Зерттеу жұмысы Дайындаған Серік Бақдаует Айдосұлы



жүктеу 56,71 Kb.
Дата17.11.2017
өлшемі56,71 Kb.
#921

Жабыл облысы Байзақ ауданы Сыдық Абланов атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Тілубердиева Слушаш Тастанбекқызы Ғылыми жоба тақырыбы: "Қой" Орындаған Серік Бақдаулет Айдосұлы

  • Зерттеу жұмысы
  • Дайындаған Серік Бақдаует Айдосұлы
  • Сыныбы: 2 “ә”
  • Жетекші: Тлеубердиева Слушаш Тастанбекқызы
  • Ж
  • Тақырыбы: “Қой”
  • І. Аннотация............................................................................
  • ІІ. Пікір......................................................................................
  • ІІІ. Кіріспе.................................................................................
  • Қойдың ерекшелігі.
  • А)Сыртқы және ішкі құрлысындағы ерекшеліктері........
  • Ә)Қойдың жасын тісіне қарап анықтау............................
  • Қойдың шаруашылықтағы маңызы.
  • Б) Қойды азықтандыру...........................................................
  • В)Қойдың өнімі.........................................................................
  • ІV. Зерттеу бөлімі
  • Қойдың етін , жүнін зерттеу..........................................
  • V. Қорытынды..........................................................................
  • VІ. Ұсыныс................................................................................
  • VІІ. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі...............................
  • Мазмұны

Кіріспе

  • Қой (лат. Ovis aries) – қуысмүйізділер тұқымдасына жататын, күйіс қайыратын жұптұяқты мал.
  • Қой неолит дәуірінде қолға үйретіле бастаған жабайы қойлардан (арқар және муфлон) шыққан.
  • Дүние жүзінің 170-тен аса елінде 650-дей қой тұқымдары мен тұқымдық топтары бар. Қойдың дене ұзындығы 60 – 110 сантиметр, шоқтығының биіктігі 55 – 100 сантиметр. 12 – 15 жыл тіршілік етеді. 5 – 7 айлығында жетіледі, 15 – 18 айында ғана күйекке жіберіледі. Саулықтарының буаздық мерзімі 145 – 155 тәулікке созылады. Көпшілігі жалқы, кейде егіз туады.
  • Қозылар 1,5 айлығында отармен бірге бағылады, 3 – 4 айлығында енесінен айырып, еркек және ұрғашы қозыны жеке отарға бөледі. Қ-ды жасына қарай қозы, марқа қозы, тоқты, ісек, тағыда басқа деп атайды; төлдеген қойлар – саулық, 1 жыл төлдемеген қойлар – қысыр, бірнеше жыл төлдемегендерін – ту қой деп атайды. 
  • Қошқарлар мен саулықтардың орташа тірідей салм. 70 – 140 килограмм; 50 – 70 килограмм тартады. Олардан тиісінше 10 – 15; 4 – 8 килограмм (биязы жүнділерінен) 7 – 10; 3 – 6 килограмм (биязылау жүнділерінен); 4 – 6; 2 – 4 килограмм (ұяң және қылшық жүнділерінен) жүн қырқылады. Қазақстан қой өсірілетін қой тұқымдары: қазақтың етті-биязылау жүнді қойы, қазақтың оңтүстік мериносы, қазақтың арқар-мериносы, қазақтың ұяң жүнді құйрықты қойы, қазақтың биязылау ұзын жүнді қойы, қазақтың биязы жүнді қойы, қазақтың қылшық жүнді құйрықты қойы, ақжайық қойы, ақсеңгір қойы, алтай қойы, еділбай қойы, дегерес қойы, кавказ қойы, цигай қойы, қаракөл қойы; тұқымдық топтары – қарғалы қойы, сараджа қойы. қойдың жаңа типтерін шығару жұмысында линкольн қойы, ромни-марш қойының тұқымдары пайдаланылады.
  •  
  • Бұл жұмыста “Қой” туралы жалпы қарастырылып, тереңірек қамтылған. Зерттеу жұмысы жүргізілді. Ғылыми жұмыс үш бөлімнен тұрады. Кіріспеде тақырыптың өзектілігі қарастырылса, зерттеу бөлімінде “Қой” малына толық сипаттама берілген. Жұмыстың қорытындысында түйе туралы толғаныстар берілген.
  • АННОТАЦИЯ
  • В этой научной работе глубоко охватывается и рассматривается про «Овцы»
  • В том числе про научной работе был полный охват про «Эдильбая».
  • Научная работа состоит из трех частей; введения, основная глава и заключения.
  • В вводную часть входят задачи основная часть темы. В исследовательской части рассматривается про овцы “Эдильбая”. В заключительной части работы говорится к овцам.
  • АННОТАЦИЯ
  • In this research work is deeply covered and considered about"Sheep" Including about the scientific work was complete coverage of"Edilbaya. Scientific work consists of three parts, an introduction, the main chapters and a conclusion.
  • In the introductory part of the problem includes the main part of the topic. In the research part of the sheep is considered "Edilbaya. In the final part of the work described for the sheep.
  • ANNOTATION
  • Байзақ ауылы С.Абланов орта мектебінің
  • бастауыш “Ә”сынып оқушысы
  • Серік Бақдулеттің
  • “Қой”атты ғылыми жоба жөнінде
  • Пікір
  • Ғылыми жоба тақырып негізінде жасалған. «Қой» туралы мәліметтер жинақталып, оларға зерттеу жұмыстары жүргізілген. Қой туралы көптеген суреттер тапқан. Зерттеу мақсаты мен міндеті нақты қойылып, жүйелі түрде жұмыс жүргізілген. Соның нәтижесінде көзделген мақсатқа жеткен.
  • Ғылыми жоба жас ерекшелігіне сай өз деңгейінде жасалған.
  • Пікір жазған:
  • Тілеудердиева Сұлушаш
  • Қойдың ауыл шаруашылығына маңыздылығын дәлелдеу.
  • Қазақстан жағдайындағы қойдың ерекшелігін анықтау.
  • Қойларды зерттеу.
  • Міндеті:
  • Қойдың маңыздылығын анықтау.
  • Іздену, жинақтау, зерттеу.
  • Мақсаты
  • Әдістері
  • Қойдың сыртқы және ішкі құрылысындағы ерекшеліктер
  • Қойдың өте көп жерге тарап, кез – келген халықтың өсіретіндігінде себеп – салдар жоқ емес, соның ең бастысы – қойдың алуан – алуан табиғи жағдайларға төзімділігі, бейімділігі. Соған орай қой қысы қатты, қары қалың солтүстікте де, желі ызғарлы, жайылымы шөлейт жерлерде де, жазы ыстық ерекшеліктері арасындағы ең бір негізгісі – түрлі жайылым отын өте жақсы пайдалана алатындығы мүмкіндік туғызады. Табиғи жайылым отының құрамындағы 800 – ден астам өсімдік түрлерінің жылқы 90 түрін, ал мүйізді ірі қара мал 150 – дей түрін жеп пайдаланса, қой соның жартысынан көбін, яғни 400 – ден астам түрін жейді екен. Олар шабындық аралығындағы, басқа малға ыңғайсыз ой – қырдағы жайсыз жайылым отын да жақсы пайдалана алады. Мысалы, жылқы мен мүйізді ірі қара мал жайылып өткен жерлерде қой жаюға болады.
  • Қойдың бас сүйегі мен ауыз құрылысының ерекшеліктеріне байланысты мұндай өрістен де шөп тауып жейді. Өйткені, үшкір тұмсығындағы жұқа да икемді еріндері майда да аласа шөптің өзін қырқып жеуге мүмкіндік береді. Қойдың ас қорыту жүйесі ірі аумақты азықтарды жақсы қорытуға бейімделген. Қой ішегі – 30 есе ұзын. Қой салмақ қосуына шығында ірі қара малған қарағанда – 2 – 2,5 есе жылқыға қарағанда – 2,5 – 3 есе аз жұмсайды.
  • Қойдың ауыз қуысы Ауыз қуысы сүйекті тұлға сүйеніші мен арнаулы органдардан тұрады. Бұл органдарға ерін, ұрт, тіс, қызыл иек, тіл, тандай, тілшік, ауыз қуысына бөлу өзегі ашылатын үш жұп сілекей бездері жатады. Ауыз қуысының тұлға сүйеніші жоғарғы және төменгі жак сүйектерінен жэне олардың байланыс сіңірлері мен еттерінен тұрады.
  • Жақ сүйектерінің арасында ауыз куысы орналасады да, оның бүйір беттері ұртпен шектеліп, алдынғы жағынан үстіңгі және астыңғы ерінмен бітеді. Ерін аралығында ауыз какпасы,ал көмекей мен тілшік аралығында жұткыншак орналасады.
  • Қойдың ерекшелігі
  • Қойдың ерекшелігі
  • Іш жағынан ауыз қуысы мен көп қабатты жалпақ эпителийден құралған сілекейлі қабықпен астарланады. Осы сілекейлі кабықта көптеген кілегей жэне сілекей бездері болады. Олар өздерінің орналасу орнына карай ерін, ұрт, тіл, тілшік бездері деп аталады.
  • Ерін-ауыз қуысының көмкеріп тұратын терімен қапталған ет қыртысы. Қойдың еріні сопақша және қимылдағыш келеді. Ерінде көптеген сезімтал нерв ұштары орналасады да, ол қабылданатын азықты түйсінуде зор рол атқарады.
  • Ауыз қуысы алдыңғы және бүйір жағынан тістермен шектеледі.Әрбір тістің сауыты, мойны және түбірі болады. Тістің негізгі затын дентин құрайды да,сауытының сыртын эмаль, ал түбірін цемент қаптап тұрады. Тістің ішінде көптеген қан тамырлары мен нервтер өтетін жұмсақ дәнекер тканьмен толған қуыс болады. Тіс сауытын жауып тұратын эмаль тісті бұзылудан сақтайды. Тістің эмалі көшсе немесе шытынаса оның дентині бұзылып, тісте шұңқыр пайда болады да, оның қуысындағы нерв ұштары жарақаттанады. Бұдан тіс қатты ауырады, азықты шайнау, қорыту процестері нашарлап, малдың қоңы мен өнімділігі төмендейді.
  • Ұрт-ауыз қуысын бүйір жағынан шектеп тұрады. Ол ерін тәрізді сырт жағынан терімен қапталып, іш жағынан сілекейлі қабықпен көмкерілген ет қабаттарынан тұрады. Ұрттың сілекейлі қабығында ұшы кейін қарай бағытталған конус тәріздес бүртіктер болады. Бұл бүртіктер шайнау кезінде азықтың түсіп кетпеуіне жәрдемдеседі.
  • Жұтқыншақ - жарғак етті, воронка тәріздес орган. Ол ауыз қуысын өңешпен, ал мұрын қуысын көмекеймен байланыстырады. Жұтқыншақта оны басқа қуыстармен байланыстыратын бірнеше тесіктер болады. Осы жұтқыншақтың тікелей жалғасы болып келетін етті түтік-өңеш. Ол арқылы жентектелген азық жұткыншақтан қарынға өтеді.
  • Қарын. Қойлардың қарны төрт бөліктен тұрады. Олар: мес қарын, тақия қарын және жұмыршақ қарындарды алдыңғы қарындар деп, ал олармен жалғасатын ұлтабарды-шын қарын деп атайды. Оның себебі қарынның алдыңғы үш бөлігінің кілегей қабығында сөл түзетін бездер болмайды. Мұндай бездер тек ұлтабарда ғана кездеседі. Қарын бөліктерінің аумағы малдың жасына, оны азықтандыру ерекшеліктеріне байланысты.Тек сүтпен қоректенетін жас төлдерде алдыңғы қарындар ұлтабармен салыстарғанда әлдеқайда кіші болады да, ас қорыту процестері негізінен ұлтабар мен ішек қуыстарында жүреді.Төл өсе келе, олар көлемді азық қабылдай бастасымен мес қарын мен тақия қарын тез жетіліп, олардың мөлшері мен сыйымдылығы шапшаң өседі. Сақа қойларда мес қарынның сыйымдылығы 12-20 литрге жетеді.
  • Қой мүйізді ірі қара мал секілді көп қарынды, күйіс қайыратын малға жатады. Сонымен қатар жоғарыда келтірілген тұмсығы мен ауыз қуысының ерекшеліктеріне байланысты олар табиғи жайылым отын, аумақты көк және ірі азықтарды мейлінше жете пайдаланып, жақсы қорыта алады. Сондықтан қойды оған дейін жылқы не мүйізді ірі қара мал жайылған жерлерге, астығы орылған алқаптарға жаюға болады.
  • Қойдың өсіп-жетілуі мен өнімділігі, негізгі төлі, еті және жүні секілді өнімдерінің сапасы тікелей азықтандыру деңгейі мен құнарлылығына тәуелді. Бұл өнімдер сиырдан күнделікті сауылатын сүтке қарағанда ұзақ мерзімде қалыптастырылатындықтан, қойды азықтандыру рационын мүйізді ірі қара малдыкіне қарағанда қарапайым құрылымда құруға болады. Бірақ бұдан олардың азықтандырылуына үстірт қарап, кейде тіпті жемшөпті уақытылы жеткізбей, аш қалдыруға болады деген ой тумауы керек. Өйткені, азықтандыру ақаулары мен кемшіліктері олардың алдымен денсаулығына, сонан соң өнімінің мөлшеріне және сапасына зиянды әсер етеді.
  • Тіршілікті сақтаудың биологиялық заңдылығы бойынша екі-үш күн жемшөп уақытында жеткізілмей, қойлар ашықса, қорытылған қоректік заттардың жұмсалуы ең алдымен тіршілікке маңыздығы жағынан екінші реттегі ағзаларға азайтылып, үнемделе бастайды.
  • Бұл екінші реттегі жүйелерге жататын тері мен теріде өсетін жүн, жал, құйрық, тұяқ, мүйіз секілді өнімдерге қоректік заттар жұмсалуын азайтады. Қанмен тері қабаттарындағы жүн талшықтарының түбірлеріне қоректік заттардың жеткізілуінің шектелуінен бүл мерзімде жүн талшығы жіңішкеріп өседі.
  • Қойдың шаруашылықтағы маңызы
  • Қойды азықтандыру
  • Кейін, қойды азықтандыру дұрысталғанда, жүн талшықтарының жуандығы қайта қалпына келгенмен, ашыққан күндердегі жіңішкелігі сол күйінде із, белгі түрінде қала береді.
  • Оны "ашығуға байланысты жіңішкелік" немесе "ашыққандық белгісі" ("голодная тонина шерсти") деп атайды. Кейін қой қырқылып, жүні өткізілгенде, жүн талшықтарының осы тұсы әлсізденген, үзілгіш келеді де, жүннің үзілмеушілік беріктігінің (разрывная прочность шерсти) әлсіреуінен сапасы төмендетіліп, сатылатын бағасы арзандатылады. Жүннің бұл ақауын болдырмау үшін жыл бойында қойды мұқтаждың нормасына сәйкес азықтандыру қажет.
  • Қойды азықтандыруда ілгерідегі мүйізді ірі қара малды азықтандыру тарауында келтірілген барлық жемшөп түрін қолдануға болады. Оның үстіне, қойдың биологиялық және ас қорыту ерекшеліктерінде айтылғандай, олар жылқымен де, мүйізді ірі қара малмен де салыстырғанда өз қорегіне өсімдік түрін анағұрлым көп пайдаланатындыңтан, көптеген жемшөп түрін жеп, жайылым оты мен басқа да азықтарды басқа малдан жоғары игереді. Сондықтан да олардың осындай пайдалы биологиялық ерекшеліктеріне мейлінше сүйене отырып, табиғи жайылым оты мен ең арзан азықтарды ұтымды түрде молынан пайдаланса, өндірілген өнімнің өзіндік құны арзан болмақ. Мұның шаруашылық экономикасына тигізер пайдасы көп.
  • Көктемдік эфемерлік ерте көктеген күнгей жоталардың өсімдіктерімен жол-жөнекей қоректеніп, жаз аптабынан жайлауға айдалған қой отарлары таулы альпілік және субальпілік жайылымдардың алуан түрлі шөптерімен жақсы отықса, күзде қайта қыстауға түсердегі жусанды жайылымдарға жайылады.
  • Қыстың шуақты күндері күнгей беттердегі ашық қыстың жайылымдарына жайып, боранды, қарлы күндері дайындалған пішен, жаздық дауыл сабаны, алу мүмкіншілік болған жағдайда пішендеме, сүрлеммен азықтандырып, мал қоңдылығына қарай есептелінген жем жегізеді.
  • Қой ірі азықтардан шалғын және бұршақ тұқымдастардың майда пішенін сүйсініп жейді. Әр қой басына тәулігіне салмағының 100/1 бөлігіндей мөлшерде пішен, 2 кгға дейін жаздық сұлы, арпа, тары сабанын беруге болады.
  • Қой өнімдері.
  • Саулықтың күйін анықтау және ұрықтандыру
  • Қой 6-7 айда жетіледі. Бірақ бұл уақытта олардың ағзасының өсуі де әлі аяқталмайды. Сондықтан да жетілгенімен оларды ұрықтандыруға болмайды. Өйткені, ағзаның өсуі тоқтап, мал ұсақтанып, тірідей салмағы артпай, ұсақ та нэзік төл туады. Қой ағзасы жетіліп, ірі қозы туу үшін тұқымы мен жетілуіне байланысты 12-18 айлығында, яғни 1-1,5 жасында тоқты тірідей салмағы 40-45 кг-нан асқанда ұрықтандырады.Қой күйекке жылдың белгілі бір маусымында, дәлірек айтқанда - күзде түседі. Осы кезде орташа әр 16-17 тәулікте (тұқымдық және жекелеген ерекшеліктеріне байланысты - 8-35 тәулікте) саулықтардың жыныстық айналымы (половой цикл) қайталанады. Жыныстық айналым барысында саулықтардың күйті келіп, күйлейді. Күйлеу -малдың ұрықтануына қолайлы жағдай туатын кезең. Оны малдың жүріс-тұрысының, мінез-құлқының өзгеруінен,сыртқы жыныс жолдарының қызарып, ісінуінен байқайды.
  • Саулықтың күйті келген кезде қынаптың жиектері және жатыр мойны ісініп үлкейеді. Түсі қызғылт тартып, жатыр мойны ашылады. Қынаптан ақ түсті сұйық ағады. Күйлеу мерзімі әдетте 2-4 тәулікке созылады. Күйлеу кезінде саулық мазасызданып, қайта-қайта маңырайды. Шөп, судан бас тартады. Басқа саулықтарға артылады, ал өзіне басқа саулықтар артылса қашпай тұрады. Оларды қораға бауырына алжапқыш байлаған күйттеуші қошқарлар жіберіп бақылайды. Күйлеу мерзімінің соңында аналық безде фолликулдердің өсуі мен жетілуі аяқталады. Жетілген фолликул ағзадағы жүйке және гормональдық өзгерістердің әсерінен жарылып, одан бірнеше жүздеген аналық ұрықтың жасушалары бөлініп шығады.
  • Аналық рационына жеңіл қорытылымды, энергияға бай, протеинді, витаминді жемшөп пен түрлі минералды қосындылар енгізеді. Оның ішінде энергетикалық қуаттылығы жоғары дәнді азықтармен қоса қанты мол қызылша, қант пен витаминге бай сәбіз, асқабақ, протеинді бұршақ тұқымдастар, күнжара мен шроттар, жануар тектес азықтар, көк шөп пен витаминді шөп ұнын, фосфорлық қосындыларды мол жұмсайды. Ағзаға таза ауада серуендеудің (моцион) пайдалылығын ескеріп, күйекке дайындық кезеңінде құнарлы азықтандырумен қатар, малды күтіп-бағу жағдайын да жақсартып, қажетінше таза ауада серуендетіп тұрады.
  • Қой қырқу
  • Қойдан алынатын бағалы өнім - жүн. Қой жүні технологиялық және биологиялық, гигиеналық жағынан киім мен басқа да бұйымдар өндіруде теңдесі жоқ шикізат болып табылады. Қой жүнінің өнімділігі мен сапасы оның өсіп-жетілуімен қатар дер кезінде, дұрыс қырқып алынуына да байланысты. Биязы және биязылау жүнді қойды жылына екі рет - көктемде жэне күзде қырқады. Олардың қозыларын да туылған жылы күзде қырқуға келеді.
  • Қырку мерзімін жергілікті ауа райына, қой жүнінің жетіліп, өсуіне байланысты белгілейді. Көктемде қойды тек ауа райы түбегейлі жылынып, жауын-шашын толастағанда барып қырқады. Жаңа қырқылған қойды, әсіресе алғашқы 2-3 аптада, суыктан, жауын-шашыннан қорғау қажет. Екінші жағынан қырқу мерзімін көп кешеуілдетуге де болмайды. Өйткені, қырқылмаған мал қатты ыстықта жайыла алмайды, сөйтіп салмағын жоғалтады. Селеу сияқты өсімдіктер қатая келе қой үстіндегі жүніне жабыса береді. Ал қылшықты құйрықты қойлар, түлей бастайды да, дер кезінде қырқылмаса, үстіндегі жүннің жартысы түлеп түсіп қалады.
  • Қырқымның дұрыс өтуі, жүннің мол да сапалы болуы қой қоңдылығына байланысты. Жоғары қоңдылықтағы қойдың жүні жедел де тығыз өсіп, тез әрі мол шайырланады. Терісі жазық та мықты болып, ондағы жүні біркелкі жетілген, жоғары сапалы келеді. Қырқылған жүн кебу болып, жақсы шайырлануы үшін қой қырқудан жарты тәулік бұрын өріске шығарылмай қорада ұсталады, суарылмайды. Осы арада олардың ас қорыту жолдары жеңілденіп, жүндері шайырлана түседі. Суланған, ылғалды жүннің тез арада бұзылатынын ескеру қажет.
  • Тойды арнайы қайшы немесе қырқым машиналарымен қырқады. Қырқылатын қойды таза брезент төселген немесе ағаш еденге үш аяғын буып жатқызады. Алдымен басын, мойнын, кеудесін, содан кейін бос, байланбаған аяғынан бастап, қарын жүнін қырқады. Қайшыны неғұрлым теріге жақын, бірақ терісін кеспейтіндей салып қырқады. Бір салған жерге қайшыны екінші салмау керек. Өйткені, онда жүн қиқымы көбейіп, жүн сапасын төмендетеді. Қарын жүнін қырыққаннан кейін қойдың келесі аяғын ауыстырып босатады да келесі жағын, жауырынын, жамбасын, босаған аяқ жағындағы ішкі жақ жүндерін қырқады. Аяқ, қарын асты, қүйрық жүндерін және де былғанған жүнді бөлек жинайды. Одан басқа қалған біртүтас жүнді (руноны) орап, сорттап, дайындаушы мекемелерге өткізеді.
  • Жүнді өткізер алдында жуса да болады. Ол үшін мына құрамдағы сабынды-сілтілі ерітінді дайындалады: 100 г сабын мен 50 г сілтіні (соданы) 6 л ыстық суда ерітіп, оның 2 литріне бөлек ыдыстағы 8 л ыстық су құяды да қырқылган жүнді салып жуады. Жуындыны төгіп, осы ерітіндімен жүнді жууды және екі мәрте қайталайды да жуылған жүнді таза сумен бірнеше рет шаяды. Шайылып, сорғытылған жүнді сығып, кептіреді. Тек толық кепкен ылғалсыз күйдегі жүн сапалы сақталатынын естен шығармау қажет.
  • Қойды электр машинкаларымен қырықса қырқым әлдеқайда жеңілденіп, қырқу сапасы да жоғарылайды. Өндіріс жеке шаруашылықта қолдануға ЭСА-ІД маркалы электр қырқым машинкаларын шығарады.
  • ҚОЙДЫҢ ЕТ ӨНІМІ
  • Союға арналған қойдың 1,5-2 ай бүрын жүнін қырқып алып, арнайы бордақылауға қойып, сою салмағы мен қоңдылығын көтеруге болады. Малды сою алдында мал дәрігеріне көрсетіп, куәландыру қағазын алады. Малды сою кезінде гигиеналық және мал дәрігерлік -санитарлық тәртіптерді қатаң сақтау қажет. Союға арналған малды бір тәуліктей аш ұстап, тек суарып тұрған жөн. Сонда олардың ас қорыту жолдары жыннан біршама тазаланып, суға толған ішектер жеңіл тазартылады.
  • Сойылатын малдың аяқтарын айқастыра тұяқ үстінен буып, таза брезент, төселген ағаш еденге сол жағынан жатқызып еткір пышақпен бауыздайды. Алдымен қүлақ тұсына тақап тұрып тамағын орады да, кесілген күре тамырдан қанның толық ағып шығуын тосып, сонан кейін бас сүйегі мен бірінші мойын омыртқасы арасынан жұлынын үзеді. Қаны аққаннан кейін қой денесін артқы сирақтарының екі тірсегінен жіп өткізіп көлденең ағашқа іліп немесе сол жатқан жерінде терісін сыпырады.
  • Терісін сыпыруды сирақтарының тірсегінен бастап теріні айналдыра тіліп, ішкі жағынан қарама-қарсы тілім жасайды. Тері астына енгізілген пышақ жүзін жоғары ұстап, кеудеден бастап тері қабаттары арасынан сұғып отырып, теріні қарынның үстімен құйрыққа дейін тіліп шығады. Әсіресе қарынды жарып алмау үшін абайлап, пышақ жүзін сұқ және ортаңғы саусақпен керілген тері астына сұғып отырады. Мойынның да терісін кеудеден жоғары тіліп шығады. Тілінген жерлерден бастап 5-10 сантиметрдей теріні пышақпен сылады.
  • Ары қарай теріні жұдырықпен ірейді. Теріні сыпырғанда кесілмей, ет не май жабыспауын қадағалайды. Сыпырған теріні жүнін төмен қаратып таза жерге бір сағаттай жайып қояды.
  • Қой ұшасын қарын жағынан еппен жарады да, ішек-қарынды суырып алып бөлек ыдысқа салады. Олардың былғанбауы үшін өңешті жақсылап түйіп байлайды. Кеуде қуысын ашып, өкпе, бауыр, жүрегін алады. Жүрек ішіндегі қанды жарып ағызады да, іліп қояды. Дене ішінде жиналған қанды тазартып, мойынға ұйыған қанды жуып тастайды. Ары қарай ұшаны жіліктеп бөледі де, ұзақ мерзім сақталатын болса жаймалап тұздайды.
  • Жайылған терінің әр 1 кг-на 300-350 г ас тұзын жұмсап тұздайды. Тұз себілген теріні салқын, күн түспейтін, құрғақ бөлмеде 7-8 тәулік үстайды. Бірнеше тері болса, оларды тұздап бірінің үстіне бірін тері жағына жүн жақтары тиетіндей етіп жинап қояды. Тұздалып кепкен терілерді дайындаушыларға өткізеді.
  • -Жалпы, бұл бағытта бірнеше жорамал айтылады. Мәселен, оның жергілікті құйрықты қойларды тәжірибелі қой өсірушілердің қазақтың ру тобы еділбай (аты да содан алынған деушілер бар) қойымен тиянақты іріктеу және сұрыптау жұмысын жүргізудің нәтижесінде шығарылуы мүмкін деген де болжам айтылады.
  • Немесе, еділбай қойы атауы «Еділ бойының қойы» деген сөзінен шыққан делінеді. Уақыт өте келе сөз тіркестері ұқсас болғандықтан өзгеріп, тек еділбай қойы аталып кетуі де мүмкін.
  • Жалпы, соңғы жорамалдың жаны да бар. Өйткені, еділбай қойының шыққан жері Батыс Қазақстан облысының оңтүстік өңірі, яғни Жаңақала, Казталовка, Фурманов, Жәнібек және Орда маңы. Ол іріктелу және халық селекциясы нәтижесінде ХІХ ғасырдың соңында осы өлкеде шығарылды.
  • САЛМАҒЫ 167 КГ ҚОШҚАР БОЛҒАН
  • -Еділбай қойының қандай өзіндік ерекшеліктері болады? -Еділбай қойы ірі, биік, сүйегі шымыр, аяқтары ұзын және әлді, тұрқы кеуделі, арқа сүйектері кең, біртұтас мықты, бас сүйегі ұзын, тұмсығы дөңес, құйрығы әр түрлі пішінді және салпаң құлақты келеді. Мойын ұзындығы орташа, еттілігі қанағаттанарлық, қошқарлардың көбінде ірі қылшықтардан тұратын жал өседі, ал саулықтарының мойны әдетте төсіне дейін жалаңаш әрі қысқа жүнді болады. Әсіресе, қошқарларында тұмсығының дөңесі айқын көрінеді.
  • Зерттеу бөлімі
  • Еділбай қойының шығу тарихы
  • Сондай-ақ, алдыңғы төс сүйегі шығыңқы, кеудесі тереңдеу, кейбіреуінде мүйіздің шамалы ғана белгісі кездеседі. Құйрықтарының пішіні мен көлемі бойынша еділбай қойлары біркелкі емес. Қазақ қойының құйрығында орта есеппен 6-8 кг май жиналады. Ал, еділ-бай еркек ту қойларының құйрығы 15-24 кг тартқан кезі де болған.
  • Еділбай қойының түсі де әр түрлі. Оның қара, қоңыр, қызыл-сары, аз ғана ақ және көк түстілері кездеседі. Ал, ең басты өзіндік ерекшелігі ретінде еділбай қойының орасан зор салмақ жинауын айтуға болар. Қазір олардың үлкен тұқымдық қошқарлары орта есеппен тірілей салмақта 95-100 кг, ал саулықтары 70-75 кг болады. Біржарым жастағы еркек қошқардың өзі 65-70 кг, ал ұрғашы тұсағы 50-55 кг тартады. Тіпті, 3,5-4 айлық еркек қозыларды енесінен айырғанда 38-45, ал ұрғашылары 35-40 кг болады.
  • Тоқты қошқарлардың салмағы сақаларының 60-65 пайызына, ал тұсағының күздегі салмағы саулықтарының 85-90 пайызына дейін жетеді. Еттілік қасиетінің жоғарылығы соншалық, алты-жеті айлық марқаны сойғанда 24-25 кг, ал сегінен 39-47 кг таза ет түседі.
  • Ал, әзірге ең ірі еділбай қойы ретінде сонау 1958 жылы Мәскеуге Бүкілодақтық халық шаруашылығы көрмесіне апарылған салмағы 167 кг болған еділбай қойы аталады. Оған да биыл, міне, тура жарты ғасыр өткен екен. Ал, еділбай қошқарларының таңдаулыларының салмағы 162 кг, саулықтарының 120-125 кг болуы қалыпты жағдай саналатын. Тіпті, Мәскеуде өткен кезекті көрмеде еділбай саулығы 128 кг болып, талайларды таң қалдырған.
  • Сонау 1973-1974 жылдары Қазақстанның халық шаруашылығы көрмесіне «Сүйіндік» кеңшарынан әкелінген 14-15 айлық еділбай қошқар тоқтының тірілей салмағы 75-85 кг шыққан-ды. Ал, 1978 жылы «Коммунизм жолы» кеңшары 3,5-4 айлық енесінен айрылған 10 мың қозының әрқайсысын 42,5 килограмнан ет комбинатына тапсыруды қамтамасыз етті. Әрине, жоғарыда келтірілген көрсеткіштердің бәрі де тарих қойнауына кеткен. Бірақ, оған қарап мамандарымыз қолды қусырып бос отыр деуге де болмайды. Мәселен, қазір біздегі еділбай қойының орташа деңгейі төмендегідей өріледі: -қошқарлары 90-95 кг, ірілері 100-120 кг, жүн өнімі 3-3,5 кг; -саулықтары 65-70 кг, ірілері 75 кг, жүн өнімі 2-2,5; -біржарым жастағы тұсақ қошқарлар 60-65 кг, ірілері 65-70 кг, жүн өнімі 1-1,5 кг; -осы жастағы ұрғашы тұсақтар 45-50 кг, ірілері 55 кг, жүн өнімі 1-1,3 кг. Қозыларды төрт айлық мезгілінде енесінен айырғанда орта есеппен еркегі 37, ірілері 40-42 кг болады. Ал, ұрғашылары 35, ірілері 35-38 килограмға жетеді. Қозылардан алынатын жүн еркегінен 0,8-1, ал ұрғашысынан 0,6-0,8 кг құрайды.
  • Негізі, еділбай қойының өсімталдығы орташа. Әр жүз саулықтан 100-110 қозы алынады. Рас, іріктеу және сұрыптау жұмыстарын дұрыс жүргізсе, онда 110-125 қозыдан алуға да қол жеткізуге мүмкіндік бар.
  • -Сонымен, біздің өңірде еділбай қойының санын одан әрі көбейтуге алғышарттар
  • -Еділбай қойының санап тауыса алмайтын ерекше қасиеттерінің бірі – олардың шөлді және шөлейт аймақтардағы шөбі аз қуаң жайылымдарды да шебер пайдалануы. Оның үстіне, жазы ыстық, қысы суық табиғаттың күрт өзгерісіне де төзімді. Демек, нағыз біздің өңір үшін бағылатын қой. Өткен ғасырдың сексенінші жылдары Құрманғазы ауданының шаруашылықтарында 230-240 мың еділбай қойы бағылды. Рас, тоқсаныншы жылдардың ортасында кеңшарлар тарағанда мал басы да күрт кеміп кетті. Әйтсе де, кейінгі уақытта ауыл шаруашылығында болып жатқан оң өзгерістер өз жемісін де беруде. Қазір Құрманғазы ауданындағы «Ақжонас» жеке серіктестігінде, «Құрманғазы» өндірістік кооперативінде және «Сүйіндік» акционерлік қоғамында, Исатай ауданының «Бекет» шаруа қожалығында 5000-12000 шамасында таза асыл тұқымды еділбай қойы бағылуда.
  • Негізі, Құрманғазы ауданында еділбай қойын өсіруге жағдай мол. Сондықтан, басты назар да солай қарай аударылып отыр. Және бұл бағытта жүйелі жұмыс та жүріп жатыр. Мәселен, 2000 жылы «Сүйіндік» тұқым мал зауытында еділбай қойының жаңа сүлесі шығарылды. Ал, былтырдан бері «Құрманғазы» және «Мақаш» өндірістік кооперативтерінде асыл тұқымды еділбай қошқарларының қос-қостан төрт желісі өсірілуде.
  • Әңгіменің соңында біраз ұсыныс та айтқым келеді. Мәселен, алдымен, жергілікті қылшық жүнді құйрықты қойлардың өнімділігін (ет, жүн, т.б.) көтеру үшін саулықтарын таза еділбай тұқымды қошқарлармен сіңіре будандастыру қажет.
  • Одан әрі, еділбай қойының тіршілікке бейімділігі, жылдам жетілгіштігі, шыдамдылығы, еттілігі басқа қылшық жүнді құйрықты қойлардан анағұрлым артық. Қозылары 4-4,5 айлығында-ақ енесінен айыр-ғанда салмағы өте жоғары болады. Сондықтан, оларды көп шығын жұмсамай-ақ әрқайсысын 35-40 килограмнан етке өткізуге болады. Бұл – қазіргі нарық талабында өте тиімді тәсіл.
  • Сондай-ақ, бүгінде өнеркәсіп орындарының ақ жүнге деген сұранысын ескере отырып, еділбай қойының жүні ақ және ақшыл сұр түсті тұқымдарын өсіру керек. Біздің облыста бұл мақсатқа «Құрманғазы» өндірістік кооперативінің мүмкіндігін пайдалануға болады.
  • Ақырында, қорыта айтқанда, Атырау аумағы тәрізді шөл және шөлейт аймақтағы қиындыққа төзімді еділбай қойының санын одан әрі көбейту керек. Қазір еліміз Бүкіләлемдік сауда ұйымына мүше болуға дайындалу үстінде. Демек, түбі еліміздің атын еділбай қойы да шығарады.
  • Қазақстанда мал шаруашылығы өте ерте кезден дамыған. Көшпенділер тіршілігі төрт түлік мал өсіріп, солардың өнімімен күн көруге негізделген, ғасырлар бойы бай тәжірибе жинақталып, ұрпақтан – ұрпаққа беріліп келе жатыр.
  • Мал шаруашылығы адам қорегіне қажетті, биологиялық тұрғыдан бағалы сапалы сүт, ет, жұмыртқа, май секілді азық – түлікпен қатар, өңдеу кәсіпорындары үшін тері, елтірі, жүн, қауырсын секілді шикізт көзі болып табылады.
  • Қойдың жүн, ет өнімдерін молайту және қой шаруашылығын тиімді салаға айналдыру жөнінде республикада да соңғы уақытта қыруар шаралар жүзеге асырылуда. Қоғамдық малдың басқа түліктерге қарағанда, қой шаруашылығы басым өркендеген шаруашылықтарды одан әрі мамандандырылу шаралары жүзеге асырылуда, қой өсіретін көптеген жаңа тұқымдары шығарылуда. Мұның барлығы, сайып келгенде, қой шаруашылығын өнеркісіптік негізде өркендетуге қажетті жағдай жасайды.
  • Республикамызда жүн өсіру жылма – жыл молайып келе жатыр, оның сапасы артып әр түрлі тұрмысқа қажетті заттар киімдер шығарылады.
  • Сонымен, қойды дұрыс күтіп бағу, азықтандыру, жүнеді әр түрлі шөп – шаламнан, құм – топырақтан таза сақтау жүннің бір қалыпты дұрыс өсіп – жетілуіне мүмкіндік беретін ең басты алғышарт болып саналады.
  • Қорыта айтқанда ата – бабамыздан қалған ежелгі кәсібіміз қай шаруашылығын дамытайық!
  • Қорытынды
  • Байзақ ауданында қой шаруашлығы көбейсе деп ойлаймын.Қой өте пайдалы жануар.Қойдан ет, жүн,тері, сүт алуға болады.Жүннен фабрикаларда түрлі маталар тоқылар еді. Терісінен былғары илейді. Қой етінен көптеген тағамдар дайындалады. Сүті дәрумендерге бай.Осы дәрумендер адам денсаулығының артуына көмектесер еді.
  • Ұсыныс
  • Н.Омарқожаұлы, Б.Әкімбеов «Мал шаруашылығы» Оқулық – Астана фолиант, 2007 ж.
  • Қ.Бегімбекова, А.өреханов, Ә.Байжұманов «Мал өсіру селекциясы» Алматы: Бастау, 2006 ж.
  • Ж.Көрімбеков, А.Төреханов, Ш.Дәленов, Н.Жазылбеков «Ірі қара шаруашылығы, сүт пен ет өндіру технологиясы» - Алматы, 2005 ж.
  • А.Төреханов, Ж.Көрімбеков, Д.Найманов, Ш.Дәленов, Н.Жазылбеков «Мал шаруашылығы» - Алматы: Триумф – Т, 2006 ж.
  • Н.Омарқожаұлы, Р.Шуркин «Мал шаруашылығы практикумы» - Астана: ВО – принт. 69-73
  • И.Нұров «Жүн өндіру және оның сапасын жақұсар
  • Ғаламтор жүйесі.
  • Пайдаланылған
  • Әдебиеттер тізімі

жүктеу 56,71 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау