«ACTIVINSPIRE» БАҒДАРЛАМАСЫН БАЛАБАҚШАДА ТИІМДІ
ҚОЛДАНУ
А.С.Курпеева,
«Таңшолпан» бөбекжайының әдіскері
ағылшын тілі маманы, педагогика ғылымдарының магистрі
ОҚО, Түлкібас ауданы, Т.Рысқұлов ауылы
Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың
тағдыры ұстаздардың қолында.
Н.Ә.Назарбаев
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін ақпараттандыру саясаты
еліміздің даму стратегиясының негізгі бағыттарының бірі, себебі ХХІ ғасыр –
білім беру жүйесін ақпараттандыру ғасыры. Мұндай күрделі міндеттерді
шешуде мектепке дейінгі ұйымдардың алатын орны ерекше. Қазіргі таңда
еліміздің білім беру ұйымдарында оқыту процесін ізгілендіру мақсатында
көптеген жұмыстар жасалуда. Оларды ғылыми тілмен «педагогикалық
жаңалықтарды енгізу» немесе «инновациялық процесс» деп атайды. Яғни
педагогика ғылымында жаңа әдіс-тәсілдерді, құралдарды пайдалану.
Мектепке дейінгі білім беру үрдісінде ақпараттық-технологияларды
пайдаланудағы мақсатымыз
–
баланың
танымдық
қызығушылығын
қалыптастыру. Балада танымдық қызығушылықтың болуы олардың оқу
қызметіне белсенді, білімінің сапалы болуына, басқа да іс-әрекеттерге дұрыс
көзқарасын қалыптастыруға мүмкіндік береді. Кез келген ұйымдастырылған
оқу қызметінде әр түрлі, әдемі, ұнамды, жағымды суреттер, сызбалар, тәсілдер
арқылы графикалық иллюстрациялар негізінде ақпараттық-коммуникациялық
технологияларды пайдалану тәрбиеленушілердің танымдық белсенділігін
арттырып қана қоймай, тілін, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға,
шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасайды.
Ақпараттық технологияны оқыту үрдісінде қолданылатын жаңа түрдегі
құрал белсенді экран – интерактивті тақта. Интерактивті тақта арқылы жұмыс
жасау қазіргі заман талабы.
Интерактивті тақта – бұл болашақ ұрпақтың жан-жақты білім алып,
сауаттылыққа жол ашатын бірден бір құрал. Электронды есептеуіш машинасы
тәрізді бұл тақта да жоғары технологияда жасалып шығарылған. Тақта
ақпараттың бірнеше түрін бере алады, бейнелеу, фигураларды ендіру, цифрлық
жүйе орнату және сол сияқты көптеген мағлұматты көрнекі түрде баяндауға,
түсіндіруге мүмкіндік береді. Бұл тақтаны қолдану барысында педагогтар
355
бұрынғыдай көрнекі құралдар дайындау кезінде қиыншылықтарға кездеспейді,
оның орнына алдын-ала дайындалған сабағын ұсынады және уақыт үнемдей
алады.
Интерактивті
тақтамен
жұмыс
жасауға
арналған
ActivInspire
бағдарламалық қамсыздандыруының мүмкіндіктерін тиімді қолдануға, түрлі
флипчарттар дайындауға нұсқау болатын бірнеше үйретуші бағдарламадан
және флипчартты дайындау әдістемесі баяндалған қосымшадан тұрады.
Флипчарт – қажетті беттер санынан тұратын негізгі жұмыс аумағы.
Бүгінгі таңда интерактивті тақтада жұмыс жасау үшін қолданып жүрген
бағдарламалардың бірі – ActivInspire бағдарламасы. Бұл бағдарламаның
көптеген мүмкіндіктері мұғалімнің оқу-тәрбие үрдісіндегі жұмысын
жеңілдетеді. Оқу қызметі барысында материалды жеңіл тусіндіру үшін түрлі
қызықты, тартымды, балалардың ойлау қабілетін дамытатын мүмкіндіктерін
қолдана алады. Сабақтарды сақтау, толықтыру оның қызметін жақсарта түседі.
Сабақты түсіндіру барысында педагог тақта алдында тұрып, бір мезетте
мәтіндік, аудио, бейне құжаттарды DVD және Интернет ресурстарын қолдана
алады. Бұл кезде педагог қосымшаны іске қосу, CD – ROM, Web – түйін
мазмұнын қарастыру, ақпарат сақтау, белгі жасау тінтуірді ауыстыратын
арнайы қалам арқылы жазулар жазу және тағы басқа әрекеттерді жеңіл орындай
алады.
Интерактивті құралдарды оқу қызметінде пайдаланғанда дидактикалық
бірнеше мәселелерді шешуге көмектеседі:
– Пән бойынша базалық білімді меңгеру;
– Алған білімді жүйелеу;
– Өзін-өзі бақылау дағдыларын қалыптастыру;
– Жалпы оқуға деген ынтасын арттыру;
ActivInspire – заманауи оқыту және үйрену тәжірибесінің іргетасы. Оқу
қызметіне пайдалануға арналған бағдарлама педагогтарға интерактивті тақтада
сабақ жүргізуге мүмкіндік береді.
Сан алуан арнайы әрекеттерге толы жаңа сабақтар жасау және оқуды
бағалау тапсырмаларын жеке балалармен, топтармен және барлық
тәрбиеленушілермен қолдануға болады.
ActivInspire – ең жақсы, толық түрде біріктірілген интерактивті
технологиялық бағдарлама.
Бүгінгі таңда мемлекет үшін ұлттық білім беру жүйесіне жаңа
технологияларды енгізуге жағдай жасау, оның қарқынды дамуына қосылған
маңызды үлес болып табылады. Осы орайда оқу үрдісінде интерактивті тақтаны
қолдану ақпараттық-коммуникациялық технологияларды енгізуге бағытталған
бағдарламаның бастамасы болып отыр.
Activ Inspire бағдарламасының негізгі мүмкіндіктері:
Алдын-ала дайындалған мазмұнды, оның ішінде дүние жүзінің жетекші
білім жариялаушыларынан қоркөздерді қарау және ойнату;
Шырағдан, сиқырлы сия, сағат пен бояу құралын қоса арнайы
құралдардың сан алуан түрлері;
356
Қос пайдаланушы режимі екі пайдаланушының мұғалім және бала
қаламдарын бөлек пайдалануыну;
Дыбысты жазу құралы мен бейнебетті жазу құралы сияқты бай
мультимедиялық қолдау;
Таң-тамаша қалыпты және қолтаңбаны тану құралдары;
Осы аталған бағдарлама бойынша «Тұңғиық сандықша», «Сиқырлы сия»,
«Сілтемені қою», «Мультимедиа файлдарын қабылдау», «Тік қозғалыс
бағыты», «Флипчарттардағы контейнерлерді пайдалану» үлгелерін көрсеткім
келеді. Олар қосымшада беріледі. Жалпы «Тұңғиық сандықша» флипчартын
жасауда «Туындынының анықтамасы» тақырыбы бойынша балаларға
алгоритмді жасырын тұрған тізбек ретін рет-ретімен көрсетуге мүмкіндік
береді.
Бұл бағдарламада барлық пәндерден интерактивті сабақтар дайындауға
болады және мұндай оқу қызметі ұйымдастыру балалардың сабаққа деген
қызығушылығын арттырады. ActivInspire бағдарламасында сабақтарды
дайындауға көптеген функциялар қолданылады, мысалы: слайд жасау және
жүргізу, арнайы эффектіні материалдарға қосу, кілттік кезеңдерді айыру,
қосымша ақпараттарды балаларға жеткізу. Сондықтан да осындай сабақтарды
жүргізу балалар үшін қызықты, әрі олардың сол сабақты толық меңгеруіне
көп көмектеседі.
Флипчартты сабақта қолдану оң атмосфераны туғызады, балалар арасында
бірлесе жұмыс жасау дағдысына ие болады. Белсенді және тынымсыз балаларға
тосқаулықтар мен шектеулер болмайды. Баяу қабылдайтын балалар да үлкен
экраннан көрген дүниені тез есте сақтай алады. Балалар тақтаға қуана шығып
геометриялық фигуралар сызуға, схема жасауға, тақтаға маркермен жазып, оны
сүртуде белсене жұмыс жасайды. Сондай-ақ интербелсенді тақтада жұмыс
жасау, баланы белсенділікке тәрбиелейді, суреттермен, мәтіндермен жұмыс
жасауда қызығушылықпен орындайды.
Атақты психолог Л.С.Выготский: «Дұрыс ұйымдастырылған іс-әрекет
процесі баланың дамуына дұрыс таным қалыптастырады», – деген болатын.
Осыған орай мектеп жасына дейінгі білім берудегі зерттеу әдістерін жаңашыл
педагог
ретінде
дамытуымыз
қажет,
бағдарламалық
материалмен
шектелмейбаланың ой-өрісін дамытуға әр тәрбиешінің жаңашылдықпен
ізденгені дұрыс.
Яғни, бүгінгі күні білім беру жүйесі жаңа педагогикалық технологияның
негізделуін және де ақпараттық құралдардың кеңінен қолдануын қажет етеді.
Сөзімді «Тәрбие – тал бесіктен басталады» деген халқымыздың дана сөзімен
қорытындылағым келеді. Баланың тәрбиелі ұрпақ болып жетілуіне бірден-бір
ықпал ететін орын – балабақша. Бала тәрбиелеу – біздің өміріміздегі ең
маңызды міндет. Біздің қызметіміз де, өміріміз де бала өмірімен өте тығыз
байланысты. Тәуелсіз еліміздің жас ұрпақтарын білімді, жан-жақты дамыған,
дені сау, рухани бай, жерін, ата-анасын құрметтейтін саналы азамат болып
өсуіне бойымыздағы бар асыл қасиеттерімізді, білімімізді аямайық!
357
Достарыңызбен бөлісу: |