52
- Дарынды оқушының ғылыми-ізденіс жұмыста-
рына жетекшілік жасай білуі;
- Дарынды оқушыны олимпиадалар мен сайыстарда
жетістікке жете алатындай деңгейде дайындай алуы;
- Дарынды оқушының ата-анасына педагогикалық-
психологиялық көмек көрсете білуі.
Әлемдік бәсекелестік заманында әрбір адамның білім
сапасын, қабілеттілік деңгейін, іскерлік мүмкіндігін
анықтайтын адам ресурстарын дамыту мәселелері күн
тәртібіне өткір қойылып, адамның білім мен біліктілігі
қазіргі кезеңде мемлекеттердің бәсекеге қабілеттілігінің
ең маңызды көрсеткішіне айналып отыр. Бәсекеге
қабілетті интеллектуалдылық күші жетік маман кадрлар
болмайынша, әлемдік бәсекеге төтеп бере алатындай
экономика, білім саласы дамымайды. Қай заманда да
интеллектуалдық шығармашылық қабілеттің негізінде
ғана ел өркениеті өркендемек.
Қазіргі талантты балаларды дәстүрлі сабақтар
жалықтырары сөзсіз. Дарынды оқушылармен сабақ
жүргізу әрекетінде мұғалімге үлкен міндеттер жүкте-
леді. Тапсырманы түрлендіре отырып, дарынды бала
бойындағы қабілетті басты назарда ұстау қажет.
Тапсырмалар ойлануға, талдап жинақтауға құрылады.
Түпкі нәтижеде оқушы өздігінен ізденеді, зерттеу
жүргізеді, теорияны тәжірибе арқылы талдауға
талпынады. Сын тұрғысынан ойлау мен дамыта оқыту
технологияларына негізделген сабақтар оқушының
қабілетін жан-жақты ашуға, оқушы көзқарасын
қалыптастыруға септігін тигізеді. Сабақ үдерісіндегі
шығармашылық бағыттағы тіл дамыту жұмыстары,
оқылған көркем шығармаға рецензия жазу, тақырып
53
бойынша мәтін құрастыру, ойтолғау жазу, үлгілі істер
туралы мақала жазу, әдеби кейіпкерлермен сырласу,
оларға ашық хат жазу, рефераттар қорғау, тақырыптық
кештерде өзіндік көзқарасын білдіріп, ұсыныс, пікірлер
айту сияқты ойлау мен жазу әрекеті арқылы оқушы
шығармашылық жұмысқа төселеді. Осындай өзіндік
ойлау мен ізденушілік әрекеттің нәтижесі оқушыны
ғылыми-зерттеушілік жұмысқа бағыттайды.
Дарынды оқушылардың дүниетанымын кеңейту,
шығармашылық жұмысқа баулу, ізденушілік қабілеттерін
жетілдіруде сыныптан тыс жұмыстарды жүргізудің
маңызы зор. Оқушылардың пәнге қызығуын оқу
бағдарламасы шеңберінде қанағаттандыру мүмкін емес,
сондықтан да сыныптан тыс әр түрлі жұмыстар жүргі-
зіледі. Сыныптан тыс жұмыстардың маңызды ерекше-
лігі – оқушылардың шығармашылық мүмкіндіктерін
жетілдіру. Дарынды балалардың қабілетін дамытуда
ізденімпаздық шаралардың маңызы зор. Атап айтқанда:
1. Ғылыми баяндама жасау, рефераттар қорғау,
жоба қорғау;
2. Пәндік олимпиадалар;
3. Абай, Шәкәрім, Мұқағали оқулары;
4. Зияткерлік ойындар, дебат;
5. Ақындар айтысы.
Осындай бағыттағы жұмыстар арқылы бала белгілі
бір шеберлікке жеткен соң оның шығармашылық
қабілеті дамиды, өзіндік идеясы туып, үлкен ізденіс
пайда болады. Мұндай әрекет шығармашылыққа баулып
, шәкірт бойындағы талант көзін ашуға, тілін байытуға,
қиялын ұштауға және өз бетінше ізденуіне мол әсерін
тигізеді. Сыныптан тыс жүргізілетін жұмыстарға қатысу
54
арқылы оқушылардың қоғамдық, шығармашылық
белсенділігі артады. Сонымен бірге оқушылардың іс-
әрекетке, нәтижеге жетуге сенімділігі қалыптасады,
шығармашылық ой-өрісі кеңейеді, дербес жұмыс істеу
дағдысы жетіледі.
Жас таланттың бойындағы табиғат берер ерекше
қабілеті, дарындылықты тани білу, оның әрі қарай
дамуына бағыт-бағдар бере білу – жауапты іс. Алайда
әр баланың жеке қабілетін анықтап, оны сол бағытта
жетелеу – ұстаз парызы. Егер өз заманының озық өнегесін
санасына сіңіріп, оларды шығармашылық бағытта жан-
жақты дамыта алсақ, қоғам алдындағы ұстаздық парызды
ақтаған болар едік. Ендеше, бүгінгі таңда ұлттық рухы
жоғары, білімді, дарынды ұрпақ тәрбиелеп шығару – әр
педагогтің алдында тұрған ең маңызды міндет болып
табылады.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Қазақстан Республикасы стратегиялық дамуының
2005-2010 жылдарға арналған бағдарламасы.
2. С.Б.Бабаев, Ж.К.Оңалбек. Жалпы педагогика.
А., 2006.
3. «Қазақ тілі мен әдебиеті» әдістемелік жұрналы,
2/2013.
4. «Қазақ әдебиеті және мемлекеттік тіл» ғылыми-
әдістемелік жұрналы, №4(16), 2010.
5. «Қазақ әдебиеті және мемлекеттік тіл» ғылыми-
әдістемелік жұрналы, №2(14), 2010.
6. Ә.Дүйсенова. Мұғалім – мектептің жүрегі. А.,
2005.
7. Қ.Жарықбаев. Психология. А., «Білім», 1993.
8. Ж.Б.Қоянбаев. Педагогика. Астана, 1998.
55
Тиімді әдіс – баршаға ортақ
Сандуғаш САМАШЕВА,
Жанар ӘЗІРБАЕВА,
Өскемен қаласындағы
№34 мектеп-лицейдің
қазақ тілі пәнінің
мұғалімдері.
ЖЕКЕ ДАМУ БАҒДАРЛАМАСЫ
БОЙЫНША ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫС
Қазіргі білім беру «Жалпы білім беретін мектептердің
білім-білік дағдыларын біртұтас жүйе ретінде
қалыптастыру керектігін көрсетеді. Қазіргі білім
мазмұны білім сапасын анықтайтын өзіндік тәжірибе
әрекеті және оқушылардың жеке бас жауапкершілігін,
дәлірек айтқанда, білім мазмұнын анықтайтын біліктілік
кілтін табуға талпынуымыз қажет».
Педагогика-психологиялық зерттеулер мен біздің
педагогикалық тәжірибеміз балалардың білім және
әрекет икемділіктерін әр түрлі етіп көрсетеді. Еске
сақтауда ырғақ, деңгей, ойлау бейнесінің әр түрлілігі
ұзақ уақытқа дейін сақталғандығы ақыл және оның басқа
жағдайда тасымалдануы баланың жеке тұлға ретінде
дамуына ықпалын тигізеді. Кез келген оқушы тек берілген
тапсырманы белгілі мөлшерде орындап қана қоймай,
мұғалімнің стандартқа сай талабын іске асыруы керек.
Жоғарыда айтылғандай, менің педагогикалық әрекетімнің
мақсаты – оқушының білім жолындағы әрекетінің іске
асуы барысында жағдай жасау.
Достарыңызбен бөлісу: |