1. ҚАЗАҚСТАН МЕКТЕПТЕРІНДЕГІ БІЛІМ БЕРУ
«МЕКТЕПТЕГІ ҚОРЛАРДЫ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ» ЕЛДІК ШОЛУЫ: ҚАЗАҚСТАН 2015 © ЭЫДҰ ЖӘНЕ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК БАНК, 2015
Мектептегі білім беру
Бастауыш білім алты-жеті жастан басталады және төрт жылға созылады. Негізгі орта білімнің
ұзақтығы
бес жылды құрайды, содан кейін жалпы орта білімнің екі жылы немесе техникалық және
кәсіптік орта білімнің екі-төрт жылы бар. 2011 жылы тоғызыншы сынып түлектерінің үштен екі
бөлігіне жуығы орта мектептің жоғары сыныптарына өтсе, үштен бір бөлігі техникалық және
кәсіптік білім беру ұйымдарына түскен (АТО, 2014). Жалпы орта білімді сәтті аяқтаған оқушылар
техникалық және кәсіптік білімнің (ТжКБ) қысқартылған (екі-үш жыл) бағдарламаларына түсе
алады немесе оқуды жоғарғы оқу орындарында жалғастыра алады (ЭЫДҰ, 2014a).
Техникалық және кәсіптік орта білім колледждерде (бұрын «кәсіптік лицейлер» деп аталатын)
және жоғарғы техникалық мектептерде беріледі. Техникалық және орта кәсіптік білім беру
Қазақстан мектептерінде ресурстарды пайдалану тиімділігін жақсарту жөніндегі саясатты
шолудың мазмұнына енгізілмеген, бірақ ЭЫДҰ-ның басқа шолуының мәні болды (Алварез-
Галван, 2014 қараңыз). Сондай-ақ, орта білімді аяқтамай, мектепті тастап кеткен жастарға
арналған кешкі мектептер саны да өсіп келе жатыр.
Орта білімнен кейінгі және үшінші білім
2011 жылы барлығы 146 университет, академия, институт, консерватория, жоғары мектептер
мен жоғары колледждер орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру бағдарламаларын ұсынды.
Түлектер кем дегенде төрт жыл оқығаннан кейін Бакалавр академиялық дәрежесін ала алады.
Қабылдау жалпы орта білімді бітіру емтиханы мен жоғары оқу орнына түсу тестін біріктіретін,
11-сыныпты (немесе 12-сыныпты) бітіргеннен кейін өткізілетін Ұлттық бірыңғай тестілеу (бұдан
әрі – ҰБТ) нәтижелерінің негізінде жүзеге асырылады. Қазақстан Болонск процесіне 2010 жылы
қосылды. Орта білімнен кейінгі білім академиялық (ұзақтығы - екі жыл) немесе техникалық және
кәсіптік мамандықтар (ұзақтығы - бір жылдан кем емес) бойынша беріледі (ЭЫДҰ, 2014a).
Негізгі сипаттамалар
Қазақстанда орта білім міндетті болып табылады және оқушылар мемлекеттік мектепке тегін
баруға құқылы. Оқушылар барғысы келетін мектептерін таңдай алады, осы ретте мектепке
бекітілген ауданда тұратын өтініш берушілерге басымдық беріледі. Қазақстанда 2013-2014 оқу
жылдарында бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім деңгейлеріндегі бағдарламаларды
жүзеге асыратын 7 648 мектеп 2 571 989 оқушыға білім берді. Білім беру ұйымдарының жүйесі
мектептердің әр түрлі типтері мен түрлерін қамтиды, олардың көпшілігі (95,5%) мемлекеттік
болып табылады және ҚР БҒМ ведомствосына қарайды (1.2-кестені қараңыз). Соңғы он жылда
мемлекеттік емес мектептер саны өсті, бірақ олар елдегі барлық мектептердің 1,4%-ын ғана
құрайды, оларда оқушылардың 0,8%-ы оқиды. 2013-2014 оқу жылдарында елде жұмыс істеген
107 мемлекеттік емес мектептің жартысына жуығы Алматы және Астана қалаларында болған
(АТО , 2014). Мемлекеттік емес мектептер, әдетте, халықаралық тәжірибені ескере отырып
әзірленген оқу бағдарламаларын ұсынады, оқу үшін төлемді өздері белгілейді және қандай да бір
мемлекеттік қаржыланыру алмайды.
Мектептердің көлемі мен орналасқан орны қазақстандық мектептер желісінің ерекшеленетін
маңызды сипаттамалары болып табылады. Қала мектептерінде, әдетте, оқушы орындарының
жетіспеушілігі байқалады және оларға бірнеше ауысымда жұмыс істеуге тура келеді.
2009-2010 оқу жылында мектептердің 66%-ында оқыту екі-үш ауысымда жүзеге асырылған.
Алайда, халықтың тығыздығының төмендігі және жалпыға бірдей қол жетімділікке әсер ететін
саясат оқушылар санының аздығымен және оқушы-мұғалім қатынасының төмендігімен
сипатталатын шағын жинақталған мектептер санының өсуіне әкелді. Шағын жинақталған
мектептер қазақстандық заңнамада мектептердің ерекше тобы болып танылды, осы мектептерде
сабақты аралас сыныптарда жүргізуге рұқсат етіледі. Қазақстандағы ең кішкентай елді
мекендердің өзінде, міндетті мектеп жасындағы балалардың кемінде бесеуі тұрған жағдайда,
мектептің болуына құқығы бар. Мектептердің шамамен 50%-ға жуығы шағын жинақталған болып
саналады, бірақ оларда оқушылардың 11%-ы ғана оқытылады (1.2-кестені қараңыз). Кейбір
өңірлерде, әсіресе Солтүстік Қазақстан (86%), Ақмола (81%), Қостанай (76%) және Батыс
1. ҚАЗАҚСТАН МЕКТЕПТЕРІНДЕГІ БІЛІМ БЕРУ
«МЕКТЕПТЕГІ ҚОРЛАРДЫ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ» ЕЛДІК ШОЛУЫ: ҚАЗАҚСТАН 2015 © ЭЫДҰ ЖӘНЕ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК БАНК, 2015
Қазақстан (74%) облыстарында мектептердің басым көпшілігі шағын жинақталған мектептер
болып табылады. 2010 жылы бастауыш мектептерде оқушылардың орташа саны бір мектепке
12 оқушыны, негізгі мектепте - 45 оқушыны, жоғары мектепте - 146 оқушыны құрады. Шағын
жинақталған мектептер сыныптар көлемінің кішкентай болуы, дамымаған инфрақұрылым,
кадрлардың жетіспеушілігі және жиі білім берудің төмен сапасы сияқты ерекше проблемаларға
кездеседі. Қабылданатын мемлекеттік саясат шаралары осы мектептердің әлеуетін арттыру үшін
ресурстық орталықтар құруға және баламалы мектеп- интернаттар мен көлікпен қамтамасыз етуді
қолдауға бағытталған.
Әр мектепте берілетін білім деңгейі мен оқыту тілі ерекшеленеді. Көптеген мектептер
балалар 1-ден 11-сыныпқа немесе 12-сыныпқа дейін оқитын жалпы білім беретін күндізгі
мектептерге жатады; күндізгі мектептердің 13%-ы оқытуды бастауыш сыныптарда ғана, 1-ден
4-ші сыныпқа дейін жүзеге асырады; мектептердің 15%-ы оқытуды тек 5-9 сыныптарда ғана
жүзеге асырады. Жалпы білім беретін күндізгі мектептердің жартысынан көбі (52%) оқуды қазақ
тілінде, 19%-ы орыс тілінде ұсынады, мектептердің 29%-ы «аралас тілде» білім беретін
мектептерге жатады; бұдан басқа, тәжік тілінде оқытатын екі мектеп, ұйғыр тілінде оқытатын 14
мектеп, өзбек тілінде оқытатын 60 мектеп бар (АТО , 2014).
Дарынды балаларға арналған мектептерде және пәндерді тереңдете оқытатын мектептерде
(мысалы, математика, жаратылыстану ғылымдары, әлеуметтік ғылымдар, гуманитарлық пәндер,
музыка, өнер) оқитын оқушылар құрамы өсіп келеді. Гимназиялар мен лицейлер пәндерді
тереңдетіп оқытатын мектептердің ең көп таралған мысалы болып табылады. Алайда, жаңа білім
беру практикаларын дамыту үшін Президенттің бастамасы бойынша құрылған Назарбаев
зияткерлік мектептері (НЗМ) ең беделді мектеп болып саналады (3-бөлімдегі 3.1-ендірмені
қараңыз).
1.2-
кесте Қазақстан және ЭЫДҰ-ның негізгі білім беру статистикасы, 2012-2013
Қазақстан (2013)
Мектеп-
тер саны
%
Оқушылар
саны
%
Жалпы білім беретін орта мектептер
7648
100.0
2571989
100.0
олардың ішінде:
Мемлекеттік мектептер
7307
95.5
2525047
98.2
Жекеменшік мектептер
107
1.4
19579
0.8
Кешкі мектептер
81
1.1
12661
0.5
Назарбаев зияткерлік мектептері (НЗМ)
15
0.2
9700
0.4
Басқа мектептер
1
138
1.8
5002
0.2
Жалпы білім беретін орта мектептер
7307
100.0
2525047
100.0
олардың ішінде:
Қазақ тілінде оқитын
2
3796
52.0
1607509
61.9
Орыс тілінде оқитын
1349
18.5
894658
34.4
Басқа тілде оқитын
76
1.0
95339
3.7
Оқыту бір тілден артық тілде жүргізілетін
мектептер
2086
28.5
n/a
n/a
Қала мектептері
1605
22.0
1403377
55.6
Ауыл мектептері
5702
78.0
1121670
44.4
Шағын жинақталған мектептер
3639
49.8
284267
11.3
Қазақстан (2013) орташа ЭЫДҰ-мен салыстырғанда (2012)
Қазақстан
Орташа ЭЫДҰ