ТҰЖЫРЫМДАР МЕН ҰСЫНЫМДАР
«МЕКТЕПТЕГІ ҚОРЛАРДЫ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ» ЕЛДІК ШОЛУЫ: ҚАЗАҚСТАН 2015 © ЭЫДҰ ЖӘНЕ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК БАНК, 2015
Саяси ұсынымдар
Тиімділіктің негізгі проблемаларын барлық жерде шеше отырып, білім беруге арналған
жалпы мемлекеттік шығыстарды ұлғайту
Мемлекеттік шығыстарды біртіндеп ұлғайту сектордың стратегиялық жоспарларын орындау
және ЭЫДҰ стандарттарына қол жеткізу үшін көзделуі тиіс (ЖІӨ-нің 5-6%-ы). Қосымша қаражат
дұрыс жұмсалуы және мемлекеттік қаражатты пайдалану тиімділігі бір мезгілде арттырылуы тиіс.
Инвестициялаудың басымдықтары ерте білім беру саласы, сондай-ақ әділдік пен теңдікті
қолдайтын аспектілер болуы тиіс. Тағы бір басымдық білім беру жүйесі қызметінің есептілігі мен
мониторингі тетіктерін нығайту болып табылады. Бұдан басқа, бюджеттік конверт жүйенің жаңа
бағдарламалар мен жаңа тәсілдерге бейімделу қабілетін ұлғайта отырып, біртіндеп ұлғайтылуы
тиіс.
Бюджетаралық трансферттер жүйесін қайта қарау
Қазақстан оның тиімділігі мен әділдігін арттыру мақсатында бюджетаралық трансферттер
жүйесін реформалаудың одан әрі мүмкін жолдарын зерттеуі тиіс. Білім беру секторына әсерді
қарау үшін нақты салалар мыналарды қамтиды: (I) білім беруді билік деңгейлері бойынша
қаржыландыру жөніндегі міндеттердің нақты бөлінуін қамтамасыз ету; (II) ресурстарды бөлу үшін
ашық көрсеткіштері мен коэффициенттері бар формуланы пайдалану; (III) білім беру
қызметтерінің жоғары сапасын қамтамасыз ету бойынша бюджеті жеткіліксіз аудандардың
жеткілікті қаржыландырылуына кепілдік беру үшін ресурстарды облыстар мен аудадар бойынша
тең бөлу; және (IV) әр түрлі нысаналы ресурстар мен бюджеттен тыс ресурстарды барабар әрі
тлық ұсыну және есепке алу үшін бюджеттік жіктемеде ерекше есептік санаттарды енгізу.
Жергілікті және мектеп дербестігін біртіндеп ұлғайту жолдарын зерттеу
Қазақстан білім беру саласында дамуы үшін мектептер мен жергілікті тқарушы органдардағы
үлкен өз бетімен жұмыс істеуді қамтамасыз етудің ықтимал жолдарын зерттеуі тиіс. Белгілі бір
шешімдерді ресурстардың оңтайлы бөлінуін қамтамасыз ету үшін өз мектептерінің
қажеттіліктерін жақсы білетін жергілікті билік органдары мен мектеп директорларына қалдырған
жөн. Дербестіктің жоғары деңгейі бөлшекті міндеттерді емес, ең аз стандарттарды анықтау үшін
қолданылуы мүмкін қазіргі нормалар жүйесінің әлсіреуін білдіреді. Дербестіктің ұлғаюы
мектептер мен жергілікті билік органдары арасындағы бар айырмашылықтарды күшейтуі мүмкін,
сондықтан, үздік практикаларды тарату және қажеттілігі барларды қолдау тетіктері енгізілуі тиіс.
Осыған байланысты, мектептерді аттестаттаудың дамушы функцияларын күшейту қажет.
Әлеуетті арттыру және деректердің негізінде жоспарлау мен мониторингке жылжу
бойынша күш салу
Қазақстан жобалау кезеңінде де (реформалардың қажетті типін талдау кезінде) және іске
асыру кезеңінде де (реформалар тұжырымдамасын практикада қолданудың үздік тәсілі туралы
шешімдер қабылдау кезінде) реформалау жөніндегі болашақ бастамалар үшін негіз ретінде
дәлелдер мен бағалауды қолдану мәдениетін дамытуы тиіс. Кері байланыстың мұндай типін
енгізудің үздік тәсілі – соңғы бастамалар тәжірибесін қарау, іске асыру процесіндегі жетістіктер
мен шектеулерді алу және жариялау. Білім берудегі ағымдағы негізгі бастамалар қаралуы тиіс.
Жанбасылық қаржыландырудың пилоттық жобасының, қамқорлық кеңестерінің, шағын
жинақталған мектептерге арналған ресурстық орталықтардың, электрондық оқытудың және басқа
бастамалардың әсері талдануы тиіс және талдау нәтижелері білім беру жүйесінің мүдделі
тараптарының кең тобына таратылуы тиіс. Мұндай талдау барысында жиналған деректер
реформаторлық бастамаларды болашақ жоспарлауға қатысты пікірталастар негізі ретінде
жариялануы және пайдаланылуы тиіс.