Ұйымдастыру-шылық ізденіс кезеңі
|
-Балалар, мен сендерге жұмбақ жасырамын. Сол жұмбақтың шешімін тапсаңдар, сендерге ертегі айтып беремін.
Жұмбақ жасыру.
Өзі жап-жас, мұрты бар,
Ет пен сүтке ұмтылар.
Тастамайды жылы үйде,
Түкті тоны шұп-шұбар.
Ол не?
Ерте, ерте, ертеде... Алыс, алыс өлкеде «Ақмамық» деген мысық өмір сүріпті, ол сондай аппақ, әдемі, сүйкімді болыпты, бірақ оның достары болмапты. «Ақмамық» бір күні терезе алдында отырып далада ойнап жүрген өзі сияқты мысықтар тобын көреді де, ол да өзіне дос іздейді. Өзіне достар іздеп көп жерлерге барады, кішкентай балалардан көмек сұрайды, сөйтіп жүріп «Балбөбек» деген балабақшаға барады, бірақ олар оған көмектесе алмады. Балалар, «Ақмамық» енді сендерден көмек сұрап бүгін бізге келіпті:
-Балалар, «Ақмамыққа» көмектесеміз бе?
-Мысық қандай жануар?
-Балалар, кімнің үйінде мысық бар?
-Мысық қалай дыбыстайды?
-Мысыққа қалай күтім жасайсыңдар?
-Мысықтың көзі, аяғы, құлағы, құйрығы нешеу?
-Мысық пайдасы зор. Ол үйдегі тышқандарды аулайды. Мысық сүт ішеді. Мысықтың мұрты оның миының ең қырағы барлаушысы және хабаршысы, өзі әрі ұзын, әрі нәзік келеді. Ол болмашы бөгеттерді де алдын ала сезеді.
-Ақмамыққа сіріңке қораптарынан мысықтар жасаймыз.
Бірнеше үлгілерді көрсетіп талдау жасайды:
-сіріңкенің бос қорабын аша отырып, оны түрлі-түсті қағазбен айналдыра желімдейді;
-төменгі бөлігі денесі, жоғарғы бөлігі басы;
-құлағы, көздері мен құйрығын басқа қағаздардан қиып алып жапсырады.
Сергіту сәті:
Ойға батып мысық,
Отыр көзін қысып,
Өзі бірақ ояу,
Деді: «мияу,мияу, мияу»
Мысық сүтке тойды,
Мұртын сипап қойды,
Әндетті ол баяу,
Деді: «мияу, мияу, мияу»
Ойын: «Мысық пен торғайлар»
Кәне балалар (торғайлар) ұшып келіңдер.
-Торғайлар жем жеңдер.Кәне кім қалай жейді?
-Торғайлар сендер тез ұшыңдар,мысық ұйықтап жатыр, қазір мысық оянып кетіп, ұстап алады – дегенде, мысық:
-Мяу, мяу деп оянады, торғайлар көріп құлағы тікірейеді.
-Торғайлар алысқа ұшыңдар, мысық оянады. (мысық мяу деп торғайларды қуады,бірақ торғайлар ұстатпай ұяларына кіреді).
-Балалар, біздер бүгін нені құрастырдық?
-Осы жасаған мысықтарыңды алып, шеңберге тұра қойыңдар. Мысықтарыңа ат қойыңдар.
Балаларға өздерінің жұмыстарын талдату.
Балалар жұмыстарынан көрме ұйымдастыру.
Мысықты жаңа достарымен суретке түсіру.
Ақмамыққа көптеген достар тауып бердік.
|
Мысық
Балалар ертегіні тыңдайды.
-Иә, көмектесеміз.
-Үй жануары
-Менің үйімде бар
-Мияу, мияу
-Сүт, тамақ береміз
-көзі, құлағы екеу, құйрығы біреу, аяғы төртеу
Балалар төменгі бөлігіне денесін, жоғарғы бөлігіне басын мысықтың құлағын, көздерін, құйрығын басқа қағаздардан қиып алып жапсырады.
Балалар сергіту сәтін қимылдармен орындайды.
Балалар мысық пен торғайлар болып рөлдерге бөлінеді.
-Сіріңке қораптарынан мысық жасадық.
Балалар өздері жасаған жұмыстары туралы әңгімелеп, қалай жасағаны туралы айтып береді.
|