«Мәдениет және өнер» институтының директоры


ПӘН БОЙЫНША ДӘРІСТЕРДІҢ КОНСПЕКТІСІ



жүктеу 355,5 Kb.
бет5/6
Дата24.12.2019
өлшемі355,5 Kb.
#24855
1   2   3   4   5   6



5. ПӘН БОЙЫНША ДӘРІСТЕРДІҢ КОНСПЕКТІСІ

Дәріс 1.

Тақырып: «Батыс Еуропа суретшілерінің шығармашылықтарымен танысу».

Дәріс мақсаты: Студенттердің көркемдік талғамдарын ояту

Кілт сөздері: Сурет кескіндемелік шығарманың қанқасы болса, түс оның негізгі көркемдік құралы болып табылады. Сондықтан да суретшілер түсті заттардың нақты түрін көрсету үшін ғана емес, сонымен қатар көңілді етіп көрсету және ойды поэзия түрінде бейнелеу мақсатында да пайдаланады. Композиция, суретшінің ойын жеткізудегі бірден-бір жолы.

Негізгі сұрақтар:

1.Суретшілердің жұмыстарын талдау.

2.Портреттік жанрда орындалған еңбектерге тоқталу.

3.Техникасын, түстік ерекшеліктерін меңгеру.



Дәріс мазмұны:

Композиция (лат. «composito» – «құрастыру, шығарма») – көркем шығарманың көрінісі. Түпкі төркіні құрастыру, қиыстыру, жеке бөлшектерді бірлестіріп тұтастыру деген мағынаны білдіреді.

Композиция элементтері бірлікке ұштастырылған, бір-біріне мақсатты көркем құрылым. Пластикалық өнерді композиция көркем форма түзілімінің жеке сәттерін біріктіріп тұрады. Композиция әдістері өнердің өзіндік ереекшеліктеріне, шығарманың идеясына, авторлық ой-түйінге сәйкес туындайды. Композиция шығарманың ішкі құрылымымен бірге оның сыртқы ортамен көрермендер арасындағы қатынасында белгілейді. Бейнелеу өнеріндегі композиция шығарманың идеялық және сюжеттік тақырыптық негізін нақтыландыру барысында заттармен фигураларды кеңістікке орналастыру тәртібін, шығарма көлемін тиянақтау әрі жарықпен көлеңке ұнасымын қадағалау арқылы көрінеді. Композиция «орнықты», «айнымалы», «ашық» және «жабық» болып бөлінеді.Орнықты және ашық түрі Қайта өркендеу дәуіріндегі өнерде басымырақ қолданылады, ал айнымалы және ашық типтері барокка стилінен айқын көрініс тапты.

Суретші өз шығармасында айтпақ ойын анық және әсерлі болу үшін, онда бейнеленетін нәрселерді белгілі ретпен орналастыруға көп көңіл бөледі.

Композиция шығарманың құрылымы тұрғысынан мазмұнын неғұрлым айқын, нанымды, әсер лі шығуына жағдай жасайды.

Қарапайым тілмен айтқанда, көркем шығарманың ішкі құрылымы толып жатқан бөлшектерден тұрса, композиция сол бөлшектерді өзара құрастырып, біртұтас етеді.



Перспектива. (лат. «percpicere» - «анық көремін» деген сөзден шыққан.) Ол кеңістікті қалай бейнелеу туралы ұғым. Ол бізге көз алдымыздағы болмысты сол көрініп тұрған қалпында бейнелеуді мүмкіндік береді. Перспективаның бірнеше түрі бар: перцепциялы перспектива, кері перспектива, параллель перспектива, спираль тәріздес перспектива т.т. Қайта өркендеу дәуірінен бастап перспективаның кең тараған түрі – сызықтық перспектива. Перспективадағы негізгі маңызды болып табылатын түсініктер: көкжиек сызығы, орталық шығу көзі, көру нүктесі, қарау бұрышы. Жалпы алғанда перспектива суретші таңдап алған көркем әдіске байланысты композициялық тиімді шешімге көмектеседі. Ауа перспективасы – ауа кеңістігімен қашықтыққа байланысты нұсқаның, бейненің көмескіленуі, өзгеруі. Суретші нұсқамен жұмыс істеген уақытта оның алыс-жақындығына қарай кескін айқындығының, бояу түсі байлығының, нұрсая өзгерісін ескереді.

Перспектива заңдылығын алғашқы ашқандардың бірі – Қайта өрлеу дәуіріндегі атақты Италиян сәулетшісі және суретшісі Брунемский және сол дәуірдегі басқа да Италиян суретшілері шұғылданған. Заттар бізден алыстаған сайын жарығырақ, бозғылттырақ бола түсетінін байқауға болады. Өйткені, біздің жанарымыз бен алыстағы нысанның арасында тығыз ауа қабаты жатыр. Әлгі заттардың өңін жұмсартып, түсін өзгертіп тұрғанда сол.

Оны бірінші рет байқап, өз шығармасында бейнелеген – Италиян суретшісі Леонардо да Винчи.

Перспектива заңдылығының ашылғаны бейнелеу өнеріндегі елеулі оқиға болды. Ол картинада тереңдік пен кеңістікті дәл бейнелеуге мүмкіндік береді. Бейнелеу өнерінің көркемдігін, әсерлігін арттыруға ықпал етеді.



Бояу түсі. Ол живопистік шығарманың басты бейнелеу құралы, дегенмен бояу түсі графика мен мүсін өнерінде сирек болса да пайдаланылады. Ал қолөнер бұйымдарында бояу түсі мәндік мағыналы рәмізге ие. Ақ - кіршіксіз тазалықтың, ұлылықтың, бақыттың қуаныштың белгісі. Қара – жердің, берекенің нышаны. Көк – аспан, мәңгілік белгісі. Қызыл – оттың, күннің рәмізі. Сары – ақыл, парасаттың, қайғы-мұңның белгісі.

Бояулар қарқыны живопистік шығармадағы бояулар екпінділігін аңғартады. Бояу түсінің гамасы (гр. gamma) – бейнелеу өнерімен сәндік қол өнер шығармаларында бір бірімен байланысты бояу реңдерімен үйлесімділікте болады. Табиғат қоршаған ортадағы сұлулық бояу нақышымен қымбат. Олардың көркі ең алдымен түрлі түсті реңімен байланысты айқындалады. Түр-түсті арнайы зерттейтін ғылым «түр-түстану» ғылымы деп аталады. Түр-түстің шартты түрде толып жатқан қоғамның символикалары мен әр халықтың әдет ғұрып, салт-санасына қатысты қолданыстары бар. Табиғаттағы әр алуан түр-түстерді адам баласы екі жолмен танып біледі. Біріншісі – ғылыми жолмен, екіншісі – халықтық дәстүр-тәжірибе бойынша. Әсіресе бейнелеу өнерінде түр-түс бейнелеудің басты құралы болып табылады.

Түс живописьтің ең басты құралы болып табылады, яғни живопись шығармасында оның көркемдік құралдарының негізін жарық және көлеңкемен бірлікте түс құрайды.

Нақ түстік қатынастарды дұрыс алу реалистік Живопись өнерімен шұғылданушы адам бояулардын, қылқаламдарын, әр түрлі майлары мен басқа да жабдықтарын сақтау үшін арнайы жәшікті (этюдник) пайдаланады. Майлы бояумен жұмыс істеу үшін арнайы қатты қылшықты қылқаламдар пайдаланылады. Корпустық живопись үшін жалпақ қылқаламдар, ал ұсақ детальдарды салу үшін күзен қылынан жасалған жұмыр және жалпақ қылқаламдар қолданылады. Живописпен көбіне күндіз шұғылданған жөн. Өйткені шамның жарығы бояулардың түстерін өзгертіп көрсетеді.

Суретті кенепке түсіргеннен кейін ғана түспен жазады. Әр суретші дүниені өзінше көріп, өзінше бейнелейді. Әрқайсысы әр түрлі бояу үйлесімін ұнатады. Суретші политраны қолдану арқылы өзіне керек түсін табады. Политра аса бай болса, ол суретшінің шығармасының бояу әлемінің өте молдығын көрсетеді. Салған суретке ең әуелі сұйық бояу жағылады. Содан сәуле түсекен және көлеңкелі жерлерін айыру қажет. Жалпыдан бастап жекелеген детальдарға көшу керек.



Табиғатта қызыл, сары, көк түстерді негізгі түстер деп, ал араластыру жолымен алынған басқа түстерді туынды түстер деп атайды. Қызыл мен сарыны араластырып – жасыл көк; қызыл ен көкті араластырып – күлгін т.б. толып жатқан түстер алуға болады.

Қорытып айтқан, сурет живопистіьтік шығарманың қанқасы болса, түс оның «қаны мен тәні» болып табылады. Сондықтан да суретшілер түсті заттардың нақты түрін көрсету үшін ғана емес, сонымен қатар көңілді етіп көрсету және ойды поэзия түрінде бейнелеу мақсатында да пайдаланады.

Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:

1.«Сборник№45 живопись»Алматы 1994г Республиканский издательский кабинет.Программы для университет ов и педагогических инститов (Проект).Составители Н.А.Стариченко, А.Ж.Накисбеков. 100с.

2.Алехин А.Д. О языке изобразительного искусства. «Знание» Серия Искусства. М. 47с.1973г.

3.Алпатов М.В. Композиция в живописи. Исторический очерк. М. Искусство. 1940г.132с.

4.Арнхейм Р. Искусство и визуальное восприятие. М. Наука. 1974г. 392с.

5.Беда Г. В. Живопись и ее изобразительные средства. М.Просвешение. 1977г 187с.

6.Беда Г. В.Основы изоразительной грамоты. Рисунок.Живопись. Композиция. М. Просвешение. 1981г. 237с.

7.Волков Н.Н. Композиция в живописи.М .Искусство. 1977г 263с.

8.Волков Н.Н. Восприятие картины. 2-е изд., доп. М. Просвешение 1976г 32с.

9.Выготский В.С. Психология искусства. 2-е изд.,доп. М.Искусство 1968г 576с.

10.Зайцев А.С. Наука о цвете и живопись. М. Искусство. 1986г 158с.

11.Кардовский Д. П. Об искусстве. Воспоминания, статья, письма. М.АХ СССР. 1960г.340с.

12.Кибрин Е.А. Об Искусстве и художниках. М. АХ СССР. 1961г 311с.

13.Костин В.И. Юматов В.А. Язык изобразительного искусства. М.Знание. 1978г. 10с.

14.Пашаев А.А. Педагогика искусства и творческие способности. М. Знание 1981г 96с.

15.Непомнящий В.М. Смирнов Г.Б. Практическое применение перспективы в станковой картине. М. Просвешение 1978г 119с.

16. Никулина О.Р. Природа глазами художника. М. Советский Художник. 1982г 175с.
6. ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚТАРДЫҢ ЖОСПАРЫ




Тақырып

Практикалық жұмыс мазмұны

Апта

Әдебиет

1.



6 семестр

Ұлы суретшілердің портеттік жанрдағы орындаған шығармаларынан көшірме.



Әр шығарманы композициялық бағытта зерттеу.

Адамның түрлі ракурстағы динамикалық жағын ескеру.

Шыңдықты бейнелеудің негізгі заңдылықтарымен танысу және майлы бояудың ерекшеліктері.

Жұмысты тұтастандыру.


1-7



2.3.4.6.7.8.12.14



2.


Интерьердегі адамды күрделі жарықтандыруда бейнелеу.

Жанрлық және образдық бір адам денесінен құралған композицияның негізгі туындаған ойын беру.


Портрет жазудағы характерлік ерекшеліктерін табу.

Портретті көркемдеп стилизациялау принципі.


8-15


4.6.7.8.9.12.15



жүктеу 355,5 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау