1. апта Менің балабақшам
|
Коммуникация-1
Сөйлеуді дамыту (1)
Көркем әдебиет (0,5)
|
Таным-2
Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру (1 с
Жаратылыстану (1с)
Құрастыру (0,5)
|
Шығармашылық-3
Сурет салу (1с)
Мүсіндеу (0,25)
Апликация (0,25)
|
Әлеумет-0
Қоршаған ортамен танысу (0,25)
Экология негіздері (0,25)
|
Өтпелі тақырып: Менің балабақшам (Қыркүйек)
Мақсаты: балалардың бойында балабақшаға, достарына сүйіспеншілік сезімді қалыптастыру.
Міндеттері: балалардың балабақшаға, достарына сүйіспеншілік сезімді қалыптастыруға тәрбиелеу; бірлескен әрекетке қызығушылықты дамыту.
|
Сөйлеуді дамыту
Тақырыбы: «Менің тобым».
Топ бөлмелері мен топтағы заттарды, заттардың бөлшектерін ажыратып атауға, сөздегі дыбыстарды анық айтуға үйрету.
Көркем әдебиет
Тақырыбы: «Балабақша» әңгмелеу.
(сурет бойынша)
Балабақша туралы түсініктерін кеңейту, тақырыпқа сәйкес әңгіме оқып беріп оқиғаны эмоционалды қабылдауға үйрету.
|
Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру (ҚМҰҚ)
Тақырыбы:«Көп», «Біреу» ұғымдары. Топтағы заттардан бір немесе көп заттарды тауып көрсетуге, топтағы біртекті заттардан топтар құрастыруға одан біреуін бөліп көрсетуге үйрету. үйрету.
Құрастыру
Тақырыбы: «Орындық»
Әртүрлі құрылыс материалдарымен таныстыру, әртүстегі бөлшектерден орындықтың құрылысын құрастыруға үйрету.
Жаратылыстану
Тақырыбы: «Балабақша ауласы»
Балабақшаның ауласындағы өсімдіктерді, ағаштарды, гүлдерді бақылау жасау, олардың өзіне тән белгілерін байқап, сипаттай білуді үйрету.
|
Сурет салу
Тақырыбы: «Балабақша
ауласындағы жол»
Түрлі бағытта түзу сызықтарды олардың қиылысуын жүргізе білуді үйрету, балабақша ауласындағы жолды ондағы гүлзардың суретін салу
|
|
2. апта Менің достарым
|
Сөйлеуді дамыту
Тақырыбы: «Менің достарым»
Достық туралы түсінік беру, зат есімдердің жекеше түрін қолдануға, ересектердің сөзін зейін қойып тыңдауға және түсінуге үйрету.
|
ҚМҰҚ
Тақырыбы: «Көп», «Біреу» ұғымдарын бекіту.
«Көп», «Біреу» ұғымдарын бекіту, заттарды бір қатарға реттілікпен солдан оңға қарай орналастыруды үйрету.
Жаратылыстану
Тақырыбы: «Көкөністер мен жемістер».
Сипап сезу және дәмін тату арқылы көкөністер мен жемістерді ажыратып, атай білуге сөйлегенде: шикі, піскен, тұзды және т.б. сөздерді қолдануға үйрету.
|
Сурет салу
Тақырыбы: «Картоп»
Дөңгелектеу. тәсілдерін қолдана отырып, көкөністердің бейнелерін салуға үйрету.
Мүсіндеу
Тақырыбы: «Ермексазбен танысу»
Ермексаз және сазбалшықтың қасиетерімен танысу дағдыларын жетілдіру, олардың кесектерін домалату, ширату, созу тәсілдерін үйрету
|
Қоршаған ортамен танысу
Тақырыбы: «Үлкендердің еңбегімен танысу»
Балабақша мен балабақша қызметкерлері туралы ұғымдарын кеңейту, балабақшаға жағымды көзқарастарын калыптастыру
|
3. апта Менің сүйікті ойыншықтарым
|
Сөйлеуді дамыту
Тақырыбы:
«Менің сүйікті ойыншығым»
Ойыншықтар туралы түсініктерін кеңейту, заттарды жалпы белгілері бойынша топтастыруға, сөздерді жіктелуіне қарай байланыстыруға үйрету.
Көркем әдебиет
Тақырыбы:
«Қуыршақ» тақпақ жаттау.(Әнуарбек Дүйсенбиев)
хрестоматия
Ойыншықтар туралы түсініктерін кеңейту, тақырыпқа сәйкес тақпақтың интонациясын сақтап айтуға үйрету.
|
ҚМҰҚ
Тақырыбы:«Шеңбер және шаршымен танысу».
Балаларды геометриялық пішіндер шеңбер және шаршымен таныстыру, олардың пішінін қолмен ұстап көру арқылы зерттеуге үйрету.
Құрастыру
Тақырыбы: «Жүк
машинасы»
Кірпіштерді қалау арқылы ойыншықтың құрылысын құрастыруды үйрету
Жаратылыстану
Тақырыбы:«Көкөністер мен жемістер»
Көкөністерді, жемістер мен саңырауқұлақтарды жинау туралы түсінік беру, олармен ойыншықтарды қоректендіруді үйрету (куыршақты жемістермен, қоянды сәбізбен)
|
Сурет салу
Тақырыбы:«Сандықты әшекейлеу».
Түзу сызықтарды түрлі бағытта салуды жетілдіру, сүйікті ойыншығының суретін салу.
|
|
4. апта Жиһаздар
|
Сөйлеуді дамыту
Тақырыбы:«Үй жиҺаздары».
Жиһаздар туралы түсініктерін кеңейту, сөздік қорды заттардың қасиетін білдіретін сөздермен толықтыруға үйрету.
.
|
ҚМҰҚ
Тақырыбы:«Ұзын-қысқа, салыстыру».
Ұзындығы бойынша түрлі заттарды салыстыруға, ұзын, қысқа сөздерін қолдануға үйрету.
Жаратылыстану
Тақырыбы:«Көкөністер
мен жемістерді топтастыру».
Көкөністер мен жемістер туралы түсініктерін кеңейту, көкөністер мен жемістерді топтастыра білуге үйрету (сәбіз, қияр, қызанақ, алма, алмұрт, апельсин), қоршаған табиғатқа қызығушылығын қалыптастыру
|
Сурет салу
Тақырыбы: «Шкаф».
Түзу сызықтарды қиылыстыру арқылы шкафтың суретін салуды үйрету
Аппликация
Тақырыбы: «Шкаф»
Дайын пішіндерден шкафтың бейнесін жасауға үйрету.
|
Экология негіздері
Тақырыбы:
«Күзгі табиғатты бақылау».
Өлі және тірі табиғат туралы білімдерін, көкөністер мен жемістер туралы қарапайым түсініктерін, бөлме өсімдіктерінің түрлері мен ерекшеліктері туралы білімдерін қалыптастыру
|
Өтпелі тақырып:«Менің отбасым»
Мақсаты: отбасы, ана, әке, әже, ата, аға, әпкенің рөлі; отбасы мүшелерінің еңбек міндеттері; отбасындағы оң өзара қарым-қатынас, өзара көмек, отбасының барлық мүшелеріне сүйіспеншілік туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері: отбасы мүшелеріне сүйіспеншілік пен сыйластыққа тәрбиелеу. Отбасы туралы алған білімдерін кеңейтуге ықпал ететін ойын жағдайын ұйымдастыру. Туыстық байланыс туралы түсініктерін дамыту.
|
1.апта Менің отбасым, ата-аналар еңбегі
|
Сөйлеуді дамыту
Тақырыбы: «Мен және менің отбасым» әңгімелеу.
«Бес саусақ» тақпақ жаттау.(Е.Өтетілеуұлы)
хрестоматия
Отбасы мүшелері туралы әңгімелесу, дауысты дыбыстарды анық айтуға, сөздерді септелуіне қарай байланыстырып айтуға үйрету, тақырыпқа сәйкес шағын тақпақ жаттату.
Көркем әдебиет
Тақырыбы:«Ана» әңгімелеу.
З.Воскресенская
(хрестоматия 2004ж Алматы.)
Отбасы туралы түсінігін кеңейту, тақырыпқа сәйкес шығармадағы кейіпкерлерді ойнағанда олардың мінездерін бере білуге үйрету
|
ҚМҰҚ
Тақырыбы: Заттарды салыстыру
Бір затты екіншісіне беттестіру, жанына қойып тұстастыру арқылы салыстыруға үйрету.
Құрастыру
Тақырыбы: «Саты»
Пластиналарды тік және көлденең орналастыру тәсілімен құрастыру
Жаратылыстану
Тақырыбы: «Күзгі табиғат құбылыстары».
Күз мезгілінің негізгі ерекшеліктерін: аспанның бұлттануы, жаңбыр, жапырақтардың түсуі, күннің суытуын бақылау
|
Сурет салу
Тақырыбы: «Үй».
Асфальтка түрлі-түсті борлармен үйдің суретін салуды үйрету
|
|
2.апта Біздің көше
|
Сөйлеуді дамыту:
Тақырыбы:«Біздің қаланың көшелері». (сурет бойынша
әңгімелеу).
Өзінің тұратын көшесі туралы әңгімелесу, сөздік қорды заттардың сапасын білдіретін сөздермен толықтыруға, зат есімдерді жекеше, көпше қолдануға үйрету.
|
ҚМҰҚ
Тақырыбы: «Үшбұрыш».
Геометриялық пішін үшбұрыш пен таныстыру, түйсіну және көру арқылы пішін түрлерін зерттеу
Жаратылыстану
Тақырыбы: «Күннің шуақтары».
Күн туралы түсініктерін кеңейту: күннің көзінен жылу мен жарық тарайтындығын бақылау, талдау жасай білуге үйрету.
|
Сурет салу
Тақырыбы: «Дуал».
Бірнеше тік сызықтарды салу арқылы асфальтка түрлі-түсті борлармен дуалдың суретін салуды үйрету
Мүсіндеу
Тақырыбы: «Әжемнің бауырсағы».
Дөңгелектеу, ширату, созу тәсілдерімен азық-түлік тағамдарын мүсіндеуге үйрету
|
Қоршаған ортамен танысу
Тақырыбы: «Тұрмыстық бұйымдар».
Отбасылық суреттерді қарастыруға және отбасы мүшелері мен олардың әрекеттерін, қазақ және басқа халықтардың тұрмыстық заттарын атауға үйрету
|
3. апта Үйдегі және көшедегі қауіпсіздік
|
Сөйлеуді дамыту
Тақырыбы: «Абайла,балақай!».
Үйдегі және көшедегі қауіпсіздік туралы қарапайым ережелермен таныстыру, заттардың бөлшектерін ажыратуға және атауға, дауыссыз дыбыстарды дұрыс дыбыстауға үйрету
Көркем әдебиет
Тақырыбы: «Бағдаршам» әңгіме.
Үйдегі және көшедегі қауіпсіздік туралы түсініктерін кеңейту, тақырыпқа сәйкес әңгіме оқып беріп кейіпкерлерге жанашырлық танытуға үйрету.
|
ҚМҰҚ
Тақырыбы:«Бір-бірден», «бірде біреуі жоқ» ұғымдары
«Бір-бірден», «бірде біреуі жоқ» ұғымдары туралы түсінік қалыптастыру, заттарды бір қатарға реті бойынша бір бағытта солдан оңға қарай оң қолымен орналастыруды бекіту
Құрастыру
Тақырыбы: «Менің көшем»
Ірі құрылыс материалдарынан көшенің құрылысын жасауға үйрету
Жаратылыстану
Жаратылыстану
Тақырыбы:«Үй жануарлары»
Үй жануарлары туралы білімдерін кеңейту, олардың өздеріне тән ерекшеліктерімен: немен қоректенеді, қалай қимылдайды, қандай дыбыстар шығарады, ересектердің үй жануарларына күтім жасауын бақылау жасау және мысықтың тырнап алуынан, иттің тістеп алуынан сақтануды үйрету
|
Сурет салу
Тақырыбы: «Пеш»
Дайын тамақ пісіретін пештің суретін бояуға үйрету.
|
|
4. апта Алтын күз
|
Сөйлеуді дамыту
Тақырыбы:«Алтын күз».
«Жемістер жыры» тақпақ жаттау.(Н.Жанаев).
хрестоматия
Күз туралы түсініктерін кеңейту, әңгімелесу кезінде берілген сұрақтарды тыңдауға және түсінуге, киімдерді топтастыруға үйрету, тақырыпқа сәйкес шағын тақпақ жаттату.
|
ҚМҰҚ
Тақырыбы:«Заттың көлеміне қарай салыстыр»
Биіктігі мен қалыңдығы бойынша бірдей және қарама-қарсы заттарды салыстыруға үйрету
Тақырыбы: «Күзгі еңбек»
Күзгі табиғаттың әсемдігін байқай білуді дамыту, ауа райын, ауладағы ересектердің еңбегіне бақылау жасау.
|
Сурет салу
Тақырыбы: «Күзгі жапырақтар»
Ағаштардың дайын суретінің үстінен және жерге саусақпен салу әдісімен сары жапырақтарды орналастыру.
Аппликация
Тақырыбы: «Күзгі ағаш»
Бейнеленген заттарға сәйкес түрлі түсті қағаздардан дайын пішіндерді таңдауды, желімді қылқаламға ұқыпты түрде жағуды, күздегі ағаштың бейнесін жасауды үйрету
|
Экология негіздері
Тақырыбы:
«Күзгі табиғат құбылыстары»
Ауа райының жағдайын анықтай білу, күзгі табиғат құбылыстарын бақылау, табиғатқа қамқорлықпен қарауға үйрету
|
|
Өтпелі тақырып:« Дені саудың- жаны сау»
Мақсаты: баланың денсаулығын сақтауға және нығайтуға; тұрмыста, көшеде, табиғат жағдайларында қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыруға және балалардың қимыл-қозғалыс тәжірибесін негізгі қимылдарды жетілдіру арқылы байытуға, шығармашылық, танымдық және сөйлеу қабілеттерін пайдалана отырып, қимыл белсенділігіне қажеттілікті жетілдіру.
Міндеттері: балаларарды салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу, қауіпсіздік ережелерін сақтауға үйрету.
|
1. апта Өзім туралы
|
Сөйлеуді дамыту
Тақырыбы:
«Дене мүшелері мен таныстыру».
Өзінің дене мүшесін ажыратып атауға, дене мүшелерінің атқаратын қызметтерін айтуға, сөздерді жіктелуіне қарай байланыстыруға үйрету.
Көркем әдебиет
Тақырыбы: «Бақа,бақа,балпақ» өлең.
Өзі, дене мүшелері туралы әңгімелесу, тақырыпқа сәйкес шығармадағы бейнелі сөздерді есте сақтауға үйрету
|
ҚМҰҚ
Тақырыбы: «Жалпақ және жіңішке, салыстыру»
Заттарды ені бойынша үстіне қою және жанына қою әдістері арқылы салыстыруға үйрету
Құрастыру
Тақырыбы: «Үлкен және кішкене үйлер»
Әртүрлі пішіндегі бөлшектерден қарапайым құрылыстар құрастыруға үйрету
Жаратылыстану
Тақырыбы: «Үй жануарлары төлдерімен таныстыру»
Үй жануарлары төлдерінің сыртқы келбетінің сипаттық ерекшеліктерімен, мінез-құлықтарымен, тіршілік әрекетімен таныстыру.
|
Сурет салу
Тақырыбы: «Күннің көзі».
Дөңгелек пішінді заттарды салуды жетілдіру, күннің суретін салу оны бояумен бояуға үйрету.
|
|
2 апта Дұрыс тамақтану. Дәрумендер
|
Сөйлеуді дамыту
Тақырыбы: «Дәрумендер патшасы»
Дұрыс тамақтану, дәрумендер туралы түсініктерін кеңейту, жалпы белгілері бойынша заттарды топтастыруға (жемістер мен азық түліктер) сөздерді септелуіне қарай байланыстыруға үйрету.
|
ҚМҰҚ
Тақырыбы: «Кеңістікті бағдарлау».
Өзіне тікелей жақын кеңістік бағдарын анықтауға үйрету.
Жаратылыстану
Тақырыбы: «Балықтарды бақылау»
Табиғат бұрышындағы балықтарға бақылау жасау, олардың сыртқы келбетімен таныстыру, балаларды балықтарға күтім жасау әрекетіне қатыстыру.
|
Сурет салу
Тақырыбы: «Алма»
Дөңгелек пішінді салуды жетілдіру, алақанымен алманың суретін салуға үйрету
Мүсіндеу
Тақырыбы:«Алма және алмұрт».
Элементтерді қарапайым заттарға біріктіру, ыдыстағы жемістерді мүсіндеуге үйрету
|
Қоршаған ортамен танысу
Тақырыбы: «Қоршаған ортадағы заттар мен таныстыру»
Қоршаған ортаны қабылдауға, заттар, ойыншықтар, кітаптар мен ыдыстарға ұқыптылықпен қарауға, кеңістікті бағдарлауға үйрету, көлік құралдарының түрлерімен таныстыру
|
3 апта. Өзіңе және өзгелерге көмектес
|
Сөйлеуді дамыту
Тақырыбы: «Қайырымды балалар»
әңгіме (хрестоматия)
Өзіне және айналасындағы адамдарға көмек көрсетуді, сөздік қорды заттардың қасиеті мен сапасын білдіретін сөздермен толықтыруға, кейіпкерлерді сипаттау үшін дауыс ырғағының мәнерлі қарапайым тәсілдерін қолдануға үйрету.
Көркем әдебиет
Тақырыбы: «Қызыл телпек» ертегісі.
Тақырыпқа сәйкес ертегі оқып беріп оның мазмұнын түсінуге, кейіпкерлерге, оқиғаларға өзінің көзқарастарын білдіруге үйрету
|
ҚМҰҚ
Тақырыбы: «Заттарды салыстыр» .
Шама бойынша заттардың әртүрлі болатыны туралы түсінік беру, ұзындығы мен ені бойынша екі қарама-қарсы және бірдей заттарды салыстыруға үйрету
Құрастыру
Тақырыбы: «Машина жүретін жол».
Ірі құрылыс материалдарынан көп түсті құрылыстарды құрастыруға үйрету.
Жаратылыстану
Тақырыбы: «Бөлме өсімдіктеріне күтім жасаймыз»
Табиғат бұрышындағы өсімдіктерге күтім жасауда сәбилерді шамасы жетерлік іс-әрекетке қатыстыру (ірі жапырақтарды сүрту, гүлдерді суару).
|
Сурет салу
Тақырыбы: «Сәбіз».
Саусақпен салу әдісімен қоянға сәбіздің суретін салып беру.
|
|
4-апта Біз күштіміз, ептіміз
|
Сөйлеуді дамыту
Тақырыбы: «Дене жаттығулары».
Денсаулықты нығайтуда дене жаттығуларының маңызын түсіндіру, дауысты, дауыссыз дыбыстарды дұрыс дыбыстауды жетілдіру, сөз бен сөз ұйқастарына құрылған ойындарға қызығушылыққа тәрбиелеу.
|
ҚМҰҚ
Тақырыбы:«Пішіндерді бекіту»
Геометриялық пішіндер: шеңбер, шаршы, үшбұрышты ажыратып тануды және атауды бекіту.
Жаратылыстану
Тақырыбы: «Жабайы жануарлар». сурет бойынша әңгімелеу.
Жабайы жануарларды танып, атай білуді және сыртқы ерекшеліктерін ажырата білуді, олардың қимылдарына еліктеп жаттығулар жасауды (қоян болып секіру, аюдай қорбаңдап жүруді) үйрету.
|
Сурет салу
Тақырыбы: «Қошқар мүйіз»
Қазақ оюының дайын суретіне оның жетпей тұрған элементтерін салуға үйрету.
Аппликация
Тақырыбы: «Доп»
Ересектердің даярлаған ірі және ұсақ элементтерге желімді жағып орналастыруға, тақырыпқа сәйкес спорт құралдарын жапсыруды үйрету.
|
Экология негіздері
Тақырыбы: «Үй және жабайы жануарлар».
Үй жануарлары мен олардың төлдері туралы білімдерін бекіту, Қазақстанда мекендейтін жабайы жануарлар туралы білімдерін, табиғат бұрышын мекендеушілерді бақылау дағдыларын қалыптастыру
|
|
Өтпелі тақырып:«Менің Қазақстаным»
Мақсаты: балаларда "Мәңгілік Ел" жалпы ұлттық идеясына негізделген рухани-адамгершілік жалпы адамзаттық құндылықтарды, патриотизм мен толеранттылықты қалыптастыру.
Міндеттері:өз елін, жеріне деген сүйіспеншілікті, сыйластыққа тәрбиелеу.
|
1. апта Тарихқа саяхат
|
Сөйлеуді дамыту
Тақырыбы: «Отан»
тақпақ жаттау Т.Жексенбай (тіл дамыту хрестоматия)
Балаларға туған жер, Отан туралы түсінік беру, сөздерді жіктелуіне, септелуіне қарай байланыстыруға, сөйлеу әдебінің сәйкес түрлерін дұрыс қолдануға үйрету, тақырыпқа сәйкес шағын тақпақ жаттату.
Көркем әдебиет
Тақырыбы: «Отан» тақпақ жаттау М.Хакімжанова (тіл дамыту) хрестоматия.
Туған жер, Отан туралы түсініктерін кеңейту, тақырыпқа сәйкес тақпақ оқып беріп оның интонациясын қабылдауға, тақпақты жатқа айтуға үйрету
|
ҚМҰҚ
Тақырыбы: «Оң-сол»
Өзінің дене бөліктерін атауға және бағдарлауға үйрету
Құрастыру
Тақырыбы: «Кітапша»
Қағазды бүктеу тәсілін қолданып, қағаз бетін түрлендіруге үйрету.
Жаратылыстану
Тақырыбы: «Өлі табиғаттары мен танысу».
Табиғат құбылыстары мен өлі табиғат заттары туралы түсініктерін кеңейту, тау, өзен, көлдер туралы қарапайым түсініктерін қалыптастыру.
|
Сурет салу
Тақырыбы: «Әжемнің сандығы».
Дайын сандықтың суретін қарапайым ою элементтерімен, штрихтармен безендіруге оларды бояуға үйрету.
|
|
2. апта Туған өлкем
|
Сөйлеуді дамыту
Тақырыбы: «Туған өлкем» сурет бойынша әңгімелеу.
Туған өлке оның табиғаты, айналасындағы заттар туралы түсініктерін кеңейту, зат есімдерді көмекші сөздермен: үстінде, астында, жанында бірге қолдануға, қоршаған ортасы туралы сұрақтар қоюға үйрету.
|
ҚМҰҚ
Тақырыбы: «Тәулік бөліктері мен танысу ».
Тәулік бөліктерін: таңертең, күндіз, кеш, түн тануға және атауға үйрету
Жаратылыстану
Тақырыбы: «Жабайы аңдар» сурет бойынша әңгімелеу.
Туған өлкені мекендейтін жабайы аңдар туралы қарапайым түсініктер беру, олардың дене бөліктерін ажыратуға үйрету.
|
Сурет салу
Тақырыбы: «Бұлт».
Дөңгелек пішінді заттарды салуды жетілдіру, бұлттың суретін салуға және оны бояуға үйрету.
Мүсіндеу Тақырыбы: «Табақ»
Алақан арасында, жазықтықта түзету және домалақтау қимылдары арқылы кесектерді жаюды жетілдіру, ыдыстардың мүсінін жасауды үйрету
|
Қоршаған ортамен танысу
Тақырыбы: «Ел рәміздері» сурет бойынша әңгімелеу.
Балалар тұратын
қала мен ауыл, Қазақстан Республикасының астанасы, мемлекеттік рәміздер туралы білімдерін қалыптастыру
|