7)
Арнайы міндеттері:
1.білім беру бағдарламасын жүзеге асыруға сәйкес баланың дамуын
әлеуметтік-тұлғалық, зияттылық, көркем-эстетикалық тұрғыда жүргізу;
2.тәрбиеленушілердің дамуындағы ауытқушылығына квалификациялық
түзетуді жүргізу.
3.денсаулығында ақаулығы бар балаларды тұтас білім беру кеңістігіне
кірістіру.
Инклюзивті білім беру кабинетіндегі түзете-дамытушылық жүйені
ұйымдастыру әдіскердің бекіткен оқу жоспарымен, календарлық жылдық
жоспарымен және сабақ кестесімен ұйымдастырылады.
Баланы медициналық-педагогикалық, клиникалық зерттеуден кейін
жекешеленген принцип негізінде оқу-тәрбиелік жұмысы жүргізіледі.
Сөйлеу ерекшелігін, назарын, еңбекке қабілеттілігін, олардың дамуының
динамикасын, білім деңгейін анықтау, оқу материалын меңгерудегі
мүмкіндіктері мен ерекшеліктерін жүйелі зерттеу тәрбиеленушінің болашақ
дамуын және түзету жұмыстарын таңдау үшін жүргізіледі.
346
Инклюзивті білім беру кабинеті төмендегідей жабдықталған:
Түйіршіктері бар пуфик-кресло
Түйіршікті трапеция
Жерге жаятын және қабырғаға ілетін төсегіштер
Құрғақ бассейн ( 1080 дана.)
«Транформер» жиналатын балалар креслосы
Аяққа арналған сенсорлы жол (жастықшалар
–
7дана.)
Құрғақ душ
Көпіршікті бағанды айналы балалар бұрышы
Панно «Жұлдызды аспан»
Айналы шарға кәсіптік жарықтың берілуі
Жарық әсерлі дөңгелек (1дана)
Ротатор «Солнечный» жарық проекторы
Инклюзивті білім беру кабинетінде балалар қазақ және орыс тілдерінде
білім алады.
ИБК мамандары жеке және топтық жұмыс түрлерін пайдаланады, олар;
кешенді психологиялық- медициналық- педагогикалық зерттеу;
балалар мен ата-аналарға жеке және топтық кеңес беру;
тәрбиешілер мен ата- аналарға жеке және топтық кеңес беру;
тәрбиешілер мен балаларға жеке және топтық кеңес беру;
мүмкіндігі шектеулі балалардың тілдік және танымдық қабілеттерін
түзету;
Кешенді зерттеудің пайдалылығы дамушының жеке компоненттері
арасындағы өзара байланыстың толық талдауын, сонымен қатар жеке тұлға мен
даму факторын береді. Баламен жүргізілген жеке және топтық жұмыстың
біріктірілуі, отбасына және мамандарға көрсетілетін әдістемелік көмек,түзету-
оңалту үдерісінде баланың жеке тұлғасының дамуына оңды әсер етеді.
Толық диагностикалық зерттеуді жүргізу кезінде медициналық және
отбасылық анамнез, бала дамуының әлеуметтік жағдайы, соматикалық
жағдайы, есту, көру, қозғалыс сферасының жағдайы, баланың эмоционалдық
сферасының дамуының ерекшелігі, баланың жас ерекшелігіне сәйкес
ерекшелігі мен психикалық дамуының бұзылуы, мінезінің ерекшелігі зерттеуге
эмоционалдық реакциясы және көзқарасы анықталады.
Бұл жұмыстың нәтижесі анықталған диагноз арқылы психологиялық-
педагогикалық оңалту мен әлеуметтік бейімделуге жағдай жасайды, ал ол
оқытуда жаңа түзетулер енгізуге және жеке әрекет етуге мүмкіндік береді.
Зерттеу нәтижесінде жинақталған барлық мәліметтер әр баланың
ерекшелік қажеттілігіне қарай «портфолиосына» салынады. Зерттеу нәтижесіне
сәйкес әр балаға жеке жұмыс жоспары құрылады.
Психолог, дефектолог, логопед, әлеуметтік педагогтың қатысуымен
бұзылу түрі, ақау құрылымы, жас ерекшелігі және әр баланың, тұлғаның
ерекшелігі есепке алына отырып, түзете-дамыту жұмыстары жүргізіледі.
347
Баланың жеке тұлғасының мүмкіндіктері мен қабілеттері зерттеліп,
психиатр мен педиатрдың нұсқаулары ескеріліп, әлеуметтік бейімдеуде
психофизикалық кемшіліктерін түзету жұмыстары жүргізіледі.
Балаларға ыңғайлы орта жабдықталған. Топта балалармен ынтымақтастық
пен достық орын алған. Танымдылық қабілеттерін дамытуға әртүрлі оқытудың
әдістері мен тәсілдері қолданылады. ИББК жұмысының бір бағыты –
тәрбиешілер мен ата-аналарға кеңес беру жұмысы.
Кеңес беру жұмысы баланың жеке тұлғасына қатысты және басқа
адамдармен қарым қатынасы жөнінде де түрлі мазмұнды қамтиды. Көбінесе
тәрбиешілер мен ата-аналардың сұрауы бойынша өткізіледі. Ата-аналарға кеңес
берудің мақсаты – отбасының балаға оқыту мен тәрбиелеу барысында
әлеуметтік психологиялық жағдай тудыру. Біріншіден, кеңес беру мәселе
туындағанда қажет.
Ата-аналармен жұмыс барысын ұйымдастыруда жекеше көмек беру әдісі
қолданылады. ИББК мамандарының ата аналарға кеңес беру жұмысын
ұйымдастыруда жалпы педагогикалық және арнайы жағдайларды ұстануы
қажет.
Олар:
– ата аналар мен мұғалімдердің арасындағы қарым қатынаста өзара
сенімнің болуы;
– ата-аналарға мейірімділікпен қарау;
– әр отбасының жағдайын түсініп, жасын, тәрбиелеу дайындықтарының
деңгейін ескеру қажет;
– әр отбасының ата-аналарының топпен жұмысын ұйымдастыру;
– ата-аналармен өзара әртүрлі жұмыс формаларын өткізу;
– ата-аналармен жұмыс барысында нақты реттілікті қамтамасыз ету.
Осылай ықпал ету барысында әр отбасыға жеке көмек көрсету көзделеді.
Ата-аналардың кеңеске жүгіну себептеріне сараптама:
1.
Танымдылық қабілеттерінің төмендігі мен оқудағы үлгермеушіліктері;
2.
Бейімдеудегі қиындықтар;
3.
Психологиялық және жас ерекшеліктері;
4.
Отбасындағы тәртібінің қиындықтары.
ИББК ұжымының алдында мынадай міндеттер қойылған: педагогтар мен
ата-аналардың өзара әрекетін толықтай ұйымдастыру. Бұл міндеттің мынадай
негізгі бағыттары анықталды:
1.
ата-аналардың құқықтық және педагогикалық мәдениетінің деңгейін
жоғарылату мақсатында ақпараттандыру;
2.
ата-аналарды тәрбиелік білімдендіру жүйесіне тарту.
Осы бағыттарға сәйкес мектепке дейінгі жастағы балалардың отбасымен
жұмыс жасалды. Бұл жұмыс мына негізде жүргізілді:
отбасының қажеттілігі мен қызығушылығын анықтау, отбасын зерттеу;
тәрбиеленушілердің отбасымен жеке-дифференциалды жұмыс жүргізу;
ата-аналармен әртүрлі жұмыс түрлерін ұйымдастыру;
білімдендіру аясында ата-аналардың өтінішін қанағаттандыру;
348
тәрбиелік- білім беру жүйесіне ата-аналарды қатыстыру;
ата-аналармен тиімді жұмысты құру үшін жағдай жасау (отбасылық
отырыстар, кітапхана, видеотека, топтардағы ақпараттық кеңістік).
Достарыңызбен бөлісу: |