Тәрбие сағатының көрнекілігі: «Студенттік өмірдің алғашқы кезеңдері» атты презентация



жүктеу 19,65 Kb.
Дата23.12.2022
өлшемі19,65 Kb.
#40748
түріПрезентация
сценарий


Тәрбие сағатының көрнекілігі: «Студенттік өмірдің алғашқы кезеңдері» атты презентация.

Міне болашақтың иесі – жас ұрпақ. Ұрпақ тәрбиесі ұстаздар қауымына үлкен жауапкершілікті жүктейді. Қазақтың дара да дана тұлғасы Абай: «Адамның адамшылығы… жақсы ұрпақтан болады» деген.


Сіздердің жақсы көңіл күйде болып, демалып қайтуларыңызға біздер зор сенімдеміз.


1-жүргізуші:


Армысыздар, қадірменді халайық!
Сәлем сөздің сыр айнасын ашайық.
Қуанышты шаттықпенен жүздесіп,
Баршаңызға мол қуаныш сыйлайық.
Сәлеметсіздер ме, құрметті ұстаздар және студенттер!

1-жүргізуші:


Студенттік өмір — МАХАББАТ ҚЫЗЫҚ МОЛ ЖЫЛДАР. Сессия — ТАР ЖОЛ ТАЙҒАҚ КЕШУ. Сессиядан кейін — ДАУЫЛДАН КЕЙІН. Степендия — ҰЗАҚҚА БАРМАЙТЫН ҚУАНЫШ. Далаға шыққан студент — ЖАЯУ МҰСА. Свидание — КЕШІКПЕЙ КЕЛЕМ ДЕП ЕҢ. Лекция — ҚАЛҒЫП-МҮЛГУ. Семинар — СЕН ТИМЕСЕН МЕН ТИМЕЙМІН. Диплом қорғау — ҚЫЛ КӨПІР.
Шынымен де студентік өмір қызықты да көңілді өтетіні анық! Қиын да сәттері болады. Алайда осының бәріне тойтарыс беретін жас студенттер аз емес.Студенттің басты мақсаты білім алу, болашақ маман иесі болу!
Әрине, әр студент өз мамандығына мұқият, тыңғылықты болуы қажет!

— Ендеше біз бүгінгі өткізілетін ашық тәрбие сағатының көңілді шымылдығын ашуға --------------------------------------


ортаға шақырамыз!

1-жүргізуші:


— Біздің өткізіліп отырған ашық тәрбие сағатымыз ол әрине студенттер жайлы.
Яғни «Қызықты көңіл,студенттік өмір!»
Шынымен де студенттік өмір қызықсыз болмайды,қызығымен шыжығы мол болады!
Ендеше ортаға ---------------------------------------------------шақырамыз!

2-жүргізуші: Біздер студент атанып,жаңа ортаға келгелі жаңа достар таптық. «Солдат өмірді,студент жастықты көреді» демекші олардың арасында жастық шақтың қызығын бөлісіп жүрген құпия достар да баршылық.


1-жүргізуші:


Уақыт шіркін зымырайды шақтары.
Алдымызда ақ үмітпен атқалы.
Жастық жігер, білімі бар, сөзге бай,
Бозбала мен Бойжеткен ол күн мен ай,
1-2 ай сауық құрып күнде жай,
сессияда ұйықтамаған күндер-ай.
Ауыл, ақша, сабақ, сосын вечер-той,
Өмір мәні махаббатқа жетер ме ой…
Үлгеретін ал осының бәріне, СТУДЕНТТЕР мықты халық екен ғой.

2-жүргізуші:


— Ұстаздар, сіздерде біздей болдыңыздар, ендеше сіздерді сол студенттік кездерге саяхаттауға шақырамыз! ( Ұстаздар ортаға шақырылады)
Алдын ала дайындалған конверттерді алады.
(Ойын шарты түсіндіріліп кетеді)
Ситуациялық жағдайлар.
№1 тапсырма.
Сіз группаластарыңызбен автобуста келесіз.Қалталарыңызда билетке ақша жоқ.Бірақ қалайда сабақтан қалмау керек.Түсетін аялдамаға жеткенде достарыңыз шапшаң түсіп кетті,ал сіз кондукторға ұсталып қалдыңыз.Сіз осы жағдайдан қалай шығасыз?

№2 тапсырма.


Жатақхана.Сіздің туған күніңіз тойланып жатыр.Асханада ауылдан келген жылқының сүр еті асылып жатыр.Шай ішіп болып «Ламбада»билеп жүрсіздер.Еттің нанын салайын деп асханаға барсаңыз қазан ЖОҚ! Не істейсіз? Сол кездегі көңіл күйіңізді көрсетіңіз? Қонақтарға қалай жеткізесіз?

№3 тапсырма.


Жатақхана.Ақшаның,тамақтың таусылып барлығыңыздың тарығып жүрген кездеріңіз.Үзілістің кезінде досыңызбен жүрек жалғау үшін бөлмеге келдіңіз.
3 тілім нан мен 2 жұмыртқа ғана бар.Осы кезде аш жүрген көрші 2 жігіт есікті қағады.Сіздердің бөлмеде екендерізді біледі,бірақ сіздер де аз тамақты бөліскілеріңіз келмейді.Не істейсіз?

№4 тапсырма.


Ауылдан жалғыз келдіңіз.Қалада ешқандай туыс,танысыңыз жоқ.Ешқандай орысша білмейсіз.Ағайың орыс.Қалайда жатақханаға орналасуыңыз керек.Ағайың қазақша,сіз орысша білмейсіз.Жағдайды ешкімді араластырмай өзіңіз қалай шешесіз?

№5 тапсырма.


Жатақхана.Өздеріңіз білетіндей асхана әр этажда екеу.Барлығы бос емес.Ал сіздің құрбыңыз жылдам тамақ дайындауы қажет.Бөлмеде плитка қосып тамақ әзірлеуге қатаң тиым салынғанын білсе де солай етуге мәжбүр болды. Осы кезде комендант тексеріп келе жатыр.Сіз құрбыңызға шұғыл хабар беруіңіз керек. Қасыңызда комендант Надежда апай. Сіздің тактикаңыз?
Жағдайды қалай реттейсіз?

1-жүргізуші:


— Рахмет,апай. Ал енді сіз қандай әсер алдыңыз?
2-жүргізуші:
-Студенттік өмірге шолу сізге ұнады ма?( қысқаша, ұстаздың алған әсері)

1-жүргізуші: «Студент болу – жас адамға бақытты болу деген сөзбен тең» — деп Тұманбай Молдағалиев айтқандай , бүгінгі мерекелерініз құтты болсын , жас даурен жас достар ! «Студент» әні!


2-жүргізуші:


Ащыны да, тәттіні де көріп тұрар,
Сонда да жанарыңда бақыт тұрар.
Бірде аш, бірде тоқ боп жүретұғын,
Біз сияқты «студенттер» бақыттылар!

2-жүргізуші:


Көңіл бөліп тамашалауға келгендеріңіз үшін көп-көп рахмет!

Топ жетекшісі:


Бүгінгі өткен 17-қараша студенттер күніне арналған «Қызықты көңіл, студенттік өмір!» атты ашық тәрбие сағатымыз өз мәресіне жетті деп ойлаймын. Қоғамның жүрек дүрсілі, өзегі бүгінгі жастар екені белгілі. Ендеше сол жастар, мына сіздер, Қазақстанның болашағын бұлыңғырлатпай, сенімдерін селдіретпей, көк байрақты тік ұстап, еліміздің абыройын асқақтата беріңіздер! Осы кеште ат салысқан студенттерге үлкен алғыс білдіреміз. Алтын уақыттарыңызды бөліп, бүгінгі кешімізге келгендеріңізге көп-көп рахмет.
жүктеу 19,65 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау