2. МЕКТЕПТЕРДЕ ҚОРЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУДЫ БАСҚАРУ
«МЕКТЕПТЕГІ ҚОРЛАРДЫ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ» ЕЛДІК ШОЛУЫ: ҚАЗАҚСТАН 2015 © ЭЫДҰ ЖӘНЕ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК БАНК, 2015
Бюджетаралық трансферттер облыстар мен аудандардың бюджеттерінде маңызды рөл
атқарады. 2011 жылы салық түсімдері жергілікті кірістердің шамамен 36%-ға жуығын құраса,
тікелей трансферттер үлесі 61%-ды құраған (Махмұтова, 2012). Жеке ресурстардың
жетіспеушілігі
және мектептер үшін ресурстарды ұсынудың әр аспектісін реттейтін ауқымды нормативтік
құжаттар жүйесі мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарында өз шығындарын іске асыруда
еркіндіктің аз екенін білдіреді. Бюджетаралық трансферттер жүйесі елдің Кеңес Одағынан
бөлінуінен кейін бірнеше рет реформаланған. 2005 жылдан бастап бұл жүйе мыналарды қамтиды
(Махмұтова, 2006):
Жалпы сипаттағы трансферттер, нысаналы ағымдағы трансферттер, дамуға
арналған нысаналы трансферттер. Тек белгілі бір мақсат үшін ғана пайдалануға
болатын нысаналы трансферттерге қарағанда, жалпы сипаттағы трансферттер белгілі бір
сектор үшін арналмаған, сондықтан олар жергілікті атқарушы органдар білім беруді
немесе құзыретіндегі басқа бір қызметті қаржыландыра алатын, олардың жалпы
табысының бөлігі болып табылады. Дамуға арналған нысаналы трансферттер нақты
бюжеттік бағдарламаларды қаржыландыруға бағытталған. Мысалы, 2011 жылы бөлінген
нысаналы республикалық трансферттердің 98,7 млрд. теңгесінің жартысы (шамамен 640
млн. АҚШ долл.) кейбір жерлердегі білім беру ұйымдарының құрылысына бағытталған
болатын. Қалғаны мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуды қамтамасыз етуді қоса
алғанда, ағымдағы білім беру бағдарламаларына, сондай-ақ «Жұмыспен қамту-2020»
ұлттық бағдарлама шеңберінде кадрлардың біліктілігін арттыру мен оларды қайта
даярлау жөніндегі іс-шараларға және басқаларына бағытталған.
Бюджеттік жәрдемқаржылар және бюджеттік өндіріп алулар өңірлік кірістердегі
(адам басына шаққандағы) айырмашылықтарды теңестіру және басқарудың барлық
деңгейлері өз функцияларын орындау үшін жеткілікті ресурстарға ие болатынын
қамтамасыз ету үшін арналған. Жәрдемқаржылар мен өндіріп алулар жалпы сипаттағы
трансферттер ретінде айқындалады және үшжылдық кезеңге абсолютті мәнде
белгіленеді. 2011 жылы 16 өңірдің 13-і (барлығы, Алматы қаласын, Маңғыстау және
Атырау облыстарын қоспағанда) бюджеттік жәрдемқаржыларды алатын, себебі олардың
күтілген шығындары олардың әлеуетті шығындардан асып кеткен (Экономика және
бюджеттік жоспарлау министрлігі, 2011). Теңестіру жүйесі нақты критерийлерге немесе
ең
төмен стандартқа негізделмеген, осының нәтижесінде бір оқушы немесе
науқас басына
қаржыландыру елдің әр түрлі бөліктерінде пропорционалды емес болуы мүмкін
(Махмұтова, 2006); сондай-ақ келіссөздер мен өзара түзетулер үшін едәуір мүмкіндіктер
бар.
Республикалық, өңірлік және жергілікті бюджеттерді қалыптастыру
Бюджет туралы заң процестің дәл сипаттамасын қамтиды және республикалық, өңірлік және
жергілікті бюджеттерді қалыптастыру күнтізбесін белгілейді (2.2-кестені қараңыз). Жалпы
бюджеттік конвертті анықтау үшін әлеуетті табыстар мен болжамды шығындарға бағалау
жүргізіледі. Мамырдың ортасында аудандар өз кезегінде Министрлікке біріктірілген бюджеттік
өтінімдерді жіберетін облысқа барлық мектептердің бюджеттерін біріктіретін өз бюджеттік
өтінімдерін ұсынуы тиіс. Болжамдардың едәуір кемшіліктері болуы мүмкін, себебі оқушылар,
сыныптар немесе мұғалімдердің толық штаттық бірліктерінің қажетті баламаларының саны кейін
жыл ішінде анықталады.
2.2-
кесте Қазақстанда республикалық, өңірлік және жергілікті бюджетті қалыптастыру күнтізбесі
Бюджеттік процесс кезеңдері
Орталық
деңгей
Облыстардың, Астана,
Алматы деңгейі
Аудандық
деңгей
Келесі бюджеттік жылға арналған ұлттық даму
жоспарларын және макроэкономикалық
болжамды бекіту
15
сәуір
Бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің
бюджеттік жоспарларды ұсынуы
15
мамыр
2. МЕКТЕПТЕРДЕ ҚОРЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУДЫ БАСҚАРУ
«МЕКТЕПТЕГІ ҚОРЛАРДЫ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ» ЕЛДІК ШОЛУЫ: ҚАЗАҚСТАН 2015 © ЭЫДҰ ЖӘНЕ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК БАНК, 2015
Алдын-ала бюджетті бюджет комиссиясының
қарауына ұсыну
1 тамыз
1 қыркүйек
1 қазан
Түзетілген бюджетті атқарушы органға
бекітуге ұсыну
15
тамыз
1
қазан
15
қазан
Соңғы бюджетті заң шығарушы органға
бекітуге ұсыну
1 қыркүйек
15
қазан
1 қараша
Егер толық бюджетті заң шығарушы орган
бекітпесе, бірінші тоқсанға алдын-ала
бюджетті бекіту
25
желтоқсан
Мемлекеттік органдардың операциялық
жоспарларды қабылдауы
10
қаңтар
Бюджетті заң шығарушы органның бекітуі үшін
соңғы мерзім
1 наурыз
Дереккөз: Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің материалдары бойынша (2011), Бюджеттік гид: елдің
бюджеті – әрқайсысының бюджеті, Астана.
Бюджет қалыптастыру процесі келіссөздер үшін көбірек мүмкіндіктер болу үшін бір мезгілде
өтеді. Қандай да бір облыс ауданның бюджеттік өтінімімен келіспеуі, бірақ орталық атқарушы
органдардан көбірек қаражат алуға тырысу үшін ұсынылатын бюджетті пайдалануы мүмкін.
Бұдан басқа, талқылаулар әртүрлі органдардың (бюджет комиссиялары, атқарушы органдар мен
заң шығарушы органдар) жұмысы шеңберінде өтеді. Сонымен қатар, бюджетті бекіту ретімен,
алдымен ең жоғары деңгейде, одан кейін төмен деңгейде өтеі. Аудандардың бюджеті ол
бағынатын облыстың бюджеті бекітілгеннен кейін ғана бекітіледі, облыс бюджеті, өз кезегінде,
орталық атқарушы органдардың бюджеті бекітілгеннен кейін бекітіледі.
Қаржыландырудың басқа көздері
Сарапшылар ақылы қызметтерден түскен қаражатты, демеушілік көмекті және
қайырымдылықтарды қоса алғанда, қаржыландырудың басқа көздері туралы келісілген ақпарат
алған жоқ. Ақылы қызметтерден түскен табыстар Қазынашылықтың қолма-қол ақшаның бақылау
шотына (ҚБШ) енгізіледі және қамқоршылық кеңеспен немесе ата-аналар комитетімен
консультациядан кейін мектептің қарауы бойынша үлестіріледі. Ата-аналардың, компаниялар мен
басқа берушілердің қайырымдылықтары Қазынашылықтың ҚБШ демеушілік шотына енгізіледі
және мектептердің бірыңғай қалауы бойынша шығындалады (АТО, 2014). Ақылы қызметтер мен
қайырымдылықтарға жататын табыстар мен шығындар мектеп бюджетінде ескерілмейді. Оған
қарағанда, таза түрдегі қайырымдылықтар мектеп теңгерімінде көрсетілуі тиіс. Сарапшылар тобы
ҚБШ шоттарындағы сомаларға қандай да бір бағалау алған жоқ.
Мемлекеттік мектептер, әдетте, ақылы қызметтерді аз көрсетеді (АТО, 2014)
3
. Мектептердің
директорлары мен бухгалтерлерінің көбі мектептен тыс, педагогикалық емес іс-шаралар
оқушылар үшін тегін өткізілетінін және мектеп үй-жайлары, әдетте, жергілікті қоғамдық
ұйымдарға немесе басқа тараптарға ақылы негізде жалға берілетінін айтты. Бірнеше мүдделі тарап
«мемлекеттік мекеме» мәртебесі оларға төлем алып, осы қаражаты мектептің қарауы бойынша
пайдаланылатын арнайы шотқа салуға тыйым салатынын атап көрсетті. Басқалары жаңа құрылған
қамқоршылық кеңестерінің қалауы бойынша пайдаланыла алатын, өз банк шоттарын ашу және
табыс алу құқығымен мектептерге «мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын» мәртебесін беру
жөніндегі болашақ жоспарлары туралы айтты.
Таза түрдегі қайырымдылықтар кең таралған сияқты және әдетте тауарлар мен қызметтерді
сыйлауды қамтиды, мысалы, оқу материалдары, мультимедиялық немесе АКТ жабдығы, мектеп
нысандарын қалпына келтіру мен жөндеу бойынша ұсақ жұмыстар (АТО, 2014). Бұдан басқа,
отбасылар мектепке дейінгі және мектептегі білім беруді қаржыландыруға одан да көп
қатысатынын көрсететін растаулар бар: орта есеппен мектептер әр отбасыдан 2009
жылы шамамен
300 АҚШ долл. немесе одан да артық қаражат алды; бұл сома бастауыш сыныптарында кем және
жоғары сыныптарда жоғары болуы мүмкін (Сингх, 2012). Төрт облыстағы 60 мектеп арасында
өткізілген тексеру көрсеткендей, ата-аналардың көп бөлігі мектептер үшін ерікті жарналар