М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті
«Бекітемін»
«Мәдениет және өнер»
институтының директоры
_____ м.а. Нагимова М.М.
«__»__________ 2010 ж.
«Көркем қолданбалы өнер және кәсіптік білім беру» кафедрасы
050107 Бейнелеу өнері және сызу
мамандығы бойынша кредиттік оқу жүйесінде оқитын
студенттерге арналған
Живопись техникасы мен технологиясы
(пәннің атауы)
ПӘННІҢ - ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
Курс – 3
Семестр – 6
Кредит саны – 2
Дәріс – 15 сағат
Студиялық сабақ – 15 сағат
Оқытушының жетекшілігімен
студенттің өзіндік жұмысы (ОЖСӨЖ) – 30 сағат
СӨЖ – 30 сағат
Емтихан – 6 семестрде
Барлығы – 90 сағат
Орал 2010 жыл
Курс бағдарламасы жоғары оқу орындарының пәндеріне сай және Қазақстан республикасы білім беру мемлекеттік стандартқа - Алматы, 2002 - типтік бағдарлама /4.08.03. Бұйрық №528/ негізінде жасалынды, яғни ГОСО РК 3.001-2000.
Құрастырушы: аға оқытушы филос.ғ.к. Тілеуханов Нұржан Сағынұлы
(аты-жөні, лауазымы, ғылыми дәрежесі)
«Көркем қолданбалы өнер және кәсіптік білім беру» кафедрасының отырысында бекітілді.
« » 2010 ж. № хаттама
Кафедра меңгерушісі Сейтимов А.Ғ.
Мәдениет және өнер институтының оқу-әдістемелік кеңесінің отырысында бекітілді.
« » 2010 ж. № ___ хаттама.
Институттың оқу-әдістемелік
кеңесінің төрағасының ______________ м.а. Өтегенов И.Ө.
2. ПӘН БОЙЫНША ОҚЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ – SYLLABUS
Оқытушы туралы мәлімет:
Тілеуханов Нұржан Сағынұлы
М.Өтемісов атындағы БҚМУ аға оқытушысы, филос.ғ.к.
Офис: «Көркем қолданбалы өнер және кәсіптік білім беру» кафедрасы
Толық мекен жайы: Орал қаласы, Студенттер көшесі,2
Жұмыс телефоны: 505346
Пән туралы мәлімет
Живопись техникасы мен технологиясы
Семестр 15 оқу аптадан және 2 апта сессиядан тұрады.
Бір аптада 2 кредит сағат, әр кредит-сағат бір байланыс сағаттан (дәріс немесе практика) және екі сағат оқытушының жетекшілігімен студенттің өзіндік жұмысынан (ОЖСӨЖ), студенттің өзіндік жұмысынан (СӨЖ) тұрады.
Кредиттің аптаға бөліну кестесі:
Сабақтар
|
Өткізу уақыты
|
Сабақтар
|
Өткізу уақыты
|
Байланыс сағаты 1
(дәріс 1)
|
50 мин.
|
ОЖСӨЖ+СӨЖ
|
50 мин.+ 50 мин.
|
Байланыс сағаты 2
(студиялық жұмыс 2)
|
50 мин.
|
ОЖСӨЖ+СӨЖ
|
50 мин.+ 50 мин.
|
Кредит саны – 2
Өту орны: №7 оқу ғимараты, сабақ кестесі бойынша
Оқу жоспарынан көшірме:
Курс
|
Семестр
|
Кредит саны
|
Дәрістер
|
Студиялық сабақ
|
ОЖСӨЖ
|
СӨЖ
|
Барлығы
|
Бақылау
түрі
|
3
|
6
|
2
|
15
|
15
|
30
|
30
|
90
|
Емтихан
|
Кіріспе
Курстың қысқаша сипаттамасы:
Студенттердің көркем-сурет білімдерінің келесі бөлімінің бірі - «Живопись техникасы мен технологиясы» пәні.
Бұл пәнде негізінен композициялық жұмыс суретшінің қоршаған ортаны ой елегінен өткізіп, қабылдаудағы күрделі үдеріс, бейнелеу материалын тұтастандыру, бір тектес бейнелеу образын құру болып табылады.
Кескіндерді беру шарттылығы мен түстердің қатынасы, техникалық және бейнелеу мүмкіндіктеріне тәуелділік, әсемдік заттарының ерекшелігін анықтайды.
Бағдарлама мазмұнына базистік білімдерді игеру және үйрену композиция туралы түсініктер, оларды жоғарғы курстарда пайдалануға мүмкін болу үшін және арнайы технологиядағы композициялық білімдерді жетілдіре түсу үшін енгізілген.
Практикалық жұмыстағы «Живопись техникасы мен технологиясы» пәні оқу бөлмесінде орындала отырып, жобалық материал үшін үйде де, студенттердің өзіндік жұмыс істеу кезінде де орындала береді. Оқу тапсырмасы қыска мерзімде ұзақ уақытта да орындалуы мүмкін.
Бұл сабақ курсында және әңгіме кезінде студенттердің әртүрлі саладағы кәсіби суретшілердің тұрмыстық, портреттік, пейзаж жанрларында орындалған шығармашылық еңбектерінен көшірмелер жасау арқылы да тәжірибе жинақтаумен қатар олардың жазу стиліндегі техникаларымен технологияларын меңгерудің ерекшеліктерімен танысады.
Қорытындылай келе бұл пән – живопис өнерінің әдіс-тәсілдерін меңгеру арқылы қабылдау, көркем суреттік ойының дамуына, композициялық тұрғыда өзіндік орындау манерасының пайда болуына жеткілікті деңгейде білім алуына болашақта кәсіби білімді және шебер суретші-педагог болуына көп көмектеседі.
Курстарда кескіндеме тілінің құрылымын, практикалық шығарманың заңдылықтарын, бейнелеудің көркем суреттік жүйесінің мазмұнын беретін, теориялық және практикалық сабақтар жоспарланған.
Бұл оқу кезеңдерінде оқытушы әрбір студенттің, натюрморттағы, портреттегі, пейзаждағы, сюжетті-тақырыптық картинадағы композициялық-творчествалық жұмысының болашақта қаңдай беретінін анықтай алады.
Студенттерді бейнелеу өнеріне үйретуде бірінші курстан бастап соңғы курсқа дейін реалистік өнерді терең меңгеруге, оның заңдылықтарын білуге тәрбиелеудің маңызы зор.
Курс мақсаты:
Пәннің негізгі мақсаты- әсемдік көркем кескіндеменің ерекшелігін ашып көрсету, жалпы және керекті композициялық сауаттылықпен қамтамасыз ету.
Композициялық жұмыс бұл суретшінің қоршаған нағыз дүниенің ой елегінен өткізіп, қабылдауға күрделі процесс, бейнелеу материалын тұтастандыру бір тектес бейнелеу образынан мақсаттандыра ұйымдастыру болып табылады.
Практикалық жұмыстағы «Живопись техникасы мен технологиясы» пәні оқу шеберханасында орындала отырып, жобалық материал үшін үйде де, студенттердің өзіндік жұмыс істеу кезінде де орындала береді. Оқу тапсырмасы қыска мерзімде ұзақ уақытта да орындалуы мүмкін.
Бұл сабақ курсында және әңгіме кезінде студенттердің әртүрлі саладағы кәсіби суретшілердің болашақтағы жанрымен творчествосындағы ерекшеліктерімен танысады.
Курс міндеті:
Бұл бағдарлама суретшінің творчествалық және композициялық жұмыстарында тұтастықтың қалыптасуын болжайды және студенттердің көркем-образдық ойын өсіреді, творчествалық ізденістерін дамытады. Оқу кезенде студент көркем-сурет тілдерінің маңызды және негізгі жақтарымен таныса отырып, кескіндік бейнелеу заңдылықтары, композициялық ойлау қабілеті, эмоционалды-қамту жүйесі туралы білім алады.
Пререквизиттер: жалпы білім беретін мектеп бағдарламасындағы геометрия және бейнелеу өнері курсы.
Постреквизиттер: композиция негізі, сызба геометрия, перспектива
Оқу нәтижесінде мамандар мыналарды білуі қажет:
а) бейнелеудің және шығармашылық үдеріс структурасын ;
ә) адамды заттарды және қоршаған құбылыстарды бейнелеудің теориялық негізін;
б) композиция, сурет заңдылықтары мен құралдарын;
в) бейнелеудің әдістері және әр түрлі техника мен материалдарды қолдана білуі;
Оқыту әдістемесі:
Оқыту негізінен практикалық жұмыс түрінде жүріп, оқу материалдарының мазмұны, үйренген, алған білімдері сол арқылы көрініс табады.
Студенттердің алған білімдері үй тапсырмасын тексерумен, дәрісханалардағы көрмелер, жекелеген семестрлік тапсырмалармен бақылауға алынады.
Студенттерге қойылатын талаптар:
1. Сабаққа қатысу
Студент сабаққа қатысуға міндетті. Қалдырылған сабақтар пәннің оқу-әдістемелік кешенінде көрсетілгендей толық көлемде орындалу қажет. Пәннің 3/1 себепсіз қалдырса, курстан шығарылады. Белгілі бір себептерге байланысты сабақ қалдырса, тиісті құжаттары болуы қажет.
2. Аудиториядағы тәртіп
Студент сабаққа кешікпеу, сабақ уақытында сөйлеспеу, газет оқымау, ұялы телефоның сөндіру, оқу үрдісіне белсенді қатысуы қажет.
3. Студенттердің өзіндік жұмыстары
Өзіндік жұмыстар міндетті түрде орындалуы керек. Студенттер оқытушының белгілеген уақыты бойынша есептеседі, кешіккен немесе уақытында есептеспеген студенттердің жұмыстары қабылданбайды. Студенттердің тапсырмаларды орындаулары жөнінде мәлімет оқытушыда болады, ол жалпы қорытынды баға қоюда ескеріледі.
4. Жеке тапсырмалар
Семестрлік жеке тапсырмалар міндетті болып табылады. Олар үй тапсырмасы түрінде орындалып, қорғалады.
5. Бақылау жұмысы.
Бақылау жұмысы сабақ уақытында орындалып, жетінші, он бесінші аптада тапсырылады. Бақылау жұмыстарын тапсырудан кешіккен студенттердің жұмыстары қабылданбайды және бағаланбайды.
6. Практикалық жұмыс.
Практикалық жұмыстар әр топқа жеке-жеке сабақ кестесі бойынша өтеді.
7. Аралық бақылау
Семестр бойына екі аралық бақылау өтеді, жетінші және он бесінші аптада.
Достарыңызбен бөлісу: |