2. МЕКТЕПТЕРДЕ ҚОРЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУДЫ БАСҚАРУ
«МЕКТЕПТЕГІ ҚОРЛАРДЫ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ» ЕЛДІК ШОЛУЫ: ҚАЗАҚСТАН 2015 © ЭЫДҰ ЖӘНЕ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК БАНК, 2015
жасайды: қала мектептерінде 86%, ауыл мектептерінде 69% және шағын жинақталған мектептерде
33% (Сандж, 2008). Сондай-ақ, тексеру шағын жинақталған мектептердегі ақша жинаудың төмен
деңгейі төмен қажеттіліктерге емес, ата-аналардың қаржыландыруға қатысуға қабілетсіздігіне
байланысты екенін де көрсетті (Сандж, 2008).
2.3-
кесте Қазақстанда, ЭЫДҰ және салыстыру өткізілетін басқа елдерде білім беруге жұмсалатын
мемлекеттік шығындар
ЖІӨ %
Жалпы мемлекеттік
шығындар %
Бір оқушы басына,
халықтың бір адам
басына ЖІӨ %
Білім жүйесі,
барлығы
Орта білім,
оның ішінде
бастауыш
1
Білім беру
жүйесі,
барлығы
Орта білім,
оның ішінде
бастауыш
1
Білім беру
жүйесі,
барлығы
Орта білім,
оның ішінде
бастауыш
1,2
Қазақстан (2013)
3.8
2.1
20.5
10.4
16
11
Қазақстан (2011)
3.8
2.1
18.4
10.7
14
11
ЭЫДҰ, орта есеппен
(2011)
5.6
3.6
12.9
8.4
27
25
ЭЫДҰ кіретін,
салыстыру өткізілетін
елдер (2011)
Мексика
5.2
3.5
20.5
13.6
19
16
Польша
4.9
3.3
11.4
7.5
31
28
Түркия
4.1
2.4
10.9
6.3
18
14
ЭЫДҰ кірмейтін,
салыстыру өткізілетін
елдер (2011)
Бразилия
6.1
4.5
19.2
14.3
26
24
Ресей
3.9
2.0
10.9
5.5
24
20
Ескерту: (1) техникалық және кәсіптік білім беруді қамтиды. Салыстырылатын елдердің деректері орта білімнен кейінгі
үшінші емес білімді қамтиды (маңызды емес мөлшерде), ал Қазақстанның деректері осы деңгейді қамтымайды; және (2)
салыстырылатын елдер үшін деректер жеке және мемлекеттік шығындарды қамтитын бастауыш және орта білімнің орташа
көрсеткіші ретінде есептелді.
Дереккөз: Авторлардың ҚР БҒМ, Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі және ЭЫДҰ деректері негізіндегі есептері,
2014
а (салыстыру өткізілетін елдер).
Білім беруге арналған шығындар
Білім беруге бөлінетін ресурстардың жалпы көлемі соңғы жылдары салыстырмалы түрде
тұрақты болды. Қаржы дағдарысымен туындаған қысқа мерзімді төмендеуден кейін, 2009 жылы
білім беруге арналған мемлекеттік шығындар шамамен ЖІӨ-нің 4%-ы деңгейінде тұрды.
2013 жылға қарай білім беруге арналған мемлекеттік шығындар қалпына келіп, дағдарысқа дейінгі
деңгейге жақындады, алайда, ЖІӨ-нің 3,8%-ын құратын жоғары емес көрсеткіш артында жаңа
жүзжылдық алдында басталған ЖІӨ-нің тез өсуі тұрды. Білімнің барлық деңгейлеріне бағытталған
барлық мемлекеттік шығындардың үлесі жуырда 20%-дан арта түсті (2.3-кестені қараңыз). Жалпы,
ЖІӨ-нің 1,1%-ын құрайтын білім беруге арналған жеке шығындар негізінен жоғары білімге
бағытталған, себебі бастауыш және орта білімге білім беруге арналған шығындардың тек бесінші
бөлігі ғана келеді.
Мектептегі білім беруге бағытталған мемлекеттік шығындар үлесі (10,4%) Қазақстанда
ЭЫДҰ орташа көрсеткішінен жоғары. Ол 2011 жылдың 58%-ымен салыстырғанда, 2013 жылы
білім беруге арналған барлық мемлекеттік шығындарының жартысын (51%) құрады. Бұл
салыстырмалы азаю білім бюджетіндегі салыстырмалы үлесі 2009 жылдан кейін үш еселенген
мектепке дейінгі білімнің мемлекеттік шығындарының өсуімен байланысты. Алайда, абсолютті
қатынаста мектептегі білім беруге арналған шығындар соңғы жылдары ЖІӨ-нің шамамен 2%-ы
деңгейінде болды, бұл ЭЫДҰ бойынша орташа көрсеткіштен едәуір төмен (3,6%) (2.3-кестені
қараңыз).
2. МЕКТЕПТЕРДЕ ҚОРЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУДЫ БАСҚАРУ
«МЕКТЕПТЕГІ ҚОРЛАРДЫ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ» ЕЛДІК ШОЛУЫ: ҚАЗАҚСТАН 2015 © ЭЫДҰ ЖӘНЕ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК БАНК, 2015
2.2-
сурет Қазақстанда бір оқушы басына жыл сайынғы мемлекеттік шығындар, білім деңгейі бойынша,
2009-2013
Дереккөз: Авторлардың ҚР БҒМ және ҚРСА деректері негізіндегі есептері
Мектептегі білім жүйесіндегі бір оқушы басына шығындар шынайы қатынаста өсе түсті, бірақ
егер оларды халықтың бір адам басына ЖІӨ-нен үлесі ретінде көрсеткенде, олар сол деңгейде
қалды (соңғысы Қазақстандағы өмір сүру деңгейінің өсуімен байланысты). Халықтың бір адам
басына ЖІӨ-нен үлесі ретінде көрсетілген бір оқушы басына шығындар 2013 жылы 11% құрады,
бұл 2011 жылы ЭЫДҰ (25%) бойынша орташа есеппен айтарлықтай төмен. 2013 жылы мектептегі
білім алушылардың бір оқушы басына шығындар мектепке дейінгі білімге қарағанда 27%-ға
төмен, шамамен жоғары білім шығындарымен бір деңгейде, және техникалық және кәсіптік білім
шығындарымен салыстырғанда 28%-ға жоғары. Мектептегі білім беру жүйесіндегі бір оқушы
басына шығындар инфляцияға түзетумен 2009 және 2013 жылдар аралығындағы кезеңде 26%-ға
артты; ал мектепке дейінгі, техникалық және кәсіптік және жоғары білім беру жүйелеріндегі бұл
өсу сәйкесінше 98%, 64% және 73% құрады (2.2-суретті қараңыз).
Кейбір өңірлер басқаларға қарағанда, білімге айтарлықтай көп ресурстарды бағыттайды.
Мысалы, Оңтүстік Қазақстан облысы өз бюджетінің 41%-ын білім беруге бөлсе, Астана қаласы
тек 10%-ын ғана бөлген (ЭЫДҰ, 2014b). Білім беру қызметтерін ұсыну құны (басты түрде мектеп
желілерін ұйымдастыруға байланысты)
4
және қаржыландырудың баламалы көздерінің болуы
(мысалы, республикалық бюджеттен трансферттер) жергілікті бюджеттегі білімнің басымдық
деңгейін анықтайды. Осыған байланысты, мектептердегі үлесті шығындар едуір деңгейде,
Оңтүстік Қазақстан облысы мен Астана қаласында 170 000 теңгеден Солтүстік Қазақстан
облысында 373 000 теңгеге дейін өзгеріп отырады (АТО, 2014)
5
. 2.3-сурет өңірлер арасында бір
оқушы басына шығындардың біркелкі емес екенін көрсетеді, бұл қаражатты игерудегі едәуір
ерекшеліктерге көрсетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |