Мектептегі қорларды тиімді пайдалану Елдік шолуы



жүктеу 4,1 Mb.
Pdf просмотр
бет12/100
Дата26.12.2019
өлшемі4,1 Mb.
#24975
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   100

ТҰЖЫРЫМДАР МЕН ҰСЫНЫМДАР 
«МЕКТЕПТЕГІ ҚОРЛАРДЫ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ» ЕЛДІК ШОЛУЫ: ҚАЗАҚСТАН 2015 © ЭЫДҰ ЖӘНЕ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК БАНК, 2015 
ережелердің  сақталуын  бақылау  мен  есептілік  жүйесі  мен  тиісті  ашықтық  беру  арасында 
теңгерімді  талап  етеді.  Қоғамдық  өмірдегі  біртұтастықты  ілгері  жылжыту  және  барлық  мүдделі 
тараптарды алаяқтық және сыбайлас жемқорлық актілерін жою үшін тану қаралатын негізгі саяси 
бастамалар  болып  табылады.  Сыбайлас  жемқорлық  мүмкіндіктерін  азайту  үшін  сыбайлас 
жемқорлық  себептерін  анықтау,  адамдар  арасында  хабардарлық  деңгейін  арттыру,  жеткізуді 
көтермелеу  және  құралдарды  асыра  пайдалануға  әкелетін  нормалар  жүйесіндегі  бар 
олқылықтарды жабу қажет.  
 
 


«Мектептегі қорларды тиімді пайдалану» Елдік шолуы: Қазақстан 2015 
© ЭЫДҰ және Дүниежүзілік банк, 2015 
 
1-БӨЛІМ 
ҚАЗАҚСТАН МЕКТЕПТЕРІНДЕГІ БІЛІМ БЕРУ 
Қазақстанның  анық  суреттелген  лауазымдық  сатының  төменгі  деңгейлеріндегі  аз  ғана  саяси, 
әкімшілік  және  қаржылық  өкілеттіктерді  беретін,  жоғарыдан  төмен  қарай  айқын 
орталықтандырылған  жүйесі  бар.  Бұл  жоспарлау  мен  нормалардың  кең  жүйесімен 
сипатталатын білім беру жүйесінде байқалады. Қазақстан елдің көрінісін бекіту үшін, сондай-
ақ  орталық  деңгейдегі  білім  беру  жүйесіндегі  әрбір  аспектіні  реттеу  үшін  ұлттық 
стратегиялық  жоспарлауды  пайдаланады.  Жоспарлаудың  бірқатар  стратегиялары  мен 
құжаттары, атап айтқанда Қазақстан Республикасының білім беру саласын дамытудың 2011-
2020 жылдарға  арналған  мемлекеттік  бағдарламасы  (бұдан әрі  -  БДМБ) саясаттың жүйелілігі 
мен  бағыттылығын  қамтамасыз  етеді.  Негізгі  бастамаларды  дамыту  мен  білім  беру 
стратегияларын анықтауда Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің рөлі маңызды, ал 
бұл  кезде  ҚР  БҒМ  білім  беру  стратегияларын  жүзеге  асыру  бойынша  әрекеттер  жоспарын 
жасауға  шоғырландырылады.  Өңірлер  (облыстар,  Астана  және  Алматы  қалалары)  және 
аудандар  мектептердегі  білім  беру  қызметтерін  беруді  қамтамасыз  етуге  жауапты  болады. 
Қазақстанда  орта,  оның  ішінде  бастауыш  білім  міндетті  болып  табылады  және  оқушылар 
мемлекеттік  мектепке  тегін  негізде  баруға  құқылы.  Мектепке  бару  жүз  пайызды  болып 
табылады.  Мектептердің  көлемі  мен  орналасуы  Қазақстандағы  мектеп  желісінің  негізгі 
ерекшелігі  болып  табылады.  Қала  мектептері  оқушы  орындарының  жетіспеу  үрдісін 
бастарынан  кешіреді  және  бірнеше  кезекте  оқиды.  Сонымен  қатар,  халықтың  тығыздығының 
төмендігі  және  мектептегі  білім  беруге  жалпыға  ортақ  қол  жетімділік  саясаты  ауылды 
жерлерде шағын жинақталған мектептердің көбеюіне алып келді (барлық мектептердің 50%  -
ына  жуық).  PISA  зерттеулері  бойынша  оқушылардың  білім  алу  нәтижелері,  ЭЫДҰ  бойынша 
орташа    көрсеткіштерден  айтарлықтай  төмен.  Математика  бойынша  орташа  мәндердің 
айырмасына  қарағанда,  қазақстандық  15-жасар  оқушылар  ЭЫДҰ  елдеріндегі  өздерінің 
қатарластарынан  орташа  алғанда  екі  жылға  артта  қалып  отыр.  PISA  деректері  бойынша, 
мектептердегі  оқыту  тілі  (қазақша  немесе  орысша),  мектептің  орналасуы  (қала/ауыл)  және 
оқушылар мен мектептердің әлеуметтік-экономикалық жағдайы  оқушылардың жетістіктеріне 
әсер етеді. Облыстағы реформалар бойынша іс-шаралар жоспары амбициялық болып табылады  
және  маңызды  бастамалардың  бірқатары,  мысалы,  мектепке  дейінгі  желіні  кеңейту, 
мектептерді жан басына қаржыландыру мен 12 жылдық оқытуды енгізу жүргізіліп жатыр   


1. ҚАЗАҚСТАН МЕКТЕПТЕРІНДЕГІ БІЛІМ БЕРУ 
«МЕКТЕПТЕГІ ҚОРЛАРДЫ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ» ЕЛДІК ШОЛУЫ: ҚАЗАҚСТАН 2015 © ЭЫДҰ ЖӘНЕ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК БАНК, 2015 
Ұлттық мәнмәтін 
Географиялық және демографиялық сипаттамалар  
Орталық  Азияда  орналасқан  Қазақстан  аумағы  Франция,  Германия  және  Польшаны  қоса 
алғанда  екі  есе  көп,  әлемде  құрлық  беті  бойынша  тоғызыншы  ел  болып  табылады.  Ел 
солтүстігінде  Ресеймен,  батысында  оңтүстік-шығысында  Қытаймен,  оңтүстігінде  Қырғызстан 
және  Өзбекстанмен,  оңтүстік-батысында  Түркіменстанмен  шекараласады.  Қазақстанның  халқы 
2013  жылы  17  миллион  адамды  құрады.  Аумағының  үлкендігі  және  халқының  санының  аздығы 
халықтың  тығыздығының  төмендігіне  себепші  болады,  2013  жылы,  бағалауға  сәйкес,  1  шаршы 
метріне 6,2 адамды құрады (АТО , 2014). 
Климат  жағдайлары  кейбір  аудандардағы  білім  беру  қызметтерін  ұсынуға  және  бағасына 
айтарлықтай  әсер  етеді.  Қазақстан  жазда  орташа  +30  °C  және  қыста  орташа  −20  °C  айрықша 
температуралармен  ерекшеленеді.  Батысы  мен  оңтүстігінің  көп  бөлігін  қоса  алғанда,  елдің 
жартысынан  көбі  жартылай  шөлде  (аумақтың  12%-ы)  немесе  шөлде  (44%)  орналасқан.  Күрделі 
экологиялық  проблемалар  бұрынғы  ядролық,  өнеркәсіптік  немесе  кен  рудасы  объектілері 
аумағында,  сонымен  қатар  судың  жеткіліксіздігінен  және  құрғақшылықтан  туындайтын  жердің 
азуы  сияқты  күрделі  экологиялық  проблемаларды  басынан  кешіретін  аудандарда  тұратын 
балаларға білім беруге және олардың әл-ауқатына да әсер етеді. 
Қазақстан халықтың біркелкі емес пирамидасымен сипатталады (1.A1 қосымшасын қараңыз). 
Ел халқының төрттен бір бөлігі мектепке дейінгі жастағы балалар екенін ескере отырып, 15 жасқа 
дейінгі  балалар  халықтың  бестен  бір  бөлігін  құрайтын  ЭЫДҰ  елдеріне  қарағанда,  Қазақстанға 
көбірек  балаларға  білім  беруге  тура  келеді.  Қазіргі  кезде  туу  жасындағы  әйелдердің  туу  деңгейі 
2,5-ке  тұрақтанғанына  қарамастан,    1990-жылдардағы  шұғыл  қысқарудан  болған  ауытқулар  
2008 жылы 2,7 болып шегіне жетіп, оқушыларды есепке алған кезде қиындықтарға алып келді.  
Ел  бойынша  халық  санының  динамикасы  біркелкі  емес:  солтүстік  өңірлерде  туудың 
төмендеуі  болжанса,  оңтүстікте  күрт  өсуі  байқалады.  Шығыс  Қазақстан,  Қостанай,  Қарағанды, 
Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Ақмола және Павлодар облыстарында 1999-2009 жылдары 
халықтың азаюы байқалды, осы ретте Солтүстік-Қазақстан облысындағы тұрғындар саны 18%-ға 
қысқарды. Мұнымен салыстырғанда осы  кезеңде Маңғыстау, Оңтүстік Қазақстан облыстарының, 
Астана және Алматы қалаларының халқы  20%-дан астам өсті. 2013 жылы халықтың жартысынан 
астамы (9,4 миллион) қалаларда өмір сүрді және кенттену үрдісінің өсуі байқалды (АТО ,  2014). 
Кенттенудің  аса  жоғары  деңгейі  Қарағанды  (қала  халқының  жалпы  санының  79%-ы),  Павлодар  
(70%),  Ақтөбе  (62%)  және  Шығыс  Қазақстан  облыстарында(59%)  байқалды.  Сонымен  қатар 
халықтың  жоғары  шоғырлануы  Алматы  (ауыл  халқының  жалпы  санының  77%-ы),  Оңтүстік 
Қазақстан (61%), Жамбыл (60%), Солтүстік Қазақстан (58%) және Қзылорда (57%) облыстарында 
байқалды. 
Қазақстандағы  мектептер  елдің  үлкен  этникалық,  діни  және  тілдік    өзгешелігін  көрсетеді.  
Оларда  23  түрлі  ұлт  оқушылары  оқиды.  Этникалық  қазақтар  оқушылардың  73%-ын,  этникалық 
орыстар - 14%-ын, этникалық өзбектер 4%-ын құрайды. Басқа аз ұлттар Кеңес Одағы кезеңіндегі 
халықтың  орын  ауыстыруын  көрсетеді  және  мыналарды  қамтиды:  украиналықтар  (1,3%), 
ұйғырлар  (1,5%),  немістер  (1,0%)  (АТО,  2014).  Қазақстан  халқында  мұсылмандар  басым  (70%), 
халықтың  (26%)  өздерін  христиандарға  жатқызады,  ал  3,5%-ы  «басқа»  деп  көрсетеді  немесе 
өздерін  ешқандай  дінге  жатқызбайды.  Осы  ретте  Конституцияға  сәйкес  Қазақстан  зайырлы 
мемлекет болып табылады (ЭЫДҰ, 2014 ж.).  
Оқушылар  бір  немесе  екі  ресми  тілдің  бірінде  (қазақша  немесе  орысша)  немесе  басқа  аз 
халықтардың  тілдерінде  оқи  алады.  Қазақ  тілі  республиканың  мемлекеттік  тілі  болып  саналады, 
2009 жылғы халық санағының деректеріне сәйкес, оны халықтың үштен екі бөлігі түсінеді. Орыс 
тілі ұлтаралық қатынас тілі болып саналады және оны іс жүзінде барлық халық түсінеді (халықтың 
94%-ы).  Ағылшын  тілін  халықтың  15,4%-ы  түсінеді.  Ұлттық  сәйкестендіруді  бекіту  үшін  қазақ 
тілінің басымдығы қазақ тілінде оқытатын мектептер санының өсуіне әкелді. 2012 жылы көптеген 
мектептерде оқыту тілі қазақ тілі (3 819 мектеп), одан кейін орыс тілі (1 394), өзбек тілі (60), ұйғыр 


жүктеу 4,1 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   100




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау