ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУДІҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ МАЗМҰНЫ МЕН
ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТӘСІЛДЕРІН МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМДАРДА ЖҮЗЕГЕ
АСЫРУ ЖОЛДАРЫ
Г.К.Ахметова,
№ 17 «Шұғыла» балабақшасының әдіскері
Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы
Әр Қазақстандықтың ең басты ұстанымы – өмір бойы білім алу.
Н.А.Назарбаев
Қазіргі таңда әр балаға жеке тұлға ретінде қарап, саналы тәрбие сапалы
білім беру
–
өмір талабы. Осы ретте білім ортасында әрбір мүмкіндігі шектеулі
баланың даму деңгейі мен жас ерекшелігі ескеріліп инклюзивтік білім
берілуде.
Инклюзивті білім
берудің мақсаты:
даму мүмкіндігі шектеулі
балаларға
қалыпты балалармен бірге
білім беру. Яғни адамның жынысына,
дініне, шығу тегіне қарамастан тең құқылы жеке тұлға ретінде білім беру
жүйесі. Инклюзивті білім беру
–
мүмкіндігі шектеулі балаларды оқытып-
үйретудің бір формасы. Бұл арнаулы білім беру жүйесінде дәстүрлі түрде
қалыптасқан, ол даму үстіндегі формаларды ығыстырмайды. Нағыз инклюзивті
білім берудің 2 жүйесін жалпы және арнаулы жүйелерді бір-біріне
жақындастырады.
Әлемаралық «Барлығының мүмкіндіктерін дамыту» жобасы аясында
Ақтөбе қаласындағы № 17 «Шұғыла» МДҰ 2004 жылдың тамыз айынан бастап
облыстық іздену-қалыптастырушы экспериментке «Жалпы білім беру жүйесіне
мүмкіндігі шектеулі балаларды кірістіру» тақырыбымен шықты.
Осы уақыттан бастап біздің балабақша мүмкіндігі шектеулі балаларға
қолдау көрсетіп келе жатыр.
Ақтөбе облысының 2008 жылғы 2 қаңтардағы № 46 бұйрықтың шешімі
негізінде № 17 «Шұғыла» МДҰ-да 2007 жылдың 27 шілдедегі ҚР «Білім беру»
Заңының 30 бабына сәйкес инклюзивті білім беру кабинеті құрылды.
Инклюзивті білім беру кабинетінің жұмысы жүйелі түрде жүргізіледі, әр
баламен мамандар жұмыс жасайды: психолог, дефектолог, логопед, әлеуметтік
мұғалім. Сонымен, түзету-педагогикалық мамандарының тобын әртүрлі
345
мамандар құрайды және инклюзивті білім беру кабинетінде олардың барлығын
педагог деп атаймыз. Сондай-ақ команданың белсенді мүшелері баланың ата-
анасы. Команданың әр мүшесі ортақ жұмысқа өз үлесін қосады, әртүрлі
мамандар баланың мәселесін өз көзқарасымен көреді және оны жоюға
мүмкіндік береді.
Түзете-дамыту бағдарламасын құруда және оны жүзеге асыруда мамандар
міндетті түрде бірігіп әрекет етеді: жұмыстың нәтижесін бірге талқылайды,
балада болған өзгерістерді, алдағы сабақты өткізуге ұсыныстар айтады,
бағдарламаға түзетулер енгізеді.
Мақсаты:
мектепке дейінгі жастағы мүмкіндігі шектеулі балаларға
жүйелі педагогикалық, әлеуметтік-психологиялық көмек көрсетіп, оларды
қалыпты дамыған балалардың ортасына кірістіру.
Міндеттері:
1) тірек-қимыл аппараты, зияты, естуі, көру қабілеті бұзылған балаларды
әлеуметтік оңалтуда, оларды қалыпты дамыған балалардың ортасына
кірістіруде жүйелі педагогикалық, әлеуметтік-психологиялық көмек көрсету;
2)баланың мәселесін жүйелі түрде пәнаралық команда мамандарының
тексеруі мен түзету-педагогикалық және әлеуметтік көмек көрсету үшін
баланың қажеттілігі мен мүмкіндіктерін анықтау;
3)баланың
дамуын әлеуметтік жағдайда ескеріп, жеке дамыту
бағдарламасын құру және өңдеу;
4)
түзете-дамыта оқыту формасын жеке және топтық түрде өткізу;
5)
мүмкіндігі шектеулі балаларды отбасында тәрбиелеуде ата-аналарды
оқыту және кеңес беру;
6)
мүмкіндігі шектеулі балалардың психофизикалық ерекшеліктерін
ескеріп, білім беру ортасына кірістіруде жалпы білім беру мекемелерінің
мұғалімдеріне әдістемелік көмек беру және дайындау ;
Достарыңызбен бөлісу: |