44
оқыту мен сыни тұрғыдан ойлау стратегияларының
ынтымақтастығы көрінеді. Оқытудағы диалог рөлін
арттыру мақсатында әзірлеген іс-әрекет кезінде мұғалім
мен баланың бірігіп тапсырманы орындауына, өзара
білім алмасуына жағдай туғызу керек.
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнін меңгеруде АКТ-ның
рөлі ерекше. Бұған дейін жиі пайдаланбайтын сандық
технологиялардың уақытты үнемдеуге, сондай-ақ
оқушылардың көру арқылы есте сақтау қабілеттерінің
дамуына ықпалы зор екендігі сөзсіз. Интерактивті
тақтаның, ғаламтордың көмегімен оқушылардың пәнге
деген қызығушылықтарын арттырдым. Сабаққа арналған
тест, диктант және шығармашылық тапсырмаларды
электронды оқулықтан алып орындату уақытты үнем-
детеді. Мемлекеттік тілді оқыту барысында ақпараттық
технологияларды пайдаланып, түрлі презентациялар
мен бейнежазба (мультфильм), музыкалық бейнеүзінді,
ғаламтор суреттерін және электронды оқулықпен жұмыс
жасаймын.
Мен осы бағдарламаның стратегияларын тәжірибе
жүзінде қолдану барысында, ең бастысы – оқушылардың
сабаққа ынтасы артып, олардың бір-бірімен пікір
алысып, ой бөлісіп, ашық сөйлеуі, еркін сөйлеу
дағдылары қалыптаса бастағанын байқадым. «Баланың
ізденіп білім алуы, талаптануы оның қызығушылығын
оятып, тәрбиелеген жағдайда ғана жеміс бере алады»,-
деген Ыбырай Алтынсарин. Өздеріне сенімсіздік
білдіріп, тысқары отыратын оқушылар да ойларын аз
да болса жүйелеп, еркін айта бастайды, қызығушылығы
оянады. Осы кезде деңгейлері әр түрлі оқушылар,
соның ішінде талантты оқушылар да әр сабақтарымда
45
деңгейлік тапсырмалар, шығармашылыққа жетелейтін
бес жолды өлең жазу, таныстырылым дайындау, т.б
сияқты тапсырмаларды күнделікті беруге тырысамын.
Бұл оқушылардың білімін саралап бақылауға септігін
тигізеді. Осылайша дарынды, талантты оқушыны
анықтап алу үшін оңтайлы әдіс болмақ.
Бәрімізге белгілі, біздің оқушыларымыз мұғалімнің
бағалауына әбден үйреніп қалған. Бағаны не үшін алды,
келесіде жақсы баға алу үшін не істеу керек деген талдау
жүргізілмегендіктен, оқушылар үнсіз кете беретін. Ал,
жаңаша оқыту әдісінде оқушыларды бағалауға көбірек
көңіл бөлуіміз керек. Мен өз тәжірибемде бағалаудың
әр түрін қолдануға тырысамын. Себебі жеке, жұптық,
топтық бағалау бойынша бала өзін және өзгені бағалауды
да салыстыра отырып, шынайылыққа да үйренеді.
Сабақтарымда көбінесе бағалау парағын пайдалансам,
оқушылар бірін-бірі, өзін-өзі өздері құрған бағалау
арқылы бағалауын талдай отырып белсенді орындаса,
сол сияқты жетон арқылы, балдық жүйе, жиынтық
бағалау мен мадақтауды, «үш шапалақ», «екі жұлдыз,
бір тілекпен» топтық бағалауларды міндетті түрде
қолданамын. Ғалым И.И.Чеснокова өзіндік бағалауға
зор мән бере отырып, әр түрлі әлеуметтік әрекеттестік
барысында өзіндік баға да өзгеріске ұшырап, түзетіліп
отырады деген пікір білдіреді [4, 8-бет]. Ал сабақтарда
оқушылар өзін-өзі немесе өзара бағалауда қиналғандары
күнделікті сабақтарда байқалып отырады. Менің
қуанатыным, олар өздері туралы көп ойланады, өздерінің
іс-әрекеттеріне есеп бере алады, яғни, бұл жерде өзін-өзі
реттеу әрекеті де көрініп жатады.
Өзін-өзі реттеу әдісі оқушылардың өздері топтық
46
ереже құрып, оны бұзбауға әрекет еткендерінен,
белсенділіктерінен,
сабақтан
жиі
қалатын
оқушының да мектепке тартылғанынан, «үнсіз»
оқушының сөйлегенінен, топтағы өздерінің рөлдерін
жауапкершілікпен орындағанынан көрініп жататыны
анық. Бағалау кезінде де өзара жұптық, топтық бағалаулар
тиімді әсер етеді. Оқушылар бірде бағаларына риза болса,
бірде келіспеушілік болып, көздеріне жас алып жатады.
Мұғалім ретінде өз тарапымнан тек демеу мен бағалау
жүзеге асырылып отырады. Осыған дейінгі бағалауда
мұғалім негізгі рөл атқарса, бұл бағалауда оқушылармен
бірлесе отырып баға қойылатыны әділетті бағалауға
жетелейді. Осыған орай алдағы уақытта оқушылардың
бір-бірін шынайы бағалау дағдысын қалыптастыру керек
деп түйдім.
Кембридж бағдарламасы негізіндегі мұғалімнің
дайындығы мен үздіксіз кәсіби дамуының бірлігі орыс
тілді мектептердегі оқушылардың мемлекеттік тілді
меңгеруінде оқушы мен мұғалім арасындағы жылы сезім,
қызығушылық пен шапшаңдықты арттыратынына көзім
жетті. Мен осы бағдарламаның стратегияларын тәжірибе
жүзінде қолдану барысында, ең бастысы – оқушылардың
сабаққа қызығушылығы артып, олардың сыни тұрғыдан
ой қорытып, ашық, еркін сөйлеу дағдылары қалыптаса
бастағанын байқадым. Бұған дейін өздеріне сенімсіздік
білдіріп, бұйығып отыратын оқушылар да ойларын аз
да болса жүйелеп, еркін айта бастайтыны қуантты. Жеті
модульді қолдана отырып, өзімнің де көптеген қызықты
идеяларымды жүзеге асыру жөнінде белсенділігім,
шығармашылық шыңдалуым күн сайын арта түсуде.
Осылайша алдағы уақытта тиімді таңдалған әдістемелік
47
тәсілдерді қазақ тілі сабақтарында пайдалану арқылы
мұғалім белсенді ортаны ұйымдастыра алатын тұлғаға
айналмақшы. Ол үшін ұстаз деген ұлы атымызға сай
үздіксіз кәсіби даму үстінде болуымыз шарт.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. «Қазақ тілі мен әдебиеті орыс мектебінде».
№6/ 2011, 25-бет.
2. Мұғалімге арналған нұсқаулық. «Назарбаев
зияткерлік мектебі» ДББҰ, 2012.
3. «Қазақ тілін үйренейік» №3, 2012, 12-бет.
4. «12-жылдық білім беру» жұрналы, №8, 2012, 8-бет.
Жанар ҚОЖАБЕРГЕНОВА,
Алматы қаласындағы
№173 лицейдің
қазақ тілі мен әдебиеті
пәнінің мұғалімі.
ДАРЫНДЫ ОҚУШЫНЫ
ДАМЫТУ – ҰСТАЗ ПАРЫЗЫ
Ұлттың болашағы – ұрпағында,
Ұрпақтың тәрбиесі – ұстаз қолында.
Еліміздің болашағы көркейіп, өркениетті елдер
қатарына қосылу үшін бүгінгі ұрпақты тұлға боларлық
деңгейде өсіріп тәрбиелеу керек. Ал жас ұрпақты ол
Достарыңызбен бөлісу: |