Меңдігүл шындалиева



жүктеу 3,7 Mb.
бет8/14
Дата22.05.2018
өлшемі3,7 Mb.
#16125
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   14

«КӨП ЖАМАНДЫ НЕ ЕТЕМІЗ?»
Байсерке абыз Желке бимен дос болған. Араларында біраз уақыт қатынас үзіліп, Байсерке досын іздеп келсе, Желке бидің жетісін беріп жатқан күні үстінен түсіпті. Амандасқан абызға үй толған ақсақалдар мән бермейді, орын да ұсынбайды. Сонда Байсерке абыз:
Жәке, Жәке, Жәкеміз,

Әзірге сұлтан екеміз.

Тірі ме деп шығып ем,

Айырылып қалған екеміз.

Бір өзіңді мыңға балаушы ем,

Қалған көп жаманды не етеміз, -


деп шығып жүре берген екен [3, 312].
БӘЙГЕГЕ АТ ҚОССАҢЫЗ
Бәйгеге ат қоссаңыз,

Шабысы білмес, бақ білер.

Артқы айылдың батқанын,

Иесі білмес, ат білер.

Ер жігіттің қадірін

Ширатпалы тақ білер.

Қызыл тілдің қадірін,

Қаусырмалы жақ білер [4].




БАЙСЕРКЕ АБЫЗДЫҢ ТОҚТАУ СӨЗІ
Ағайынды Шоң мен Торайғыр бір-бірімен өкпелесіп, Торайғырдың көшіп кеткенінде айтылған халық аузында сақталған сөздер көп-ақ. Торайғырдың замандасы Байсерке абыздың да осы оқиғаға орай айтқан тоқтау сөзі бар екен.
Бұл барғаннан барарсың,

Бағаналы Бабырға,

Барған жылы сый қылып,

Хан көтерер би қылып.

Қос-қосынан алдыңа,

Таратар семіз қабырға.

Қадірің кетер шашылып,

Ыстық лебің басылып,

Бірте-бірте айтқаның,

Алынбай қалар қабылға.

Жазғытұрым болғанда,

Ақ ордаңды тігерсің,

Лай, батпақ сабылға.

Күзді күні болғанда,

Тағы амалсыз қонарсың,

Мал жайылған тақырға.

Өзіңе ерген жарасып,

Жақын болған жаны ашып,

Таба алмассың бір жан да.

Екі кісі бас қосса,

Кіре алмассың сыбырға.

Жанға өзің ұнамай,

Аулақ жүрсең қарадай,

Қайран, өзімнің елім деп,

Кейін батыр налыма.

«Жатқа сұлтан болғанша,

Өз еліңе ұлтан бол», -

Деген мақал бұрыннан,

Бар ма батыр жадыңда?

Қағынан құлан жерісе,

Су таба алмай шөлде өлер.

Әлі де тоқта, сабырла.

Елде жүр де батыр бол,

Жау келгенде бастап қол,

Жат та алтын тағыңда.

Енді көп сөз айтпаймын,

Тілімді ал да кейін қайт.
Тілімді егер алмасаң,

Құлағыңды салмасаң,

Бетің білсін, жарқыным,

Барар жерің алдыңда! [2, 207-б].


ТОРАЙҒЫР МЕН ШОҢ КЕЛДІ
Бірде Байсеркенің үйіне күтпеген жерден қонақтар түседі. Анау-мынау емес, үш жүздің үлкен-кішісіне мәшһүр Шоң мен Торайғыр екен. Бұлар бұрыннан сыйлас, «айыр көмей, жез таңдай» Байсерке абызды құдалыққа ертіп апармақ ниетпен келген екен.

Құлтөбел тұрмысы бар Байсерке қонақасыға қиналыңқырап қалады. Ауқатты бір ағасының үйіне шапқылап жетіп барып, жеңгесіне бұйымтайын былай жеткізіпті:

Торайғыр мен Шоң келді,

Аз ғана емес мол келді.

Соймайын деген ойым жоқ,

Сояйын десем қойым жоқ!


Сонда әлгі жеңгесі «қайным қысылып қалған екен» деп бір ту қой салып жіберіпті [2, 206-б].
ЖАЙЫМБАЙ ДАТҚАҒА АЙТҚАНЫ
Бір ауылда жесір дауы болып, қоңырат Жайымбай датқа мен Байсерке абыз шақырылады. Осы жиында Жайымбай Байсеркенің бетін қайтармақ болып:
Құлақ-мұрны жоқ шұнақ абыз,

Жал-құйрығы жоқ шолақ абыз,

Сен де келгенсің бе билікке? –
депті.

Сонда Байсерке мүдірместен:


Әй, Жайымбай, өзің де, тілің де жайындай екен,

Құлақ-мұрным жоқ болса, сұңқар шығармын.

Жал-құйрығым жоқ болса, тұлпар шығармын.

Біреу – құстың бұлбұлы,

Біреу – жылқының дүлдүлі.

Халықта атқа мінер ұл туса,

Ол – менің ұлым.

Ал, халықта бар байлық болса,

Ол – менің пұлым.

Ал, сен, малым көп деп тасыма,

Оның бір дерттік.

Жайымбай малмен бірге өледі,

Байсерке абыз халықпен бірге жасай береді, -
деген екен [2, 206-б].

ІЛГЕРІ БАСҚАН АДАМҒА
Ілгері басқан адамға,

Ырыздықты ырыс қонар,

Ынтымағы дұрыс болар,

Баласы епті келер,

Келіні епті келер,

Қызы қылықты болар,

Ағайыны қоғам болар [3, 311-б].
ДАУЫЛ БОЛМАЙ ЖАУЫН БОЛМАС
Дауыл болмай жауын болмас,

Ит күшіктен сауын болмас.

Екі жалқау бірігіп ауыл болмас,

Ауыл болса да тәуір болмас.

Жаман еркек жер қадірін білмес,

Жайсыз әйел ер қадірін білмес.

Жалқау адам тер қадірін білмес,

Жетесіз жігіт ел қадірін білмес.

Жақсыға айтқан тура сөз,

Шыңға біткен тумен тең,

Жаманға айтқан тура сөз,

Құмға құйған сумен тең [5,55-б].


АТ ҚАДІРІ ЖЕЛГЕНДЕ БІЛІНЕДІ
Ат қадірі желгенде білінеді,

Ер қадірі өлгенде білінеді.

Келіннің жақсысы келгенде білінеді,

Ағайынның жақсысы,

Басыңа іс түскенде білінеді [3,314-б].

БАЛАНЫ БАЛДАН ТӘТТІ ДЕМЕҢІЗ
Баланы балдан тәтті демеңіз,

Асырауы белгісіз.

Әйелде де жақсы көп,

Жан жолдасқа бергісіз.

Төбесі биік үйіңде,

Төрт күн тұрарың белгісіз.

Қазы-қарта, жал-жая,

Күнде жерің белгісіз.

«Бақыттымын» демеңіз,

Бақ тұрары белгісіз.

Алты баланы бір әке асырайды,

Алты бала бір әкені асырай алмайды.

Ал, әлеумет бұған не дерсіз? [6].
ЕРЛЕРДІ АЙТ СЕНІМДІ
Жамандардан би қойсаң,

Алмастырар еліңді.

Жүлделі сөзге бара алмай,

Сындырар күнде беліңді.

Жақсылардан би қойсаң,

Бәйге атындай сенімді.

Сылап-сипап құрметпен,

Көркейтер күнде еліңді.

Таңдап тауып жолдас бол,

Айнымайтын жақсы теңіңді.

Сабырлылықпен шыдаған,

Ерлерді айт сенімді [6].


ӨЛШЕП АСҚАН АСҚА ДА
Өлшеп асқан асқа да,

Өлшеулі болар қонағы,

Онымен бірге отырар,

Ақылсыз ауыл салағы.

Пісулі асқа дәл келер,

Бір отыруды еп көрер,

Қонақпен бірге күтпеді деп,

Жат кісідей өкпелер [7].



АДАМҒА МЫҚТЫ ДӘУЛЕТ – АМАНДЫҒЫ
Адамға мықты дәулет – амандығы,

Қанағат барға етпес – надандығы.

Кеудесін көтеріп ол жүргенменен,

Қалайша көрінеді адамдығы [7].


АДАМҒА АҚЫЛ АРТЫҚ МАЛ-МҮЛІКТЕН
Адамға ақыл артық мал-мүліктен,

Не ғажап, кейбір дәулет насқа бітер.

Не беріп, не алумен қызық көрмей,

Дүниені бос өткізген басқа бітер [7].


ҚАРЫНДАСТЫҢ БАРЫ ИГІ
Қайыра-қайыра тартуға,

Ауыздықтың сомы игі.

Аудармасқа шабуға,

Артық айылдың берігі игі.

Қаба-қаба сөйлеуге,

Қарындастың бары игі [7].


АТА-АНАНЫҢ ҚАДІРІН
Ата-ананың қадірін,

Балалы болғанда байқарсың.

Ағайынның қадірін,

Қазалы болғанда байқарсың.

Жанашырдың қадірін,

Жазалы болғанда байқарсың [6].


АТА-АНАҢ БАР БОЛСА
Ата-анаң бар болса,

Сырттан қамқор, құрағың.

Дос-жараның көп болса,

Көзің менен құлағың.

Аға болса ақылды,

Жел жақтағы тіреуің.

Інің болса жанашыр,

Семсер ілген білегің.

Әдепті қыз, ақылды ұл,

Өкпе-бауыр жүрегің.


Өз балаңнан кем емес,

Жақсы болса күйеуің.

Тарыққанда, талғанда,

Нағашың бір сүйеуің.

Адал болса жиенің,

Жұлынындай жүйенің.

Осындай бір болмаса,

Қасыма келме біреуің [6].


АСПАНДА ҰЗАҚ ҰШАР ТОБЫМЕНЕН
Аспанда ұзақ ұшар тобыменен,

Төменде тұйғын ұшар қобыменен.

Болса да ұзақ – көкте, тұйғын – төмен,

Бір болмас дәрежесі оныменен [6].


ДОС ЕМЕС – ДОС СЫРТЫҢНАН ЖАМАНДАСА
Дұшпаннан ақыл сұрама,

Жауығатын күнара.

Бір сынаған кісіні,

Одан әрі сынама.

Таршылық бір іс болса,

Мойнын саған бұра ма?

Еділ менен Жайық бол,

Кісіменен ұрыспа.

Екі талай іс болса,

Жаныңды аяп тұрыспа.

Мінезі жаман кісіге,

Ізнаһар етіп жуыспа.

Досыңменен жақын жүр,

Өтірік айтып суыспа.

Жақсымын деп жаманға,

Еш уақытта жұлыспа.

Жақынмын деп болыспа,

Түсіп кетсең қайтесің,

Түбі терең қуысқа [8,114-б].
АҒАЙЫН-ТУЫС КІМДЕ ЖОҚ
Ағайын-туыс кімде жоқ,

Сыйласпаса жатпен тең.

Жаман туыс бір масыл,

Арқалаған қаппен тең [8,118-б].


ЖАҚСЫЛЫҒЫҢ ІСТЕГЕН
Жақсылығың істеген,

Құмға құйған сумен тең.

Жаман болса жамағат,

Көрген күнің түнмен тең.

Ақылсыз болса алғаның,

Арпалысқан жынмен тең.

Қылығы жақсы қыз болса,

Қыз да болса ұлмен тең.

Қылығы жаман ұл болса,

Ұл да болса қыздан кем.

Келіннің зекіп бергені,

Езіп ішкен умен тең.

Кекеп берген тамағы,

Тұз салмағын сумен тең.

Жамандардың мінезі,

Асуы жоқ белмен тең.

Ғалымдардың мінезі,

Айдын шалқар көлмен тең.

Қайырымсыз байдың мінезі,

Қырық күншілік шөлмен тең.

Жақсы әйелдің мінезі,

Алуа-шекер балмен тең.

Жаман қатын мінезі –

От басынан шу кетпес,

Қаңтардағы қармен тең [26].
ШАҚЫРЫП ҚҰРМЕТ ҚЫЛМАСА
Шақырып құрмет қылмаса,

Қыдырып жүрме есікте.

Қонақ келсе үйіңе,

Жүгіріп шық кешікпе.

Қырықтың бірі қыдырда,

Ақылы тиер несіпке.

Біреу айтқан өсекті,

Шын екен деп есітпе[26].




ЖАҚСЫ АДАМНЫҢ БЕЛГІСІ
Жақсы адамның белгісі –

Сөзі шықпас шашуға.

Негізі жаман жасықты,

Қайтадан болмас жасауға,

Білімдінің сөздері – салғандай құрық асауға.

Наданменен сөйлессең,

Жол таппассың қашарға [27].
ЖАҚСЫ ЖОЛДАС СОЛ БОЛАР
Жақсы жолдас сол болар,

Жолықпай сөзді жинаған.

Жаман жолдас сол болар,

Орынсыз жерде қинаған.

Баланың асыл туғаны,

Ата-анасын сыйлаған.

Жауда қалар жолдасы,

Өзінің басын қорғаған.

Бұл заманның билері,

Көрмегенге нанбаған.

Екі достың арасын,

Айырады оңбаған.

Анық көзі көрмесе,

Сөзге ермейді оңды адам.

Бұл сөзімді шет демес,

Ақылы болса милы адам [4].


БАЙСЕРКЕНІҢ ИСАБЕК ИШАНҒА

АЙТҚАН ЖАУАБЫ
Байсерке абыздың жасы жүзге толғанын естіген Ақкөл-Жайылма жерінің ғұламасы Исабек Ишан абыздың хал-қуатын біліп сәлем беруге, оның Жарлықақта жайлауда отырған аулына келеді. Әңгіме үстінде Исабек ишан:

- Абыз ата, көп жасадыңыз, көпті көрдіңіз, абыздың өз аузынан естіген едік деп айта жүрейік, бір жақсы сөзіңізді айтыңыз,- деп сұраған екен. Сонда қарт абыз:

- Не айтайын, мен айтып тауыстым ғой – деп жауап берсе керек.

- Абыз, дүниеде не артық болады? – деп сұрағанда:


Тобылғылы шұбардан,

Панасыз таудың несі артық?

Қадіріңді білмес жақыннан,

Құныңды таныр жан артық.

Білмей шалқып сөйлеуден,

Сөйлемеген бес артық.

Қу қанжығалы жүйріктің,

Тұғырдан жуан несі артық?

Жаңбырсыз өткен қу тақыр,

Қайырсыз жаздан қыс артық.

Қызықсыз қайғы өмірден,

Ұйқыда көрген түс артық.

Әр нәрсенің жайында,

Аңғырттықтан еп артық.

Шаппайтын алмас қылыштан,

Қолдағы қамшы көп артық.

Суы ащы теңізден,

Томар да болса көл артық.

Арық малдың етінен,

Бір тостаған сөк артық.

Тар жол тайғақ кешуден,

Ерлердің еткен ісі артық.

Қайырсыз болған алтыннан,

Қайыры бар мыс артық.

Сипаты бірдей болса да,

Адамнан адам ісі артық.

Лақпа шешен кісіден,

Аузы сараң кісі артық.

Көз алартып, күш айтқаннан,

Базына келген наз артық [4].


ЖАЙЫҚБАЙҒА АЙТҚАНЫ
Байсерке абыздың ұлдары болмапты, бірақ екі қыз баласы болыпты. Осы екі қызының біреуі қыпшақ Қошқарбай батырдың көп балаларының біріне тұрмысқа шыққан. Сағынған қызын, одан туған жиендерін көріп қайту үшін Байсерке абыз бір жазда Ертістен Есілге барса керек. Құдасы Қошқарбай батыр Байсеркемен сыйлас қонақ болуға көршісі Жайықбай биді (аға сұлтан Ыбырайдың әкесі) шақырса керек. Аға сұлтан баласын арқаланып, Жайықбай басқаға сөз кезегін бермей, жүйесіз сөйлей берсе керек. Сөздің бір үзілген жерінде Байсерке:
Нақ бедеу мен қазанат,

Шабына түртсең теппейді.

Нәсілі жақсы азамат,

Шамдандырсаң сөкпейді.

Негізі жаман адамдар,

«Сен! дегенді көксейді.

Іс түскенде басыңа,

Туысың келер қасыңа,

Түбі бірге кетпейді.

Туысқа ешкім жетпейді.

Байлауы жоқ шешеннен,

Үндемеген есті артық.

Білмей лағып сөйлеуден,

Үндемеген бес артық, -


деп Жайықбайдың лағып сөйлеуін су сепкендей тоқтатқан екен [6].
БАЙСЕРКЕНІҢ БАҚҰЛДАСУЫ
Байсерке абыз жүзден бірер жыл асқан тұста Ертіс пен Есіл аралығындағы елдердің жақсысы мен жайсаңы абыздың үйіне жиналады. Ойлары жүзден асқан аяулы қарттың көзі тірісінде бақұлдасу екен.

Сонда абыздан «Дүниеден не сый көрдіңіз?» - деп сұрағанда:


Дүние деген - бір қу екен,

Заһары күшті у екен.

Тұрағы жоқ бірінің,

Ағып жатқан су екен.

Біреуі елеп ермейді екен,

Қалағаныңды бермейді екен.

Әбден тонап алған соң,

«Кет» деп қолын сермейді екен.

«Кет» деген соң,

Жатырмын кетейін деп.

Уа, жұртым! Уа, бауырым, амандастым.

Келмейтін ұзақ жолға қадам бастым.

Бәрінен ғафу сұрап, үлкен-кіші,

Ақырғы лебізіммен мен қоштастым! –


деген екен [6].
БАЙСЕРКЕ АБЫЗДЫҢ АҚТЫҚ СӨЗІ
Атадан жалғыз, әрі өз кіндігінен ұлы болмаған Байсерке абыз, сырқаты ауырлап, өмірден күдер үзе бастаған шақта, көңілін сұрай келген бір досына мұңын былай деп шағыпты:
Пендесі ажал жетсе өлмесін бе?

Ісіне құдіреттің көнбесін бе?

Тамырсыз сексеуілдей өтіп барам,

Байсерке атанып ем он бесімде.

Ғұмырымның ажары,

Мал екен ғой дүние-ай!

Отбасымның базары,

Бала екен ғой дүние-ай!

Атадан тусаң алтау ту,

Бірі болмаса,

Бірі жүрер қасыңда.

Әйтпегенде осындай,

Жалғыздың жаны шығарда,

Кім отырады қасында-ай! [6].



ТОҚСАН БИ
(XVIII-XIX)
Тоқсан Жабайұлы XVIII-XIX ғасырда өмір сүрген. Тоқсанның әкесі Жабай би Омбы, Томск жағындағы Керейдің алдай руына билік құрып, атақты ел басшысы болған. Ал, Жабайдың әкесі Қара би де кезіндегі Керей руының атышулы биі екен. Қара би атасы Тоқсанның билік құрып, шешендік жолына түсуіне көп септігін тигізген.

«Қазақтың би-шешендері» атты кітапта Тоқсанды Қара бидің ұлы деп берген (Алматы, Жазушы, 1993, 356-б). Бұл қате пікір. Оның дәлелі: Тоқсан туралы ел аузындағы сөздердің бәрінде де Тоқсанның әкесі Жабай би, Жабай бидің әкесі Қара би делінеді. Бұған дәлел: ел аузында мынандай сөз бар. Қара бидің баласы Жабай би өлерінде екі баласы Сексен мен Тоқсанға «Сексен, саған ерлігімді, Тоқсан, саған әкем Қара биден қалған билігімді бердім» - деп өсиет айтып кеткен екен.

Тоқсан би жасынан ел аралап, өз кезінде беделді би-шешендермен кездесіп, сындарға түсіп, шешендік өнерді жастайынан өзіне серік еткен. Сондай-ақ, Тоқсан қазақтың атақты билері Киікбай би, Қалқаман би, Нұрым төрелермен кездесіп, аты шулы ақпа шешен ретінде танылған. Қазір нақты Тоқсан би айтты деген сөздердің жиырмадан астамы қолда бар. Оның көбі шешендік толғау, арнаулар, сондай-ақ дау, билік турасында болып келеді. Оның шығармаларында өз дәуірінің ащы шындығын ақтарып, заманын батыл сынаған тұстары да баршылық.

Тоқсан би шығармаларының басты тақырыбы - өз заманының әр алуан оқиғалары.



НҰРЫМ ТӨРЕ МЕН ТОҚСАН БИ
Нұрым төре ел аралап жүріп Тоқсан биден бір-екі ауыз сөз сұрайды. Сонда Тоқсан би:
Ерден пайда тиеді сасқан жерде,

Ел жүргізіп етегін басқан жерде.

Сондай сәтте қол ұшын бергенді айтшы,

Екінің бірі жомарт тасқан жерде.

Сары алтын қарайтқанмен жез болмайды,

Шын жібек бояғанмен бөз болмайды [6].


БІРЕУДІҢ БІРЕУ БАҒЫН КӨП КӨРЕДІ
Біреудің біреу бағын көп көреді,

Біреуді біреу алдап жеп келеді.

Кейбіреуге бес күндік бақыт қонса,

Мен жаратқан тәңірім деп келеді.

Тоз болып иілгеннен сынған жақсы,

Басқа келген бәледен тынған жақсы.

Жаманмен алтын таққа отырғаннан,

Жақсымен бірге отырған зындан жақсы [6].


ЖАСЫ ЖЕТКЕН КӘРІЛІК
Жасы жеткен кәрілік,

О дағы бір ғаріп қой.

Бақыт қонса басыңа,

Жарығың сөнуі анық қой.

Сен секілді төрелер,

Суда жүзген балық қой.

Судан суырып тастаса,

Өкпесін соғып жатуы анық қой.


Шырақтарым, сіздерді, әдейі шақырып дәм берейін, - деп жүр едім, өздерің келіп қалдыңдар. Мына сөзімді де есте сақтаңдар деген екен.
Ықылас естен кетпейді,

Ас-дәм түске жетпейді.

Бірі бар, бірі жоқ кезде,

Дайындап алып шақырып,

Бергенге де жетпейді, -
деген екен [6].

ТОҚСАН БИДІҢ БАЛАЛАРЫНА АЙТҚАНЫ
Тоқсан би төсек тартып жатып қалады. Сондағы Тоқсан бидің балаларына айтқаны:
Өткел өтсең бұрын өт,

Арты болар бір тайғақ.

Ұрлық қылсаң жалғыз ет,

Екеу болсаң бірі айғақ.

Сапар шексең көппен шек,

Дұшпаныңа ол да айбат! [3, 357].


ТОҚСАН БИДІҢ ЖАППАС ҚАРИЯҒА

АЙТҚАН КӨҢІЛІ

Ел ішінде белгілі де беделді Жаппас деген қарияның жалғыз баласы ер жеткен шағында кенеттен қайтыс болыпты. Сенім артқан сүйеніші, көрер қызығы, бар алданышынан айрылған Жаппасқа бұл қаза қатты батады. Қарт жағдайы күннен күнге төмендеп, төсек тартып қалады. Осы жайды естіген, жастайынан Жаппасты сыйлап өскен Тоқсан би көңіл сұрауға арнайы келеді. Тоқсан би Жаппастың үйінің босағасынын аттай бере ағылтып қоя береді:

- Ей, Жаппас, көтер беліңді, жылатпа еліңді, қас нардың қабырғасынан қолы сөгілсе де елемес. Тағдырдың ісіне көнбейтін пасық адам сен емес. Өткен қайтып келмеді, өшкен қайтып жанбайды. Осы сөзден кейін Жаппас орнынан тұрып, күнделікті шаруасымен айналысыпты [3, 358-б].

КЕРЕЙ КӨП ПЕ, КЕДЕЙ КӨП ПЕ?
Жолаушылап жүрген Тоқсан би уақтағы бір байдың үйіне келіп, түсуге рұқсат сұрайды. Бірақ бай үйінде болмайды. Жөн сұраған жігіт үйге кіріп, бәйбішеге: «Тоқсан болса, руы керей шығар, ел аралап жүрген кедей шығар» - депті әйел. Сыртта сөзді Тоқсан естіп тұрады. Бәйбіше рұқсат бермесе де үйге кіріп, төрге шығады.

Әлден уақытта шай келеді. Шай ішіп отырған бәйбіше:



  • Кедей көп пе?

  • Керей көп пе? – депті.

  • Сонда Тоқсан:

  • Керей көп,

Кедей тоқсан,

Тоқсан да көп,

Халқым Тоқсан деп сыйлаған соң,

Мен көп болмағанда кім көп болады,-


деп сөзін одан әрі былай жалғастырады:
Құдайың қалмаған екен,

Пұшпаған қанамаған екен.

Өзіңнен абыройы асып кетпесін деп,

Күндесіңнің емшектегі баласының,

Еңбегіне ине жіберткенде,

Осы ісіңді адамдыққа санамаған,

Адалдықты жанамаған,

Соны істеткен саған кедей ме?, -

депті. Бәйбіше Тоқсанның аяғын құшып, кешірім сұрап жылап, қонақасы беріп, үстіне шапан кигізіп, астына ат мінгізіп аттандырыпты [9,194-б].
ПЫШАҒЫҢДЫ МҰҚАЛТПА
Пышағыңды мұқалтпа,

Не кеспесті біліпсің.

Танымасқа сыр айтпа,

Не деспесті біліпсің [3,358-б].


КӨЛІК ЖИСАҢ АТТАН ЖИ
Көлік жисаң аттан жи,

Қиға салсаң мойытпас.

Сауын жисаң бие жи,

Ариды деп ағытпас [3,358-б].


ҚУ БӘЙТЕРЕК ҚҰЛАСА
Ұлы жүзде белгілі ел жақсысының ағасы өліп, қатты қайғырған ол басын көтермей жатып қалады. Сонда Тоқсан шешен қамыққан қаралының көңілін көтеру үшін былай деген екен:
Арыстанның белгісі –

Айналып өтсең артынан,

Ақырмайды деп еді.

Нар түйенің белгісі –

Бүйірін жарып алсаң да,

Бақырмайды деп еді.

Қас батырға оқ тисе,

Мен қалдым деп жолдасын,

Шақырмайды деп еді.

Жақсылар қайғы көргенде,

«Алланың жазған ісі» - деп,

Аһ ұрмайды деп еді.

Ну бәйтерек құласа,

Артындағы шыршасы,

Тамырланып жетіліп,

Жапырақ жарып гүлденіп,

Орнын басар деп еді.

Қуып оны жете алмай,

Қияда ұшқан қыран құс,

Басына қонар деп еді.

Қас тұлпар орға жығылса,

Желідегі жас құлын,

Дүбіріне шыдамай,

Құнан – дөнен болғанда,

Мінілмей кетпес деп еді.

Атадан жақсы ұл туса,

Атаның салған жолына,

Түспей кетпес деп еді.

Шамның шырағы сөнгенде білінеді,

Дүниенің қызығы өлгенде бітеді.

Дүние деген – бір түлкі,

Бай мен батыр, патшалар,

Зор арманда өтеді, -
дегенде, әлгі қайғылы кісі: «Көңілім жаңа сергіді-ау!» - деп басын көтерген екен [9,294-295-б].
ЕДІЛДЕН ҚАШТЫ БІР ТҮЛКІ
Көп кісі бір түлкіні қуып жете алмай, әуреге түсіп жүргенде Тоқсан қуып жетіп, соғып алады. Үлкен кісілер «Түлкі біздікі, үлкендік жолымыз бар» - дейді. Тоқсан түлкіні бергісі келмей, былай депті:
Еділден қашты бір түлкі,

Жайыққа дейін дем алмай.

Соңына ерген қанша жұрт,

Бәрі де қалды ере алмай.

Тастайын ба далаға,

Түлкіні соққан мен алмай?

Жеті адам дауға жүгінген,

Қиямет-қайым болғанда,

Шерменде болып жүрмеңіз,

Төресін әділ бере алмай! [6].


ҚҰНАНБАЙ МЕН ТОҚСАН
Құнанбаймен бірге Омбыға айдалып барған Тоқсан бидің туысы Торқан деген кісі екі жылдан кейін Құнанбайды паналап қашып келіпті. Құнанбай Абайды шақырып алып, «мына Торқанды тәрбиелеп, бақ»,-депті. Абай: «тәте, бұл адам кіміңіз еді?» дегенде Құнанбай:

Қажымас, қате баспас хан бола ма?

Таусылмас, табан таймас жан бола ма?

Бәйгіден қосқан сайын келсе дағы,

Тұлпарда арықтаса сән бола ма?, -
деп, бұл кісі қиын жағдайдағы жолдасым депті[10,225-б].
ТОҚСАН БИ МЕН ҚҰНАНБАЙ
Құнанбай аға сұлтан кезінде Бөжей Байдалылармен (Кеңгірбай бидің немерелері) араздасып, Омбы қаласына айдалып бара жатқанда, керей елінің атақты биі – Тоқсанның үйіне қоныпты. Қонақасы жеп бимен түні бойы әңгімелесіп, ертеңіне кетіп бара жатқанда Тоқсан би Құнанбайдың артынан айғайлап: «Құнанжан, атыңның басын бұрма, өзің мойныңды бұр»:
Тұманның арты жұт болар,

Тұмаудың арты құрт болар.

Заңдасып босқа нетерсің,

Заңшылдың түбі сот болар, -


дегенде Құнанбай:
Тұманның арты жұт болып қайтер дейсің,

Қопадан қоныс алған соң.

Тұмаудың арты құрт болып қайтер дейсің,

Тәңірім шипа болған соң.

Заңшылдың түбі сот болып қайтер дейсің,

Алтынды пұттап алған соң, -


деп, жүріп кетіпті [10, 225-б].

СЕКСЕН МЕН ТОҚСАННЫҢ КИІКБАЙ

БИГЕ БАРҒАНЫ
Сексен мен Тоқсан әкесі өлген соң ақыл-кеңес сұрап Киікбай шешенге барыпты.

Жөн сұрасып, жағдайға қаныққаннан кейін Киікбай:

- Ел бастап – би, қол бастап – батыр болғалы тұрған ұл екенсіңдер, бір-екі ауыз сұрағым бар, соған жауап беріңдер, - дейді.
Күнде не парыз?

Айда не парыз?

Жылда не парыз?

Қарашыға не парыз?,-


деп жоғарырақ отырған сексенге қарапты. Ол жауап бере алмаған соң Тоқсанға бұрылыпты. Тоқсан:
Күнде бес уақыт намаз парыз,

Айда отыз күн ораза парыз.

Жылда құрбан шалу парыз,

Ханға халықты тең ұстау парыз, -


депті. Сонда Киікбай шешен Тоқсанға былай деген екен:
Шырағым, тым жоғарылама,

Аспанға асыларсың.

Тым төмендеме,

Аяққа басыларсың.

Орта бол, орта болсаң,

Әлі-ақ санатқа қосыларсың.

Тоймасқа құймасын бітер,

Болмысты болдырам деме,

Жасың бітіп болдырарсың, -
деген екен [7].
ТОҚСАН МЕН ІЗБАСТЫ БИ
Ерте заманда Арқадағы екі ауыл арасында жанжал шығып, мұның арты әбден ушығып кетеді. Тоқсан деген кісінің Доғалақ деген жалғыз ұлы қаза табады. Баласының құнын сұрауға Тоқсанның өзі аттанады. Бұларды үйінде қарсы алған Ізбасты би құныкерлердің бетін қайтармақ болып Тоқсанға:
- Құлағым жоқ болса, сұңқар шығармын,

Құйрығым жоқ болса, тұлпар шығармын.

Уа, ешкі егіз табады,

Ит егіз табады.

Доңыз тоғыз табады.

Сен тоғызыңмен толған екенсің,

Әбден қырсық болған екенсің.

Сенің тоғызыңды аламын десе,

Тағдырдың шамасы жоқ па?

Маған перзент берейін десе,

Құдайдың баласы жоқ па? –
деп жауап береді. Шынында Ізбасты бидің тоғыз ұлы бар екен. Ол Тоқсанға қисынсыз тиіскенін біліп, айыбын мойнына алады. Өршігелі тұрған дау бейбітшілікпен бітеді [3, 357-б].


жүктеу 3,7 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   14




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау