2015 жылғы 29 желтоқсандағы №727 бұйрығы



жүктеу 114,8 Kb.
Дата15.05.2018
өлшемі114,8 Kb.
#13769


2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 727 бұйрығы.


Мемлекеттік кірістер органдарының жедел-тергеу бөлімшелерінде (экономикалық тергеу қызметі) қызметке түсумен және бос лауазымдарға орналасумен байланысты кейбір мәселелер туралы

«Құқық қорғау қызметі туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 7-бабының 6-тармағына және 29-бабының 6-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Мына:

1) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес Мемлекеттік кірістер органдарының жедел-тергеу бөлімшелерінде (экономикалық тергеу қызметі) кандидаттардың Ведомстволық деректер банкін қалыптастырудың және онымен жұмыс істеу қағидалары;

2) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің web-порталында мемлекеттік кірістер органдарының жедел-тергеу бөлімшелерінде (экономикалық тергеу қызметі) бос басшылық лауазымдар туралы мәліметтерді орналастыру қағидалары және оларға орналасуға кандидаттарға қойылатын талаптар туралы мәліметтері бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (Д.Е. Ерғожин) заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде орналастыру үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдануын;

3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.



Қазақстан Республикасының

Қаржы министрі Б. Сұлтанов

Қазақстан Республикасы

Қаржы министрінің

2015 жылғы «29» желтоқсандағы №727

бұйрығына 1-қосымша

Мемлекеттік кірістер органдарының жедел-тергеу бөлімшелерінде (экономикалық тергеу қызметі) кандидаттардың Ведомстволық деректер банкін қалыптастырудың және онымен жұмыс істеу қағидалары

1. Жалпы ережелер
1. Осы Мемлекеттік кірістер органдарының жедел-тергеу бөлімшелерінде (экономикалық тергеу қызметі) кандидаттардың Ведомстволық деректер банкін қалыптастырудың және онымен жұмыс істеу қағидалары (бұдан әрі - Қағида) «Құқық қорғау қызметі туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 7-бабының
6-тармағына сәйкес әзірленді және мемлекеттік кірістер органдарының жедел-тергеу бөлімшелерінде (экономикалық тергеу қызметі) кандидаттардың ведомстволық деректер банкін қалыптастыру және жұмыс тәртібін айқындайды.

2. ЭТҚ-ға кандидаттардың ведомстволық деректер банкін қалыптастыру және жұмыс істеу тәртібі
2. Деректер банкін, оның толықтығы мен дұрыстығын қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетіндегі (бұдан әрі - Комитет) және облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша Мемлекеттік кірістер департаменттеріндегі, «Достық» кеденіндегі (бұдан әрі – аумақтық органдар) кадр қызметі қалыптастырады.

3. Деректер банкі есептеу техника құралдарын пайдаланумен автоматтандырылған ақпараттық жүйе негізінде, сондай-ақ қағаз және электрондық тасымалдағыштарында құжаттамалық материалдарды жинақтау жолымен жұмыс істейді және олардың бәсекеге қабілеттілік көрсеткіштерін көрсетумен ақпаратын қамтиды.

4. Деректер банкі қағаз тасымалдағышында осы Қағидаға
1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша олардың бәсекеге қабілеттілік көрсеткіштерін көрсетумен мемлекеттік кірістер органдарының жедел-тергеу бөлімшелерінде (экономикалық тергеу қызметі) қызметке орналасатын кандидаттару туралы мәліметтерді және осы Қағидаға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша еңбек қызметі туралы мәліметтерді енгізу жолымен қалыптастырылады.

5. Экономикалық тергеу қызметіндегі кандидаттар туралы ақпарат


«е-Қаржымин» интеграцияланған автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кадрлық әлеуетін басқару, кадр құрамы бойынша есептерді қалыптастыру және ұсыну» кіші жүйесінде жинақталады, олар кандидатқа арналған есепті деректерде көрсетіледі және кандидаттың мынадай деректерін көрсетеді:

1) кандидаттың тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде);

2) туған күні, айы, жылы;

3) ұлты;


4) бар біліктілік сыныбы/атағы (ол болған кезде);

5) білімі, ғылыми дәрежесі;

6) мемлекеттік органдардағы өтілі (өтілі болған кезде);

7) еңбек сіңірген жылдары (басқа құқық қорғау органдарында еңбек сіңірген жылдары болған кезде);

8) шет тілдерін білуі;

9) экономикалық тергеу қызметіне кандидат тағайындалуға үміттеніп тұрған лауазымның санаты мен атауы;

10) қызметкердің іріктеуге немесе кадр резервіне қойылу кезеңдері.

6. Деректер банкінен кандидат туралы мәліметтердің жоюын кадр қызметі тағайындалған сәтінен бастап не мемлекеттік кірістер органының конкурсынан өткен сәтінен бастап бір жылдың өтуі бойынша жүзеге асырады.

Мемлекеттік кірістер

органдарының жедел-тергеу бөлімшелерінде (экономикалық тергеу қызметі) кандидаттардың Ведомстволық деректер банкін қалыптастырудың және онымен жұмыс істеу қағидаларына

1-қосымша

Нысан
Олардың бәсекеге қабілеттілік көрсеткіштерін көрсете отырып мемлекеттік кірістер органдарының жедел-тергеу бөлімшелеріне (экономикалық тергеу қызметі) қызметке кандидаттар туралы мәліметтер




1. Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) (оның ішінде бұрынғы), туған күні, айы, жылы және жері



2. Жеке басын және азаматтығын куәландыратын құжаттың деректері




3. Тұрғылықты және тіркеу орны бойынша мекенжай




4. Телефондардың (мобильді және үй), соның ішінде оның атына тіркелмегендердің нөмірлері




5. Әскери мiндеттiлер есебiне алынған және әскери қызметке шақырылуға жататын адамдар

(сериясы, нөмірі, берілген күні, әскери билетті, тіркеу куәлігін берген органның атауы)






  1. Отбасы құрамы туралы




7. Қызметке жарамдылығын айқындау үшін әскери-дәрігерлік комиссияларда медициналық немесе психофизиологиялық куәландырудан, оның ішінде полиграфологиялық зерттеуден (оны өткен жағдайда) өткендігі туралы мәлімет




8. Кандидаттардың және олардың жақын туыстарының соттылығы туралы мәлімет




9. Аттестаттаудың (оны өткен жағдайда) нәтижелері




10. Білімі, біліктілігі туралы және арнаулы білімдердің және арнайы даярлықтың бар болуы туралы мәлімет (сериясы, нөмірі, дипломның берілген күні, білім беру мекеменің атауы мен орналасқан жері)




11. Біліктілікті арттыруы және қайта даярлығы (оны өткен жағдайда) туралы мәлімет

(сериясы, нөмірі, біліктілікті арттыруы және қайта даярлығы туралы құжатты немесе сертификатты берген күні, білім беру мекеменің атауы мен орналасқан жері)






12. Қызметкерлердің мемлекеттік және ведомстволық наградалары, құрмет және арнаулы атақтары, көтермелеулері (оның ішінде награданың, атақтың немесе көтермелеудің атауы немесе аты, марапаттау туралы нормативтік актінің күні және түрі немесе көтермелеу күні), ғылыми дәрежесі немесе атағы туралы мәлімет



Мемлекеттік кірістер

органдарының жедел-тергеу бөлімшелерінде (экономикалық тергеу қызметі) кандидаттардың Ведомстволық деректер банкін қалыптастырудың және онымен жұмыс істеу қағидаларына

2-қосымша

Нысан

Еңбек қызметі туралы мәлімет


Күні

Лауазымы, жұмыс орны,

ұйымның орналасқан жері



келу

кету































































Қазақстан Республикасы

Қаржы министрінің

2015 жылғы «29» желтоқсандағы №727 бұйрығына 2-қосымша



Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің web-порталында мемлекеттік кірістер органдарының
жедел-тергеу бөлімшелерінде (экономикалық тергеу қызметі) бос басшылық лауазымдар туралы мәліметтерді
орналастыру қағидалары

және оларға орналасуға кандидаттарға қойылатын талаптар туралы мәліметтері

1. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің web-порталында мемлекеттік кірістер органдарының жедел-тергеу бөлімшелерінде (экономикалық тергеу қызметі) бос басшылық лауазымдар туралы мәліметтерді орналастыру қағидалары және оларға орналасуға кандидаттарға қойылатын талаптар туралы мәліметтері (бұдан әрі – Қағида) «Құқық қорғау қызметі туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 29-бабының 6-тармағына сәйкес әзірленді және мемлекеттік кірістер органдарының жедел-тергеу бөлімшелерінде (экономикалық тергеу қызметі) бос басшы лауазымдары және оларға орналасу үшін кандидаттарға қойылатын талаптар туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің
web- порталында орналастыру тәртібін айқындайды.

2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі терминдер қолданылады:

1) әкімші – web-порталдың барлық элементтеріне шектелмеген қол жетімділігі бар Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің (бұдан әрі – Комитет) қызметшісі;

2) модератор – web-порталда ақпараттық материалдарды орналастыру құқығымен қол жетімділігі бар Комитеттің құрылымдық бөлімшенің және облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша Мемлекеттік кірістер департаменттерінің, «Достық» кеденінің (бұдан әрі – аумақтық органдар) қызметшісі;

3) web- портал – Комитеттің ресми интернет – ресурсы, домендік атауы (мекенжайы) www.kgd.gov.kz.

2. Мемлекеттік кірістер органдарының жедел – тергеу бөлімшелерінде (экономикалық тергеу қызметі) бос басшылық лауазымдар туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің web – порталында орналастыру тәртібі
3. Мәліметтердің орналастыруын ақпараттық материалдарды web-порталда орналастыру үшін жауапты модераторлар жүргізеді.

4. Комитеттің web-порталында бос басшы лауазымдар және оларға орналасу үшін кандидаттарға қойылатын талаптар туралы мәліметтерді орналастыру үшін жауапты модераторды Комитеттің төрағасы, аумақтық органдардың басшысы айқындайды.

5. Комитеттің және аумақтық органдардың кадр қызметі бос басшы лауазымдар және оларға орналасу үшін кандидаттарға қойылатын талаптар туралы мәліметтерді дайындайды.

6. Бос басшы лауазымдар және оларға орналасу үшін кандидаттарға қойылатын талаптар туралы мәліметтерді кадр қызметінің қызметшісі Комитеттің web-порталында оларды орналастыру үшін жауапты модераторға жолдайды.

7. Web-порталға ақпаратты орналастыру үшін жауапты модератор ауысқан жағдайда Комитеттің құрылымдық бөлімшелері және аумақтық органдары модератордың құқықтарына қол жетімділікті беру үшін
5 жұмыс күні ішінде әкімшіге ақпараттандырады.

8. Мәліметтерді орналастыру web-порталы бар басқару жүйесінде жүргізіледі.

9. Бос басшы лауазымдар және оларға орналасу үшін кандидаттарға қойылатын талаптар туралы мәліметтер «Біз туралы» деген 1-бөлімнің «Кадрлық қамтамасыз ету» деген бөлімшесінде орналастырылады.

10. Бос басшы лауазымдар және оларға орналасу үшін кандидаттарға қойылатын талаптар туралы мәліметтер бос басшы лауазымдар пайда болған кезде жаңартылады.



11. Бос басшы лауазымдар және оларға орналасу үшін кандидаттарға қойылатын талаптар туралы мәліметтерді орналастыру кезінде web-порталда бар барлық тілдік нұсқалардағы түпнұсқалылығы сақталады.

12. Комитеттің және аумақтық органдарының кадр қызметтерінің басшылары бос басшы лауазымдар және оларға орналасу үшін кандидаттарға қойылатын талаптар туралы мәліметтердің дұрыстығын, нақтылығын, өзектілігін, ұсынудың уақтылығын және жаңартылуын қамтамасыз етеді.
жүктеу 114,8 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау