциялық әрекеттерге түрлендіреді. Барлық 
басты  стратегиялар  мен  нормативтік  құжаттарды  Президент  өзі  мақұлдайды  жәе  олар  заңнама 
негізінің бөлігі болып саналады. 
Ұзақ мерзімді орталық жоспарлау білім беру саясатының реттілігін қамтамасыз етеді 
Қазақстан  –  кеңес  үкіметі  кезінен  мұраға  қалған,  орталық  жоспарлаудың  берік  бекітілген 
жүйесі  бар  ел.  Стратегиялар  мен  жоспарлар  мемлекеттік  басқарудың  барлық  уақыт  көкжиектері 
бойынша  және  барлық  деңгейлерінде  ұйымдастырушылық  иерархияға  сәйкес  қабылданады. 
Көптеген  уақыт  көкжиектері  (қысқа  мерзімді,  орташа  мерзімді,  ұзақ  мерзімді)  бойынша 
жоспарларды  құру  білім  беру  саясатының  сабақтастығын  және  барлық  тараптар  үшін 
анықтылықты  қамтамасыз  етеді.  Бұл  білім  беру  реформаларына  дұрыс  белгіленген  мақсат 
бағытында сындарлы түрде дамуға мүмкіндік береді. 
Нормативтік  құжаттардың  толық  жүйесі  жекелеген  мектептер  үшін  қорғау  тетіктерін 
қамтамасыз етеді 
Қызметтерді регламенттейтін нормативтік құжаттардың толықтығының жоғары деңгейі – бұл 
бүкіл  ел  бойынша  тең  айналымды  қамтамасыз  ететін  және  ықтимал  тәуекелдерді  қысқартатын 
(мысалы, субъективті шешімдер, қателіктер, асыра пайдалану немесе сыбайлас жемқорлық) тетік. 
Бұл жергілікті деңгейдегі білім беру саласында әрекеттердің шағын еркіндігі бар екенін білдіреді.  
Нормативтік  құжаттар  жүйесі  жаңа  білім  беру  саясаттарын  әзірлеу  кезінде  түзетіледі  немесе 
кеңейтіледі.  
Мектептер  ресурстарды  мемлекеттік  басқарудың  нормативтік  құжаттарында  анықталған 
деңгейде  алады.  Нормативтік  құжаттар  мектептердің  ресурстарды  мемлекеттік  басқарудың 
орталық нормативтік құжаттарда белгіленген деңгейінде, штаттық санынан бір оқушыға арналған 
ауданға дейін, алу үшін нақтылықты және заңды қорғалуды қамтамасыз етеді (қосымша ақпараты 
бар  3-бөлімді  қараңыз).  Егер  мектеп  ресурстарды  нормативтік  құжаттарда  анықталған  деңгейде 
алмаса, мектеп директоры жергілікті билік органдарынан жетіспейтін ресурстарды талап ету үшін 
заңды  негіздерге  ие  болады.  Сонымен  қатар,  Білім  және  ғылым  саласындағы  бақылау  комитеті 
өткізетін  аттестаттау  мен  мектептерді  лицензиялау  процестері  мектептердің  нормативтік 


жүктеу 4,1 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   100




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау