Тақырыбы «Мамандықтың бәрі жақсы» Сабақтың мақсаты: Білімділік



жүктеу 123,28 Kb.
Дата01.01.2018
өлшемі123,28 Kb.
#6880
түріСабақ

Тақырыбы «Мамандықтың бәрі жақсы»

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: сурет бойынша сөздер, сөз тіркестерін және шағын мәтіндер құрастыруға үйрету; сөзді байланыстырып сөйлеу қабілеттерін дамыту,топта, жеке жұмыс істеу; оқушылардың ойлау қабілетін дамыта отырып, мамандыққа байланысты ұғымдарын тереңдетіп, қызығушылығын арттыру;
Дамытушылық: Оқу материалдарын өмірдегі жағдаяттармен салыстыра отырып, әр түрлі әдістерді қолданып, тілдесім әрекетін жандандыру.
Тәрбиелік: басқаның пікірін тыңдап, сыйлай білуге тәрбиелеу; мамандыққа байланысты ұғымдарын тереңдетіп, қызығушылығын арттыру;
Көрнекілігі: түрлі мамандық иелері туралы суреттер, интерактивті тақта,рөлдік ойындарға арналған заттар.

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі:

«Әдептілік белгісі, иіліп сәлем бергенің» қонақтармен амандасу. Қатысушыларға күн, бұлт, жаңбыр бейнеленген қағаздар таратылады. Бүгінгі сабақтан алған әсерлерін, бір-біріне тілектерін сол берілген суреттердің біреуіне жазады.

Күннің суреті ------------жақсы, көңілді

Бұлттың суреті-----------орташа

Жаңбыр -------------------төмен

II. Негізгі бөлім:

1. Фонетикалық жаттығу.
Есейемін, толамын,
Қияға ұшып қонамын,
Ойлау мұрат бүгіннен
Өскенде кім боламын?

- Балалар, бүгін біз мамандық туралы әңгімелесеміз. Айтыңдаршы, маман дегеніміз не? Белгілі бір мамандық иесі болу үшін не істеу керек?

Мамандық дегеніміз – адамның еңбек қызметінің түрі.Мамандық таңдау да мектеп қабырғасынан басталады.

2. Слайд. Сабақтың эпиграфы: Әсемпаз болма әрнеге

Өнерпаз болсаң арқалан

Сен де бір кірпіш дүниеге

Кетігін тап та бар қалан,

деп өмірден өз орнын тауып, елімізге қажетті кәсіп иесі болу бәріміздің арманымыз. Біздің таңдауымыз да әртүрлі. Біреуің ертең ақын, екіншің инженер, үшіншің құрылысшы боласың. Жаман мамандық жоқ. Мамандықтың бәрі жақсы.

3. Мұғалім: Ал, балалар, кім мамандық пен еңбек туралы мақал – мәтелдер біледі?

Еңбек түбі - береке.

Еріншектің ертеңі бітпес.

Еңбексіз өмір жоқ.

Бақыт кілті еңбекте.

Жақсы жұмыс – жанға тыныс.  

Ащы еңбектен тәтті нан.

4. Ал енді, балалар, қазір «Мамандықтың бәрі жақсы» деген ойын ойнаймыз. Мен сіздерге мамандықтар жазылған карточкаларды үлестіріп беремін. Ал сендер сол мамандық туралы  білетін өлең, тақпақты айтып беріңдер.

Оқушылардың мамандық иелері туралы жаттаған өлеңдері тыңдалады.
1. Іш ауырса, тіс ауырса
Дәрігер дәрі береді.
Барлық бала, барлық адам
Оны жақсы көреді.
2. Тоқтықтың бар тарқауы,
Ас - адамның арқауы.
Аспаз бола алмайды
Адамдардың жалқауы.

3. Оқу-білім ордасы.


Ұстаз оның арнасы.
Ұстаздық деген ұлы іс,
Адамдықтың айнасы

4. Аппақ көйлек киемін,

Қос етегі бүрмелі.

Білегім мың бұралып,

Биші болғым келеді.

5.Қосып қойып теледидар

Мен қызыға қарадым.

Болармын мен елі сыйлар

Журналистің дәл өзі.
5. Ойын:  «Кім жылдам?»

Үстел үстіне түрлі мамандық иелеріне қажет құралдарды қойып, екі баланы шығарамын, ойын шартын түсіндіремін. Екі бала екі түрлі мамандық иесіне қажет құралдарды екі үстелге бөліп жинайды (шаштараз-аспаз, мұғалім-дәрігер).



  1. Ойын: «Қай мамандық иесі?»

Жұмбақтарды шешу.

1. Тәп-тәтті тамағы,астардың маманы  /аспаз/

2. Қолында қайшы тарағы, тәртіпке шашты салады /шаштараз/

3. Алатаяқ ұстаған,


Жол тәртібін нұсқаған.
Өміріңді күзеткен,
Ысқырығы күшті адам. /Полиция/
4. Жолының көп азабы,
Сондадағы тынбайды.
Жаңалықты жазады,
Көпшілікті тыңдайды. /Журналист/
5. Күміс қанат, сұңқары,
Көкке еркін сүңгиді.
Бұлттан да тым әрі,
Кеткен жанды кім дейді? /Ұшқыш/
6. Өрнектеп, сәндеп,
Тігістерін бүгетін.
Солпысын жөндеп,
  Кім көйлек тігетін? /Тігінші/

7. Дидактикалық ойын «Сөйлеп тұрған кім?»

- Балалар, біз қазір мына сөйлемдерді естіп қандай мамандық иесі сөйлеп тұрғанын анықтайықшы:

1) Алма, алмұрт сатамын! Алма, алмұрт!


  1. Қай жеріңіз ауырып тұр? Қазір ыстығыңызды өлшейін.

  2. Шашыңызды қандай үлгіде қиып берейін? 4) Бүгінгі сабақта біз ,балалар, көктемгі табиғат туралы әңгімелесеміз. 5) Мен манты жасап жатырмын, қазір дайын болып қалады.


8. Рөлдік ойын: Кім боламын?
Мамандық иелері бейнеленген суреттерге қарап, мамандық иелерін (дәрігер,мұғалім, аспаз, биші, тележүргізші) айтады.

Тележүргізуші:

  • Сәлеметсіз бе?

  • Сіздің атыңыз кім?

  • Сіздің мамандығыңыз қандай?

  • Сіз балаларды жақсы көресіз бе?

  • Балаларға қандай тілек айтасыз?

  • Әңгімеңізге рахмет! Сау болыңыз!


Дәрігер:

- Сәлеметсіз бе?

- Қай жеріңіз ауырады?

- Қызуыңызды өлшейін!

- Қызуыңыз жоғары екен. Міне, сізге дәрі.

- Балалар, ауырмау үшін көп қозғалу керек. Міне, мына қояндар сияқты.


Сергіту сәті: Қояным, қояным!

Орныңнан тұршы,

Бетіңді жушы,

Айнаға қарашы,

Шашыңды тарашы,

Ойнашы, ойнашы.

Сағаттың тіліндей

Иіліп оңға бір,

Сағаттың тіліндей

Иіліп солға бір.

Сағатқа қарап,

Жаттығу оңай-ақ!


Аспаз:

  • Сәлеметсіз бе? Мен аспазбын.

  • Мен салат жасаймын. Маған сәбіз,алма керек.

  • Міне, салат дайын. Салаттан дәм татыңыз.

  • Ас дәмді болсын!


Мұғалім:

- Сәлеметсіздер ме? Дима, тұр! Тақтаға шық!

- Мынау не?

- Сиыр қандай?

- Сиыр не береді?

- Сүттен не жасайды?

- Дұрыс. Отыр.
Сәнгер:

Мен сәнгермін. Адамдардың әдемі болғанын қалаймын.

Сондықтан әртүрлі әдемі, қолайлы киімдер тігемін.

Сіздерге тамаша сән үлгілерін ұсынамын.


«Керек кәсіп бәрі де...» атты сән әлемін тамашалау. Төмендегідей сұрақтарға жауап береді.
– Дәрігер не істейді?
– Аспаз ше?
– Тележүргізші не істейді?
– Тағы да қандай мамандық түрлерін білесіңдер? (балалардың жауаптары тыңдалып, толықтырылады).

9. Сәйкестендір:

Мұғалім швея

Шаштараз повар

Тігінші парикмахер

Дәрігер телеведущий

Аспаз врач



Тележүргізуші учитель
10. Мамандыққа байланысты 8сөз тап:

д

ә

р

і

г

е

р

а

ғ

о

к

ұ

э

ж

Ң

м

н

н

ғ

ф

ң

ә

ш

л

п

ң

ү

б

л

Ү

с

ш

а

ш

т

а

р

а

з

с

н

г

и

о

Г

т

і

к

і

ч

с

х

б

м

ө

г

һ

ш

р

Н

ь

а

о

ә

һ

п

қ

м

ұ

ғ

а

л

і

м

Ч

ф

ы

ц

г

ш

а

ө

в

н

р

о

ж

э

с

Я

у

м

и

л




з

ж

у

р

н

а

л

и

с

Т

с

ә

н

г

е

р

ю

г

ң

т

б

б

э

д

И

11. Дұрыс жаз:

Ұғмліам


Ишбі

Зпаса


Рдәгреі

заршатша
12. Сөзжұмбақты шеш:



  1. Летчик

  2. Парикмахер

  3. Врач

  4. Танцор

  5. Певец

  6. Учитель

  7. аспаз




6
















1































7







2

























5

























3

















































4































Қорытынды
Мамандық таңдау да мектеп қабырғасынан басталады,өмірден өз орнын тауып, елімізге қажетті кәсіп иесі болу бәріміздің арманымыз.
Абай атамыз айтқандай «болмасаң да ұқсап бақ, бір ғалымды сүйсеңіз. Ондай болмақ қайда деп, айтпа ғылым сүйсеңіз» дегендей алға ұмтылып арманымызға жетіп, мамандық иесі болайық..
 
жүктеу 123,28 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау