Мектептегі қорларды тиімді пайдалану Елдік шолуы



жүктеу 4,1 Mb.
Pdf просмотр
бет13/100
Дата26.12.2019
өлшемі4,1 Mb.
#24975
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   100

1. ҚАЗАҚСТАН МЕКТЕПТЕРІНДЕГІ БІЛІМ БЕРУ 
 
«МЕКТЕПТЕГІ ҚОРЛАРДЫ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ» ЕЛДІК ШОЛУЫ: ҚАЗАҚСТАН 2015 © ЭЫДҰ ЖӘНЕ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК БАНК, 2015 
(14),  тәжік  тілі  болды  (2)  (АТО  ,  2014).  Шамамен    2  113  мектепте  оқыту  бір  тілден  артық  тілде 
жүргізіледі. 
Көші-қонның таза деңгейі (эмигранттар мен иммигранттар арасындағы айырмашылық)  2008-
2012  жылдар  кезеңінде  6  990  адамды  құрады.    Иммигранттар  мен  эмигранттар  құрылымында 
айтарлықтай  айырмашылық  бар.  Жоғарғы  білім  бар  эмигранттар  саны  (5  829)    иммигрантарға 
қарағанда  екі  еседей  көп  (3  096)  (АТО,  2014),  бұл  «білімді  адамдардың  кетуі»  әлеуеттік 
проблемасын көрсетеді. Шетелдік азаматтар халықтың  0,4% -ын ғана құрайды. Балалар еңбегіне 
жол  бермеу  мақсатында,  2012  жылы  Қазақстан  маусымдық  мигранттарды  қоса  алғанда,  еңбек 
мигранттарының балаларына да Қазақстан балалары сияқты оқу орындарына бару құқығын берді 
(Антонович, 2013).    
Экономикалық өсу және теңсіздік  
Қазақстан  соңғы  онжылдықта  айтарлықтай  экономикалық  өсуге  қол  жеткізді.                              
2000  жылдардағы  тез  өсу  2008  жылғы  әлемдік  дағдарыс  басталған  кезде  шұғыл  төмендеп  кетті, 
алайда, 2009 жылдың соңына қарай өсу қалпына келді. 2010 жылы ЖІӨ-нің жылдық өсуі 7%-ды 
құрады,  осы  ретте  инфляция  деңгейі  тұрақты  болып  қалды.  2011жылы  жан  басына  шаққандағы 
ЖІӨ  11 358  АҚШ  долларын  құрады,  ол  соңғы  он  жыл  ішінде  екі  есе  өсті,  сондықтан  Қазақстан 
табыс  деңгейі  орташа  деңгейден  жоғары  елдерге  жатады.  Солай  бола  тұра,  1991  жылы  Кеңес 
Одағынан  бөлінумен  және  нарықтық  экономикаға  көшумен  байланысты  қиындықтар  білім  беру 
секторына  ерекше  қатты  соққы  берді.  Шұғыл  өзгерістер    шамамен  3 668  жуық  мектепке  дейінгі 
ұйым  мен  590  мектептің  жабылуын  және  мұғалімдердің  еңбекақысының  қатты  қысқаруын 
қамтыды  (АДБ,  2004). 1.2-сурет  1993  және  2013  жылдар  арасындағы  мемлекеттік  тұтынушылық 
шығындарды және халықтың жан басына шаққандағы ЖІӨ өсуін көрсетеді.  
Қазақстандағы экономикалық қызмет және инвестициялар кен өндіру салалары айналасында 
шоғырланған  (мұнайгаз,  кен  өндіру  саласы),  ал  экономикалық  өсу  әлемдік  баға  мен  өндірістің 
өсуімен күшейе түседі. Кен өндіру салаларына Қазақстан экспортының 65%-ы және 2009 жылғы 
тікелей  шетелдік  инвестициялар  ағымының    70%-ы  келеді  (ЭЫДҰ,  2012).  Халықаралық  валюта 
қоры (ХВҚ) жуырда елде «голланд ауруы» болуын көрсететін индикаторларды анықтады (табиғи 
ресурстардың экономикалық өсуінің артуы және өңдеу өнекәсібі немесе ауыл шаруашылығындағы 
өндіріс  көлемдерінің  төмендеуі  арасындағы  елеулі  байланыс)  (ХВҚ,  2013).  Көлік, 
фармацевтикалық,  телекоммуникациялық,  мұнай-химиялық  және  тамақ  салаларын  дамыту 
жолымен  экономиканы    әртараптандыру  бойынша  күш  салуға  қарамастан,  бұл  салалардың 
өнімділігі  мен  бәсекеге  қабілеттілігі  аз  болып  қалуда.  Мұнай  және  басқа  кен  өндіру  салаларына 
артық  тәуелділік  мемлекеттік  шығыстардың  өндіріс  шоктары  мен  әлемдік  бағаларға  қатты 
ұшырайтынын  білдіреді.  Бұл  2014  жылы  мұнай  бағасының  төмендеуінен  байқалды.  Қолда  бар 
бағалауға  сәйкес,  мұнай  табыстарының  салықтары  2006  жылы  мемлекеттік  кірістердің  37%-ын 
құрады (Дали, 2008).  
Табыстарды  жеке  және  географиялық  бөлуде  үлкен  айырмашылық  сақталады.  Джини 
коэффиценті, 0-ден (мінсіз теңдік) 1-ге дейінгі (ең жоғары теңсіздік) шекте болатын, қоғамдағы 
кірістердің  теңсіздігі  деңгейін  өлшейтін  көрсеткіш,  соңғы  он  жыл  ішінде  2001  жылғы  0,34-тен  
2012 жылғы 0,28-ге дейін тұрақты жақсарып келген (АТО, 2014). Кедейлік шегінен төмен тұратын 
халықтың  үлесі  2012  жылы  3,8%-ға  дейін  төмендеді  (АТО,  2014).  Ауыл  және  қала  халқы 
арасындағы  айырмашылық  бұрынғыдай  үлкен.  Мысалы,  қалаларға  қарағанда,  ауылды  жерде 
күніне 2,3 АҚШ долларына тең кедейлік шегінен төмен адамдар екі есе көп тұрады (Дүниежүзілік 
банк,  2012).  Қазақстан  халқының  денсаулығы  мен  әл-ауқатының  индикаторлары  адам  дамуы 
саласында  айтарлықтай  қиындықтар  бар  екенін  көрсетеді.  Табыс  деңгейі  ұқсас  елдермен 
салыстырғанда,  өмір сүрудің орташа ұзақтығы төмен болып қалуда және соңғы он жыл ішіндегі 
жақсаруға қарамастан, ана, нәресте және балалар (бес жасқа дейінгі) өлімі деңгейі бұрынғысынша 
жоғары болып қалуда (ЭЫДҰ, 2014 ж). 
Еңбек  нарығы  әйелдер  қатысуының  жоғары  үлесімен,  білікті  кадрлармен  және 
жұмыссыздықтың  төмен  деңгейімен  сипатталады.  2011  жылы  15  жастан  жоғары  адамдардың 
жұмыспен қамтылу деңгейі 72%-ды құрады, бұл үлес 2000 жылдан бастап едәуір тұрақты болып 


1. ҚАЗАҚСТАН МЕКТЕПТЕРІНДЕГІ БІЛІМ БЕРУ 
 
«МЕКТЕПТЕГІ ҚОРЛАРДЫ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ» ЕЛДІК ШОЛУЫ: ҚАЗАҚСТАН 2015 © ЭЫДҰ ЖӘНЕ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК БАНК, 2015 
қалды. Халықтың еңбеккеЯ қабілетті ер азаматтарының үлесі 77% (ЭЫДҰ бойынша орта есеппен 
79%),  ал  әйелдердің  үлесі  –  67%  (ЭЫДҰ  бойынша  орта  есеппен  62%)  құрайды  (ЭЫДҰ,  2014а). 
2010 жылы 25 жастағы және одан үлкен ересек халықтың төрттен бір бөлігігіне жуығының жоғары 
білімі  болды  (АТО,  2014).  Жұмыссыздық  деңгейі  2000  жылғы  12,8%-дан  2012  жылғы  5,3%-ға 
дейін  төмендеді  (АТО,  2014).  2011  жылы  жұмыс  істейтін  халықтың  көп  бөлігі  қызмет  көрсету 
саласында  (55%),  шамамен  бестен  бір  бөлігі  -  өнеркәсіп  секторында,  27%-ы  ауыл 
шаруашылығында  жұмыс  істеді,  алайда,  соңғысы  ЖІӨ-нің  5%-ын  ғана  құрайды  (Дүниежүзілік 
банк,  2012).  Қолда  бар  бағалауға  сәйкес  формалды  емес  экономика  2007жылы  ЖІӨ-нің  38%-ын 
құрады (Шнайдер және басқалары, 2010).  
1.2-
сурет Халықтың жан басына шаққандағы ЖІӨ-нің динамикасы және мемелекеттік тұтынушылық 
шығындар 
 
Ескертулер:  Соңғы  тұтынуға  арналған  жалпы  мелекеттік  шығыстар  (бұрын  жалпы  мемлекеттік  тұтыну  деп  аталатын) 
тауарлар  мен  қызметтерді  сатып  алуға  арналған  барлық  ағымдағы  мемлекеттік  шығыстарды  (қызметкерлердің 
еңбекақысын  қоса  алғанда)  қамтиды.  Олар,  сондай-ақ,  елдің  қауіпсіздігі  мен  қорғанысына  арналған  шығыстардың  көбін 
қамтиды, бірақ  мемлекеттік капиталдың бір бөлігі болып табылатын мемлекеттік әскери шығыстарды қамтымайды.  
Дереккөз:  Дүниежүзілік  банк  статистикасы  (2014),  Дүниежүзілік  банктің  ұлттық  есепшотының  деректері,  Дүниежүзілік  банк 
деректерінің  веб-сайты, 
http://data.worldbank.org/indicator/NY.GDP.PCAP.CD
;  UNDATA  (2014),  ЮНЕСКО  Статистика 
институтының веб-сайты, 
https://data.un.org/Data.aspx?q=public+expenditure+per+capita+percentage+GDP&d=UNESCO&f=series%3aXUNIT_GDPCAP_F
SGOV
 
Ел  әлімдік  қоғамдастық  өміріне  белсенді  қатысады  және  негізгі  халықаралық  ұйымдар  мен 
донорлардың барлығы  Қазақстанда бар. Дүниежүзілік  банк,  Азия  даму  банкі және  Халықаралық 
валюта  қоры  1990  жылдардағы  дамыту  мақсаттары  үшін  Қазақстанға  едәуір  қарыз  берген 
халықаралық үкіметтік ұйымдар санына кіреді. 2000 жылдардың басында Қазақстан қарыздарды 
төледі  және  бар  болғаны  бір  онжылдық  ішінде  донорларды  қолдаудан  бас  тартқан  аздаған 
елдердің бірі болып, халықаралық нарықтардан қарыз алуды жүзеге асыра алды. Азия даму банкі 
және ЮНИСЕФ білім беру саласын қолдауға ерекше қатысты (АДБ, 2004 және ЮНИСЕФ, 2010). 
Үкімет  елдің  Дүниежүзілік  сауда  ұйымына  (ДСҰ)  кіруі  бойынша  жұмыс  істеуде  және  дамыған 
елдердің деңгейіне сәйкес келетін мемлекеттік саясат әзірлеу бойынша ЭЫДҰ-мен бұрынғыдан да 


жүктеу 4,1 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   100




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау