Математикадан білім сапасын арттыру жолдары



жүктеу 95,78 Kb.
Дата26.02.2018
өлшемі95,78 Kb.
#10702

Математикадан білім сапасын арттыру жолдары”

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бастамашылық еткен Қазақстан Республикасы математика пәні муғалімдерінің Бірінші Съезін шақыру мына қажеттіліктерден туындады: 
• математикалық білім беру сапасын қамтамасыз етуде жиналып қалған проблемаларды ашу және оларды жою жолдарын анықтау
• Қазақстан Республикасының жиырма жылдық тәуелсіз даму кезеңі ішінде математикалық білім беруді дамыту бойынша жүргізілген жұмыстардың талдауын жүргізу; 
• математика пәні мұғалімдерінің кәсіби қузыреттілік деңгейін арттыру; 
• Қазақстанда математикалық білім және ғылымды одан әрі дамыту перспективаларын айқындау және жастарды тарту; 
• үздік мұғалімдер мен оқытушылардың озық тәжірибесін тарату; 
• ұзақ мерзімді перспективада математикалық білім беруді жаңғырту 
Съезде Қазақстандағы математикалық білім беруді жаңғыртудың мына бағыттары бойынша өзекті мәселелер талқыланды: 
• математикалық білім беру сапасын қамтамасыз ету; 
• 12 жылдық білім беруге көшу кезеңіндегі математикалық білім беру мазмұны; 
педагогикалық кадрларды даярлау проблемалары; 
• дарынды балалармен жұмыс істеу проблемалары; 
• математика саласына ғылыми және педагогикалық қызмет саласындағы талантты жастарды тарту; 
• үздіксіз математикалық білім беру; 
математикалық ресурстық және білім беру орталықтарын құру; 
• математика сабақтарын оқулық және әдістемелік қамтамасыз ету; 
• математика пәні мұғалімінің жаңа жағдайлардағы мәртебесі. 
Осы мәселелрді қарай келіп, әрбір мұғалім өз жұмысына тұжырымдама жасағаны жөн. 
Өзіме төмендегідей тұжырымдама жасадым. 


1-тұжырымдама 
Ұстаздың педагогикалық әрекетінің мақсаты мен міндеті 

тақырыпты қызықтырады; 
ой қозғайды; 
ең құнды мәселелер анықталады; 
қорытынды жасауға бағыттайды; 
шығармашылық дамуға бағыттайды; 
оқушы мен қарым-қатынас жақсарады; 
ізденуге, жаңа ақпаратқа ұмтылдырады; 
жеке, жұппен, топпен жұмыс жүргізеді; 
мәтінмен өздері танысады; 
жан-жақты талдауға, зерттеуге, салыстыруға үйренеді; 
ойларын еркін айтуға жол ашады
шығармашылық дамиды; 
интеллектуалдық даму деңгейін көтереді; 


3-тұжырымдама 
Мақсат пен міндетті жүзеге асыру жағдайы 
Мақсат пен міндетті жүзеге асыру үшін 
Мұғалімге Оқушыға 

мақсат пен міндетті белгілеп, түпкі нәтижені анықтау (нені және неліктен үйретеміз?); 
сабақ беру сапасын жетілдіру (жаңа технологияларды, озық тәжрибелерді т.б. тиімді қолдану); 
шығармашылық жұмыстар жүргізу; 
қиындық тудыратын бөлімдерді, тақырыптарды анықтау; 
Қосымша жұмыстарды жоспарлау 
Кәсіби өсу, өз білімін жетілдіру 
оқушының жалпы мүмкіндектерін зерттеу, төменгі сыныпта қажетті білімді меңгерді ме анықтау ( нашар үлгерушілер, жақсы оқитындар) 
оқушының даму деңгейін интеллектуалдық сатыға көтерілуіне; 
оқушының оқутанымдық қызығушылығын арттыру
• Өз бетінше есеп шығарудың сан қилы жолын іздестіру 
• Пәнге қызығып, оған көңіл қойып тереңдете оқып үйрену. 
• Сабақ барысында қолданылатын ойындарға, математикалық сайыстарға, жарыстарға, олимпиадаларға қатысу
• әр сыныптағы материалды жетік меңгеруге ден қою; 
• өз бетімен шығармашылық бағытта жұмыс істеуге 


Мақсат пен міндетті жүзеге асыру, белгіленген талаптарды жүзеге асыру үшін қандай қиындықтар мен талаптарды ескеруіміз керек. 
Шағын комплкетілі ауыл мектептерде математиканы оқытудағы қиындықтар 
• Кадрлармен қамтамасыз етілуі, кәсіби білімін жетілдіру, үздіксіз ізденуі; 
• материалдық-техникалық базаның жетімсіздігі, көрнекіліктер, ТСО, ақпараттық технологияның жетімсіздігі; 
• бөлінген сағаттардың аздығы (сағат азайғанмен өтілетін материал көлемі сол күйінде, теориялық материалға бөлінген сағатты қысқарта алмайды, есесіне есеп шығару, практикалық сағаттар қысқарады), осыдан оқушылардың пәнге қызығушылығы төмендеу; 
• оқушылардың өзіндік ізденісіне қажет қосымша материалдар және интернетті пайдалану мүмкіндігі жоқтың қасы; 
• Математиканың рөлін күшейту жұмысы аз (информатиканы оқытып жатырмыз дейді, бірақ ол ойлап есеп шығару, күрделі есептердің шешімін табу емес) ; 
• бағыттар таңдау (қоғамдық-гуманитарлық, жаратылыстану-математика, тесте тапсырма бірдей), оқушылардың аздығы (талас, сайыс жоқтың қасы т б); 
• Ауылдағы жұмысбастылық (мектепте де үйде де), ол бала үшін де мұғалім үшін де, мұғалімдердің шығармашылықпен жұмыс істеуіне жағдайдың аздығы. 
Осыған байланысты Қазақстан Республикасының 
математика пәні мұғалімдерінің Бірінші Съезініен 
Съезд соңғы 20 жылда математикалық даярлық деңгейінің бірқатар объективті және субъективті себептерге байланысты айтарлықтай төмендеуін ескереді, олар: 
• талантты жастардың академиялық және педагогикалық салалардан экономикалық, заң және гуманитарлық салаларға көптеп баруы; білім беру реформасының ұзақ кезеңі; 
• педагогикалық және ғылыми әлеуеттің шашырауына әкеп соқтырған жоғары оқу орындарының көбейіп кетуі; 
• математика пәнін оқытуға мемлекеттік білім беру стандарттарында сағат санының елеулі азаюы; 
• математика бойынша мектеп оқулықтары сапасының төмендігі; математикалық құзыреттерді бағалаудың түрлі нысандарының болмауы; 
• нарықтың экономика құндылықтарының жаңа жүйесінде муғалімдер мәртебесінің төмендеуі. 
Отандық математика мұғалімдерінің бірінші 1 съезін өткізудегі мақсат Қазақстан Республикасының экономикасының сұраныстарына сәйкес математикалық білімді жаңғырту болып табылады. 
Математика пәнін оқытудың кейбір мәселелерін атап өте кетсек дейміз. 
• Бірінші, математиканы оқытудың мазмұны туралы. Бізде математиканы оқыту ісі оның теориялық негіздерін, классикалық бөлімдерін терең меңгертуге бағытталған. Бұл бағыттағы жаңа көзқарасқа келетін болсақ, математиканы оқытуда практикалық мәселелерге көп көңіл бөлу қажет¬тігінде болып отыр. Соңғы кезде ғылымның негізгі жетістіктері мен мәселелері қолданбалы салаға бағытталғандықтан, олар мектеп бағдарламасына енуі қажет. Ықтималдық теориясы, статистикалық әдістер, математикалық моделдеу және басқа бөлімдер математика пәніне кеңінен енуі қажет. Бұл әлемдегі кең тараған үрдіске сай екендігінің мысалы ретінде PISA халықаралық зерттеуін атап кетуге болады. Ол зерттеудегі көптеген тапсырмалар сол саладағы практикаға бағытталған. Біздің оқушылар оның тапсырмаларын жетік талдай алмайды, кейде мұғалімдердің өздеріне де бұл мәселе үлкен қиындық туғызады. Сонымен қатар, негізгі тақырыптарда да құзыреттілікке құрылған. Болашақта оған практикалық маңызы бар тапсырмаларды енгізу қажет. 
Екінші мәселе, 12 жылдық орта білімге көшу. 12 жылдық орта білімге көшу тек қана орта білім беруді бір жылға ұзартып қана қоймай, білім берудің жаңа мазмұнына өтуге бағыттайды. Оқытудың жаңа тәсілі құзыреттілікке арналған бұл білімде, талапкерлердің пәндер бойынша алған білімін жаңа мәселелерді шешуге бағыттайды. Математика пәнін оқытуда әр кезде де оқушылардың теория¬ны тиімді пайдалана білуіне көп көңіл бөлінгені. Бүгін бұл негізгі талапқа айналуы қажет болып тұр. Математика пәнін бейіндік мектепте оқыту кезінде жоғары оқу орнындағы оқумен сабақтас жүргізу қажеттігі туындап отыр. 
• Үшіншіден, математика пәні бойынша білім сапасын арттыру. Соңғы жылдары математика пәнін оқушылардың меңгеру деңгейі тө-мендеп кеткені байқалады. Республикамыздағы Ұлттық бірыңғай тестілеу мен халықаралық зерттеулер нәтижесі соның айғағы бола-тындай. ҰБТ нәтижесі бойынша математика пәні оқушылардың ең төменгі деңгейде меңгерген сабақ¬тарының қатарында тұр. Ал математика – оқушылардың жан-жақты ойлау қабілетін дамытатын ғылым. Демек, бұл жерде пәнді оқытуда, тәжірибе алмасуда артта қалуға болмайды. Сол себепті, математика пәнін оқытуға ерекше көңіл бөлу қажет. 
Осы мәселелерді ескере отырып, математика бағдарламасынның талаптарын жетік талдап, оны орындауға күш салу керектігі айқын. 


Білім сапасын арттыруға негізгі әсері бар сабақ екені белгілі. Сабақтар барлық талаптар ескеріле отырып өткізіледі 


Сабақ өткізбес бұрын сыныптағы әрбір оқушының білім жағдайын анықтап аламыз. Олармен істелетін жұмыстар да алдын-ала белгіленгені жөн. 

Әр түрлі дәрежедегі оқушылармен жұмыстар 
№ Деңгейі 6-сынып -сынып 
Аты жөні Істелетін жұмыстар Аты жөні Істелетін жұмыстар 
1 өте жоғарғы деңгейдегі оқушы (медалист, үздіктер) 


2 Жақсы деңгейдегі оқушылар(озаттар, кейде үші бар) 


3 Қалыпты деңгейдегі оқушы(үнемі үшке оқитын) 


4 Денсаулығы нашар 
5 Қиын балалар (жағдайсыз отбасы балалары) 


6 Сабақты себепсіз жиі босататын оқушылар 

7 Нашар үлгеретін оқушылар(еріншек жалқаулығы барлар) 


8 Нашар үлгеретін шамалары жетпейтіндер 

Сабақты түрлендіріп, жаңа технология элементтерін қолдана отырып өткізу оқушының сапалы білім алуына әсері мол. Ол үшін жаңа технологияларды сабақтарда пайдаланудың жоспары жасалды. 

Жаңа технологияларды математиканы оқыту барысында пайдалану 
№ Технологияның аталуы Қайда, қалай қолданылады? 
Жеке элементтері қолданылады Жүйелі түрде қолданылады 
1. Дамыта оқыту технологиясы Дарынды оқушылармен жүйелі түрде жүреді. Оқушылардың шығармашылық жұмыстары, олимпиада, сайыстарға қатысуы кезінде қолданылады. 
2. Модульдік оқыту технологиясы (М.Жампеисова) Жеке сабақтарда Жеке сыныптарға бағдарламалар дайындау
4. Деңгейлеп –саралап оқыту техналогиясы (Ж.А. Қараев) Жеке сабақтарда 
5. Тестік технология Жоғарға сыныптарға пән бойынша тестер дайындау 
6. Ақпараттық технология Электрондық оқулықтар қолданылады 
7. Проблемалық оқыту технологиясы Жеке сабақтарда 
8. Шаталовтың оқыту технологиясы Жеке сабақтарда Тірек схемалары әрбір сабақта қолдану 
9. Хазанкиннің есеп шығару технологиясы Жеке сабақтарда 
10 В. Монаховтың технологиясы Жеке сабақтарда 
11 Сын тұрғысынан ойлау Жеке сабақтарда Оқып үйрену 

Білімді тұлға тәрбиелеу схемесы 


Мектепте сапалы білім беру, баланы оқытуда, тәрбиелеуде басты міндет - балалардың қабілеттерін жан-жақты ашу. Осы себептерге сәйкес математикада, алгебра сабақтарында және геометрия сабақтарында өздік жұмыстарды (зерттеу, дәлелдеу) ұйымдастыруды дұрыс деп ойлаймын. Оқушылардың өздік жұмыстарын тиімді ұйымдастыру сабақ сапасының артуына септігін тигізеді. Теориялық білімнің терең бекіп, жүйелі қалыптасуына өздік жұмысқа берілетін есептер мен жаттығулардың дұрыс таңдап алынып, қарастырылуына байланысты болады. Өздік жұмыс кезінде оқушылар оқулықпен және дидактикалық материалдармен, газет журналдармен жұмыс істеуге үйрене бастайды, өздігінен білім алуға талпынады. Жұмыс нәтижелі болса, оқушының пәнге деген қызығушылығы артады. Математика пәнін оқытуда өздік жұмысқа көп көңіл бөлу қажет. Әр түрлі жаттығулар орындау барысында математикалық түсініктер бекітіледі, есептеу дағдылары қалыптасады, геометриялық фигураларды сыза білуге, оқушылардың кеңістік жөніндегі көзқарасы дамиды, өз бетімен өмірде пайдалана алуға үйретеді. 
Өздік жұмыстарды ұйымдастыруда мынадай талаптар орындалу қажет 
1. Өздік жұмыстың мазмұны бағдарламаға қойылатын талаптарға сәйкес келуі керек 
2. Оқушылардың ойлау қабілетін дамытуға тиісті. 
3. Өздік жұмыстар түрлі және мазмұны жағынан әр түрлі болуы керек. 
4. Әрбір өздік жұмыс тексеріледі және бағаланады. 
5. Өздік жұмысты тек қайталау кезінде ғана жүргізбей, сабақтық барлық кезеңдерінде, орынды жерінде өткізу керек. 
6. Өздік жұмыс ұйымдастыру формасы мынадай: жеке оқушымен, топпен жұмыс, барлық оқушымен болады. 
Өздік жұмыстардың негізгі түрлері: оқулықпен жұмыс, жаттығулар, практикалық жұмыстар, тексеру, бақылау жұмыстары, сын жұмыстары, шығармашылық жұмыстар, рефераттар мен баяндамалар жасау, тәжірибе жасау, тест жұмысын орындау болып табылады. 
жүктеу 95,78 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау