1. ҚАЗАҚСТАН МЕКТЕПТЕРІНДЕГІ БІЛІМ БЕРУ
«МЕКТЕПТЕГІ ҚОРЛАРДЫ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ» ЕЛДІК ШОЛУЫ: ҚАЗАҚСТАН 2015 © ЭЫДҰ ЖӘНЕ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК БАНК, 2015
көбірек ынтымақтастық жасауда
1
. Бұдан басқа, Қазақстан Ресей Федерациясымен және Беларусь
Республикасымен бірге Еуразиялық экономикалық одақ құруда
2
.
Білім беру жүйесін басқару
Функцияларды көпдеңгейлі бөлу
Қазақстан өзінің тәуелсіздігі туралы 1991 жылы жариялады және заңнамалық, атқарушылық
және сот тармақтарына ресми бөлінген билігі бар басқарудың президенттік жүйесінің негізін
қалады. Президент Нұрсұлтан Назарбаев үкіметті 1991 жылдан басқарып келеді. Қазақстан
Республикасы Президентінің Әкімшілігі Премьер-Министрдің, барлық салалық министрлердің,
өңірлік әкімдердің қызметін бақылауды жүзеге асырады. Қазақстанның саяси жүйесін тәуелсіз
зерттеу демографиялық процестердің шектелуін және қоғамдық талқылаудың жеткіліксіз
еркіндігін анықтады (ICG, 2013; Хайнрих, 2010; Бхуян, 2012).
1.1-
кестесі Қазақстан аудандары
Аумақ
Облыс
орталығы
Аудан
(мың. км2)
Халық
(мың, 2009)
Халық тығыздығы
(км2-ға бір адам,
2009)
Ақмола облысы
Көкшетау
146.2
737.5
5.0
Ақтөбе облысы
Ақтөбе
300.6
757.8
2.5
Алматы облысы
Талдықорған
224.0
1 807.9
8.1
Атырау облысы
Атырау
118.6
510.4
4.3
Шығыс-Қазақстан
облысы
Өскемен
1 283.2
396.6
4.9
Қарағанды облысы
Қарағанда
428.0
1 341.7
3.1
Қостанай облысы
Қостанай
196.0
885.6
4.5
Қызылорда облысы
Қызылорда
226.0
678.8
3.0
Маңғыстау облысы
Ақтау
165.6
485.4
2.9
Солтүстік-Қазақстан
облысы
Петропавл
98.0
596.5
6.1
Павлодар облысы
Павлодар
124.8
742.5
5.9
Оңтүстік-Қазақстан
облысы
Шымкент
117.3
2 469.3
21.1
Батыс-Қазақстан облысы
Орал
151.3
598.9
4.0
Жамбыл облысы
Тараз
144.3
1 022.1
7.1
Астана қ.
-
0.7
613.0
875.7
Алматы қ.
-
0.3
1 365.6
4 552.1
Қазақстан Республикасы
Астана
2 724.9
16 009.6
5.9
Дереккөз: Қазақстан Республикасының статистика агенттігі (2011)
, Қазақстан Республикасының Ұлттық санағының
қорытындылары 2009 жыл: Талдамалық есебі, Астана.
Қазақстан айқын бөлінген иерархияның
төменгі деңгейлеріне саяси,
әкімшілік және фискалды
өкілеттіліктерді өте аз қалдыратын, жоғары орталықтандырылған, иерархиялық ұйымдастырылған
жүйе ретінде сипатталады. Әкімшілік тұрғыда ел 14 өңірге және республикалық маңызы бар екі
қала - қазіргі Астана және бұрынғы астана Алматы қалаларына бөлінген (). Президент
тағайындайтын облыс әкімдері жергілікті жерлердегі оның өкілдері болып табылады, өңірлерді
басқарады және Президенттің мемлекеттік стратегиялық шешімдерінің орындалуына жауап
береді. Бұдан әрі ел 87 қаланы, 37 кентті және 6904 ауылдық елді мекенді қамтитын 175 ауданға
бөлінген. Облыс әкімдері аудан басшыларын лауазымға тағайындауға және одан босатуға да
жауапты болады.
Білім беру жүйесінде ұлттық деңгейде бірнеше тарап бар. Президент Әкімшілігі білім беру
стратегиясын белгілеу мен негізгі бастамаларды дайындауда маңызды рөл атқарады. Президент
білім беру саласындағы барлық негізгі бастамаларға қатысады және әдетте, әр жылдың қаңтар
айында шығарылатын өзінің жыл сайынғы жолдауында білім беру жүйесі үшін нұсқаулар береді,