«мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығЫ



жүктеу 3,75 Mb.
Pdf просмотр
бет1/296
Дата09.01.2022
өлшемі3,75 Mb.
#31949
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   296
materialy resp chteniy



” “

М

ЕК



ТЕ

ПК

Е ДЕ



ЙІН

ГІ БАЛ


АЛЫ

Қ

Ш



А

Қ”

Р



О

R

С



“P

R

E



S

C

H



O

O

L



CH

IL

DH



OO

D”

РЦ



”ДО

Ш

КО



ЛЬ

Н

О



Е

Д

Е



Т

C

Т



В

О

” “



М

ЕК

ТЕ



ПК

Е ДЕ


ЙІН

ГІ БАЛ


АЛЫ

Қ

Ш



А

Қ”

Р



О

R

С



“P

R

E



S

C

H



O

O

L



CH

IL

DH



OO

D”

РЦ



”ДО

Ш

КО



ЛЬ

Н

О



Е

Д

Е



Т

C

Т



В

О

 



 

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ   

  «МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАЛЫҚ ШАҚ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ

 

 



 

 

 

 

 

Республикалық  

педагогикалық оқу

 

 

ЖИНАҒЫ 

 

 

 

 

 

Қостанай қаласы  

3 мамыр 2017жыл

 

 

ҚАЗАҚСТАНДА МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ 

БІЛІМ БЕРУДІҢ ҒАСЫРЛЫҚ  

ТАРИХИ ШЕЖІРЕСІ 

 

 

 

Республиканские педагогические чтения



 

ЛЕТОПИСЬ ВЕКОВОЙ ИСТОРИИ 

ДОШКОЛЬНОГО ОБРАЗОВАНИЯ  

В КАЗАХСТАНЕ

 



 

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі 



 «Мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығы базасында 

жинақталған  

 

Составлено на базе Республиканского центра «Дошкольное детство» 

Министерства образования и науки Республики Казахстан 

 

 

 



Редакция алқасы:

  

Игенбаева Б.Қ., п.ғ.к., доцент 



Ерманова М.Н. 

Бликова Ж.Б. 

Хаменова М.О. 

Мукушева Г.О. 

Шотбайқызы А.

 

 

 



 

«Қазақстанда мектепке дейінгі білім берудің ғасырлық тарихи шежіресі» 

республикалық  педагогикалық  оқулары  жинағы  /  «Летопись  вековой  истории 

дошкольного  образования  в  Казахстане»  сборник  Республ.  педагогическ. 

чтениях. Астана, 2017 жыл, 3 мамыр. – Астана, 2017. – 424 б.  

 

 



 

Жинаққа  «Қазақстанда  мектепке  дейінгі  білім  берудің  ғасырлық  тарихи 

шежіресі»  республикалық  педагогикалық  оқуларына  қатысушылардың 

баяндамалары және мектепке дейінгі білім беру саласындағы қызметкерлерінің 

ұсынған мақалалары енгізілді. 

 

 



 

 

 

 

 

 

 

«Мектепке дейінгі балалық шақ» 

Республикалық орталық, 2017  

 

 


 

 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

І СЕКЦИЯ 

 

«МӘҢГІЛІК ЕЛ» ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ ИДЕЯСЫ КОНТЕКСТІНДЕ 

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БІЛІМ БЕРУДІҢ ТАРИХЫ 

МЕН ДАМУЫНЫҢ ЗАМАНАУИ ҮРДІСТЕРІ 

___________________________________________________________________ 

 

ИСТОРИЯ И СОВРЕМЕННЫЕ ТЕНДЕНЦИИ РАЗВИТИЯ 

ДОШКОЛЬНОГО ОБРАЗОВАНИЯ В КАЗАХСТАНЕ В КОНТЕКСТЕ 

ОБЩЕНАЦИОНАЛЬНОЙ ИДЕИ «МӘҢГІЛІК ЕЛ» 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


 

МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ТӘРБИЕ МЕН ОҚЫТУДЫҢ МАЗМҰНДЫҚ 



ҚҰРЫЛЫМЫНЫҢ ДАМУЫ МЕН ҚАЛЫПТАСУЫ 

 

Б.Қ.Игенбаева  

педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент 

 

Еліміздің  мектепке  дейінгі  тәрбие  мен  оқыту  жүйесінің  қалыптасуы 



тарихи күрделі даму кезеңдерінен өтті. Оның мазмұны қоғам дамуының бағыт-

бағдарына қарай жаңарып, заман талабына сай өзгеріп отырды.  

Тарих  беттерін  парақтайтын  болсақ, 

1917  жылы  желтоқсан  айында 

Кеңестік Халық ағарту комиссариатының баланың туылған сәтінен бастап, оны 

жан-жақты дамытуды іске асыру қажеттігі айтылған «Мектепке дейінгі тәрбие 

туралы» декларациясы жарияланды.  

1919  жылғы  Коммунистик  партияның  VIII  сьезінде  қабылданған 

бағдарламада бала тәрбиесі мәселесін жетілдіру  мақсатында мектепке дейінгі 

мекемелердің желісін құру: ясли, бақша ашу міндеттері белгіленді. Сөйтіп осы 

жылы  Кеңес  халық  ағарту  комиссариаты  балаларды  тәрбиелеудің  маңызды 

факторы  ретінде  мектепке  дейінгі  мекемелердің  жұмысын  ұйымдастыру, 

әйелдерді  социалистік  құрылыстың  барлық  саларына  тарту  мәселесі 

қарастырылған  «Біріңғай  еңбек  мектебінің  ережесі»  және  мектепке  дейінгі 

тәрбиенің  негізгі  қағидалары  нақтыланған  алғашқы  «Инструкция  по  ведению 

очага и детского сада» нұсқаулығы ұсынылды.  

1929  жылы  Кеңес  халық  ағарту  комиссариатының  «Мектепке  дейінгі 

мекеменің  мектеппен  байланысы  және  жұмысты  жоспарлау  туралы» 

әдістемелік  хаты  жіберілді.  Осыдан  кейін  «Мектепке  дейінгі  мекемелерге 

арналған бағдарлама» әзірлеу жұмыстары қолға алына бастайды. Сөйтіп, 1932 

жылы  мектепке  дейінгі  педагогика  және  психология  саласындағы 

ғалымдардың,  педагог  мамандардың  қатысуымен  мектепке  дейінгі  білім  беру 

бағдарламасының алғашқы жобасы әзірленеді.  

Кеңес  Үкіметінде  мектепке  дейінгі  тәрбиенің  сапасын  жақсарту  үшін 

балабақша жұмысының ғылыми негізделген бағдарламасын жасаудың маңызы 

зор болды. Әрбір бағдарламалық материал белгілі тарихи кезеңде пайда болып, 

мектепке  дейінгі  тәрбиенің  теориясы  мен  практикасының  дамуының  деңгейін 

айқындап берді.  

Бұл  құжат  қызмет  түрлеріне  сәйкес  мынадай  бөлімдерден  тұрды: 

қоғамдық-саяси тәрбие, еңбек тәрбиесі, музыкалық-қимылдық тәрбие, бейнелеу 

әрекеті,  математика,  сауат  ашу.  Осы  Бағдарламаның  шығуы  мектепке  дейінгі 

мекемелердің  жұмыстарын  реттеуге,  педагог-тәрбиешілер  қызметінің  бағытын 

айқындауға  және  білімін  кеңейтуге  мүмкіндік  берді.  Бірақ  бағдарламадағы 

әрбір бөлімі бойынша қарастырылған біліктер мен дағдылардың көлемі шағын 

болған.  

1934 жылы жетілдірілген «Тәрбиелеу бағдарламасы» шығарылады. Онда 

балабақшадағы  балалармен  жүргізілетін  жұмыс  мазмұны,  оны  ұйымдастыру 

жолдарына баса назар аударылған. Ол мынадай бөлімдерден тұрған: қоғамдық 

тәрбие,  дене  тәрбиесі,  сурет  салу,  мүсіндеу,  тіл  дамыту,  кітаппен  жұмыс, 



 

табиғат  туралы  білім  негіздері,  алғашқы  математикалық  түсініктерді 



қалыптастыру,  сауат  ашумен  айналысу.  Бірақ  бұл  бағдарламаның  да  кем 

тұстары  болды,  олар:  күрделі  танымдық  материал  күрделі,  балалардың  жас 

ерекшеліктері 

ескерілмеген, 

педагогикалық 

процесті 

ұйымдастыруда 

тәрбиешінің жетекші рөлі толық айқындалмаған.    

Кеңес Одағы Коммунистік партиясы орталық комитетінің «Халық ағарту 

комиссариаты  жүйесіндегі  педагогикалық  бұрмалаушылық  туралы»    1936 

жылғы 4 маусымдағы қаулысына сәйкес мектепке дейінгі тәрбие бойынша жаңа 

бағдарламалық құжат жасау қажет болды.  

Осыған  байланысты  1938  жылы  «Балабақша  тәрбиешісіне  арналған 

нұсқаулық»  шығарылды.  Онда  мектеп  жасына  дейінгі  балаларды  тәрбиелеу 

міндеттері  айқындалды.  Балалардың  жас  ерекшеліктері,  тұлғаны  жан-жақты 

дамыту  туралы  айтылды.  Бірақ  Нұсқаулықта  балалармен  ұйымдастырылатын 

жұмыс  мазмұны  жас  топтарына  сәйкес  емес,  тәрбиенің  жеке  бөлімдері 

бойынша анықталған. Дене, ақыл-ой, адамгершілік тәрбиесі Нұсқаулықта жан-

жақты  қарастырылмаған,  мектеп  жасына  дейінгі  балаларды  оқыту  мәселелері 

ғылыми негізделмеген, ата-аналармен жұмыс түрлері қамтылмаған.  

1953  жылы  тәрбиелеу-оқыту  жұмысының  сапасын  арттыру  және 

балаларды  мектепке  даярдау  мақсатында  балабақшада  оқытуды  енгізуге 

байланысты  «Нұсқаулық»  қайта  өңделіп,  бағдарлама  ретінде  тәрбиешінің 

басқаруымен  ұйымдастырылған  сабақтарда  балалар  игеретін  білім  беру 

мазмұны нақты берілген.  

Онда  психологиялық,  педагогикалық  ғылымның  жаңа  жетістіктері,  озат 

тәжірибелер,  сондай-ақ  балаларды  ана  тіліне  оқытудың,  оларды  қоршаған 

ортамен таныстыру, музыкаға тәрбиелеу ескерілген. Балалардың анатомиялық, 

физиологиялық,  психологиялық  ерекшеліктері  ескеріліп,  кіші  (3-4  жас), 

ортаңғы  (5  жас)  және  ересек  (6  жас)  топтарға  арналып  әзірленген.  Сондай-ақ 

балалардың  денесі,  ақыл-ойы,  адамгершілік  қасиеттерін  дамыту,  еңбек  және 

көркем  сөйлеуге  тәрбиелеу,  ойын  әрекетіне  басшылық  жасау  және  т.б. 

көрсетілген.  

1959 жылы 21 мамырда Коммунистік партия орталық комитеті мен СССР 

Жоғарғы  Кеңесі  ерте  және  мектепке  дейінгі  жастағы  балаларды  тәрбиелеу 

туралы  ғылымның  қол  жеткен  даму  деңгейін  ескеріп,  «Мектепке  дейінгі 

балалар мекемелерінің болашақ дамуы және мектеп жасына дейінгі балаларды 

тәрбиелеу  мен  оларға  медициналық  қызмет  көрсетуді  жақсарту  шаралары 

туралы»  қаулы  қабылдады.  Қаулыда  Үкімет  жергілікті  жерлердің  жағдайлары 

мен  мүмкіндіктерін  ескеріп,  мектепке  дейінгі  мекеменің  екі  типін:  ясли  мен 

балалар  бақшасын  -  біріңғай  мектепке  дейінгі  мекемеге  (ясли-бақша) 

біріктіруді  және  мектепалды  мен  мектеп  жасына  дейінгі  балаларды 

тәрбиелеудің  біріңғай  бағдарламасын  әзірлеуді  ұсынды.  Бағдарламаны  әзірлеу 

Кеңес  одағы  педагогикалық  ғылым  академиясы  мен  медицина  ғылым 

академиясына бірге жасау тапсырылды.  

1960 жылы мектепке дейінгі білім беруді ғылыми қолдауға маңызды үлес 

қосқан  Кеңес  Одағы  педагогика  ғылымдарының  академиясы  құрылды. 



 

Мектепке  дейінгі  педагогика,  балалар  психологиясы  және  әдістемесін 



дамытудағы  жетістіктер  мектепке  дейінгі  тәрбие  практикасы  үшін  барынша 

жетілдірілген құжаттың жасалуына негіз болды.  

Осылайша,  1962-1965  жылдары  Қазақстанда  мектепке  дейінгі  тәрбие 

жүйесінің  дамуы  мен  қалыптасуында  үлкен  бетбұрыс  жасалды.  416  мың  бала 

қамтылған мектепке дейінгі мекеменің желісі 5054-ке жетті. 1963-64 оқу жылы 

еліміздің мектепке дейінгі мекемелері Кеңес Одағы ағарту министрлігі бекіткен 

«Балабақшадағы  тәрбие  бағдарламасы»    ерте  және  мектепке  дейінгі  жастағы 

балаларға арналған мемлекеттік құжат ретінде қолдануға ұсынылды.  

«Балабақшадағы  тәрбие  бағдарламасы»  -  мектепке  дейінгі  мекемелерде 

тәрбиелеу-оқыту  жұмысының  мақсаты  мен  міндеттерін  және  мазмұнын 

анықтайтын мемлекеттік құжат болып танылды. Бағдарламада жалпы халықтық 

білім  беру  жүйесінің  алғашқы  баспалдағы,  жаңа  адамды,  коммунистік 

қоғамның болашақ белсенді құрылысшысын қалыптастырудағы балабақшаның 

рөлі сипатталып, мектепке дейінгі мекемелердегі әрбір жас тобында тәрбиелеу-

оқыту  мектепке  дейінгі  баланы  жан-жақты  дамытуға  бағытталған 

педагогикалық  процестегі  тәрбиешінің  жетекші  рөлі  көрсетілген.  Аталған 

бағдарламаға  сәйкес  әрбір  одақтағы  республикада  жергілікті  ерекшеліктерді 

(ана тілі, ұлттық дәстүрлер және т.б.) ескеріп, өз бағдарламалары жасалды.  

Осы  бағдарлама  одақтас  республикаларда  соның  ішінде  Қазақстанда  да 

1964  жылы  қосымшалар  мен  өзгерістер  енгізіліп  қайта  басылып  шығарылды. 

Дене тәрбиесі бөлімі сабақтарда, серуен кезінде, қимылды ойындар барысында 

балалардың 

қимыл 

белсенділігін 



ынталандыратын 

жаттығулармен 

толықтырылды, таңғы жаттығудың балаларды сауықтырудағы мәні күшейтіліп, 

оның  ұзақтығы  артты.  Жылдың  суық  және  жылы  кезеңдері  ескеріліп,  барлық 

жас топтарына Күн тәртібі құрылды. Қазақстанда мәдени-тарихи және өлкетану 

бағыттарымен жұмыс бөлімдері қосылды.  

Еліміздегі  мектепке  дейінгі  тәрбиелеу  жүйесін  дамытуда  1984  жылдың 

мамыр  айындағы  Кеңес  Одағы  Министрлер  Кеңесінің  «Мектепке  дейінгі 

қоғамдық  тәрбиені  одан  әрі  жақсарту  және  балаларды  мектепке  даярлау 

туралы»  қаулысының  маңызы  зор  болды.  Онда  мектепке  дейінгі  мекемелер 

желісін  кеңейту  жоспарланып,  тамақтандыруға  шығыннның  барынша  жоғары 

нормалары  енгізілді,  баланы  күтуге  төлем  ақының  өлшемі  қарастырылды, 

тәрбиешілердің  еңбекақысын  едәуір  көтеру  қарастырылды,  ясли  және  ересек 

топтардағы  тәрбиешілердің,  медицина  қызметкерлерінің  теңестірілген 

демалысы белгіленді.  

Реформаның  негізгі  ұстанымдарына  сәйкес  мектепке  дейінгі  қоғамдық 

тәрбиені  жетілдіру  бағыты  айқындалған  1984  жылы  жаңа  «Балабақшада 

тәрбиелеу  мен  оқыту»  типтік  бағдарламасы  шықты.  Бағдарлама  баланың 

жасына  сәйкес  педагогикалық  процестің  тұтастығы,  үздіксіздігі,  тәрбие  мен 

оқыту  мазмұнының  ғылымилығы,  олардың  бірлігі,  жүйелілігі,  сабақтастығы 

ескеріліп  әзірленген.  Тәрбиелеу-оқыту  жұмысының көлемі  екі бөлім  бойынша 

«Балаларды  тәрбиелеу  және  тіршілік  әрекетін  ұйымдастыру»,  «Сабақтарда 

оқыту»  берілген.  Осы  бағдарлама  қазақстандық  ғалымдар  мен  педагог 



 

мамандардың  қатысуымен  өңделіп,  қазақ  тіліне  аударылып,  қазақ 



балабақшаларына  құжат  түрінде  берілді.  Екінші  сәбилер  тобынан  бастап, 

бағдарламаға  қазақ  халқының  ертегілері,  халық  ауыз  әдебиеті  (жұмбақтар, 

мақал-мәтелдер), қазақ жазушыларының шығармалары енгізілді.  

Ал  Қазақстандағы  мектепке  дейінгі  тәрбие  жүйесінің  дамуына  және 

балабақшалар  желісін  кеңейтуге  өздерінің  сүбелі  үлесін  қосқан,  құнды 

әдістемелік оқу  құралдарды  әзірлеген Н.Құлжанова  («Балабақшадағы  тәрбие», 

«Ана мен бала»),  Б.Баймұратова («Біздің кітап», «Мектепке дейінгі ұйымдарда 

және  отбасында  баланың  тілін  дамыту  әдістемесі»,  «Баланы  мектепке  қалай 

даярлауға  болады?»  т.б.)  және  А.К.Меңжанованың  еңбектері  осы  күнге  дейін 

мектепке дейінгі жастағы бала тәрбиесінде маңызын жойған жоқ.   

1992  жылы  Ы.Алтынсарин  атындағы  педагогикалық  ғылыми  зерттеу 

институты  Мектепке  дейінгі  білім  беру  зертханасында  «Балбөбек» 

бағдарламасы  (М.С.Сәтімбекова,  Б.Баймұратова,  Ф.Жұмабекова)  әзірленіп, 

бірнеше жыл бойы эксперимент алаңдарында сынақтан өткізілді. Нәтижесінде 

мектепке  дейінгі  жастағы  балаларды  ұлттық  құндылықтар  негізінде 

тәрбиелеудің дәстүрлі әдістемелік жүйесі қалыптасты.  

2006  жылы  «Балбөбек»  бағдарламасы  өңделіп,  толықтырылған  нұсқасы 

қайта басылды. Бағдарламада көзделген басты мәселе - балабақшада тәрбие мен 

білім  беруді  кіріктіре  жүргізу,  апталық  жүктемені  азайту,  балаларды  еңбекке 

баулу, ізгілікке, мейірімділікке тәрбиелеу болды.  

Соңғы  онжылдықта  «Қарлығаш»,  «Қайнар»,  «Алғашқы  қадам»,  «Зерек 

бала»,  «Біз  мектепке  барамыз»  т.б.  білім  беру  бағдарламалары  әзірленіп, 

кеңінен қолданылып келді.  

2013-2014  жылдары  қолданыстағы  білім  беру  бағдарламаларының  саны 

мен  сапасы  бойынша  жүргізілген  зерделеу  жұмысы  олардың  атауы  түрленіп,  

санының  артып  отырғанын  көрсетті.  Баламен  ұйымдастырылатын  жұмыс 

түрлеріне,  тақырыптық  жоспарлауға,  қосымша  білім  беруге  арналып,  әр  түрлі 

бағытқа ие бола бастағаны, жекеленген тақырып аясында әзірленген авторлық 

бағдарламаларға айналғаны анықталды.  

Сондай-ақ  мектепке  дейінгі  білім  беру  мазмүны  бойынша  шетел 

тәжірибелері де зерделенді.  


жүктеу 3,75 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   296




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау