Мектепке дейінгі ұйымдарда мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың Үлгілік оқу бағдарламасын іске асыру бойынша жылдық перспективалық жоспар екінші кіші топ



жүктеу 320 Kb.
бет2/3
Дата19.11.2018
өлшемі320 Kb.
#21753
түріБағдарламасы
1   2   3

3. апта Астана – Отанымыздың жүрегі


Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы: «Бас қала-Астана» тақпақ жаттау.

А.Сейтақ. тіл дамыту (хрестоматия)

Еліміздің бас қаласы Астана, Бәйтерек туралы түсініктерін кеңейту, сөздерді анық айтуға, зат есімдердің жекеше, көпше түрлерін қолдануға үйрету, тақырыпқа сәйкес шағын тақпақ жаттату.

Көркем әдебиет

Тақырыбы: «Астанам»

тақпақ жаттау.

Т.Жексенбай. тіл дамыту (хрестоматия)

Астана қаласы туралы түсініктерін кеңейту, тақырыпқа сәйкес тақпақтың сөздерін асықпай, дыбыстарды анық айтуға, бейнелі сөздерді қолдануға үйрету



ҚМҰҚ

Тақырыбы: «Кеңістікті бағдарлау»
Өзіне қатысты кеңістіктегі бағыттарды: оң-сол, алды-арты ажырата білуге үйрету

Құрастыру

Тақырыбы: «Пойыз»

Қағазды жырту және шиыршықтау тәсілдерін пайдаланып қағаз беттерін көлемді пішіндерге түрлендіруге үйрету


Жаратылыстану

Тақырыбы: «Гүлденебер-Астана!» сурет бойынша әңгімелеу.
Еліміздің бас қаласы Астананың табиғатының әсемдігі, ауа-райының ерекшеліктері туралы түсініктерін кеңейту


Сурет салу

Тақырыбы: «Бәйтерек»
Түзу, домалақ пішіндерді салуды жетілдіру, бәйтеректің суретін салу және оны бояуға үйрету






4.апта Тәуелсіз Қазақстан (ҚР Тұңғыш Президенті,

мемлекеттік рәміздер)

Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы: «Қ.Р.Тұңғыш Президент күні»

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті, мемлекеттік рәміздер туралы түсініктерін кеңейту, берілген сұрақты тыңдау және оны түсіне білуді жетілдіру.

.


ҚМҰҚ

Тақырыбы: Біртекті заттарды топтау.

Біртекті заттардан топтар құрастыру және оның біреуін топтан бөлуді бекіту.



Жаратылыстану

Тақырыбы: «Үй жануарларының қысқы тіршілігі».

Жануарлардың қысқа дайындығы туралы түсініктерін кеңейту, табиғат бұрышындағы өсімдіктер мен жануарларды бақылау



Сурет салу

Тақырыбы: «Ту»

Толқынды және түзу сызықтарды салуды жетілдіру, тудың суретін салу және оны қарапайым ою элементтерімен безендіруге үйрету .


Аппликация

Тақырыбы:

«Бәйтерек

Бәйтерек пен көкбайрақтың бөліктерін қағаз бетіне жапсыруды, желім қалдықтарын қағаз майлықпен сүртуді үйрету.




Экология негіздері

Тақырыбы:

«Шырша ағашы»

Туған өлкенің кейбір өсімдіктері, көкөністері мен жемістері, туралы қарапайым түсініктерін қалыптастыру, жергілікті аймақта өсетін 2-3 ағаштардың түрлерін танып, атауға үйрету






Өтпелі тақырып:«Табиғат әлемі»

Мақсаты: тірі және өлі табиғат заттары мен құбылыстары, маусымдық өзгерістер, өсімдіктер туралы білімдерін кеңейту.

Міндеттері:жануарлар, жәндіктер мен өсімдіктердің барлық түрлерін сақтаудың қажеттілігі туралы түсініктерін қалыптастыруға; табиғатпен тікелей байланысты тәжірибені игеруге; қоршаған ортаға ұқыпты қарауды және тіршілік ету ортасының маңызын түсіну.

1. апта Айналамыздағы өсімдіктер


Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы: «Өсімдіктердің пайдасы» .
Өсімдіктер, олардың адамға пайдасы туралы түсініктерін кеңейту,айтылған сөздерді зейін қойып тыңдауын және тілдегі дыбыстарды дұрыс айта білуін жетілдіру.
Көркем әдебиет

Тақырыбы: «Шалқан» ертегі оқу әңгімелеу.

Өсімдіктер туралы түсініктерін кеңейту, тақырыпқа сәйкес әңгіме оқып беріп, оның мазмұнын түсінуге және рөлдерді ойнағанда кейіпкерлердің мінездерін бере білуге үйрету



ҚМҰҚ

Тақырыбы: «Біреу», «Көп» ұғымдарын кеңейту.

«Біреу», «Көп» ұғымдарын ажырату дағдыларын жетілдіру



Құрастыру

Тақырыбы: «Гүлзарлар».

Әртүрлі түстегі құрылыс материалдарынан құрастыруды жетілдіру, аулада гүл егетін гүлзардың құрылысын құрастыру оны гүлдермен шөптермен безендіруге үйрету


Жаратылыстану

Тақырыбы: «Өсімдіктер мен танысу» сурет бойынша.

Туған өлкенің өсімдіктері туралы қарапайым түсініктерін қалыптастыру, олардың түрлерімен таныстыру

Сурет салу

Тақырыбы: «Шырша»

Саусақпен сурет салуды жетілдіру, гүлдердің суретін салу.








2. апта Жануарлар әлемі


Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы: «Үй жануарлары» .

«Құлыншағым» тақпақ жаттау.Ә.Тәжібаев.(тіл дамыту хрестоматия).

Жануарлар әлемі туралы түсініктерін кеңейту, олардың дене бөліктерін ажырату және атау, дұрыс сөйлеу қарқынын сақтауға үйрету, тақырыпқа сәйкес шағын тақпақ жаттату.





ҚМҰҚ

Тақырыбы: Заттарды салыстыру

Заттың тең-тең еме» ұғымдарын салыстыруға үйрету.

Екі тең немесе тең емес заттар тобын салыстыруға үйрету
Жаратылыстану

Тақырыбы: «Үй және жабайы жануарлардың тіршілігі».

Үй және жабайы жануарлардың тіршілік ету ортасы, олардың өзіне тән ерекшеліктерін салыстыруға үйрету, жануарлардың тіршілік етуі үшін қорек, ауа, су, жылу қажет екендігі туралы түсінік беру



Сурет салу

Тақырыбы: «Қошақан».

Дайын ойыншық қозының сұлбасына аяқтарын, көздерін, құлақтарын, аузын салып жалғастырып, суретін салуға үйрету


Мүсіндеу

Тақырыбы: «Бақбақ»

Бөліктерді біріктіруді жетілдіру,гүлдің мүсінін жасауды үйрету




Қоршаған ортамен танысу

Тақырыбы:

«Орман тұрғындары мен өсімдіктеріне күтім жасау».

Өсімдіктер мен жануарлар, құстар туралы түсініктерін кеңейту, оларға күтім жасауға баулу



3. апта Құстар – біздің досымыз


Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы: «Үй құстары» .
Құстар туралы түсініктерін кеңейту, үй құстарын топтастыру, олардың өздеріне тән ерекшеліктерін атай білуге үйрету.
Көркем әдебиет

Тақырыбы: «Түлкі мен тырна».(орыс халық). ертегісі.

Құстар туралы түсініктерін кеңейту, тақырыпқа сәйкес өткен таныс шығарманы суреттерден тануға, оның мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беруге үйрету



ҚМҰҚ

Тақырыбы: «Заттың ұзындығын салыстыру».
Екі қарама-қарсы заттарды ұзындығы бойынша салыстыруды жетілдіру

Құрастыру

Тақырыбы: «Құстың ұясы» .

Ұсақ құрылыс материалдарынан құрастыруды жетілдіру, олардан құстың ұясын жасауға үйрету


Жаратылыстану

Тақырыбы: «Үй құстары» .

Үй құстары туралы балалардың білімдерін кеңейту: әтеш, тауық, балапан олардың ерекшеліктерін бақылау (немен қоректенеді, қалай қимылдайды, қандай дыбыстар шығарады, ересектердің үй құстарына күтім жасауы туралы).



Сурет салу

Тақырыбы: «Балапан».

Дөңгелек пішіндерді салуды жетілдіру, балапанның суретін салуды үйрету








4. апта Ғажайып қыс

Сөйлеудң дамыту

Тақырыбы: «Қыс» (сурет бойынша әңгімелеу.)

Қыстағы табиғат көрінісі мен адамдардың киімдері туралы әңгімелесу, сөздік қорды заттардың сапасы мен қасиеттерін білдіретін сөздермен толықтыру, қажетті сөздер мен сөз тіркестерін қолдануға үйрету.





ҚМҰҚ

Тақырыбы: «Пішіндер» туралы білімдерін бекіту.

Геометриялық пішіндер: шаршы, шеңбер, үшбұрыш туралы білімдерін нақтылау




Жаратылыстану

Тақырыбы: «Қыстағы құстар мен жабайы жануарлардың тіршілігі » таныстыру.

Қыстың өзіне тән белгілерімен, қардың қасиетімен, құстар мен жабайы жануарлардың тіршілігіндегі өзгерістерді таныстыру



Сурет салу

Тақырыбы: «Ақ қала».

Жасыл шыршаның дайын суретін әртүрлі төртбұрышты, дөңгелек ойыншықтармен безендіруге үйрету.


Аппликация

Тақырыбы: «Шыршаны әшекейлейміз».

Шыршаның дайын бейнесіне қазақ ою-өрнектерін ұқыпты жапсыруды үйрету




Экология негіздері

Тақырыбы: «Қыстап қалатын құстар».
Құстар туралы түсініктерін кеңейту, табиғат бұрышының тіршілік иелері мен қыстап қалатын құстарға (торғай, шауқар, қарға, кептер) және жыл құстарына (ұзақ, қараторғай) қамқорлықпен қарауға баулу




Өтпелі тақырып:«Бізді қоршаған әлем»

Мақсаты: қоршаған ортамен өзара әрекет етуге қажетті танымдық әрекеттің қарапайым дағдыларын меңгерген баланың тұлғасын дамыту.

Міндеттері: адамгершілік нормаларды сезінуге,

төзімділікті және түрлі адамдарға құрмет танытуды қалыптастыру.




  1. апта. Ғажайыптар әлемі (өлі табиғат құбылыстары).



Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы: «Табиғат –анамыз» Н.Жананев (хрестоматия 32бет).

Табиғат құбылыстары күн, қар, жел, боран туралы түсінік беру, заттарды жалпы белгілері бойынша топтастыруға, сөйлеуде зат есімдердің жекеше, көпше түрлерін қолдануды үйрету, тақырыпқа сәйкес шағын тақпақ жаттату.


Көркем әдебиет

Тақырыбы: «Ақша қар» .тақпақ жаттау.

А.Тоқмағамбетов.( тіл дамыту, хрестоматия ).

Тақырыпқа сәйкес қысқа өлеңді мәнерлі, мағыналы түрде эмоционалды жатқа айтуға, шығарма жанрын ажыратуға үйрету.



ҚМҰҚ

Тақырыбы: «Бір-бірден», «Бірде біреуі жоқ» ұғымдарын бекіту

«Бір-бірден», «Бірде біреуі жоқ» ұғымдарына ажырату дағдыларын жетілдіру


Құрастыру

Тақырыбы:

Құрылыс метериаладарының негізгі бөліктері мен бөліктердің бөлшектерін ажыратуға үйрету.


Жаратылыстану

Тақырыбы: «Ұлпа қар»

Қардың жаууын бақылау, оның ақ және үлпілдек екенін көрсету,қардың қасиетімен таныстыру: суық (қолмен ұстап көруді ұсыну), қарды алақанға салғанда еритінін, одан сырғанақ жасауға болатынын түсіндіру



Сурет салу

Тақырыбы: «Күннің көзі».

Алақанмен сурет салуды жетілдіру, оны бояуға малып күннің суретін салуды үйрету.







  1. апта. Көліктер

Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы: «Көліктер»

Көліктің түрлерімен таныстыру, олардың бөліктерін ажыратуға және атай білуге дағдыландыру, сөздерді жіктелуіне қарай байланыстыруға үйрету.





ҚМҰҚ

Тақырыбы: «Жоғары-төмен, алыс-жақын» .

Өзіне қатысты кеңістіктегі бағыттарды: жоғары-төмен, алыс-жақын, ажырата білуді үйрету


Жаратылыстану

Тақырыбы: «Жыл құстары».

Қыстайтын құстарды бақылау, оларды сыртқы белгілері бойынша ажыратуға (торғай, сауысқан), құстарға жем шашуды үйрету



Сурет салу

Тақырыбы: «Жеңіл машина».

Салынған көліктердің пішіндерін мақталы таяқшалармен бояуға үйрету



Мүсіндеу

Тақырыбы: «Тау мен ағаш»

Бірнеше бөліктен тұратын күрделі емес заттарды, тау мен оның шетінде өсіп тұрған ағашты мүсіндеу.




Қоршаған ортамен танысу

Тақырыбы: «Ауа және жол көліктері»

Жерде жүретін және аспанда ұшатын қозғалыс құралдары туралы білімдерін кеңейту, жаяу жүргіншілерге арналған қарапайым ережелермен таныстыру, ересектерге күтушіге, аула сыпырушыға көмек көрсетуді үйрету.



3. апта Электроника әлемі

Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы: «Электр құралдары» сурет бойынша таныстыру.

Электр құралдарымен таныстыру, ол заттарды жалпы және ерекше белгілері бойынша топтастыруға, сөйлеу қарқынын өзгертіп баяу сөйлеуді үйрету.


Көркем әдебиет

Тақырыбы: «Телефон».

өлең жаттау.

Тақырыпқа сәйкес шығармадағы оқиғаны эмоционалды қабылдауға және кейіпкерлерге жанашырлық танытуға үйрету.



ҚМҰҚ

Тақырыбы: «Заттарды салыстыру».

Бір топтағы заттарды екінші топтағы заттармен беттестіру және тұстастыру арқылы салыстыруды жетілдіру



Құрастыру

Тақырыбы: «Паравоз».

Құрылыс метериаладарының негізгі бөліктері мен бөліктердің бөлшектерін, түсі мен шамасы бойынша ажыратуға үйрету.


Жаратылыстану

Тақырыбы: «Су» .
Өлі табиғат құбылысы су туралы түсініктерін кеңейту: түсі, мөлдірлігі, төгіледі және т.б., адамдарға, өсімдіктерге, жануарларға судың қажеттілігі туралы түсінік беру.

Сурет салу

Тақырыбы: «Теледидар»

Құмға тұрмыстық электрлі заттардың суретін салуды үйрету








4.Мамандықтың бәрі жақсы

Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы: «Мен дәргер боламын».(О.Тұрманжанов).хрестоматия 192бет.

Мамандықтың түрлерімен таныстыру, олардың маңызын түсіндіру, сөздік қорды антонимдермен қарама-қарсы мағыналас сөздермен толықтыруға, тақырыпқа сәйкес шағын тақпақ жаттату





ҚМҰҚ

Тақырыбы: «Биік-аласа,жуан-жіңішке».

Заттарды ені, биіктігі мен жуандығы бойынша салыстыра білуді бекіту



Жаратылыстану

Тақырыбы: «Су» тәжірибе жасау.

Судың қасиеттерінің бірі - судың мұзға және мұздың суға айналуын бақылау (далаға ыдысқа су құйып алып шығу, мұзды жылы жерге кіргізу).



Сурет салу

Тақырыбы: «Үй».

Дайын үйдің сыртқы пішінін штрихтармен безендіруге үйрету


Аппликация

Тақырыбы: «Пойыз».

Желімді қылқаламға, дайын үлгіге мұқият жағуды жетілдіру, көліктердің дайын бейнелерін олардың арасындағы арақашықтықты сақтап жапсыруды үйрету




Экология негіздері

Тақырыбы: «Өлі табиғат».
Өлі табиғат нысандары: күн, ауа, су, топырақ, тас және т.б. туралы түсініктерін, қоршаған ортаның нысандарына жағымды қарым-қатынасты қалыптастыру




Өтпелі тақырып:«Салттар мен фольклор»

Мақсаты: Қазақстан Республикасында тұратын өзге ұлт адамдарына, олардың мәдениетіне, салт-дәстүрлеріне мейірімді және сыйластық қатынасқа тәрбиелеуге бағыттау.

Міндеттері: Қазақстан Республикасында тұратын өзге ұлт адамдарының мәдениетіне сыйластықпен қарауға тәрбиелеу.

1.апта Қазақтың салттары мен дәстүрлері


Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы: «Бесік жыры».Х.Ергалиев.

тіл дамыту хрестоматия.

Бесік жырын тыңдату, сөздердегі дауыссыз дыбыстарды анық айтуға, тыңдалған бесік жырын қайталап айтуға үйрету
Көркем әдебиет

Тақырыбы: «Дастарқан».әңгімелеу.

Қазақтың қонақжайлылық дәстүрімен таныстыру, жұмбақ шешкізу, жаңылпаштарды жатқа айтқызу



ҚМҰҚ

Тақырыбы: «Тең-тең емес заттарды салыстыру».

Бір топтың заттарын екінші топтың заттарымен беттестіру және тұстастыру арқылы саны және көлемі жағынан тең және тең емес заттарды салыстыруды үйрету.



Құрастыру

Тақырыбы: «Үй».

Бөлшектерді орналастыру әдісі арқылы түрлі түсті және әртүрлі көлемдегі материалдардан үйдің құрылысын салуға үйрету


Жаратылыстану

Тақырыбы: «Бөлме өсімдіктері».

Бөлме өсімдіктері туралы білімдерін кеңейту, оларды тануға, атай білуге және ажыратуға үйрету (фикус, қазтамақ, бегония)



Сурет салу

Тақырыбы. «Кебеже».

Ыдыс аяқ салатын кебеженің дайын пішінін ою элементтерімен безендіруге үйрету.







2.апта Ертегілер елінде.Театр әлемі.


  1. апта Ертегілер Елінде. Театр әлемі




Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы: «Бауырсақ»

Балаларға таныс ертегілерді тыңдатып, өздерін рөлдерге бөліп ойнату, ондағы кейіпкерлердің дауыс ырғағын келтіріп айтуға үйрету.





ҚМҰҚ

Тақырыбы: «Кеңістікті бағдарлау».

Өзіне қатысты кеңістіктегі бағыттарды: оң-сол, алды-арты, жоғары-төмен, алыс-жақын, биік-аласа ажырата білуді жетілдіру


Жаратылыстану

Тақырыбы: «Шалқан»

Жануарлар мен өсімдіктер туралы түсініктерін кеңейту, тақырыпқа сәйкес ертегіні рөлдерге бөліп ойнату



Сурет салу

Тақырыбы: «Жолақтағы оюлар».

Қызыл, сары, жасыл, көк, қара, ақ түстерді ажыратуды жетілдіру, жолаққа оюдың қос элементін салуды үйрету


Мүсіндеу

Тақырыбы: «Тостаған».

Қазақтың қолөнер туындысы ағаш тостағанның мүсінін жасауға үйрету



Қоршаған ортамен танысу

Тақырыбы: «Салт-дәстүр» таныстыру.

Қазақ халқының дәстүрлі киіз үйімен ондағы заттармен олардың міндеттерімен және салттары мен дәстүрлерімен таныстыру, заттардың сапалары мен қасиеттерін сипап сезу, дәмін көру, есту арқылы тануды қалыптастыру



3.апта Өнер көзі халыкта


Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы: «Ұлттық бұйымдар».

Қолдан жасалған заттармен таныстыру, олардың бөліктерін ажыратуға, сөздерді септелуіне қарай байланыстыруға үйрету.


Көркем әдебиет

Тақырыбы: «Еркемай». халық әні.

Тақырыпқа сәйкес халық өлеңінің ырғағы мен ұйқасын бере білуге үйрету



ҚМҰҚ

Тақырыбы: «Тәулік бөліктері».

Тәуліктің қарама-қарсы бөліктерін анықтауға үйрету



Құрастыру

Тақырыбы: «Құрақ көрпе».

Ойнай отырып, сюжет бойынша құрылыстарды салуға және біріктіруге үйрету


Жаратылыстану

Тақырыбы: «Төрт түліктің пайдасы» әңгімелеу.

Төрт түлік туралы түсініктерін кеңейту, оның жүнінен жасалған заттарды қарау арқылы, жылы, жұмсақ болатынын бақылау



Сурет салу

Тақырыбы: «Сандықты әшекейлеу.

Қазақтың қол өнер туындысы сандықпен таныстыру, бұрыштарға қазақ оюының қос элементін салуды үйрету.





4.апта Нұр төккен, гүл көктем



Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы: «Көктем» тақпақ жаттау.

М.Мақатаев.

Көктемгі табиғат құбылыстары, адамдардың еңбектері, киімдері туралы әңгімелесу, сөздік қорды антонимдермен толықтыру, заттарды ерекше және жалпы белгілері бойынша топтастыруға үйрету, тақырыпқа сәйкес шағын тақпақ жаттату.



ҚМҰҚ

Тақырыбы: «Ұзын-қысқа,биік-аласа».

Ұзындығы, биіктігі, ені бойынша әртүрлі заттарды салыстыруды жетілдіру.



Жаратылыстану

Тақырыбы: «Көктемгі табиғат құбылыстары».

Көктемгі табиғат ерекшеліктерін ауа райындағы, адамдардың киіміндегі қарапайым өзгерістерді бақылау



Сурет салу

Тақырыбы: «Бүршік жарған ағаш».

Қылқаламмен және бояумен сурет салуды жетілдіру, көктемгі ағаштың суретін салуды үйрету.




Аппликация

Тақырыбы: «Құс қанаты»

Қағаздың мыжылу, жыртылу қасиеттері туралы түсініктерін жетілдіру, дайын ою элементтерін қағаз бетіне симметриялы орналастыруды үйрету.





Экология негіздері

Тақырыбы: «Көктем мезгілі».

Көктем мезгіліндегі ауа-райын бақылау және анықтау, ағаштарды, дала гүлдерін, кейбір көкөністер мен жемістерді, бөлме өсімдіктерін, өсімдіктердің бөліктері туралы түсініктерін кеңейту






Өтпелі тақырып:«Біз еңбекқор баламыз»

Мақсаты: қарапайым еңбек дағдыларына, еңбек сүйгіштікке, еңбек адамдарына құрмет сезімдерін тәрбиелеу.

Міндеттері: адамның қолымен жасалғанның барлығына ұқыпты қатынасты; балалардың сөйлеуін, зейінін, қиялын дамытуды; мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық қабілеттерін және ойлауын қалыптастыруды қамтамасыз ету

1.апта. Аялайық гүлдерді


Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы: «Бәйшешек».

Гүлдермен таныстыру, олардың бөліктерін атай білуге, қажетті сөздер мен сөз тіркестерін қолдануға үйрету.



Көркем әдебиет

Тақырыбы: «Жақсы мен жаман» әңгіме.

Б.Әділов.хрестоматия.

Тақырыпқа сәйкес шығарма оқып беріп, оның кейіпкерлеріне жанашырлық танытуға үйрету


жүктеу 320 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау