7. ПӘНДІ ОҚЫТУ ЖӨНІНДЕГІ ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР
Бейнелеу өнері мамандығында оқитын студенттердің сурет салып үйренулерінің тиімді жолына – нұсқадан қарап кескіндеме жазу әдістемесі жатады.
Композицияның түпкі мақсаты – студентті кәсіпқой шығармашылық қызметке дайындау. Міндеті – студенттердің эстетикалық талғамдарын қалыптастыру теориялық, практикалық қабілеттерін дамыту, композициялық – шығармашылық қызметтерін арттыру. Осы мәселелерді тиімді шешу үшін төмендегі үш қызметке баса назар аудару қажет:
- аудиториялық жұмыс;
- оқытушылардың жетекшілігімен өтетін студенттердің өздік жұмысы;
- өздік жұмыс немесе үй жұмысы.
Бұл үш түрлі жұмыстар бір-бірімен тығыз байланысты және бір-бірін толықтыру принципін атқарады. Сурет сабағында нұсқадан қарап сурет салу, сонымен қатар арнайы тақырыптарға дәрістер оқылады. Аудиториялық және өздік жұмыстары оқытушылардың қадағалауымен жүргізіледі.
Оқу жұмысын төменгідей топтарға бөлуге болады:
- нұсқадан сурет салу, нобай, жылдам салынатын долбарлар, ұзақ мерізімге арналған жұмыстар;
- ой арқылы, еске түсіру арқылы, қиял арқылы салынған, жазылған жұмыстар;
- композициялық түрдегі жұмыстар – сюжетті іздеу барысындағы ізденіс нобай – долбарлар. Бұған белгілі тақырыпты ашу барысындағы, идеялық – образдық шешімге келу жолындағы ізденістер, пластикалық құрылымды іздеу барысындағы жасалған жұмыстар жатады.
Бұл айтылған жұмыстар жанрдың қай түрі болмасын (натюрморт, портрет, пейзаж, т.б.), сурет техникасының қандайы болмасын арнайы аудиторияда немесе аудиториядан тыс жерлерде де қолданыла беріледі.
Студенттердің өздік жұмысы - әр-түрлі бағытта дамуы мүмкін, яғни, нұсқа арқылы әр-түрлі кескіндеме жазу, композициялық ізденіс, түрлі жарыстар көрмелеріне қатысу, әр-түрлі техникада өз күшін, ептілігін байқап көру, т.б. Бұлар жиналып кескіндеме өнерінен студенттердің шеберлігін, икемділігін арттырады.
Ұзақ мерзімге арналған қойылымдардың орындалу жолын екі кезеңнен қарастырған дұрыс: оның алғашқысы – дайындық, екіншісі – орындалуы. Бірінші кезең мына қызметтерді қамтиды. Оқытушының студентке қойар талабы: нұсқаны көзбен талдау жасау, графикалық, түрлі нобайлар жасау, қағаз бетіне орналастыру, құрастыру, композициялық шешімін табу, формат көлемін анықтау, өңдік байланысын табу, нұсқаның күрделі тұстарын зерттеу, т.б. Сонымен қатар дайындық кезеңінде нұсқаның кенеп бетіндегі (графикалық бейнесі) бейнесіде жатады.
Оқытушының жетекшілігімен өткізілетін - дайындық кезеңіндегі жұмыстарға атүсті қарамаған абзал, себебі жұмыстың жақсы шығуы осы қызметке де тығыз байланысты. Орындалу кезеңінде кескіндемелік бейне, көлем, материалдардың бір-бірімен байланысы, жарық мөлшері, тұтастық заңдылығын сақтау, материалдық образды, бейнені шығару жолдары рет-ретімен жүргізіледі.
Кескіндеме жазғанда неден бастау керек және де неден бастап жазу керек деген заңды сұрақ туады. Бұл жөнінде көптеген оқулықтарда түрлі әдістеме, әр-түрлі тәсілдер айтылады. Біреулері көлеңкелі жерлерден жазған дұрыс десе, енді біреулері ашық, жарық жерден бастаған абзал деген пікірде, үшіншісі кереғар тұстарды көрсеткен дұрыс дейді. Мүмкін, әдістемелік тұрғылан бұл пікірлер дұрыс та болар. Дегенмен жазғанда алдымен жалпы рең, өңді ұстауға ұмтылу керек, денелердің гармониялық байланысынан бастаған жөн. Мейлі ол композициялық пластикалық ізденіс, мейлі жеке дене формасы болсын, нұсқадағы жалпы реңдік қатынасты бірден таппай, кіші бөлшектерге көшуге болмайды. Тіпті кейде кіші бөлшектерді салу процессідеде үлкен масса, үлкен ауқымға да жиі-жиі оралып отырған жөн. Бұл әрине, қиынға соғуы ықтимал, дегенмен тұтас көру, тұтас салу суреттің басты заңдылықтарының бірі. Кескіндеме жазғанда осыларды ескерген дұрыс.
8. ТИПТІК ЕСЕПТЕУ, ГРАФИКАЛЫҚ ЖҰМЫС, ЛАБОРАТОРИЯЛЫҚ ЖҰМЫС, КУРСТЫҚ ЖОБА ОРЫНДАЛУЫ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР жоқ
9. СТУДЕНТТІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫНА (СӨЖ) АРНАЛҒАН МАТЕРИАЛДАР
Композициялық портрет
Этюдтер жазу.
Адам бейнесін жұмсақ материалмен салу.
Әйел, ер адам портретін салу.
Адам бейнесін табиғат аясында жазу.
10. ОҚУ ӨНДІРІСТІК ЖӘНЕ ДИПЛОМАЛДЫ САРАМАНДЫ ӨТКІЗУ ЖӨНІНДЕ ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР жоқ
11. СТУДЕНТТІҢ ОҚУ ЖЕТІСТІКТЕРІН БАҚЫЛАУ ЖӘНЕ БАҒАЛАУ МАТЕРИАЛДАРЫ
Әр семестрден кейін студенттердің білімдерін бағалау:
Оқыту негізінен практикалық жұмыс түрінде жүріп, оқу материалдарының мазмұны, үйренген, алған білімдері сол арқылы көрініс табатындықтан емтихан көрме түрінде (выставление) өтеді.
Студенттердің алған білімдері жекелеген семестрлік тапсырмалар, үй тапсырмалары, т.б. сол көрмеге қойылып, оны кафедра оқытушыларынан құралған комиссия бағалайды.
Емтихан көрмесіне қойылатын негізгі жұмыстарға, соңғы орындалған аудиториялық жұмыс талапқа сай безендіріліп , күнделікті этюдтер, нобайлар, нұсқадан, қиялы бойынша да салынған кескіндемелік жұмыстар қойылады (үй тапсырмаларын майлы бояу, жұмсақ материалдар, сангинамен орындауға болады).
Бұндағы қойылатын негізгі талаптарға:
- үйлестіру, орналастыру жағдайын – сәйкестік заңдылықтарын;
- қойылым кеңістігін көрсету, перспективасы мен ауа перспективасын;
- заттардың неден жасалғандықтарын, яғни материалдарын көрсету;
- жазықтыққа дұрыс орналасуын, орындау техникасы мен ұқыптылығын, т.б.
жатқызамыз.
Комиссия әр оқу семестрінде емтиханда үздік деп танылған, сәтті деген жұмыстарды таңдап алып, оқу ғимараты дәлізіне көрмеге іледі.
Білімді бағалау жөніндегі мәлімет
Білім бағалау мәліметінде білім бағалау шкаласы, критериясы, жұмыс түрлерінің тізімі және осы жұмыстарды орындау талаптары беріледі.
Әдетте силлабуста келесі мәліметтер көрсетіледі:
барлық жұмыс түрлерін бағалау ережесі (максималды балл, айыптық және көтермелеу балдары);
қорытынды (емтихан) бағасын қою критериялары және аппеляция ережесі;
сабаққа кешігу, сабақты қалдыру, дәрісханадағы тәртіп, жұмысты кеш тапсыру, емтиханға қатыспау т.б. мәселелер.
Бағалау саясаты
Бағалау саясаты келесі принциптерге негізделу керек: шынайлық, әділдік, айқындылық, икемділік, жоғары дифференциация.
Қорытынды бағалауға рейтингтік бақылау және емтихан кіреді.
Ќорытынды бағалау мен рейтингті бақылау
Семестрдің 7(8) аптасында (1-7 апта нәтижесі бойынша) және 15 аптада (8-15 апта нәтижесі бойынша) оқытушы 100 балдық шкала бойынша рейтингті бақылау нәтижелерін шығарады және оқытушы өткізген рейтингке қойылатын баға, ағымды, рубеждік бақылау балдарының сомасын көрсетеді.
Қорытынды баға мына формула бойынша есептеледі
U = [(P1 +P2) / 2] * 0,6 + E * 0,4
P1 - бірінші рейтингті бағалаудың цифрлік эквиваленті
P2 - екінші рейтингті бағалаудың цифрлік эквиваленті
Е – емтихандағы бағалаудың цифрлік эквиваленті
Яғни 30% (1 рейтинг) + 30% (2 рейтинг) + 40% (емтихан).
Пән бойынша білімді бағалау кестесі
Бағалау саясаты:
№
|
«Живопись техникасы мен технологиясы» пәні бойынша білімді бағалау кестесі
|
Бағалау критериясы
|
Бағалау түрі
|
Атпа
|
Жұмыс үшін %
|
Барлығы
%
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
8
|
9
|
10
|
11
|
12
|
13
|
14
|
15
|
1
|
Үй тапсырмасы (Портрет)
|
2
|
10
|
|
+
|
|
+
|
|
+
|
|
|
+
|
|
+
|
|
+
|
|
|
2
|
Жеке тапсырма
(Этюдтар)
|
2
|
30
|
|
+
|
|
+
|
|
+
|
|
|
+
|
|
+
|
|
+
|
|
|
3
|
Бақылау жұмысы (Реферат түрінде)
|
2.5
|
5
|
|
|
|
|
|
|
+
|
|
|
|
|
|
|
+
|
|
4
|
Практикалық сабақтардағы белсенділігі (Сабаққа қатысу, берілген жұмыстарды орындау)
|
1
|
15
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
|
Р1 + Р2
|
|
60
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
...
|
Емтихан (Үй жұмысымен жеке және аудиториялық жұмыс көрмесі)
|
|
40
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Барлығы
|
|
100
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Семестр барысында екі аралық бақылау жүргізіледі 7(8) және 15 апталарда.
Аралық бақылаулар бойынша студенттің максималды үлгерім көрсеткіші 60% құрайды. Семестр аяғында оқу пәні бойынша қорытынды аттестациялау – емтихан өткізіледі (максималды көрсеткіші - 40%).
Пән бойынша қорытынды емтихан бағасы аралық бақылаулар және қорытынды аттестациялаудың максималды көрсеткіштер сомасы ретінде анықталады.
Қорытынды емтихан пәннің негізгі теориялық және практикалық материалдарын қамтитын нұсқаулар бойынша өтеді. (Аралық бақылау max.60%, емтихан 40%, барлығы 100%.
Қорытынды емтихан үй жұмыстары мен жеке және аудиториялық жұмыстардың көрмесімен бағаланады.
Студенттердің білімі келесі кесте бойынша бағаланады:
Бағалау
|
Бағаның әріптік баламасы
|
Бағаның сандық баламасы
|
Бағаның проценттік баламасы
|
Бағалаудың дәстүрлі жүйесі
|
A
|
4,0
|
95-100
|
өте жақсы
|
A-
|
3,67
|
90-94
|
B+
|
3,33
|
85-89
|
жақсы
|
B
|
3,0
|
80-84
|
B-
|
2,67
|
75-79
|
C+
|
2,33
|
70-74
|
қанағаттанарлық
|
C
|
2,0
|
65-69
|
C-
|
1,67
|
60-64
|
D+
|
1,33
|
55-59
|
D
|
1,0
|
50-54
|
F
|
0
|
0-49
|
қанағаттанарлықсыз
|
Курс саясаты және іс-жосығы (процедурасы)
Курс саясаты оқу процесінің жоғарғы тиімділігін қамтамасыз етуге тиісті және барлық студенттер үшін міндетті. Әрбір оқытушы студенттерге сабақ барысында тәртіп ережелерін, оқытушымен және басқа студенттермен өзара қатынастарын ұстаудағы өзіндік жүйесін талап етеді. Курс бойынша жоғары балл алу үшін әрдайым жұмыстану қажет. Себебі пән бойынша баға жалпы семестр бойы жинақталады. Сабаққа белсенді қатысып, барлық графикалық жұмыстарды, тапсырмаларды нақты, дұрыс, ұқыпты, толық орындаған жағдайда студентке жоғары баға қойылады.
Студенттердің білімін тақырыптар бойынша тексеру және емтихан сұрақтары
1-7 апталардағы тақырыптар бойынша тексеру сұрақтары.
Жарық пен түстер табиғаты туралы айту. Спектрлі түстерді атау, оларға мінездеме беру. Түстердің қасиеттері.
Түс шеңбері дегеніміз не? 8,6,12 түстерден тұратын түс шеңберін қалай алуға болады.
Заттық түс және түс дегеніміз не? Олардың бір-бірінен айырмашылығы неде?
Контрастті және қосымша түс деп нені айтуға болады.
«Салқын» және «жылы» түстер деп қандай тустерді атаймыз. Түстердің салқынды жылылығы кескіндемеде қандай орын алады?
Заттың фромасындағы жарық пен көлеңке элементтерін атап оларға мінездеме бер.
8-15 апталардағы тақырыптар бойынша тексеру сұрақтары.
1. Түстердің өзгеруі. Жарық пен ауа құбылыстарының перспективасы.
2. Алдыңғы көріністегі (пейзаж, натюрморт, интерьер) заттардың қабылдану ерекшеліктері.
3. Сурет пен нұсқа салудағы натура заттарының бір-бірімен қатынасының түстік шағылысуын берудің қандай мағынасы бар?
4. Жарық көзінің түсі табиғат көріністерінің жалпы колоридтік жағдайына қандай әсерін тигізеді? Суретшілер туындыларына анализ жасаңыз және уақыт мезгілі мен жыл мезгілін көрсететін суреттердің колоридтік ерекшеліктерін атаңыз.
5. Суреттің идеясы мен образды құрамын берудегі колорит маңызы қандай? Бірнеше суретшілер туындылырына салыстырмалы анализ жасаңыз.
6. Кескіндемедегі түстердің тондық қатынасы туралы; Қатынастар арқылы жұмысты орындау неге негізделеді.
7. Бейненің кескіндік тұтастығы деген не? Оны орындау үшін сураетші қандай тәсілдер қолданады?
12. ОҚУ САБАҚТАРЫНЫҢ БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ЖӘНЕ МУЛЬТИМЕДИЙЛІК ҚАМАТАМАСЫЗДАНДЫРУ жоқ
13. АРНАУЛЫ АУДИТОРИЯ, КАБИНЕТ ЖӘНЕ ЛАБОРАТОРИЯЛЫҚ ТІЗІМІ
№ 301, 309, 310, 311, 313, 323 аудиториялар, № 7 оқу ғимараты.
Достарыңызбен бөлісу: |