Математика ғылымының ең ежелгі салаларының бірі геометрия. Геометрия, математика тарихында үлкен орын алады және геометриялық фигуралар үшбұрыш, төртбұрыш, шеңбер, призма, пирамида, және т б. туралы ғылым


«Тарихшылар» тобына берілетін тапсярмалар



жүктеу 2,51 Mb.
бет28/30
Дата23.11.2018
өлшемі2,51 Mb.
#24009
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30

«Тарихшылар» тобына берілетін тапсярмалар.

1) Пифагор және «Жүз өгіз» теоремасы.

2) Косинустар және синустар теоремалары туралы.

3) Қандай үшбұрыш египет үшбұрышы деп аталады? Ол неліктен олай аталған?



4) Пифагор үшбұрышы деп қандай үшбұрышты атайды?



3-сурет

«Сәулет» тобына берілетіи тапсырмалар.

№ 1. Карта бойынша кеменін тұрған жерін анықтау керек. Картада К кеме және A, B радиомаяктар көрсетілген (А, В - жағалаудағы радиомаяктар)

а) Радиопеленгатор арқылы КАВ мен КВА бұрыштарын анықтау.

б) Радиолокатор арқылы КА және KB ара қашықтықтарын анықтау. Кеменің тұрған жерін карта бойынша қалай табуға болады?

ә) радиопеленгатордың анықтаған мәліметтері бойынша.

б) Радиолокатордың аныктаған мәліметтері бойынша.

(Кеменің тұрған жерін анықтау: а) Бір қабырғасы мен екі бұрышы бойынша, б) үш қабырғасы бойынша үшбұрыш салу есебіне келтіріледі).

№ 2. Кез келген ABC үшбұрышын сал. Сызғыш пен циркульді пайдаланып А және В бұрыштарының биссектрисаларын жүргіз. Биссектрисалардың қиылысу нүктесін О аркылы белгіле. Бұрыштық арқылы АС-ға перпендикуляр ОМ кесіндісін сал. Центрі О, радиусы ОМ болатын шеңбер жүргіз. Салудың дәлдігін тексер. Салынған шеңбер үшбұрыштың барлық қабырғаларымен жанасуы керек.

№ 3. Үшбұрыштың биіктіктерінің қиылысу нүктесі қандай нүкте деп аталады? (Жауабы: Ортоцентр).

№ 4. Үшбұрыштың медианаларының қиылысу нүктесі қандай нүкте болады? (Жауабы: Ауырлық центрі).



III. «Зырылдауық» ойыны.

Әр топқа жеке-жеке зырылдауық беріледі де, тақырып жарияланады. Әр топ кезекпе-кезек зырылдауықты айналдырып, жарияланған тақырып бойынша жауап береді.

Тақырыптар:

1. Геометриялық фигура.

2. Үшбұрыш элементтері.

3. Математикалық термин,

4. Ұлы математиктер.

5. Геометрия үй тұрмысында.

IV. Тестік тапсырма: «иә» немесе «жоқ» деп жауап беру керек. Қабырғалары 1м, 2м, 3м болатын үшбұрыш бола ма?

Тең бүйірлі үшбұрыштың бір қабырғасы 25 см-ге, ал келесі 10 см-ге тең. 10 см-ге тең қабырға үшбұрыштың табаны бола ала ма?

Егер үшбұрыштың қабырғалары 6, 8, 10 сандарымен өрнектелген болса, ол тік бұрышты бола ма?

Үшбұрыштың биіктіктері (не олардың созындылары) бір нүктеден қиылыса ма?

Қабырғасы а, биіктігі Н болатын үшбұрыштар әркашанда тең.шамалы бола ма?

V. Қорытындылау, бағалау.

Әр топ жетекшілері өз топтарының ауызша, жазбаша жауаптарын талдай келіп, қай окушының белсенділік көрсеткенін атай келіп, бағалау жүргізеді.


Үшбұрыштың түрлері

Әр сабақты қызықты өткізу, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру, зеректігін қалыптастыру әр мұғалімнің мақсаты.

Осы мақсатты іске асыру үшін сабақтың тиімді жолын таңдай білу керек. Осыған байланысты 7-сыныпта өткізген «Үшбұрыштың түрлері» атты сабағымның жоспарын ұсынып отырмын.

Сабақтын такырыбы: Үшбұрыштың түрлері.

Сабақтың мақсаты:

1. «Үшбұрыштың түрлері» тақырыбы бойынша алған білімдерін тексеру, қорытындылау. Алған білімдерін есептер шығарғанда қолдана алу.

2. Ойлау қабілеттерін дамыту, пәнғе деген қызығушылығын арттыру.

3. Өз беттерінше жұмыс жасауға, ұлттық педагогикаға тәрбиелеу.



Сабақтың түрі: Дәстүрден тыс - саяхат сабағы.

Көрнекіліктер: Үшбұрыштың түрлеріне байланысты тірек сызба, ұлттық ойындардың суреттері салынған бүктеме , карточкалар .

Сабақтың жоспары:

1. Ұйымдастыру.

2. «Үшбұрыштар еліне саяхат» көрініс.

3. Сұрақ - жауап.

4. Карточкалармен жұмыс (деңгейлік тапсырмалар)

5. «Сақина салмақ» ойыны.

6. «Ақ сүйек» ойыны.

7. Логикалық есептер.

8. Үйге тапсырма беру.

9. Бағалау, қорытындылау.



Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру. Сабақтың барысымен таныстыру:

І-бөлім. «Үшбұрыштар еліне саяхат» көрініс.

ІІ-бөлім. Әртүрлі есептер шығару, ойындар ойнау.

1-жүргізуші:

Ғылымдардың патшасы атанғансың,

Евклид, Фалес, Пифагордан бата алғансың.

Төзбейтін өтірікке жалғандыққа!

Жасықтан емессің сен , каталдансың

Ақыл-ойды тәртіпке келтіретін

Нағыз пән математика атанғансың.

2-жүргізуші:

Ойлап тұрсаңыз өмірде бәрі де есеп,

Ауырсаңыз ішетұғын дәрі де есеп.

Есепсіз сүрген өмір мазмұнсыз-ау,

Дүниенің бар тұлғасы есеп десек.

Екеуі:

Білімдіден шыққан сөз,

Талаптыға болсын кез.

Нұрын , сырын көруге,

Көкірегінде болсын көз.

1-жүргізуші: Сабағымыздың бірінші бөлімін бастаймыз, «Үшбұрыштар еліне саяхат» көрініс.

(Сахнаға ертегіші атай шығады. Үстіне шапан, басына бөрік киген)



Ертегіші атай:

Ерте ,ерте ,ертеде

Ешкі жүні келтеде

«Үшбұрыш» атты хан бопты

Үшбұрыштар әулеті

Бір руға тең бопты.

(Сахнаға хан болып тең қабырғалы үшбұрыш шығады. Үстіңде шапан, басында тең қабырғалы үшбұрыш болып жасалған тақия)

Ертегіші атай:

Ал, қанекей, балалар!

Анықтап қарап алындар.

Ерекшелігін хан иемнің,

Қорықпай қане атаңдар.

Оқушылар жауабы:

1. Бұл үшбұрыштың барлық қабырғалары тең.

2. Барлық бұрыштары тең.

3.Үшбұрыш тебелері латын алфавитінің үлкен әріптерімен белгіленіп, солар бойынша оқылады.



Ертегіші атай:

Ой, бәрекелді. Өте дұрыс айттыңдар. (Сахнаға бір үшбұрыш шығады)



Ертегіші атай:

Ал, мынау ханның үлкен ұлы,

Әрқашан да болған жолы.

Қасиетімен бұл жігіттің,

Танысамыз осы жолы.

Teң бүйірлі үшбұрыш:

Менің атым - теңбүйірлі үшбұрыш.

Себебі екі бүйір қабырғам тең,

Үшінші қабырғам -табаным.



Қасиетім: 1.Табанымдағы бұрыштарым тең болады.

2. Табаныма жүргізілген медианам әрі биіктігім , әрі биссектрисам болады. (Сахнаға ақсаңдап бір үшбұрыш шығады)



Ертегіші атай:

Қикайған мынау кім өзі?

Кайдан ғана жур еді?

Әр түрлі қабырғалы үшбұрыш: Мен ханның екінші ұлымын. Атым- әртүрлі қабырғалы үшбұрыш. Себебі қабырғаларымның ұзыңдықтары әртүрлі. Жүру қиын болғандықтан көзге көп түсе бермеймін.

(Сахнаға бір топ үшбұрыш шығып иіліп сәлем береді)



Ертегіші атай:

Өздеріңді таныстырып.

Өтіндерші қонақ;

Қайдан келген топсыңдар ?



1-үшбұрыш:

Мен ханның немересімін.

Ау, халайык!

Бұрышым менің сүйір

Ақылың болса егер бір түйір

Ойланшы өзің

Сонда қалай атанамын?

Оқушылар жауабы:

Сүйір бұрышты үшбұрыш.



1-үшбұрыш: Дұрыс, дұрыс.

2-үшбұрыш:

Доғал менің бұрышым,

Білсең айтшы дұрысын.

Қалай деп қане атайды,

Шөбересін атайды?

Оқушылар жауабы:

Доғал бұрышты үшбұрыш.



2-үшбұрыш: Дұрыс, дұрыс

3-үшбұрыш:

Келсе егер сөз кезегі,

Таныстыруды бастайын.

Мен ханның неменесі,

Ешкімнен ұялып саспаймын.

Атым менің тік бұрышты үшбұрыш

Қасиетім менің ерекше

Белгілі ғой әр елге

Пифагордың аты шығып

Тарап кетті әлемге

Пирамидасы Египеттің

Абыройымды асырды

Аты шулы Пифагордың

Теоремасы ашылды.



Ертегіші атай: Міне, балалар, «Үшбұрыштар еліне саяхат» жасай отырып талай сырға қанықтық.

Үшбұрыштар әулетімен таныстық

Осымен ертегім тәмәм болды.

Содан бері талай заман болды

Үшбұрыштар ұрпағы өз қасиетгерін сақтап келеді. (Ертегіші атай шығып кетеді)

1-жүргізуші: Сабағымыздың ІІ-бөліміне көшеміз:

І. Сұрақ -жауап.

а) Үшбұрыштың түрлерін ата

ә) Үшбүрыштың биіктігі, биссектрисасы, медианасы дегеніміз не?

б) Тең бүйірлі үшбұрыштың қасиеттері.



II. Карточкалар (деңгейлік тапсырмалар).
І-деңгей (ақ түсті карточкалар).
1.Үшбұрыш қабырғаларының ұзындықтары 3 см, 4 см, 6 см.

Үшбұрыштың периметрін тап.

2. Тең бүйірлі үшбұрыштың табаны 3 см . Бүйір қабырғасы табанынан 3 см үзын. Үшбүрыштың бүйір қабырғасын және периметрін тап.

3. Тең қабырғалы үшбұрыштың периметрі 39 см. Үшбұрыштың қабырғаларын тап.

4. Тең қабырғалы үшбұрыштың қабырғасы 12 см. Үшбұрыштың периметрін тап

5. АВС үшбұрышының АВС бұрышының биссектрисасы- ВК. АВК бұрышынын градустық өлшемі -150 . АВС бұрышының градустық өлшемін тап.

6. Тең бүйірлі үшбұрыштың периметрі 25 см. Бір бүйір қабырғасы 7 см. Үшбұрыштың табанын тап.

7. Тең бүйірлі үшбұрыштың периметрі 15 см. Бүйір қабырғасы табанынан 2 есе ұзын. Үшбұрыштың бүйір қабырғаларын тап.

8. Тең бүйірлі үшбұрыштың периметрі 16 см. Табаны бүйір қабырғасынан 2 см қысқа. Үшбұрыштың әр қабырғасының ұзындығын тап.
II - деңгей (сары түсті карточкалар)

1. Егер бір үшбұрыштың екі қабырғасы............. екі қабырғасы ........... тең болса , онда мұндай үшбұрыштар тең болады.

2. Егер бір үшбұрыштың бір қабырғасы.............. бір қабырғасы..........тең болса , онда мұндай үшбұрыштар тең болады.

3. Тең бүйірлі үшбұрыштың ............ тең болады.

4. Тең бүйірлі үшбұрыштың табанына жүргізілген медианасы оның әрі ..........,...........болады.

5. Тік бұрышты үшбұрыштың................гипотенузасы деп,..............катеті деп аталады.


ІІІ-деңгей (қызыл түсті карточкалар).

1. Тік бұрышты үшбұрыштың гипотенузасы 12 см. Катеттерінің бірі екіншісінен 2 см қысқа. Үшбұрыштың периметрі 26 см. Катетгерін тап.

2. АВС үшбұрышының медианасы -ВD. ВD=2 см. ВD медианасы АС қабырғасының жартысына тең. АВ=3 см. ВС қабырғасы АВ-дан 1 см ұзын. АВС үшбұрышының периметрін тап.

3. АВС үшбұрышының медианасы - BD. ВD=3 см. ВD медианасы АС қабырғасының жартысына тең. АВ=3 см. ВС кабырғасы АВ-дан 1 см ұзын. АВС үшбұрышының периметрін тап.


ІІІ. «Сакина салу» ойыны.

Ойынның шарты: Бұл ойынға қатысушылар екі-екіден қатарлап отырады.

Ойын бастаушы адамның қолында сақина болады. Ол сол сақинаны қолдан қолға жүгіртіп, отырғандардың біреуінің қолына салу керек.

Алақанына сақина түскен адам мұны қасындығы көршісіне білдірмей орнынан шапшаң ұшып тұруы керек. Егер ол тұра алмай қалса айып төлейді.

-Ал, біз айып ретінде білім және еңбек туралы мақал-мәтелдер айтамыз.


ІV. «Ақ сүйек» ойыны.

Ойын шарты: Ақсүйек ойыны айлы ашық түндер - де ойналады. Ойыншылар екі топқа бөлінеді. Ойынның негізгі құралы қойдың немесе ешкінің тоқпақ жілігі. Ойыншылар екі топқа бөлінгеннен кейін өздері тұратын үйлерін белгілеп, жеребе бойынша қай топтың сүйекті лақтыруға тиісті екенін анықтайды. Сонан кейін сүйекті құлаштап лақтырады. Қалғандары сүйектің түскен жерін бағдарлап қарап тұрады. Сүйек жерге түскенде ойыншылар жүгіре жүріп ақсүйекті іздейді. Тапқан ойыншы «сүйек менде» деп айқайлайды, өз «ордасына» жүгіре жөнеледі. Егер оны біреу қуып жетсе ол сүйекті соған береді . Осылайша ақ - сүйек ауысып отырады. Егер қашкан адам шаршаса , аксүйекті өзінің жанкүйер жолдасына береді. Бірақ ешқашан лақтырып тастауға болмайды. Онда сүйек қарсы топтың ойыншысына көшеді. Қай топтың ойыншысы өз «ордасына» бұрын жетсе, сол топ жеңіске жетеді.

-Ал, біз сүйек секілді қырқылып алынған бірнеше карточкалардың біреуіне есеп жасырамыз. Есепті кім бұрын тапса сол оқушы шығарады (ойынды бірнеше рет қайталауға болады).


IV. Логикалық, әзіл есептер шығару.

V. Үйге тапсырма беру.

VI. Бағалау, қорытындылау.

Сабақта жаңа технология элементтерін қолдану

Ұстаздың сабақ оқыту процесіндегі басты мақсаты-оқушыларға терең де тиянақты білім беру, олардың пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Әрбір сабақ қызықты, оқушы жадында ұзақ сақталатындай өтуі тиіс. Ол үшін сабақта жаңа технология элементтерін қолданумен катар, 45 минут уакытты тиімді пайдалана білу қажет. Сіздердің назарларынызға 8-сыныпта өткізген сабағымның үлгі-жоспарын ұсынып отырмын.

Сабақтың тақырыбы: Үшбұрыштар жөне төртбұрыштар.

Сабақтын мақсаты:

Білімділік: Үшбұрыш және төртбұрыштардың элементтерін, қасиеттерін, аудандарын есептей білу.

Дамытушылық: Өз бетімен ойлау қабілетін арттыру, салыстыра білуге, өз білімін бағалай білуге дағдыландыру.

Тәрбиелік: Математика пәнінің нақтылығына көз жеткізу. Жүйелі түрде жұмыс істеуге, өз ойын дәл, накты айта білуге үйрету.

Практнкалық: Білімдерін практикада қолдануға, өз бетінше білімдерін толықтыруға машыктандыру.

Сабақтың міндеті: Білім мен дағдыны жүйелеу, қорытындылау.

Оқыту әдістемесі: Деңгейлік тапсырма, салыстырмалылық Венн диаграммасы, ауызша есептеулер. ой толғаныс.

Сабактың түрі: Аралас сабақ. Білімді тиянактау.

Пәнаралық байланыс: Математика, сызу, әдебиет.

Көрнекілігі: Семантикалық карта, суретті плакат, үшбұрыш, төртбұрыш, бесбұрыш пішінді қағаздарға жазылған деңгейлік тапсырмалар, геометриялық фигуралар.

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру. Оқушыларды түгендеп, бүгінгі сабаққа назар аударту.

Оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру мақсатында А.А. Столярдың схемалық әдісін қолдану.

He үшін оқимыз?_______ Нені оқимыз?_______

Қалай оқимыз?_______деген схема бойынша кіріспе сөз.

IІ. «Білімді мыңды жығады, білекті бірді жығады»

Нақыл сөз ілініп, оқушылар мағынасын түсіндіреді. Оқушылар тақта алдындағы қағаздан қиып жасалынған геометриялық фигураларды алып, сол туралы түсінік береді.

Мысалы: Трапеция. Оқушы оның анықтамасын, элементтерін, қасиеттерін, орта сызығы туралы теореманы, ауданын есептеу формуласын айтып береді.

Үшбұрыш пішінді қағазға жазылған деңгейлік тапсырмалар орындалады.

1. а) Ромбының диагоналдары 8 см және 10 см. Ромбының ауданын есепте.

ә) Пифагор теоремасын айтып бер.

2. а) Тікбұрышты үшбұрыштың биіктігі гипотенузасын 10 см және 8 см бөліктерге бөледі. Үшбұрыштың биіктігін тап.

ә) 300-қа қарсы жатқан катет туралы теореманы айтып бер.

3. а) Шаршының қабырғасы 6 см. Шаршының периметрін, ауданын есепте.

ә) Сыбайлас бұрыш туралы теореманы айтып бер.


жүктеу 2,51 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау