Меңдігүл шындалиева



жүктеу 3,7 Mb.
бет14/14
Дата22.05.2018
өлшемі3,7 Mb.
#16125
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14

СӨЗ СОҢЫ
Омбы өңірі қазақтарының әдеби шығармашылығы туралы айтар ой осымен аяқталмайды. Ел аузындағы әрбір шешендік сөздердің, шешендік толғаулардың туу тарихы, таралу және жатталу жолы әрқалай. Солардың бәрі әртүрлі жағдай үстінде туып пайда болған. Біздер бұл кітапта осы сөздердің қыр-сырына үңілуге тырыстық. Байсерке абыс, Тоқсан би, Бапан би, Саққұлақ шешен, Домақ шешен, Бектұр Батырқожаұлы, Олжабай Нұралыұлы тағы басқа би-шешендердің, ақындардың есімдері ауызша тараған өлең, жыр, аңыз-әңгімелер де берік орын алып, бүгінгі күнге жеткен. Әрбір шешен, би, ақын өз заманында елі үшін зор қызмет атқарғанын ескере отырып, олардың әрқайсысы туралы жеке-жеке тоқталып өттік

Қай шешеннің, қай бидің шығармасын алсақ та, бел ортасында сол билер мен шешендер бейнесін көреміз. Ол заманда болған оқиғаларды мейлінше нақты, нанымды баяндаған бұл даналық сөздердің жастар үшін мәні зор. Бұл билік, шешендік сөздердің желісі ар-намыстың, күш-қайраттың, ақыл мен сананың бар асылын бақыт жолына жұмсауға уағыздайды. Бұл ұлы мұраттарды сол шешендердің өз заманында да, бүгінгі күні де қостаушылар саны есепсіз.

Біз зерттеп зерделеген, талдаған би-шешендердің өмірінің барлық кезеңдерін қамтыдық десек қателесер едік. Бұл би-шешендер артында қалған мұралары мен халық басына түскен істерді бұқара тағдырымен бірлестікке шешіп, мағыналы өмір өткізген.

Билік-шешендік сөздері қазақ халқының елдігіне, ерлігіне арналған. Бұлардың сөздері уақыт шаңына көміліп қалмай, бізге жетуінің өзі олардың сөз әдісінің салмақтылығында болса керек.

Ертістің Омбы өңірінде кең тараған би-шешендерінің, ақындарының шығармашылығының табиғи даму барысында әдебиет тарихында, оның ішінде билік-шешендік сөздерге тән жалпылама өсиеттері ғибрат айту шеңберінде ғана шектелмеген, бүкіл қазақ елінің таным-тынысын аңғаруды мақсат еткен. Бұл шешендік сөздерде әдет-ғұрып, адамгершілік принциптері толық қамтылған. Біздің саралауымызша дидактикалық поэзияның үлгісін толық жасай алған. Олардың ықпалы негізінде басқалардың да өнімді шығармалар беруіне мүмкіндік туған. Бұл дәстүр бүгінге дейін жалғасуда. Сөз иелері қариялар ел ішінің белсенді-басшыларының сөздеріне арқа сүйеп, мақал-мәтел, үлгі-ғибрат орнына пайдаланып отырған.

Біз талдаған шешен, би, ақын-жыраулар сөздері қазақ әдебиеті аталатын ұлы қазынаның жұрнағы ғана.

Ел ішінде ұрпақтан-ұрпаққа ауызша жетіп, сақталып келе жатқан көркем әдеби мұра әлі де жетерлік. Олардың көзін тауып, жазып алып, зерттеу, халқымыздың рухани мұрасына, игілігіне айналдыру - әдебиеттану ғылымының күн тәртібіндегі кезек күттірмейтін міндет.

Бұл еңбекте бұрын баспа бетін көрмеген, бізге белгісіз болып келген шешен би,ақын-жыраулар шығармаларын талдап, ұсынылды. Рас, кейбір аты таныс шешен-би, ақындар бірді-екілі сөздер түрлі жинақтарға енгендері болса да, жүйелі түрде зерттеу объектісіне айналмаған авторлар. Затында бұл авторлардың мән-жайы қазір ғана белгілі бола бастады.

Қайсы бір сөз иелері бұрын мүлдем белгісіз болып келді. Олардың шығармалары да, есімдері де Қазақстаннан тыс өңірлерде Батыс Сібір өлкесінде мол жиылған. Сөзінің салмақтылығымен, ойының салиқалылығымен баурап алатын Бектұр Батырқожаұлының есімі мен шығармалары өз көргендерін бояусыз бейнелеген, халық өмірін жырлауда тек әділдікке жүгінген ақын екендігін танытты.

Бектұр толғаулары - өмір талқысын көрген, көп жерді, көп елді аралаған, өзгермелі дүниенің қыр-сырына қанық болған аса көрнекті туындылар. Бектұрдың тыңдаушының қыбын табатын, ортасы мен уақытысына қарай толғайтын ақын екендігін айтып, оның шешен-билерден қалай үлгі алғандығына кезеңдік талдау жасады.

Бектұр Батырқожаұлының «Тілеуберді батыр» дастанын талдауға келгенде, мазмұн, көркемдік бірлігіне оқиғамен өрілген образдылық пен идеяның ұштасуына баса назар аудардық.

Елді ұжымдастыру жолында көп еңбек еткен Олжабай Нұралыұлы мұрасын шын мәніндегі әдеби жаңалық деп түсінген жөн. Себебі, Олжабайды Кеңес дәуірі қырғын-сүргінге ұшыратып, қазақ жерінің о шетімен бұ шетіне доптай домалатқан. Әуелі Атырау облысының Қызылқоға ауданына жер аударып, одан Омбыға келген оны Омбы қазақтары шын мәнінде қадірлеген. Шығармаларын қазынаға айналдырған.

Осы еңбекте Олжабайдың әкесі Нұралы би оның әкесі Саққұлақ шешен, Саққұлақтың әкесі Бапан би шығармашылығы да талданып, олардың сөздері билік-шешендік өнері, тақырып идея, мазмұн жағынан қаншалықты үлес болып қосылғанын көрсетіп беруге тырыстық.

Шынтуайтына келгенде, біздің қазақ әдебиеті деп жүргеніміздің өзі бүкіл қазақ халқының шығармашылығын толық қамтымайтын, қазіргі Қазақстан жерін бұрын-соңды қоныстанушы қазақтардың өзімен, солардың мұрасымен шектелген туындылар екен. Әйтпесе Өзбекстан, Түркіменстан, Ресей (оның ішінде Астрахань, Саратов, Орынбор, Омбы, Алтай өлкесі т.б) Моңғолия, Қытайдағы қазақтар шығармашылығы ілуде бір болмаса, қаймағы бұзылмастан жатқан әдеби «тың» қалпын сақтауда. Бұлардың бәрі де өз жинаушыларын, зерттеушілерін күтуде.



Қорыта айтқанда, Ертістің Омбы өңірі би-шешендері, ақындары адам бойындағы асыл қасиеттер – ақыл, парасат, адал еңбек, өнер, ғылым, білім т.б туралы оң пікір қалдырып, сол арқылы қоғамдық ой-пікірдің дами түсуіне айтарлықтай үлес қосқан. Бірақ солардың бәрін толық қамтыдық, білдік, жинадық, жұртшылық игілігіне айналдырдық дей алмаймыз. Әлі де жіті қарап, үңіле зерттеу ісін жалғастыру керек.
КІРІСПЕНІҢ ДЕРЕК КӨЗДЕРІ:

  1. Қазақ ССР тарихы. І т. - Алматы: 1980.

  2. Қазақ ССР тарихы. ІІ том. - Алматы: 1980.

  3. Радлов В.В Алтын сандық. - Алматы: Рауан, 1993.

  4. Статистическое описание Сибирского казачьего войска.Спб.1879.С.5-6.

  5. Кемеңгеров К. Бұрынғы езілген ұлттар. – Мәскеу: 1923.

  6. Қазақ. - Алматы: Жазушы, 1994.

  7. Қазақ Совет энциклопедиясы. 2.т. - Алматы: 1986.

  8. Омский Государственный университет. Архив филологического факультета.1980. Папка. № 3

  9. Исмайылов Е. Ақындар. - Алматы: Қазмембаспасы, 1956.

  10. Адамбаев Б. Шешендік сөздер. - Алматы: 1989.



БІРІНШІ БӨЛІМНІҢ ДЕРЕК КӨЗДЕРІ:

  1. Әуезов М. Әдебиет тарихы. Қызылорда-Ташкент: 1927

  2. Қазақ ССР тарихы. - Алматы: 1957. 226-б.

  3. Сейфуллин С. Қазақ әдебиеті. Қызылорда: 1932.

  4. Қазақ әдебиетінің тарихы. - Алматы: 1948. 257-б.

  5. Қазақ фольклорының тарихы. - Алматы: 1991. 61-б.

  6. Алтынсарин Ы. Таңдамалы шығармалары.- Алматы: 1995.

  7. Сейфуллин С. Шығармалар жинағы. 6-т. - Алматы: 1985.

  8. Уәлиханов Ш. Таңдамалы. - Алматы: 1985.

  9. Адамбаев Б. Халық даналығы. - Алматы: 1973.

  10. Байтұрсынов А. Ақ жол. - Алматы: 1991.

  11. Уәлиханов Ш. Таңдамалы. - Алматы: 1985.

  12. Янушкевич А. Дневники и письма из путешествия по казахским степям. - Алматы: 1963.

  13. Радлов В.В. Алтын сандық. - Алматы: 1993.

  14. Адамбаев Б. Ел аузынан. - Алматы: 1993.

  15. Бұқар Қалқаманұлы. Шығармалары. - Алматы: 1992.

  16. Омбы қаласының тұрғыны Кенжебаев Қали ақсақалдан 1992 жылы жазылып алынған. №4 бума.

  17. Әуезов М. Шығармалары. - Алматы: 1985. 16-б.

  18. Сейфуллин С. Шығармалары. - Алматы: 1964. 6-б.

  19. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. 1-т. - Алматы: 1980.

  20. Қазақ би-шешендері. - Алматы: 1993.

  21. Федоренко Н.Т.. Сокольская Л.И. Афористка. - Алматы: 1990.

  22. Жұлдыз// 1993, 1.

  23. Досмұхамедұлы Х. Аламан. - Алматы: 1991.

  24. Байтұрсынов А. Шығармалары. - Алматы: 1989.

  25. Қабдолов З. Сөз өнері. - Алматы: 1992.

  26. Базарбаев М. Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы. - Алматы: 1973.

  27. Бердібаев Р. Жыршылық дәстүр. - Алматы: 1980.

  28. Самокавасов Д. Сборник обычного права сибирских инородцев. Варшава. 1876.

  29. Билер сөзі. - Алматы: 1992.

  30. Келімбетов Н. Әдебиет белестері. - Алматы: 1986.

  31. Қазақ Совет энциклопедиясы. 9-т. - Алматы: 1981.

  32. «Дала уәлаяты» газеті. - Алматы: 1994.

  33. Төреқұлов Н. Нақыл сөздердің тәрбиелік мәні. - Алматы: 1971.

  34. Негимов С. Ақын-жыраулар поэзиясының бейнелілігі. - Алматы:1991.

  35. Кенжебаев Б. ХХ ғасыр басындағы әдебиет. - Алматы: 1993.

  36. XV-XVIII ғасырдағы қазақ поэзиясы. - Алматы: 1992.

  37. Мағауин М. XV-XVIII ғасырдағы қазақ поэзиясы. - Алматы: 1992.


ЕКІНІШІ БӨЛІМНІҢ ДЕРЕК КӨЗДЕРІ:

  1. Исмайылов Е. Ақындар. - Алматы: 1956

  2. Белинский В.Г. Полное собрание сочинений. т. 6. М.:1955

  3. Негимов С. Ақын-жыраулар поэзиясының бейнелілігі. - Алматы: 1931

  4. Ахметов З. Өлең сөздің теориясы. - Алматы: 1973

  5. Бердібаев Р. Сарқылмас қазына. - Алматы: 1983

  6. Сейфуллин С. Тар жол – тайғақ кешу. - Алматы: 1970

  7. Қабдолов З. Сөз өнері. - Алматы: 1993

  8. Байтұрсынов А. Шығармалары. - Алматы: 1991

  9. Гегель Г.В. Работы разных лет. В 2-х томах. М.: 1971

  10. Әуезов М. Основы теории литературы. М.: 1971

  11. Тимофеев Д. Основы теории литературы. М.: 1971

  12. Нұралыұлы Олжабай. - Алматы: 1995

  13. Кәкішев Т. Өнегелі өмір. - Алматы: 1976

  14. Әуталипов Н. Олжабай Нұралыұлы шығармалары // Түркістан. 1996. Қаңтар.

  15. Әдебиет майданы. 1936 ж. №1

  16. Абылай хан. - Алматы: 1993

  17. Бес ғасыр жырлайды. - Алматы: 1989

  18. Жұлдыз. 1992. №2

  19. Сәтпаева Ш. Шәкәрім Құдайбердиев. - Алматы: 1991

  20. Нұрғалиев Р. Айдын. - Алматы: 1985.



ҮШІНШІ БӨЛІМНІҢ ДЕРЕК КӨЗДЕРІ:

  1. Билер сөзі. – Алматы: Жазушы, 1992.

  2. Жұлдыз. №11. 1992.

  3. Қазақтың би-шешендері. – Алматы: Жазушы, 1993.

  4. Пайлодар облысы Екібастұз қаласының тұрғыны Қазыбек Нұралиннің айтуы бойынша 1993 жылы жазылып алынған бума №12.

  5. 1991 жылы Омбы облысы Табыршан ауданының тұрғыны Ғалымжан Нығметовтің айтуы бойынша жазылып алынған бума №2.

  6. Тозған қазды топтанған қарға жейді. – Алматы. Жазушы, 1991.

  7. Шешендік сөздер. – Алматы: Рауан, 1993.

  8. Төреқұлов Н. Қазақтың 100 би-шешені. – Алматы: Жазушы, 1995.

  9. Азия. Халықаралық басылым. 1993. №.1.

  10. Жұлдыз. №7. 1989.

  11. 1991 жылы Омбы облысы Шарбақкөл ауданының тұрғыны Шәкен Бейсекбаевтың айтуы бойынша жазылып алынған бума №1.

  12. 1993 жылы Омбы облысы Горький ауданының тұрғыны Иса Әлімовтің айтуы бойынша жазылып алынған бума № 10.

  13. 1993 жылы Жезқазған қаласының тұрғыны Мәкен Бектұровтың айтуы бойынша жазылып алынған бума № 9.

  14. «Ермек қиссасын» Омбы қаласының тұрғыны Солтан Есенболв Омбы облысы Горький ауданының тұрғыны Сағынай Сейтенқұловтан 1966 жылы жазылып алып жаттаған екен. 1991 жылы хатқа түсірілді. Бума № 3.

  15. Омбы үні. 1993. №2.


МАЗМҰНЫ

Сөз басы .............................................................................................................3

Бірінші бөлім

Шешендік өнер - қазақ поэзиясының бастауы .............................................10

Байсерке Түгелұлы шығармаларының көркемдігі .......................................16

Тоқсан Жабайұлының мұрасы .................................................................28

Бапан бидің сөз кестесі ....................................................................................34

Саққұлақ өз заманының ділмары ...................................................................37

Домақтың шешендігі ......................................................................................49

Екінші бөлім

Ақындық өнер ...................................................................................................58

Бектұрдың ақындық қарымы ..........................................................................59

Олжабай шығармаларындағы заман мен уақыт .............................................74

«Ермек» қиссасындағы шыншылдық ..............................................................87

Үшінші бөлім

Көркем қазына ....................................................................................................98

Байсерке абыз ...................................................................................................100

Тоқсан би ...........................................................................................................114

Шоң, Торайғыр билер .....................................................................................129

Бапан би ............................................................................................................135

Саққұлақ шешен ............................................................................................. 142

Домақ шешен ....................................................................................................157

Бектұр Батырқожаұлы .................................................................................... .166

Қанжығалы Олжабай ........................................................................................188

«Ермек» қиссасы ...............................................................................................216

Сөз соңы ...........................................................................................................247

Дерек көздер .....................................................................................................249

Мазмұны ...........................................................................................................252





жүктеу 3,7 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау