8
9
сөйлесім әрекетінің түрлерін – оқылым, жазылым,
тыңдалым, айтылым, тілдесім деп бөліп қарастырады.
Осыған байланысты Ф.Ш.Оразбаеваның ғылыми
жетекшілігімен
кандидаттық
диссертациялар
қорғалғалды С.Нұрғали айтылым әрекеті арқылы оқыту
әдістемесін (2003), Г.Т.Бейсенбекова оқылым әрекеті
арқылы оқыту әдістемесін (2001), Б.А.Ахметбекова
мамандыққа
қатысты
сөздік
жұмыстарының
әдістемесін (2000), Г.К.Мұқашева мен М.Д. Жорақпаева
әр түрлі мамандықтарға сай тыңдалым әрекеті арқылы
оқыту әдістемесін (2002), Ф.Ж.Абдразақова қазақ
тілін шетелдік студенттерге жазылым әрекеті арқылы
үйрету әдістемесін (2003), А.М.Мұратбекова қазақ
тілінің кәсіби бағытталған лексикасын жазылым
әрекеті арқылы оқыту әдістемесін (2003), Ә.Ә.Уабиева
қатысымдық тұрғыдан оқыту әдістемесін (2003)
арнайы зерттеді. Сонымен қатар ғалымның шәкірттері
тіл үйретудің, т.б. өзекті мәселелерін, атап айтсақ,
А.С.Досмурзаева тірек сызбалар арқылы (2002),
Г.Т.Алдамбергенова мәтіндер арқылы құрылысшы
мамандығына сәйкес оқытуды (1997), сондай-ақ тілді
қазақ мектептерінде оқыту мәселелерін де Н.Х.Шадиева
қазақ мектептерінің 5-сыныбында лексиканы деңгейлік
тапсырмалар арқылы (2002), А.К.Жанабилова тіл
дамыту жұмыстарының инновациялық технологиясын
(6-7-сыныптарға
арналған)
шығармашылық
тапсырмалар арқылы, Ш.Қ.Құрманбаева қазақ тілін
мемлекеттік қызметшілерге жеделдете оқытудың
ғылыми-әдістемелік негіздері (2009), С.Т.Садықова
қазақ тілін дидактикалық бірліктерді ірілендіру
технологиясы арқылы оқыту мәселелерін қарастырды.
Ал ересектерге тілді оқытуға байланысты «Қазақ
тілін мемлекеттік қызметшілерге жеделдете оқытудың
ғылыми-әдістемелік негіздері» (2009) атты бірінші
докторлық диссертацияны қорғаған педагогика
ғылымдарының докторы Құрманбаева Шынар
Қапантайқызы қорғады. Қазақ тілін мамандыққа сәйкес
оқыту әдістемесі бойынша Р.Ә.Шаханова “Техникалық
жоғары оқу орындарының орыс бөлімдерінде қазақ тілін
мамандыққа қатысты оқытудың ғылыми-әдістемелік
негіздері” (2001) деген тақырыпта докторлық
диссертациясында студенттердің мемлекеттік тілде
сөйлеуге деген қызығушылығы мен мүдделігін,
олардың білімін рейтинг, тест материалдарын талапқа
сай пайдалану арқылы арттырудың мәнін анықтайды.
Мамандыққа байланысты жазылған еңбектің бірі
– М.Д.Жорақпаеваның “Ет-сүт биотехнология
бөлім студенттеріне қазақ тілін тыңдалым әрекеті
арқылы оқыту әдістемесі” (2002) атты кандидаттық
диссертациясында тыңдалымды ет-сүт мамандығына
сай меңгертуге негіз болатын тыңдап-қабылдау, тыңдап-
есте сақтау, тыңдап-көру, тыңдап-байқау, тыңдап-бекіту
тапсырма түрлері беріледі.
Л.Л.Графова,
Е.А.Маслыко,
А.Л.Мирзоян,
Н.Н.Круглова,
С.Ф.Щербак,
Л.Г.Вишнякова,
Г.А.Китайгородская,
С.А.Гарбусович,
Г.А.Зорин,
А.А.Вербицкий, А.А.Филиппова, Ю.Д.Красовский,
М.Г.Марквардт, А.М.Матюшкин, А.Г.Петросян сияқты
10
11
психологтар мен педагогтардың еңбектерінде оқыту
үрдісін жандандыру мақсатында, студенттердің кәсіби
шеберлігі мен дағдыларын қалыптастыруда және кәсіби
тілін жетілдіруде іскерлік ойындар тиімді нәтиже беріп
жүргені туралы айтылып жүр.
Іскерлік ойынның негізі - рөлдер, жағдаяттар –
жалпы ойын түрлеріне ортақ құралдар. Бірақ іскерлік
ойынның басқа ойындармен салыстырғанда өзіне ғана
тән жеке элементтері болады, оларсыз ойын іскерлік
мәнін жоғалтады. Ойында студенттердің кәсіби
қызмет жағдайлары шындыққа жақындатылып, кәсіби
әрекеттерімен бірге модельденеді; кезеңдік даму,
соның нәтижесінде алдыңғы кезеңде орындалатын
тапсырмалар келесі кезеңнің оқу барысына әсерін
тигізеді; ойынға қатысушылар бірлесіп, ойын
шарттарына қатысты өз рөлдерін атқарады; ойында
имитациялық модельдеу нысаны сипатталады; ойын
уақыты қадағаланады; ойынды, оның нәтижесін
бағалау жүйесі дайындалып, ойында қолданылады,
ойын барысын қадағалаушы-реттеуші ережелері мен
жарыс-сайыс элементтері болады; іскерлік ойында
қақтығысты жағдайлар ұсынылады.Оқу үрдісін
жандандыру құралдарының ішінде ойын, ойын арқылы
оқыту ерекше орын алады.
Тиімді нәтиже беретін тағы бірнеше әдіс-тәсіл-
дерді атауға болады.
1) Баспасөз конференциясы. Оқушылар топ-топқа
бөлініп, бір мәтін не лекцияның түрлі бөліктері бойынша
біреулері репродуктивтік, ал екінші топ ой-өрісін
дамытатын сұрақтар құрастырады. Сұрақтарды бір-
біріне қойып, өздері дұрыс жауап беруін қадағалайды.
Бұл әдісті қолданғанда студенттер мәтінді бірнеше рет
оқып, оны есінде жақсы сақтайды.
2) Өз тірегім.
- Студенттер өткен тақырып бойынша тірек-сызба
құрастырып, соған сүйене отырып мәтінін жазады.
- Жақсы оқитын бірнеше студентке алдын-ала тірек-
сызба жасап әкелу тапсырылады.
- Келесі сабақта олар жаттықтырушы ретінде әр
топқа өз тірек-сызбаларын беріп, оларды тексереді.
Содан соң топтар тапсырмасымен алмасып, басқа
жаттықтырушымен жұмыс істейді.
Әрине, әр оқытушының әдіс таңдауы пәннің,
сабақтың түріне, типіне, орнына, тақырыбына,
білімділік, дамытушылық, тәрбиелік мақсатына,
шәкірттерінің
мүмкіншілігіне,
психологиялық
ерекшелігіне байланысты. Ең бастысы, оқытушы әр
сабаққа қойылатын жалпы дидактикалық, әдістемелік
талаптарды орындау керек. Олар:
1) Сабақтың құрылымдық жағынан анық, айқын
болуы. Атап айтқанда: сабақты ұйымдастыра білу,
мақсатын дұрыс айқындау, типін, түрін ажырата
алу, соған орай сабақтың әр кезеңінде оқушылармен
істелінетін жұмыстардың нақты болуы, белгілі бір
мақсатты көздеуі, сабақты қорыта білуі, т.б.
2)
Студенттермен
тығыз
қарым-қатынаста,
байланыста болуы. Оқушылардың зейінін негізгі
мәселеге аудара алу, қызығушылығын арттыру, әр