36
жұмыстары жатады.
Оқушылардың өздік жұмыстарын тиімді ұйымдас-
тыру сабақ сапасының артуына септігін тигізеді. Өздік
жұмыс кезінде оқушылар оқулықпен және дидактикалық
материалдармен, түрлі анықтамалық кітаптармен, газет-
жұрналдармен жұмыс істеуге үйрене бастайды. Өздігінен
білім алуға талпынады. Жұмысы нәтижелі болса,
оқушының пәнге деген қызығушылығы артады.
Дидактикалық тұрғыдан дұрыс ұйымдастырылған
жұмыс білімді тереңдетуге, толықтыруға, дағды
мен іскерлікті қалыптастыруға, танымдық әрекетке
қызығушылық туғызуға, таным үрдісінің әдіс-тәсілдерін
игеруге, танымдық қабілетінің дамуына, адамның дербес
жұмыс істеу және ғылыми жұмыстармен айналысуға
мүмкіндік жасайды. Өзіндік жұмыстың тәрбиелік жағы да
басым. Ол адамның жеке басының қасиеттерінің (мақсат
қоюшылық, ізденушілік, қызығу, т.б.) қалыптасуына әсер
етеді.
Оқу-тәрбие үрдісін даралауда оқушыны жеке тұлға
ретінде қабылдау, яғни, оқушының өзіндік танымдық іс-
әрекетін қалыптастыруға бағыттауда, білім беруде жеке
оқытуды дамыту көзделуі қажет. Осы бағытта оқушыны
берілетін жекелей тапсырмалармен, үйренушілік,
алгоритмдік, эвристикалық, шығармашылық деңгеймен,
құбылысты өз бетінше талдай келіп, шағын ғылыми
шығармашылық тұрғыдан зерттеу жұмысын жүргізуге
баулу керек. Бұл оқушыға «кішкентай» жаңалық
ашқанмен бірдей. Өзіндік жұмыстың негізгі мақсаты
– оқушылардың танымдық міндеттерін қалыптастыру,
шығармашылық қабілеттері мен қызығуын жетілдіру,
білімге құштарлығын ояту. Мұғалім сабақта түрлі әдіс-
тәсілдерді пайдалана отырып, балалардың ұсыныс-
37
пікірлерін еркін айтқызып, ойларын ұштауға және
өздеріне деген сенімін арттыруға мүмкіндік туғызып
отыру қажет. Әдіс-тәсілдер арқылы өткізген әрбір сабақ
оқушылардың ойлауына және қиялына негізделіп келеді,
баланың тереңде жатқан ойын дамытып, оларды сөйлетуге
үйретеді. Түрлі әдістемелік тәсілдерді пайдалану арқылы
қабілеті әр түрлі балалардың ортасынан қабілеті жоғары
баланы іздеп,онымен жұмыс жасау, оны жан-жақты
тануды ойлап, оқушылардың, шығармашылық деңгейін
бақылап отыру – әрбір мұғалімнің негізгі міндеті.
Өзгеріске, жаңалыққа толы бүгінгі заман мұғалімге
«сегіз қырлы, бір сырлы» ерен қасиет иесі болуды
міндеттейді. Ұстаз алдында отырған бірі шапшаң, бірі
баяу, енді біреулері төмен қабылдайтын, зейіні, қабілеті,
қабылдауы, есте сақтауы әр қилы шәкірттердің жүрегіне
жол тауып олардың шығармашылық қабілетін дамыту –
күрделі құрылым екені даусыз.
Профессор Р.Г.Лембергтің пікірінше, оқушылардың
өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру мына шарттарға
байланысты: оқушылардың істейтін жұмысының
мақсатын айқын түсінуі; жұмыстың жемісті аяқталуына,
оның
алдағы
нәтижесіне
қызығуы;
жұмысты
оқушылардың өз еркімен, қалауымен орындауын
көздеу керек.
Оқушылардың оқудағы танымдық іздемпаздығы мен
белсенділігін қалыптастыру мәселелерін іс-жүзінде
шешудің әр түрлі жолдары бар:
- танымдық іс-әрекеттің дербестігін қалыптас-
тыратын өзіндік жұмысты ұйымдастыру мен оқу
міндеттерін іріктеп шешу;
- танымдық іс-әрекеттің тәсілдерін қалыптастыру;
- іс-әрекеттің бағдарланушылық негізін құрайтын
38
жалпылама білім енгізу;
- оқытуға әдістемелік білім енгізу;
- оқу іс-әрекетін өздігінше бақылауды дамыту.
Егер мұғалім жұмысты дұрыс ұйымдастырса,
оқушылардың алдына қойылған мақсат та айқын болса,
онда орындалған өздік жұмыстың сапасы да ойдағыдай
болады. Бастауыш сыныптарда оқытудың маңызды
мақсаттарының бірі – оқушыларда өз бетінше жұмыс
істеу дағдыларын қалыптастыру. Ендеше, бастауыш
сыныптардан бастап, оқушылардың өз бетінше жұмыс
істей білу іскерліктері де қалыптасуы тиіс. Атап айтсақ:
жаңа ұғымды, заңдылықты, ережені түсініп тұжырымдау,
жаңадан өтілген ұғым бойынша өздігінен ой қорыта
білу, т.б. Осындай іскерліктерді қалыптастыру – оқу
барысында мақсатты түрде ұйымдастырылған жұмыстар
және жаттығулар жүйесі арқылы жүзеге асырылады.
VІ. Қорытынды.
Оқушылардың
өзіндік
жұмыстарын
тиімді
ұйымдастыру сабақ сапасының артуына септігін тигізеді.
Теориялық білімнің терең бекіп, жүйелі қалыптасуына
өздік жұмысқа берілетін тапсырмалар дұрыс таңдап
алынып, құрастырылуы байланысты болады.
Оқушының өзіндік әрекетінің нәтижесінде оның
бойында мынадай қасиеттер қалыптасады:
1. Өз бетінше ойлау біліктері мен ізденімпаздылығы.
2. Оқуға деген қабілетінің артуы;
3. Берілген білімді игеру ғана емес, оны жаңалап
және тиімді игеру жолдарын түсіне білу ниеті;
4. Жеңілден қиынға қарай қиналмай өтуге үйренеді;
5. Рухани байлығы молаяды;
6. Басқа оқушының түсіндірмелеріне сын көзбен
қарау;
39
7. Өз ойының дербестігі.
Қорыта келгенде, оқушыны өздік жұмысын жасауға
үйрету негізінде әрбір жеке тұлғаның өзіндік табиғатын
қалыптастыру, білімділік деңгейін көтеру болып
табылады.
Бүгінгі таңда ғылым мен техника қарқындап өсіп
отырған шақта мектеп бағдарламасы мен оқулықтарына,
олардың барлық жетістіктерін енгізу мүмкін емес.
Осы себептен де мектеп ертеңгі білімнің негізін қалап,
оқушылардың өздігінен ізденіп, білім алуларына
мүмкіндік жасауы тиіс. Сапалы оқыту және өздігінен
оқып білім алуға баулу негізінде ғана оқушылардан
парасатты азамат тәрбиелеп шығуға болады. Осыған
орай, мектеп бітіретін әрбір оқушы ғылым негіздерінің
жаңалықтарымен хабардар болып, кейін сол алған білім
мен іскерлігін одан әрі дамытуға тиіс. Бұл – өскелең өмір
талабы. Көрнекті педагог В.А.Сухомлинский: «Сабақ
жасөспірімдердің интеллектуалды өмірінде құр ғана
сабақ болып қоймас үшін ол қызықты болуы керек.
Осыған қол жеткенде ғана мектеп жасөспірімдер үшін
рухани өмірдің ошағына, мұғалім осы ошақтың құрметті
иесі мен сақтаушысына, кітап – мәдениеттің баға жетпес
қазынасына айналады» деп айтқан екен. Олай болса,
қызықты сабақтар – мұғалімнің ашқан жаңалығы, өзіндік
қолтаңбасы, әдістемелік ізденісі, көтерілген белесі,
абырой, атағы, мақсат-мұраты.
Ұстаз көкейіндегі шәкірттерді өзіне баулып алу үшін
«Не істей аламын?», «Не істеу керек?» деген сұрақ-
сауалнама әрекетке, әрекет нәтижелер жобасына, ал
нәтижелер жобасы – практикаға енгізуге жетелейді. Ал
практиканың ақиқат өлшемі – білім сапасы болмақ.
Достарыңызбен бөлісу: |