Мазмұны жалпы бөлім 1-бөлiм. Негiзгi ережелер


-бап. Қылмыстық iс бойынша дәлелдеуге жататын мән-жайлар



жүктеу 6,76 Mb.
бет11/42
Дата07.12.2017
өлшемі6,76 Mb.
#3491
түріКодекс
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   42

113-бап. Қылмыстық iс бойынша дәлелдеуге жататын мән-жайлар

1. Қылмыстық iс бойынша:

1) оқиға және қылмыстық заңда көзделген қылмыстық құқық бұзушылық құрамының белгiлерi (оның жасаллған уақыты, орны, тәсілі және басқа да мән-жайлары);

2) қылмыстық заңмен тыйым салынған әрекеттi кiмнiң жасағаны;

3) адамның қылмыстық заңмен тыйым салынған әрекеттi жасағаны үшін кiнәлiлiгi, оның кiнәсiнiң нысаны, жасалған әрекеттiң себептері, заңдық және iс жүзiндегi қателiктері;

4) күдікті, айыпталушы жауаптылығының дәрежесi мен сипатына әсер ететiн мән-жайлар;

5) күдіктінің, айыпталушының жеке басын сипаттайтын мән-жайлар;

6) жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтың зардаптары;

7) қылмыстық құқық бұзушылықтан келтiрілген зиянның сипаты мен мөлшерi;

8) әрекеттiң қылмыстылығын жоққа шығаратын мән-жайлар;

9) қылмыстық жауаптылық пен жазадан босатуға әкеп соғатын мән-жайлар дәлелденуге жатады.

2. Кәмелетке толмағандардың жасаған қылмыстық құқық бұзушылықтары туралы iстер бойынша дәлелдеуге жататын қосымша мән-жайлар осы Кодекстiң 533-бабында, ал есі дұрыс емес адамдардың қоғамдық қауіпті әрекеттері туралы істер бойынша осы Кодекстің 512-бабында көрсетілген.

3. Басқа да мән-жайлармен қатар Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 49-бабына сәйкес тәркіленуге тиіс мүліктің заңсыз, оның ішінде қылмыстық құқық бұзушылық жасау нәтижесінде алынғанын немесе осы мүліктен түскен кіріс болып табылатынын не құқық бұзушылық үшін қару ретінде не экстремистік немесе террористік қызметті не қылмыстық топты қаржыландыру немесе өзгедей қамтамасыз ету үшін пайдаланылғанын немесе арналғанын растайтын мән-жайлар дәлелденуге жатады.

4. Қылмыстық құқық бұзушылық жасауға септігі тиген мән-жайлар да қылмыстық іс бойынша анықталуға жатады.


114-бап. Дәлелдемелерсiз анықталатын мән-жайлар

Мына мән-жайлар, егер тиiстi құқықтық рәсiмдер шеңберiнде:

1) жалпыға белгiлi фактiлер;

2) осы заманғы ғылымда, техникада, өнерде, кәсiпте жалпы жұрт қабылданған зерттеу әдiстерiнiң дұрыстығы;

3) заңды күшiне енген сот актісімен белгiленген мән-жайлар;

4) адамның заңды бiлуi;

5) адамның өз қызметтiк және кәсiби мiндеттерiн бiлуi;

6) арнаулы даярлығы немесе бiлiмібар екендiгiн растайтын құжатты ұсынбаған және арнаулы даярлық немесе білім алған оқу орнын немесе басқа да мекеменi көрсетпеген адамда арнаулы даярлықтың немесе бiлiмнiң болмауы керiсiнше дәлелденбесе, дәлелдемелерсiз анықталған мән-жайлар болып есептеледі.


115-бап. Күдіктiнiң, жәбiрленушiнiң, куәнiң айғақтары

1. Күдіктiнiң, жәбiрленушiнiң, куәнiң айғақтары – бұл осы Кодекстiң 26-тарауында белгiленген тәртiппен олардың сотқа дейінгі тергеу барысында жауап алуда жазбаша немесе ауызша нысанда хабарлаған мәлiметтері.

2. Күдіктi өзiне қарсы күдік жөнiнде, сондай-ақ iс бойынша маңызы бар өзiне белгiлi өзге де мән-жайлар мен дәлелдемелер туралы айғақтар беруге құқылы.

3. Күдіктінің қылмыстық құқық бұзушылықты жасағанына орай өз кінәсін мойындауы оның кінәсі іс бойынша бар дәлелдемелердің жиынтығымен расталған кезде ғана айыптау негізіне жатқызылуы мүмкін.

4. Жәбiрленушiден iс бойынша дәлелдеуге жататын кез келген мән-жайлар туралы, сондай-ақ оның күдіктімен, басқа да жәбiрленушiлермен, куәлармен өзара қарым-қатынасы туралы жауап алынуы мүмкiн. Егер ол өзi хабардар болған жәйттің көзiн көрсете алмаса, жәбiрленушi хабарлаған мәлiмет дәлелдеме бола алмайды.

5. Куәдан кез келген iске қатысты мән-жайлар туралы, оның iшiнде күдіктінің, жәбiрленушiнiң жеке басы туралы, өзiнiң олармен және басқа да куәлармен қарым-қатынасы туралы жауап алынуы мүмкiн. Егер өзi хабардар болған жәйттің көзiн көрсете алмаса, куә хабарлаған мәлiмет дәлелдеме бола алмайды. Куә ретiнде жауап алуға жатпайтын адамдардың хабарлауы дәлел болып табылмайды.

6. Күдіктінің жеке басына сипаттама беретiн деректер туралы айғақтар айыптау негiзiне жатқызыла алмайды және жаза тағайындауға немесе жазадан босатуға байланысты мәселелердi шешу үшiн дәлелдемелер ретiнде ғана пайдаланылады.

7. Осы Кодексте белгiленген тәртiппен жауап алу кезiнде қылмыстық iс үшiн маңызы бар мән-жайларды дұрыс қабылдау немесе қайталап айту қабілетіне қабiлетсiз деп танылған адамның айғақтары дәлелдемелер болып табылмайды.

8. Құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдарға құпия негізде жәрдемдесетін адамның тікелей қабылдаған іс жүзіндегі деректері оның келісімі бойынша куә, жәбірленуші, күдікті (айыпталушы) ретінде жауап алғаннан кейін дәлелдемелер ретінде пайдаланылуы мүмкін.

Қылмыстық топқа енгізілген адамдардың тікелей қабылдаған іс жүзіндегі деректері осы адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын органның лауазымды адамынан куә ретінде жауап алғаннан кейін дәлелдемелер ретінде пайдаланылуы мүмкін.


116-бап. Сарапшының қорытындысы және айғақтары

1. Сарапшының қорытындысы – осы Кодекстің талаптарына сәйкес ресімделген, сот-сараптамалық зерттеудің барысы мен нәтижелерін көрсететін құжат.

2. Сарапшының ауызша түсiнiктемесi ол бұрын берген қорытындыны түсiндiру бөлiгiнде ғана дәлелдемелер болып табылады.

3. Сарапшының қорытындысы қылмыстық процестi жүргiзушi орган үшiн мiндеттi болып табылмайды, алайда оның қорытындымен келiспеуi дәлелдi болуға тиiс.

4. Сарапшының айғақтары – қорытындыны алғаннан кейін оның берген қорытындысын түсіндіру немесе нақтылау мақсатында жүргізілген жауап алуда оның хабарлаған мәліметтері.

117-бап. Маманның қорытындысы және айғақтары

1. Маманның қорытындысы – осы баптың үшінші бөлігінің талаптарына сәйкес ресімделген және қылмыстық процесті жүргізетін адамның немесе тараптардың маманның алдына қойған мәселелер бойынша зерттеулердің мазмұны мен қорытындыларын бейнелейтін жазбаша түрде ұсынылған ресми құжат. Зерттеуді тағайындау, қорытынды берудің мүмкін еместігі туралы хабарлама дайындау тәртібі, зерттеуді тағайындау және жүргізу кезіндегі күдіктінің, жәбірленушінің, куәнің, қорғаушының және жәбірленуші өкілінің құқықтары, өздеріне қатысты зерттеу жүргізілетін адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерінің кепілдіктері, процеске қатысушылардың зерттеу жүргізілген кезде процеске келіп отыруы, зерттеу объектілері, күдіктіге, жәбірленушіге маманның қорытындысын ұсыну, зерттеу үшін үлгілер алудың негіздері мен тәртібі осы Кодекстің 34, 35-тарауларының тәртібімен маманның зерттеу жүргізу ерекшеліктерімен жүзеге асырылады.

2. Қажетті зерттеулерді жүргізгеннен кейін маман өз атынан жазбаша қорытынды жасап, оны өзінің қолтаңбасымен куәландырады.

Маманның Қазақстан Республикасының құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органының уәкілетті бөлімшесі қызметкерінің жасаған жазбаша қорытындысы аталған бөлімшенің мөрімен расталады.

3. Маманның қорытындысында: оның ресімделген күні, зерттеу жүргізілген мерзім мен орны; маманның қорытындысы,зерттеуді жүргізген маман туралы мәліметтер (тегі, аты, әкесінің аты, білімі, мамандығы, мамандығы бойынша жұмыс өтілі, ғылыми дәрежесі және ғылыми атағы, атқаратын қызметі) қоса берілетін тергеу іс-әрекеті хаттамасының деректемелері; көрінеу жалған қорытынды бергені үшін қылмыстық жауаптылық туралы өзінің ескертілгені туралы маманның қолтаңбасымен куәландырылған белгі; маманның алдына қойылған мәселелер; зерттеу объектілері; қолданылған әдістемелер көрсетіле отырып, зерттеулердің мазмұны мен нәтижелері; жүргізілген зерттеулердің нәтижелерін бағалау, маманның алдына қойылған мәселелер бойынша қорытындылардың негіздемесі мен тұжырымы көрсетілуге тиіс.

4. Маманның қорытындысын безендіретін, осы баптың екінші бөлігінде көзделген тәртіппен куәландырылған материалдар (фотокестелер, схемалар, графикалар, кестелер және басқа да материалдар) қорытындыға қоса беріледі және оның ажырамас бөлігі болып табылады. Сонымен қатар қорытындыға зерттеуден кейін қалған объектілер, оның ішінде үлгілер қоса берілуге тиіс.

5. Маманның ауызша түсіндірулері оның бұрын берілген қорытындысын түсіндіру бөлігінде ғана дәлелдемелер болып табылады.

6. Маманның айғақтары – қорытындыны алғаннан оның берген қорытындысын түсіндіру немесе нақтылау мақсатында кейін жүргізілген жауап алуда оның хабарлаған мәліметтері.

7. Маманның қорытындысы қылмыстық процестi жүргiзушi орган үшiн мiндеттi болып табылмайды, алайда оның қорытындымен келiспеуi дәлелдi болуға тиiс.
118-бап. Заттай дәлелдемелер

1. Егер қылмыстық құқық бұзушылық құралы болды деп ойлауға негiз болса немесе оларда қылмыстық құқық бұзушылықтың iздері сақталып қалса, немесе қылмыстық әрекеттiң объектiлерi болған болса, сондай-ақ қылмыстық құқық бұзушылықты табу, iстiң iс жүзiндегi мән-жайын анықтау, кiнәлiлердi табу, күдіктенуді не айыптауды теріске шығару немесе жауаптылықты жеңiлдету құралы болуы мүмкiн ақша мен өзге де құндылықтар, заттар мен құжаттар заттай дәлелдемелер деп танылады.

2. Осы Кодекстiң 221-бабының төртiншi бөлiгiнде көзделген жағдайларды қоспағанда, заттай дәлелдемелер қылмыстық процестi жүргiзушi органның қаулысымен iске қоса тiгiледi және үкiм немесе iстi қысқарту туралы қаулы заңды күшiне енгенге дейiн сонда болады. Заттай дәлелдемелердi қарап тексеру және сақтау тәртiбi осы Кодекстiң 221-бабымен айқындалады.

3. Қылмыстық істі қысқарту туралы шешім шығарылған немесе үкiм шығарған кезде заттай дәлелдемелер туралы мәселе шешiлуге тиiс. Бұл ретте:

1) қылмыстық құқық бұзушылық құралы сот тәртібімен тәркiленуге жатады немесе тиiстi мекемелерге белгiлi бiр адамдарға беріледi немесе жойылады;

2) ұстануға тыйым салынған немесе ұстануға шектеу қойылған заттар тиiстi мекемелерге берілуге жатады немесе жойылады;

3) құндылығы жоқ және пайдалануға келмейтiн заттар жойылуға жатады, ал мүдделi тұлғалар немесе мекемелер өтініш берген жағдайда оларға берiлуi мүмкiн;

4) қылмыстық жолмен жиналған ақша және өзге де құндылықтар, сондай-ақ заңсыз кәсiпкерлiк пен контрабандалық заттар соттың шешiмi бойынша мемлекеттiң кiрiсiне өндіріп алуға жатады; қалған заттар заңды иелерiне берiледi, ал иелері анықталмаған кезде мемлекеттiң меншiгiне өтеді. Бұл заттардың тиесiлiгi туралы дау туындаған жағдайда ол азаматтық сот iсiн жүргiзу тәртiбiмен шешілуге жатады;

5) заттай дәлелдемелер болып табылатын құжаттар соңғысының сақталуының бүкіл мерзiмi iшiнде іспен бiрге қалады не осы Кодекстiң 120-бабының үшiншi бөлiгiнде көрсетiлген тәртiппен мүдделi ұйымдарға немесе азаматтарға берiледi.

4. Соттың, прокуратура, қылмыстық қудалау және сот сараптамасы органдарының қылмыстық істер бойынша заттай дәлелдемелерді, құжаттарды алып қою, есепке алу, сақтау, беру және жою тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.


119-бап. Iс жүргiзу әрекеттерiнiң хаттамалары

1. Қылмыстық процестi жүргiзушi адам тiкелей қабылдаған мән-жайларды куәландыратын, осы Кодекстiң тиiстi ережелерiне сәйкес жасалған тергеу әрекеттері хаттамаларында қамтылған, сондай-ақ тергеу әрекеті барысында маман жүргізген қарап тексеру, куәландыру, алу, тiнту, ұстау, мүлiкке тыйым салу, хат-хабарларға тыйым салу, тануға ұсыну, үлгілерді алу, мәйiттi эксгумациялау, айғақтарды қылмыс болған жерді тексеру, құжаттарды беру, тергеу экспериментi кезінде, жасырын тергеу әрекеттері нәтижелерін зерттеу, заттай айғақтарды зерттеу кезінде анықталған, сондай-ақ сот отырысының сот әрекеттері мен олардың нәтижелерін бейнелейтін хаттамасында көрсетілген іс жүзіндегі деректер қылмыстық іс бойынша дәлелдемелер болып табылады.

2. Дәлелдемелер ретiнде қылмыстық құқық бұзушылық туралы, табыс етiлген заттар мен құжаттар туралы, айыбын мойындап келуi туралы ауызша арызды қабылдау кезінде жасалған хаттамаларда, адамдарға олардың құқықтары мен оларға жүктелген мiндеттердi түсiндiруде қамтылған iс жүзiндегi деректер пайдаланылуы мүмкiн.
120-бап. Құжаттар

1. Егер құжаттардағы ұйымдар, лауазымды адамдар және азаматтар баяндаған немесе куәландырған мәлiметтердiң қылмыстық iс үшiн маңызы бар болса, олар дәлелдемелер болып танылады.

2. «Жедел-iздестiру қызметi туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптары сақтала отырып алынған, құқыққа қайшы іс-әрекеттер туралы іс жүзіндегі деректер тіркелген материалдар құжаттар болып табылады және қылмыстық процесте дәлелдемелер ретінде пайдаланылуы мүмкін.

3. Құжаттар жазбаша және өзге де нысанда тіркелген мәлiметтердi қамтуы мүмкiн. Құжаттарға, сонымен бiрге осы Кодекстiң 122-бабында көзделген тәртiппен алынған, талап етiлген немесе табыс етiлген түсiнiктемелер, түгендеулердің, тексерулердің актiлерi, анықтамалар, салықтық тексерулердің актілері, салық қызметі органдарының қорытындылары, сондай-ақ компьютерлiк ақпаратты қамтитын материалдар, фото– және кино түсірілімдер, дыбыс– және бейне жазбалар да жатады.

4. Құжаттар iске қоса тігіледі және оны сақтаудың бүкiл мерзiмi ішінде сонда сақталады. Алып қойылған және iске қоса тігілген құжаттар ағымдағы есеп, есептілік үшiн және өзге де құқыққа сыйымды мақсаттарда талап етiлген жағдайда, олар заңды иесiне қайтарылуы немесе егер iс үшiн залалсыз болатын болса, уақытша пайдалануға берілуі не олардың көшiрмелерi берiлуi мүмкiн.

5. Құжаттардың осы Кодекстiң 118-бабында көрсетiлген белгiлерi болған жағдайларда олар заттай дәлелдемелер деп танылады.


16-тарау. Дәлелдеу
121-бап. Дәлелдеу

1. Дәлелдеу iстi заңды, негiзді және әдiл шешу үшiн маңызы бар мән-жайларды анықтау мақсатында дәлелдемелерді жинаудан, зерттеуден, бағалаудан және пайдаланудан тұрады.

2. Күдіктінің, айыпталушының қылмыстық жауаптылық негiздерiнің және кiнәсiнiң бар екенін дәлелдеу мiндетi айыптаушыда болады.
122-бап. Дәлелдемелерді жинау

1. Дәлелдемелерді жинау осы Кодексте көзделген іс жүргізу әрекеттерін жүргізу жолымен сотқа дейінгі тергеу және сот талқылауы процесінде жүргізіледі. Дәлелдемелерді жинау оларды табуды, бекітуді және алып қоюды қамтиды.

2. Қылмыстық процесті жүргізетін орган процеске қатысушылардың өтініштері немесе өз бастамашылығы бойынша өзінің іс жүргізуіндегі қылмыстық іс бойынша жауап алу, сарапшы немесе маман ретінде қорытынды беру үшін осы Кодексте белгіленген тәртіппенкез келген адамды шақыруға; осы Кодексте көзделген іс жүргізу әрекеттерін жүргізуге; коммерциялық, банктік және заңмен қорғалатын өзге де құпия болып табылатын мәліметтерді жария етуге Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпті сақтай отырып, ұйымдардан, олардың басшыларынан, лауазымды адамдардан, азаматтардан, сондай-ақ жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын органдардан іс үшін маңызы бар құжаттар мен заттарды табыс етуді талап етуге; уәкілетті органдар мен лауазымды адамдарынан ревизия және тексеру жүргізуді талап етуге құқылы. Сот өз бастамашылығымен дәлелдемелерді жинауға құқылы емес.

3. Осы Кодексте белгіленген тәртіппен сотқа дейінгі тергеуге немесе сот талқылауына қатысуға жіберілген қорғаушы, жәбірленушінің өкілі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген коммерциялық, банктік және заңмен қорғалатын өзге де құпия болып табылатын мәліметтерді жария етпеу туралы тәртіпті сақтай отырып, қорғауды жүзеге асыру үшін қажетті мәліметтерді:

1) ұйымдардан анықтамаларды, мінездемелерді, өзге де құжаттарды талап ету арқылы алуға құқылы.

Анықтамаларды, мінездемелерді және өзге де құжаттарды мемлекеттік органдардан, қоғамдық бірлестіктерден, сондай-ақ өзге де ұйымдардан қорғаушы, жәбірленушінің өкілі талап етуі мүмкін. Аталған заңды тұлғалар қорғаушыға, жәбірленушінің өкіліне олар сұратқан құжаттарды немесе олардың расталған көшірмелерін он тәулік ішінде беруге міндетті;

2) осы Кодекстің 272-бабының бесінші, тоғызыншы және оныншы бөліктеріне сәйкес шарттық негізде сот сараптамасы ісін жүргізуге бастамашылық жасау;

3) сараптама мекемесіне шарттық негізде тиісті сараптама жүргізу туралы сауал жіберу;

4) шарттық негізде маман тарту;

5) олардың келісімімен қылмыстық іске қатысты ақпаратты білуі ықтимал адамдарға сауал қою арқылы алуға құқылы.

Егер қорғаушы өзі жауап алған адамның қылмыстық процесті жүргізетін органға іс жүргізу немесе тергеу амалдарын жүргізу үшін келуін қамтамасыз етпесе, жауап дәйексіз болып есептеледі және іске қоса тігілмейді.

4. Дәлелдемелер ретінде қылмыстық іске қоса тіркеу үшін ауызша да, жазбаша да нысандағы мәліметтерді, сондай-ақ заттар мен құжаттарды күдікті, айыпталушы, қорғаушы, жеке айыптаушы, жәбірленуші, азаматтық қуынушы, азаматтық жауапкер және олардың өкілдері, сондай-ақ кез келген азаматтар мен ұйымдар ұсынуға құқылы.

Заттар мен құжаттар осы Кодекстің 125-бабының қағидалары бойынша бағалағаннан кейін қылмыстық іске қоса тігіледі, ол туралы осы Кодекстің 119-бабының екінші бөлігінің талаптарына сәйкес хаттама жасалады.

Қылмыстық процеске қатысушылардан және өзге де адамдардан заттар мен құжаттарды қабылдау осы Кодекстің 99-бабында белгіленген тәртіппен өтініш негізінде жүзеге асырылады.

5. Осы баптың үшінші бөлігі 1) тармағының талаптарын орындамау заңда белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.
123-бап. Дәлелдемелерді бекiту

1. Iс жүзiндегi деректер iс жүргiзу әрекеттерiнiң хаттамаларында көрсетiлгеннен кейiн ғана дәлелдемелер ретiнде пайдаланыла алады.

2. Сотқа дейінгі тергеу барысында хаттамаларды жүргiзу жауаптылығы анықтаушы мен тергеушiге, прокурорға, ал сотта – сот отырысының төрағалық етушiсi мен хатшысына жүктеледi.

3. Тергеу және сот әрекеттерiне қатысушыларға, сондай-ақ сот талқылауында тараптарға осы әрекеттердiң барысы мен нәтижелерi жазылған хаттамалармен танысу, хаттамаларға толықтырулар мен түзетулер енгiзу, осы iс-әрекеттердi жүргiзудiң тәртiбi мен шарттары жөнiнде ескертпелер мен қарсылықтар айту, хаттамадағы жазбаларға өз редакциясын ұсыну, анықтаушының, тергеушiнiң, прокурордың немесе соттың назарын iс үшiн маңызы болуы мүмкiн мән-жайларға аудару құқығы қамтамасыз етiлуге тиiс. Тергеу және сот iс-әрекеттерiне қатысушыларға олардың құқықтары түсiндiрiлгенi туралы хаттамаға белгi жасалады.

4. Ауызша айтылған толықтырулар, түзетулер, ескертпелер, қарсылықтар, өтініштер мен шағымдар хаттамаға енгiзiледi, ал жазбаша нысанда баяндалғандары хаттамаға қоса берiледi. Сызып тасталған немесе кіріктіріліп жазылған сөздер немесе басқа да түзетулер туралы хаттама соңындағы қолтаңбаның алдынан ескерту жасалады.

5. Тергеу әрекетiнiң хаттамасымен танысқан адамдар хаттаманың әрбір бетiндегi мәтiннiң соңғы жолының астына және оның соңына өзiнің қолын қояды. Сот отырысы хаттамасының бөлiгiмен танысқан кезде әрбір беттiң соңына және осы бөлiктiң соңына қол қойылады.

6. Анықтаушы, тергеушi, прокурор немесе сот ескертпелермен немесе қарсылықтармен келiспеген жағдайда ол туралы қаулы шығарады.

7. Процеске қатысушылардың қайсыбiрi немесе басқа да адамдар заңда көзделген жағдайларда тергеу iс-әрекетiнiң хаттамасына қол қоюдан бас тартқан кезде анықтаушы,тергеушi немесе прокурор ол туралы хаттамаға белгi жасайды және оны өзiнiң қолымен куәландырады.

8. Сот отырысының хаттамасында жазылған сотәрекетi туралы жазбаларға заңда көзделген жағдайларда қол қоюдан бас тартылса, ол хаттамада белгi жасалып, оны сот отырысына төрағалық етушi мен хатшы өз қолдарымен куәландырады.

9. Хаттамаға қол қоюдан бас тартқан адам бас тартуының себебiн түсiндiруге құқылы және бұл түсiніктеме хаттамаға енгiзiлуге тиiс.

10. Егер iс жүргiзу әрекетiне қатысушы өзiнiң дене бітімінің кемшiлiгiнiң салдарынан хаттаманы өзi оқи алмаса немесе оған қол қоя алмаса, онда оның келiсiмiмен оның қорғаушысы, өкiлi немесе ол адам сенетiн басқа азамат хаттаманы дауыстап оқиды және оған қол қояды, ол туралы хаттамада белгi жасалады.

11. Дәлелдемелердi бекiту үшiн хаттамалар жасаумен қатар дыбыс жазу, бейнежазба, киноға түсіру, фотоға түсiру, бейнелер, бедерлер, жоспарлар, схемалар дайындау және ақпаратты бейнелеудiң басқа да тәсілдері қолданылуы мүмкiн. Тергеу iс-әрекетiне немесе соттың талқылауына қатысушының дәлелдемелердi бекiтудiң көрсетiлген тәсілдерін қолданғаны туралы тиiсiнше тергеу iс-әрекетi хаттамасына немесе сот отырысының хаттамасына пайдаланылған ғылыми-техникалық құралдардың техникалық сипаттамасы келтiрiле отырып белгi жасалады.

12. Фонограммалар, бейнежазбалар, кинофильмдер, фотосуреттер, бейнелер, бедерлер, жоспарлар, схемалар, тергеу немесе сот iс-әрекетiнiң барысы мен нәтижелерiн басқа да бейнелеулер хаттамаға қоса берiледi. Әрбiр қосымшада оған қатысты тергеу немесе сот iс-әрекетiнiң атауы, орны, күнi көрсетiлген түсiндiрме жазба болуға тиiс. Бұл жазбаны iс бойынша сотқа дейiнгi iс жүргiзу барысында прокурор, анықтаушы немесе тергеушi және қажет болған жағдайларда, куәгерлер, ал сотта – сот отырысына төрағалық етушi мен хатшысы өз қолдарымен куәландырады.
124-бап. Дәлелдемелердi зерттеу

Iс бойынша жиналған дәлелдемелер жан-жақты және объективтi зерттелуге жатады. Зерттеу алынған дәлелдемені талдауды, оны басқа дәлелдемелермен салыстыруды, оларды тексеру үшін қосымша дәлелдемелер жинауды, дәлелдемелер алу көздерiн тексерудi қамтиды.



125-бап. Дәлелдемелердi бағалау

1. Әрбiр дәлелдеме қатыстылығы, жол берілуі, дәйектілігі, ал барлық жиналған дәлелдемелер жиынтығымен қылмыстық iстi шешу үшiн жеткiлiктiлiгi тұрғысынан бағалануы тиiс.

2. Дәлелдемелердi судья, прокурор, тергеушi, анықтаушы осы Кодекстiң 25-бабына сәйкес заң мен ар-ожданын басшылыққа ала отырып, дәлелдемелердi жиынтығымен жан-жақты, толық және объективтi қарауға негiзделген өздерiнiң iшкi нанымы бойынша бағалайды.

3. Егер, дәлелдеме, осы iс үшiн маңызы бар мән-жайдың бар екендiгi туралы қорытындыны растайтын, теріске шығаратын немесе күмән туғызатын iс жүзiндегi деректердi бiлдiретiн болса, iске қатысты деп танылады.

4. Егер дәлелдеме осы Кодексте белгiленген тәртiппен алынған болса, ол жол берілетін дәлелдеме деп танылады.

5. Егер, дәлелдеме, тексеру нәтижесiнде шындыққа сәйкес келетiндiгi анықталса, ол дәйекті деп танылады.

6. Егер дәлелдеуге жататын мән-жайлардың барлығы және әрқайсысы туралы ақиқатты даусыз белгiлейтiн iске қатысты жол берілген және дәйекті дәлелдемелер жиналса, дәлелдемелердiң жиынтығы қылмыстық iстi шешу үшiн жеткiлiктi деп танылады.
126-бап. Дәлелдеу процесiндегi ғылыми-техникалық құралдар

1. Қылмыстық іс бойынша дәлелдеу процесінде ғылыми-техникалық құралдарды қылмыстық процесті жүргізетін орган, сондай-ақ сарапшы және маман өздері осы Кодексте көзделген іс жүргізу міндеттерін атқаруы кезінде пайдалана алады.

2. Қылмыстық процестi жүргiзушi орган ғылыми-техникалық құралдарды пайдалану кезiнде жәрдем көрсету үшiн маманды тартуы мүмкiн.

3. Егер, ғылыми-техникалық құралдар:

1) заңда тiкелей көзделсе немесе оның нормалары мен принциптерiне қайшы келмесе;

2) ғылыми тұрғыдан негізді болса;

3) қылмыстық iс бойынша iс жүргiзудiң тиiмдiлiгiн қамтамасыз ететiн болса;

4) қауiпсiз болса, оларды қолдануға жол беруге боладыдеп танылады.

4. Қылмыстық процестi жүргiзушi органның ғылыми-техникалық құралдарды пайдалануы ғылыми-техникалық құралдардың деректерi, оларды пайдаланудың шарттары мен тәртiбi, бұл құралдар қолданылған объектiлер және оларды пайдаланудың нәтижелерi көрсетiле отырып, тиiстi iс жүргiзу әрекеттерiнiң хаттамаларында және сот отырысының хаттамасында көрсетiледi
127-бап. Преюдиция

1. Қылмыстық iс бойынша заңды күшiне енген үкім, сондай-ақ оны мәні бойынша шешетін соттың заңды күшiне енген басқа да шешiмдерi анықталған мән-жайларға да, олар туралы шығарылған адамның құқықтық бағалануына да қатысты барлық мемлекеттік органдар, ұйымдар және азаматтар үшiн мiндеттi. Бұл ереже жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша соттың үкімі мен басқа да шешiмдерiн кассациялық және қадағалау тәртiбімен тексеруге, олардың күшiн жоюға және оларды өзгертуге кедергi жасамайды.

2. Соттың азаматтық iс бойынша заңды күшiне енген шешiмi оқиғаның немесе әрекеттiң орын алған-алмағаны туралы мәселе жөнiнде ғана сотқа дейінгі тергеу немесе қылмыстық iс бойынша iс жүргiзу кезiнде қылмыстық процестi жүргiзушi орган үшiн мiндеттi және сотталушының кiнәлiлігі немесе кiнәсіздігі туралы қорытындыларды алдын ала шешпеуі тиiс.

3. Соттың қуыным арызын қанағаттандыру құқығын танитын заңды күшiне енген үкiмi сот үшiн осы бөлiгiнде оның азаматтық iсті қарауы кезiнде мiндеттi.

4. Қылмыстық қудалау органы қаулысының сот үшiн мiндеттi күшi болмайды.


жүктеу 6,76 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   42




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау