ІІ сәбилер тобы үшін ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің
перспективалық жоспар үлгісі
«Таным» білім беру саласы
Қоршаған ортамен таныстыру
№
|
Мазмұны
|
Ұйымдас-тырылған оқу іс-әрекетінің саны
|
1
|
Тақырыбы: «Ойыншықтар дүкені» (дидактикалық ойын).
Мақсаты: Қоршаған ортаның заттары мен олардың қасиеттері, құрамы және қолданысқа сай болуы туралы балалардың түсінігін жалпылау және жүйелеу. Жақын ортадан заттарды қарау және зерттеу, ажыратып, олардың көлемін, түсін, пішінін, бөлшектерін және бөлімдерін атау, бірнеше сенсорлы қасиеттеріне байланысты топтастыра білуін дамыту. Заттарды іс-әрекеттерімен атай білуін бекіту. Заттар тобын білдіретін ұғымдарды меңгеру (ойыншықтар). Ойыншықтарды сақтау ережелерін, заттарға деген қамқорлық қарым -қатынас дағдыларын қалыптастыру.
|
1
|
2
|
Тақырыбы: «Әжеге қонаққа келу (киіз үйде)»
Мақсаты: Қазақтың үйі – киіз үйімен таныстыру. Қазір адамдар түрлі үйлерде тұрады, ал бұрын Қазақстанда адамдар жылы, ыңғайлы киіз үйлерде тұрғандары туралы түсінігінін кеңейту. Қазақ халқының салты бойынша киіз үйді жинауды көрсету.
|
1
|
3
|
Тақырыбы: «Жүреді, ұшады, жүзеді» (дидактикалық ойын).
Мақсаты: Балаларға жергілікті жағдайды есепке ала отырып, түрлі көлік құралдарын танып, атауды (автобус, трамвай, жүк көлігі, жеңіл көлік, тік ұшақ, кеме) үйрету. Автокөлік бөлшектерін (кабина, рөл, кузов, есіктер, доңғалақтары) ажырата білуін дамыту. Бағдаршамның қызыл және жасыл түсті белгілерінің мағыналарымен таныстыру. Жол бөлігін (жүру бөлігі және тротуар) ажыратып, атауды үйрету.
|
1
|
4
|
Тақырыбы: «Туған өлке» (саяхат)
Мақсаты: Балаларды тұрғылықты жерінің қала немесе кент атауымен, жақын орналасқан көшелермен, белгілі құрылыстармен (ғимараттар, ескерткіштер, фонтандар) таныстыру. Қала адамдар үшін салынғаны және балалар бала бақшаға, мектепке, ал үлкендер жұмысқа баратыны туралы түсінігін кеңейту.
|
1
|
5
|
Тақырыбы: «Сиқырлы қорапша» (дидактикалық ойын)
(Қазақстанның ұлттық ойыншықтары, орыс матрешкасы)
Мақсаты: Ойыншықтарды қарау және зерттеу, ажыратып, олардың түсін, пішінін, бөлшектерін және бөлімдерін атау, заттарды (ойыншықтар) топтастыра білуін жетілдіру. Қазақ және орыс ұлттарының ұлттық ойыншықтар мәдениетіне баулу. Ойыншықтарға деген қамқорлық қарым-қатынас дағдыларын тәрбиелеу, оларды сақтау ережелерімен таныстыруды жалғастыру.
|
1
|
6
|
Тақырыбы: «Тимурға жолдан өтуге көмектесейік»
(жаттығу ойыны)
Мақсаты: Балаларды жолмен, жолдың бөлінген бөліктерімен: тротуар және жүру бөлігімен таныстыру. Бағдаршамның қызыл және жасыл белгілерімен таныстыру, олардың мағынасын түсінуге үйрету.
Жаяу жүргіншілердің қарапайым ережелерімен таныстыру:
- жаяу жүргіншілерге тек тротуармен жүруге рұқсат
- балалар жолдан үлкендермен бірге ғана өтулері тиіс
- жолаушылар көліктерді аялдамада күтеді.
|
1
|
7
|
Тақырыбы: «Қармен ойнаймыз»
(ойындық және ізденушілік іс -әрекеттері)
Мақсаты: Ойнауға болатын түрлі материалдармен таныстыру (қардан түрлі қар кесектерін, түрлі денелерді мүсіндеуге болады).
Балаларға қармен тәжірибе жүргізуді ұсыну (егер оны жылы жерге алып келсе, ол ериді). Тәжірибе нәтижесін байқау үшін балаларды дербес іс-әрекет етуге үйрету.
|
1
|
8
|
Тақырыбы: «Шыршаны безендірейік»
(еңбек іс-әрекетіне қатысу, ізденушілік іс-әрекет)
Мақсаты: Балаларды жаңа жылдық шаршаны безендіруде ат салысуға итермелеу (ойыншықтарды ілу, бөлмені безендіру).
Балаларға шыныдан жасалған ойыншықтар сынғыш болатынын көрсету (ескі ойыншықты сындыру). Жаңа жыл мерекесінің: шырша, шырша ойыншықтары, моншақтар, жаңа жылдық бетперделер және т.б. сыртқы қасиеттері туралы түсінігін кеңейту. Ересектер мен балалар осы мерекені ұнататыны және осы мерекеге дайындалатыны туралы қарапайым түсінік қалыптастыру.
|
1
|
9
|
Тақырыбы: «Сумен ойнаймыз»
(ойындық және ізденушілік іс-әрекеттері).
Мақсаты: Ойнауға болатын түрлі материалдармен таныстыру (су құйылады, боялады, оған дәм беруге болады). Балаларға сумен тәжірибе жүргізуге ұсыныс жасау (суды тәтті, қышқыл, тұзды дәм беру, бояу). Тәжірибе нәтижесін байқау үшін балаларды дербес іс-әрекет етуге үйрету.
|
1
|
10
|
Тақырыбы: «Жүреді, ұшады, жүзеді» (дидактикалық ойын)
Мақсаты: Көлік заттары және олардың қолданысқа сай болуы туралы балалардың түсінігін жалпылау және жүйелеу. Заттарды қарау және зерттеу, ажыратып, олардың көлемін, түсін, пішінін, бөлшектерін және бөлімдерін атай білуін дамыту. Заттарды іс-әрекеттерімен атай білуін бекіту (жүреді, ұшады, жүзеді). Заттар тобын білдіретін ұғымдарды меңгеру (машиналар).
|
1
|
11
|
Тақырыбы: «Аквариумдағы суды ауыстырамыз»
(еңбек іс-әрекетінде ат салысу, ізденушілік іс-әрекет).
Мақсаты: Балаларды шамасы келетін іс-әрекеттерге және ізденуге қосу, сонымен қатар балаларға заттарды қолдануға үйрету (тормен балықты аулау, тастарды жуу, балықтарды қоректендіру). Түрлі материалдардың қасиеттерімен таныстыру (су құйылады, төгіледі, ластанады, тастар ауыр, қатты). Балаларға еңбек пен іздену нәтижелерін көру үшін өзгелердің әрекеттерін бақылауды үйрету.
Балықтарды күту ережелерімен таныстыру.
|
1
|
12
|
Тақырыбы: «Кино көреміз»
(педагогтің таңдауы бойынша танымдық сипаттағы фильм)
Мақсаты: Қолжетімді ақпаратты қабылдаудың қарапайым дағдыларын (фильмді көруде) дамыту. Жаңа ақпараттың көзі (Отан, мерекелер туралы, оларға деген қарым-қатынас, баланың отбасы туралы және т.с.с.) ретінде фильмнің мазмұнына деген қызығушылықты тәрбиелеу. Әсерлерімен бөлісе білуін дамыту (не қызық болды, не білдіңдер).
|
1
|
13
|
Тақырыбы: «Бағдаршамның сабақтары»
(жаттығу ойындары және бейнефильм)
Мақсаты: Балаларға жолдар, жүргінші жол және тротуарлармен, бағдаршамның белгілерімен таныстыруды жалғастыру. Жаяу жүргіншілер және көлік жолаушыларының қарапайым ережелерімен таныстыруды жалғастыру. Жолда сақ болуды үйрету.
|
1
|
14
|
Тақырыбы: «Наурыз мейрамына дайындаламыз»
Мақсаты: Балаларды мерекелік базарлық дайындауда, бөлмені безендіруге ат салысуға ынталандыру. Мәдениет көздеріне, қазақтың ұлттық дәстүрлеріне баулу. Қазақстанда ересек адамдарға (оларды сыйлап, қадірлейді, олардың кеңестеріне құлақ түреді) және балаларға (оларға қамқорлық көрсетеді, қорғайды, еркелетеді) деген қарым-қатынас ерекше екені туралы білім беру. Ересектер мен балалар осы отбасылық мерекені ұнататыны және осы мерекеге дайындалатыны туралы қарапайым түсінік қалыптастыру.
|
1
|
15
|
Тақырыбы: «Үйде жалғыз қалу»
(жаттығу ойыны және бейнефильм)
Мақсаты: Балабақшада және үйде мінез – құлық қауіпсіздік негіздерімен таныстыру – ересектерсіз шығып кетпеу, ересектердің рұқсатынсыз электрқұрылғыларды және өткір заттарды ұстау, отпен ойнамау, бөтен адамға есікті ашпау. Өзінің денсаулығына деген қамқорлық қарым-қатынасты, балабақша мен үйде мінез-құлық қауіпсіздік ережелерін қалыптастыру.
|
1
|
16
|
Тақырыбы: «Қуыршақ Айгүлдің жаңа үйге көшуі»
(дидактикалық ойын)
Мақсаты: Балалардың заттық ортада заттардың, олар жасалған материалдарының сапасы, қасиеті және қолданысқа сай болуы туралы түсінігін жалпылау және жүйелеу. Жақын ортада орналасқан заттарды қарау және зерттеу, ажыратып, олардың көлемін, түсін, пішінін, бөлшектерін және бөлімдерін атау, топтай (жиһаз, ыдыс-аяқтар) білуін жетілдіру. Қазақ және өзге де халықтардың тұрмысындағы ыдыс-аяқтар мен жиһаз заттарын қолданысқа сай келуі бойынша қолдана білуін жетілдіру.
|
1
|
17
|
Тақырыбы: «Айгүлге серуенге шығуға көмектесейік»
(дидактикалық ойыны)
Мақсаты: Балалардың заттық ортада заттардың қасиеті мен сапасы туралы түсінігін кеңейту. Заттарды қарау және зерттеу, ажыратып, олардың көлемін, түсін, пішінін, бөлшектерін және бөлімдерін атай білуін жетілдіру, заттар тобын білдіретін ұғымдарды меңгеру (киімдер, аяқ киімдер). Заттарға деген қамқорлық дағдыларын, киім және аяқ киімді сақтау ережелерін қалыптастыру.
|
1
|
18
|
Тақырыбы: «Серуендеуге барамыз»
(жаттығу ойындары және бейнероликтер)
Мақсаты: Серуендеуде, табиғатта мінез-құлық қауіпсіздік негіздерімен таныстыру – ересектерден алыстап кетуге, белгісіз саңырауқұлақтар мен жидектерді жинамауға, ересектердің рұқсатынсыз өткір заттарды қолдануға, отпен ойнауға. Өзінің денсаулығына деген қамқорлық дағдыларын, серуен кезінде мінез-құлық ережелерін қалыптастыру.
|
1
|
|
Барлығы:
|
18
|
Достарыңызбен бөлісу: |