«мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығЫ



жүктеу 3,75 Mb.
Pdf просмотр
бет208/296
Дата09.01.2022
өлшемі3,75 Mb.
#31949
1   ...   204   205   206   207   208   209   210   211   ...   296
materialy resp chteniy

 

 


349 

 

МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ  БАЛАЛАРДЫ ОҚЫТУ МЕН ТӘРБИЕЛЕУДЕ  



М.МОНТЕССОРИ ТЕХНОЛОГИЯСЫН  ПАЙДАЛАНУ 

 

 

Садырова Айгүл Күмісбекқызы 

«Астана» балабақшасының әдіскері 

Жамбыл облысы, Байзақ ауданы 

 

Ұрпақтың  азаматтық  тұлғасы  мен  отаншылдық  асқақ  сезімдерін 



қалыптастырудың  қайнар  көзі  мектепке  дейінгі  кезеңнен  бастау  алатыны 

ақиқат.  

«Жас бала – жас шыбық, жас күйінде қай түрде иіп тастасаң, өскенде сол 

иілген  күйінде  қатып  қалмақ.  Теріс  иіліп  қалған  шыбықты  артынан  түзейміз 

десең, сындырып аласың», – деп Мағжан Жұмабаев айтқандай, заманға лайық 

тәрбие  мен  оқыту  ісін  кешенді  ұйымдастыру  жаңа  технологияларды,  тың 

идеялар мен шығармашылықты қажет етеді. Бала бойындағы жақсы қасиеттер 

мен  мүмкіндіктерді  ашып,  олардың  өнегелі,  тәрбиелі  болып  өсуіне  мектепке 

дейінгі тәрбиенің тигізер әсерінің маңызы зор.   

Мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту мен тәрбиелеуде  М.Монтессори 

технологиясын пайдалану, инновациялық әдістерді қолдану заман талабы.   

М.Монтессори  технологиясының    негізгі  бағыты  –  баланың  іс-әрекетіне 

еркіндік  беру,  таңдауына,  қызығушылығына  және  пікіріне  құрметпен  қарау, 

баланың өздігінен дамуын бақылау. 

М.Монтессори  технологиясының  ұраны:  «

Менің  өзім  жасауыма 

көмектес!».

  Демек,  М.Монтессори  технологиясын  балабақшада  пайдаланудың 

тиімділігі  –  өзінің  даму  ортасында  еркін,  өзіндік  пікірін  айта  алатын  тұлғаны 

қалыптастыру. 

М.Монтессори 

әдісінің 

мақсаты: 

балалардың 

қоршаған 

әлемге 


қызығушылығын туғызу және оны зерттеуге ұмтылдыру, ұсақ қол моторикасын 

дамыту.  Бүгінгі  таңда    М.Монтессори  жүйесін  146  мемлекет  қолданады.  Бұл 

жүйе бойынша 1 жастан 6 жасқа дейінгі балалар зейінін, шығармашылық және 

логикалық  ойлау  қабілетін,  есте  сақтауды,  сөйлеуді,  елестетуді,  қимылды 

дамытады.  Оның  негізгі  қағидасы  –  «оқы,  оқы»  деп  күштемей,  ойын  арқылы 

оқыту және тәрбиелеу, баламен дербес тіл табысуға негізделген жаттығуларды 

таңдап  алу.  Мұнда бала  дидактикалық материалдар  мен  тапсырма  уақытының 

ұзақтығын  өзі  таңдайтын  болғандықтан,  оқыту  үрдісінде  М.Монтессори 

жүйесін қолданудың өзіндік  ерекшеліктер бар. Сондай-ақ, олар өз қателіктерін 

өздері көріп, соны өздері түзеп отырады.  

М.Монтессори әдістемесінің маңызды ерекшелігі – баланың жеке қабілетін 

көрсете  алатын  және  көрсеткісі  келетін  арнайы ортаны  құру.  Бұл  Монтессори 

ортасы  деп  аталады.  Бұл  ортада  психологиялық  жайлылық,  таңдау  еріктілігі 

және педагогтің сабырлы адамгершілігі салтанат құрады.  

М.Монтессоридің  әдістемесі  мен  құралдарының  маңыздылығы  – 

балалардың  жас  ерекшеліктері  мен  қабылдау  мүмкіндіктеріне  қарай  

пайдалануға болатындығында.  



350 

 

Бала – болашағымыз десек, сол балаға жүйелі білім беріп, ынта-ықыласын 



дұрыс  бағыттауды,  қабілет-қасиеттерін  дамытуды  балабақшадан  бастауымыз 

керек.  Мектепке  дейінгі  тәрбие  мен  оқытудың  мемлекеттік  жалпыға  міндетті 

стандарты  мектепке  дейінгі  ұйымдарда  педагогикалық  үрдісті  ұйымдастыруда 

жаңашыл  әдіс-тәсілдерді  пайдалануға  мүмкіндік  береді.  Балабақшада  жаңа 

педагогикалық  технологияларды  пайдаланудың  басты  мақсаты:  оқыту  мен 

тәрбиелеуде  инновациялық    технологиялардың  элементтерін  пайдалана 

отырып, жан-жақты, білімді, құзыретті тұлға тәрбиелеу. 

Жамбыл  облысы  әкімдігі    білім  басқармасының  бұйрығымен  2013-2014 

оқу  жылынан  бастап    Байзақ  ауданының  «Астана»    балабақшасы 

эксперименттік алаң  ретінде таңдалып алынды.  

Эксперименттік  алаң  жұмысын  жүргізудің  негізгі  мақсаты:  балабақша 

жағдайында  инновациялық  бағыттағы  жұмыстарды  ұйымдастыру,  жаңа 

бағдарламалар әзірлеу, оқу-әдістемелік кешендер жасау, озық іс-тәжірибелерді 

насихаттау. 

Аталған  инновациялық  эксперименттік жұмыс, бүгінгі таңда көкейкесті, 

өзекті  тақырыпты  ғылыми  тұрғыда  негіздеу,  жобаны  жасау,  тәжірибені  

апробациядан  өткізіп,  тиімді    нәтижесін  шығаруға  бағытталған.  Ғылыми-

педагогикалық  эксперименттік  жұмысты  жүргізуші  арнайы    шығармашылық 

топ  құрамы  7  штаттық  бірліктен  тұрады:  инновация  әдіскері,  педагог-

психолог,5  қосымша  білім  беру  педагогі  (ғылыми  кеңесші,  ұйымдастырушы 

педагогтар). 

Эксперименттік жұмыс негізгі төрт кезеңде қамтыды: 




жүктеу 3,75 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   204   205   206   207   208   209   210   211   ...   296




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау